Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 2113 тiркелген "Шарттар жасасуды талап ететiн шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстар тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 620 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 433 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 30 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2652.

Қолданыстағы

      Бұйырамын:
      1. "Шарттар жасасуды талап ететiн шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстар тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 620 бұйрығына  (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 2113 тiркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2003 жылғы 1 наурыздағы N 86 бұйрығымен  - N 2212 тiркелген, 2003 жылғы 18 маусымдағы N 236 бұйрығымен  өзгерiстер енгiзiлдi - N 2440 тiркелген) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Шарттар жасасуды талап ететiн шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстар тiзбесiнде, "Ескерту" бағаны:
      125-ерекшелiк бойынша мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Тауарларды (жұмыстар мен қызметтердi) беруге арналған шарттар: әкiмшiсi Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi болып табылатын "Қазақстанның Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кipуi" бюджеттiк бағдарламасы бойынша соманы айырбастау және кейiннен Қазақстан Республикасының шетелдегi елшiлiгiнiң шотына аудару үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң шоттарына аудару кезiнде талап етiлмейдi.";

      138, 139, 146, 149-ерекшелiктер бойынша:
      "әкiмшiсi Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi болып табылатын" деген сөздерден кейiн "Қазақстанның Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiруi" бюджеттiк бағдарламасы бойынша," деген сөздермен толықтырылсын,
      қазақ тiлiндегi мәтiнi өзгерiссiз қалады.

      144, 411-ерекшелiктер бойынша:
      мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "әкiмшiсi Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда
министрлiгi болып табылатын "Қазақстанның Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кipуi" бюджеттiк бағдарламасы бойынша".

      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Министр