Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 20 маусымдағы N 1141
Жарлығымен
бекітілген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі туралы ереженің 11-тармағының 14) тармақшасына және
20-тармағының
1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Табиғи монополиялар субъектілерінің, шығындарды олар көрсететін қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезінде ескерілетін материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтерді сатып алу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 6 маусымдағы N 149-НҚ
бұйрығына
(Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 20 маусымда N 2373 тіркелген, "Ресми газетте" 2003 жылғы 19 шілдедегі N 29 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің, шығындарды олар көрсететін қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезінде ескерілетін материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтерді сатып алу ережесіндегі:
1) 1-тармақтың:
9) тармақшасындағы:
"сатып алынатын материалдық, қаржылық ресурстардың және қызметтердің тізбесі" деген сөздердің алдында "табиғи монополия субъектісі" деген сөзбен толықтырылсын;
"және сатып алу тәсілдері" деген сөздер алынып тасталсын;
17) тармақшадағы "ақшалай нысанда орындауды көздейтін үшінші тұлғалар үшін банктік кепілгерлік және өзге міндеттемелер беру" деген сөздерден кейін "операцияларды есепке алу: вексельдерді және заңды және жеке тұлғалардың өзге берешек міндеттемелерін есепке алу (дисконт); сейфтік операциялар: құжаттамалық нысанда шығарылған бағалы қағаздарды, сейф жәшіктерін, шкафтарын және үй-жайларын жалға берумен қоса, клиенттің құжаттарын және құндылықтарын сақтау жөніндегі қызметтер; төлем карточкаларын шығару; банкноттарды, тиындарды және құндылықтарды инкассолау және салып жіберу; чек кітапшаларын шығару;" деген сөздермен толықтырылсын;
2) мынадай мазмұндағы 4-1-тармағымен толықтырылсын:
"4-1. Табиғи монополиялар субъектілерінің, шығындарды олар көрсететін қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезінде ескерілетін материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтерді сатып алу тізбесіне енгізілмеген тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алу қажет жағдайда табиғи монополия субъектісі құзыретті органмен бекітілген және уәкілетті органмен келісілген табиғи монополия субъектісінің, шығындарды олар көрсететін қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезінде ескерілетін материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтерді сатып алу тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізгеннен кейін осы Ереженің қағидаларына сәйкес оларды сатып алуға құқылы.";
3) 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Уәкілетті орган табиғи монополия субъектісінің жабық конкурс (тендер) тәсілімен сатып алуды жүзеге асыруын, баға ұсыныстары сұранымын пайдаланып жеткізушіні таңдауды, тауар биржалары арқылы бір көзден сатып алуды (осы Ереженің 68-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылатын сатып алулардан басқа), сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары беретін заемдер мен кредиттер тартуды келіседі. Уәкілетті органмен сатып алудың көрсетілген тәсілдерін келісу осы Ереженің 68-1-тармағының талаптарын ескере отырып, жүзеге асырылады.";
4) 13-тармақтың 4) тармақшасындағы "оның мүлкі ауыртпалық түсіруге тиіс емес" деген сөздер алынып тасталсын;
5) 18-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Тендер өткізу кезінде тендерлік комиссия мүшесі жоқ болған жағдайда тапсырысшының бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның шешіміне әлеуетті жеткізушінің тендерлік өтінім ұсынуы аяқталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті өзгеріс енгізілуі тиіс.
Тендерлік комиссияның мәжілісінде тендерлік комиссия мүшесі өндірістік және өзге себептермен жоқ болған жағдайда тендерлік комиссия мәжілісінің хаттамасында оның жоқ болу себебі және осы фактіні растайтын құжатқа сілтеме көрсетілуі тиіс.
Тапсырысшы барлық қаржы жылына тұрақты құрамы бар тендерлік комиссия құруға құқылы.";
6) 21-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Тапсырысшы қажет жағдайда хатшының жұмысын орындау үшін хатшылық құра алады, ол осы Ережемен белгіленген жағдайларда хатшылық атынан құжаттарға қол қоюға уәкілетті жауапты тұлғаны көрсетумен тапсырысшының тендерлік комиссия құру туралы бұйрығында көрсетілуі тиіс.";
10) 33-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"қосымша құн салығы бойынша есепке алу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;";
11) 46-тармақтың екінші абзацы "жоқ болғандарға - олардан тиісті сұраным алған күннен бастап үш жұмыс күннен кешіктірмейтін мерзімде жолданады." деген сөздермен толықтырылсын;
12) 50-тармақтағы:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) қажет болғанда тендерлік құжаттаманы өзгертеді және қайта тендер өткізеді;";
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қайта ашық тендер өткізу қажет болғанда тапсырысшы тендерлік өтінім қабылдау аяқталғанға дейін он күнтізбелік күн бұрын мерзімді баспасөзде хабарлама жариялайды.";
15) мынадай мазмұндағы 58-1-тармағымен толықтырылсын:
"58-1. Жабық тендер тәсілімен сатып алуды келісу үшін тапсырысшы уәкілетті органға олардың күрделі немесе мамандандырылған сипатына байланысты тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алу көзделіп отырған әлеуетті жеткізушілердің тізімін жолдайды.";
16) 68-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) халықаралық қаржы ұйымдары ұсынатын заемдер мен кредиттерді тарту жүзеге асырылды";
17) мынадай мазмұндағы 68-1-тармағымен толықтырылсын:
"68-1. Бір көзден алу тәсілімен сатып алуды келісу үшін тапсырысшы уәкілетті органға мынадай құжаттар ұсынады:
1) әлеуетті жеткізуші тиісті бірыңғай тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) жалғыз әлеуетті жеткізушісі болып табылатынына байланысты сатып алу қажеттілігін растау үшін - тиісті құзыретті органның осы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) тапсырысшының сатып алу қажеттілігі туралы қорытындысы, осы жеткізушінің тиісті тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) жалғыз әлеуетті жеткізушісі болып табылатынын растайтын құжаттар;
2) қолда бар тауарлармен, жұмыстармен және қызметтермен сәйкестендіру, стандарттау немесе сыйысымдылығын қамтамасыз ету мақсатында сатып алудың қажеттілігін растау үшін - әлеуетті жеткізушінің бастапқы сатып алынған тауарларының, жұмыстарының немесе қызметтерінің болуына сәйкес шарттың көшірмесі;
3) екі ашық тендердің өткізілмегенін растауға байланысты сатып алу қажеттілігін растау үшін - осы тендерлер бойынша құжаттардың көшірмелері: тендерлік комиссияларды құру туралы бұйрықтар; тендерлік құжаттамалар; тендерлік өтінімдер бар конверттерді ашу хаттамалары; тендерлердің қорытындылары туралы хаттамалар; әлеуетті жеткізушілердің қосымшаларымен бірге тендерлік өтінімдері; тендерлерді өткізу туралы және қорытындылары туралы мерзімді баспасөздегі хабарламалар;
4) халықаралық қаржы ұйымынан заемдерді немесе кредиттерді тарту қажеттілігін растау үшін - тиісті құзыретті органнан заемдер (кредиттер) тарту қажеттілігі туралы қорытынды; заем (кредит) беру шартының жобасы; халықаралық қаржы ұйымының мәртебесін растайтын құжат; мәміле тарифтің өсуіне әкелмейтіндігін растайтын есеп.
Осы Ереженің 68-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес бір көзден сатып алу туралы шартты жасасқан күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде тапсырысшы уәкілетті органға: сатып алу туралы шарттың, хаттаманың, әлеуетті жеткізуші жеткізген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бағаларының негізінде ұсынған құжаттардың, сондай-ақ әлеуетті жеткізушінің осы Ережеде белгіленген біліктілік талаптарының сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмесін ұсынады. Халықаралық қаржы ұйымдары ұсынған заемдерді, кредиттерді тарту кезінде тапсырысшы осы Ереженің 68-тармағының 5) тармақшасына сәйкес: сатып алу туралы шарттың, хаттаманың көшірмесін ұсынады.";
18) 75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Жеткізушінің таңдауына негіз болған, ұсыныстың мазмұнын өзгертуі мүмкін (бағасын төмендетуден басқа) сатып алу туралы қол қойылған шартқа, өзгертулер және/немесе сатып алу туралы шарттың жобасына жаңа талаптар енгізуге тыйым салынады.
Жеткізушінің таңдауына негіз болған сапаның, көлемнің және басқа да талаптардың сапасының өзгермеу талабымен бағаны төмендетуге қатысты мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына немесе қол қойылған мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізуге рұқсат етіледі.
Тапсырысшы шарт бағасын төмендету мақсатында тендердің жеңімпазы болып танылған әлеуетті жеткізушімен мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойғанға дейін келіссөздер жүргізуге құқылы. Осыған байланысты әлеуетті жеткізуші бұндай төмендетуге келіспеуге құқылы, бірақ бұл тапсырысшыға тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алу бойынша тендердің жеңімпазы болып табылған әлеуетті жеткізушімен жасалған шартқа қол қоюдан бас тартуға құқық бермейді.
Егер тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алу туралы шарттың орындалу процесінде сатып алынатын тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) ұқсастардың бағалары төмендеу жағына өзгерсе, онда тапсырысшы мен жеткізушінің өзара келісімі бойынша осы тармақтың ережелерін ескере отырып, сатып алу туралы шартқа тиісті өзгерістер енгізілуі мүмкін.";
19) мынадай мазмұндағы 78-1-тармағымен толықтырылсын:
"78-1. Осы Ережемен белгіленген рәсімдерді бұзып өткізілген тендерлердің нәтижелері бойынша сатып алынған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алуға арналған шығындарды уәкілетті орган табиғи монополия субъектісінің тарифіне енгізбейді.".
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Заң департаменті (Ғ.Т.Жолдыбаева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Әкімшілік және аумақтық жұмыстар департаменті (Б.Б.Досан) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.