Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"» Заңының 11-бабына сәйкес, облыстық әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру мақсатында және тұрғындардың, Зеренді, Еңбекшілдер және Сандықтау аудандары әкімдері мен аудандық мәслихаттарының бірлескен өтініштері негізінде облыстық мәслихат пен облыс әкімдігі шешім етті:
1) Еңбекшілдер ауданы бойынша:
Бірсуат селолық округінің шекаралары өзгертілсін және екі әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын: Бірсуат, Сәуле, Тассу селоларының шекарасында Бірсуат селолық округі, орталығы - Бірсуат селосы; Мамай, Итемген селоларының шекарасында Мамай селолық округі, орталығы-Мамай селосы.
Донской селолық округінің шекаралары өзгертілсін және екі әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын: Андықожа батыр ауылы, Невское селосының шекарасында Донской селолық округі, орталығы - Андықожа батыр ауылы; Аңғал батыр ауылы, Жаңалық селосының шекарасында Аңғал батыр селолық округі, орталығы - Аңғал батыр селосы.
Құдабас селосын Еңбекшілдер селолық округі әкімшілігі қарамағынан Уәлиханов селолық округінің әкімшілік қарамағына тапсыру арқылы, Еңбекшілдер және Уәлиханов селолық округтерінің шекаралары өзгертілсін.
Уәлиханов селолық округінің шекаралары өзгертілсін және екі әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын: Уәлиханов, Алға, Қарасу, Прожектор, Терек, Құдабас, Азнабай, Қойтас селоларының шекараларында Уәлиханов селолық округі, орталығы Уәлиханов селосы; Советское, Сапақ селоларының шекарасында Ақсу селолық округі, орталығы-Советское селосы.
Заураловка селолық округінің шекаралары өзгертілсін және екі әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын: Заураловка, Құдықағаш, Яблоновка селоларының шекарасында Заураловка селолық округі, орталығы Заураловка селосы; Баймырза, Шошқалы селоларының шекарасында Баймырза селолық округі, орталығы - Баймырза селосы;
Пригорхоз селосын Үлгі селолық округі әкімшілігі қарамағынан Степняк қаласының әкімшілік қарамағына тапсыру арқылы, Үлгі селолық округі және Степняк қаласы шекаралары өзгертілсін.
Үлгі селолық округінің шекаралары өзгертілсін және екі әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын: Казгородок, Карловка, Жөкей, Қызылұйым, Ұйымшыл, Трамбовка селоларының шекарасында Үлгі селолық округі, орталығы Казгородок селосы; Кеңащы, Қарасор селоларының шекарасында Кеңащы селолық округі, орталығы - Кеңащы селосы;
2) Зеренді ауданы бойынша:
Ақкөл селолық округінің шекаралары өзгертілсін және үш әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын: Ақкөл, Ивановка, Қазақстан селоларының шекарасында Ақкөл селолық округі, орталығы - Ақкөл селосы; Ортақ, Қызылтаң, Трофимовка селоларының шекарасында Ортақ селолық округі, орталығы - Ортақ селосы; Молодежное, Туполевка селоларының шекарасында Самарбай селолық округі, орталығы - Молодежное селосы;
Бұлақ селолық округінің шекаралары өзгертілсін және екі әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын: Еленовка, Жаңаауыл, Жылымды, Пахарь, Қарағай селоларының шекарасында Бұлақ селолық округі, орталығы - Еленовка селосы; Ақан, Баратай, Уголки селоларының шекарасында Сарыөзек селолық округі, орталығы - Ақан селосы.
Викторовка селолық округінің шекаралары өзгертілсін және екі әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын: Викторовка, Красиловка, Лосевка, Қызылқайнар селолары, Туражол ауылы, Айдабол кенті шекараларында Викторовка селолық округі, орталығы - Викторовка селосы; Исаковка, Қостомар, Ұялы селоларының шекарасында Исаковка селолық округі, орталығы - Исаковка селосы.
Кусепское селолық округінің шекаралары өзгертілсін және екі әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын: Куропаткино, Азат селоларының, шекараларында Кусепский селолық округі, орталығы - Куропаткино селосы; Раздольное, Линеевка, Жамбыл, Айғыржал селоларының шекарасында Қазоты селолық округі, орталығы - Раздольное селосы.
Қызылсая селолық округінің шекаралары өзгертілсін және екі әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын: Қызылсая, Биіктесін, Қызылағаш селоларының шекараларында Қызылсая селолық округі, орталығы - Қызылсая селосы; Сейфуллин, Қараөзек, Жаңатілек, селоларының шекарасында Сәкен Сейфуллин атындағы селолық округ, орталығы - Сейфуллин селосы.
Приреченское селолық округінің шекаралары өзгертілсін және екі әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын: Приречное, Павловка селоларының шекараларында Приречное селолық округі, орталығы - Приречное селосы; Садовое, Березняковка, Заречное селоларының шекарасында Садовый селолық округі, орталығы - Садовое селосы.
Пухальское селолық округінің шекаралары өзгертілсін және үш әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын: Пухальск, Серофимовка, Дороговка, Қойсалған селолары, Кіші түкті ауылы шекараларында Пухальское селолық округі, орталығы - Пухальское селосы; Игілік, Жамантүз селолары, қарауыл Қанай би ауылы шекараларында Қанай би атындағы селолық округ, орталығы - Қарауыл Қанай би ауылы; Қызылегіс, Қарашілік, Ортағаш селоларының шекараларында Қызылегіс селолық округі, орталығы - Қызылегіс селосы.
Троицкое селолық округінің шекаралары өзгертілсін және екі әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын: Троицкое, Ермаковка, Қарсақ, Кеңөткел, Новоефремовка селоларының шекараларында Троицкое селолық округі,орталығы Троицкое селосы; Подлесное, Үлгілі, Өндіріс селоларының шекарасында Подлесный селолық округі, орталығы - Подлесное селосы.
Қанай би селолық округі мен Чаглинка селолық округінің шекаралары Октябрь селосын Чаглинка селолық округінің әкімшілік қарамағынан Қанай би селолық округінің әкімшілік қарамағына, орталығы-қарауыл Қанай би ауылы, беру арқылы өзгертілсін;
3) Сандықтау ауданы бойынша:
Широковка селолық округінің шекаралары өзгертілсін және екі әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын: Богородка, Дорогинка, Мәдениет селоларының шекараларында Широковка селолық округі, орталығы Богородка селосы; Красная поляна, Петриковка, Арбузинка селоларының шекарасында Бірлік селолық округі, орталығы - Красная поляна селосы. Хлебный селолық округінің шекаралары өзгертілсін және екі әкімшілік-аумақтық бірлік құрылсын: Хлебное, Ащылы селоларының шекараларында Хлебный селолық округі, орталығы Хлебное селосы; Барақпай, Шашке селоларының шекараларында Барақпай селолық округі, орталығы-Барақпай селосы.