Жамбыл облысындағы омыртқа жұлыны ауыратын науқастардың Қазақстан Республикасының немесе ТМД елдерінің шипажайлық-курорттық мекемелерінде емделуi және жол ақысына жеңiлдiк берудiң Ережесiн бекiту туралы

Жамбыл облысының әкімиятының 2003 жылғы 13 маусымдағы N№76 қаулысы. Жамбыл облыстық әділет басқармасында 2003 жылғы 9 шілдеде N 1013 тіркелді

Жаңартылған

        Ескерту. Жоғарыда көрсетілген қаулының және осы қаулымен бекітілген Ереженің атауларындағы "Саки курортындағы Н.Н. Бурденко атындағы шипажайда" сөздері "Қазақстан Республикасының немесе ТМД елдерінің шипажайлық-курорттық мекемелерінде" сөздерімен ауыстырылды - Жамбыл облысының әкімиятының 2004 жылғы 29 маусымдағы N№ 167  қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы" Заңының 44 бабына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 29 желтоқсандағы "Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" N№1758  қаулысына  сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  27-шi бабы негізінде, облыс бюджетiнiң орындалуын қамтамасыз ету мақсатында облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасының немесе ТМД елдерінің шипажайлық-курорттық мекемелерінде Жамбыл облысындағы омыртқа жұлыны ауыратын науқастардың емделуi және жол ақысына жеңiлдiктер беру туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн. <*> 
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Жамбыл облысының әкімиятының 2004 жылғы 29 маусымдағы N№ 167 қаулысымен.

      2. Облыс Әкiмiнiң еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы (А.Т. Тұрашев) жоғарыда аталған жолдамалардың бөлiнуi мен берiлуiн бақылауға алсын.

      3. Облыс Әкiмiнiң қаржы басқармасы (Б. Аманбеков) осы мақсатқа қарастырылған бюджеттiк қаржы шегiнде қаржыландыру жүргiзсiн.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкiмiнiң орынбасары М.Н. Байбековке жүктелсiн.

      Облыс Әкiмi

Жамбыл облысы әкiмиятының
2003 жылғы 13 маусымдағы
"Жамбыл облысындағы омыртқа жұлыны
ауыратын науқастардың Қазақстан Республикасының немесе ТМД елдерінің шипажайлық-курорттық мекемелерінде
емделуi және жол ақысына жеңiлдiк
берудiң Ережесiн бекiту туралы"
N 76 қаулысымен бекiтiлген

  Жамбыл облысындағы омыртқа жұлыны ауыратын науқастардың Қазақстан Республикасының немесе ТМД елдерінің шипажайлық-курорттық мекемелерінде емделуi үшiн және жол ақысына жеңiлдiктер берудiң
Ережесi

      Осы Ереже Жамбыл облысындағы омыртқа жұлыны ауыратын науқастарға облыстық бюджет қаржысы есебiнен "Жергiлiктi өкiлеттi орган шешiмiмен жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтiк төлемдер төлеу" атты бюджеттiк бағдарламасы бойынша санаторлық-курорттық емделу мен жол ақысын төлеуге жеңiлдiк берудiң тәртiбiн
белгiлейдi. <*>
      Ескерту. Өзгеріс енгізілді - Жамбыл облысының әкімиятының 2004 жылғы 29 маусымдағы N№ 167  қаулысымен.

  1. Жалпы ережелер

      1. Облыстағы омыртқа жұлыны ауыратын науқастарға Қазақстан Республикасының немесе ТМД елдерінің шипажайлық-курорттық мекемелерінде (ары қарай шипажайлар) емделу үшiн барып-қайту жол ақысы оларды әлеуметтiк қолдау, сауықтыру мен бейiмдеуге бағытталған тегiн санаторлық-курорттық емделудi қамтамасыз ету түрiнде (жылына 1 рет) берiледi. <*>
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Жамбыл облысының әкімиятының 2004 жылғы 29 маусымдағы N№ 167  қаулысымен.

      2. Омыртқа жұлыны ауыратын науқастарды шипажайларға жiберуге жолдама берудi, құжаттарды рәсiмдеу мен есепке алуды облыс бюджетiнде қарастырылған қаржы есебiнен Жамбыл облысы Әкiмiнiң еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы жүргiзедi. <*>
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Жамбыл облысының әкімиятының 2004 жылғы 29 маусымдағы N№ 167  қаулысымен.

      3. Уәкiлеттi орган осы Ережеге сай омыртқа жұлыны ауыратындарға жолдамалар бөледi. <*>
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Жамбыл облысының әкімиятының 2004 жылғы 29 маусымдағы N№ 167  қаулысымен.

  2. Омыртқа жұлыны ауыратын науқастарға жолдама
беру тәртiбi

      4. Шипажайларға емделуге жолдама медициналық көрсеткiштер бойынша омыртқа жұлыны ауыратын мүгедектерге тегiн, төмендегi құжаттар негiзiнде берiледi:

      1) Өтiнiш
      2) Аталған шипажайда науқастың емделуiн қажет ететiнi немесе емделуге қарсы көрсеткiштердiң болмауы туралы дәрiгерлiк-консультациялық комиссия қорытындысының көшiрмесi. <*>
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - Жамбыл облысының әкімиятының 2004 жылғы 29 маусымдағы N№ 167  қаулысымен.

      5. Өтiнiш уәкiлеттi орган арнайы құрған комиссияда қаралады, бұл ретте кезектiлiк пен емделу қажеттiлiгi, ауырудың ауырлығы ескерiлуi тиiс.

      6. Шипажайларға жолдама жоғарыда аталған бюджеттiк бағдарлама бойынша бөлiнген сома шегiнде сатып алынады. <*>
      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - Жамбыл облысының әкімиятының 2004 жылғы 29 маусымдағы N№ 167  қаулысымен.

      7. Жолдаманы алған тұлға (белгiлi себептермен) оны пайдаланбаған жағдайда, шипажайға баратынынан 5 күн бұрын мерзiмнен кешiктiрiлмей кезектегi науқасқа беру үшiн уәкiлеттi органға қайтаруы тиiс.

      8. Жолдама науқасқа емделуге аттанудан 5 күн мерзiмнен кем емес уақытта берiледi.

      9. Берiлетiн жолдама оны алушы мүгедектiң аты, тегi, әкесiнiң аты, тұрғылықты жерi көрсетiле отырып толтырылып, жолдаманы берген мекеменiң аты жазылып, мөрi басылуы тиiс. Толтырылмаған жолдаманы беруге тыйым салынады.

      10. Жолдаманы алғанда мүгедек төл құжатын және зейнеткерлiк куәлiгiн көрсетуi қажет.

      11. Жолдаманың орнына нақтылай қаражат беруге тиым салынады.

  3. Жолдамаларды есепке алу және оның
берiлуi туралы есептiлiк

      12. Емделуге және демалуға берiлетiн жолдама құнды құжат болып табылады, сақталуы және оған ақшалай қаражатпен бiрдей есеп жүргiзiлуi тиiс.

      13. Жолдама бойынша кiрiс, шығыс құжаттар, шарттар, жүкқұжаттары, шоттар, оларға ақша төленгендiгi туралы квитанциялар, есепке алу кiтаптары ақшалай кiрiс-шығыс туралы құжаттарды сақтау тәртiбiне сай сақталады.

      14. Жолдаманың пайдаланылу мерзiмi аяқталған соң жолдаманы пайдаланғаны туралы керi талон уәкiлеттi органға тапсырылады.

      15. Уәкiлеттi орган, белгiленген тәртiппен қарастырылған қаржының пайдаланылуы туралы есеп берiп отырады.