Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің жылдық қаржылық есебін ұсыну және жариялау тәртібі, нысандары мен мерзімдері туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 442 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 25 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2639

Жаңартылған

       Ескерту: Атауына өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 22 қарашадағы N 161   қаулысымен .

      "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  74-бабына, "Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  16,  16-1 18-баптарына  сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру брокерлері қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға (бұдан әрі - уәкілетті мемлекеттік орган) жыл сайын аудиторлық ұйым растаған, мыналарды қамтитын шоғырландырылмаған (шоғырландырылған) жылдық қаржылық есепті ұсынатын болсын:
      1) 1-нысан (осы қаулының 1-қосымшасы) бойынша жасалған шоғырландырылмаған бухгалтерлік баланс (шоғырландырылған бухгалтерлік баланс);
      2) 2-нысан (осы қаулының 2-қосымшасы) бойынша жасалған кірістер мен шығыстар туралы шоғырландырылмаған есеп (кірістер мен шығыстар туралы шоғырландырылған есеп);
      3) 3-нысан (осы қаулының 3-қосымшасы) бойынша жасалған ақша қозғалысы туралы шоғырландырылмаған есеп (ақша қозғалысы туралы шоғырландырылған есеп);
      4) 4-нысан (осы қаулының 4-қосымшасы) бойынша жасалған меншікті капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылмаған есеп (меншікті капиталдағы өзгерістер туралы шоғырландырылған есеп);
      5) осы қаулының 5-қосымшасында белгіленген толтыру тәртібіне сәйкес жасалған шоғырландырылмаған (шоғырландырылған) жылдық қаржылық есепке түсіндірме жазба және бухгалтерлік есептің стандарттарына сәйкес дайындалған есеп саясаты туралы ақпарат жылдық қаржылық есепке түсіндірме жазба.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокерлері шоғырландырылмаған және шоғырландырылған жылдық қаржылық есепті ұсынған кезде аудиторлық ұйымның растауы тек қана шоғырландырылған жылдық қаржылық есеп үшін талап етіледі.
      Шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есепті сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру брокерлері 15 мамырға дейінгі мерзімде ұсынады. Шоғырландырылған жылдық қаржылық есепті сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру брокерлері 15 мамырға дейінгі мерзімде ұсынады.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 22 қарашадағы N 161   қаулысымен 2005 жылғы 28 маусымдағы N 68   қаулысымен .
      2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру брокерлері:
      1) шоғырландырылмаған (шоғырландырылған) жылдық қаржылық есепті уәкілетті мемлекеттік органға электрондық және қағазға шығарылған түрде ұсынуды қамтамасыз ететін болсын;
      2) еншілес және қауымдасқан ұйымдардың бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес шоғырландырылған негізде жасалған жылдық қаржылық есебінің жұмыс кестелері мен тиісті нысандарын ұсынсын;
      3) 15 маусымға дейінгі мерзімде аудиторлық ұйым растаған шоғырландырылған бухгалтерлік баланс нысандарын және кірістер мен шығыстар туралы есепті, ал еншілес және қауымдасқан ұйымдары бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары және сақтандыру брокерлері аудиторлық ұйым растаған шоғырландырылған бухгалтерлік баланс нысандарын және кірістер мен шығыстар туралы есепті жариялайтын болсын;
      4) 1 шілдеге дейінгі мерзімде уәкілетті мемлекеттік органға осы қаулының осы тармағы 3) тармақшасының орындалуы туралы мәліметті ұсынсын.
       Ескерту: 2-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 22 қарашадағы N 161   қаулысымен 2005 жылғы 28 маусымдағы N 68   қаулысымен .
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына шоғырландырылған қадағалау жасау ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 28 маусымдағы N 263  қаулысының  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1610 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2001 жылғы 27 тамыз - 9 қыркүйекте жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      5. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.
      6. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.) және Ақпарат технологиясы департаменті (Молчанов С.Н.) осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап осы қаулыға сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының шоғырландырылмаған (шоғырландырылған) жылдық қаржылық есебін жинауды, өңдеуді және жинақтауды қамтамасыз етсін.
      7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ететін болсын.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарлары Ә.Ғ.Сәйденовке 6-тармақ бойынша және Н.Қ.Абдулинаға 5 және 7-тармақтар бойынша жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

                                       Қазақстан Республикасының    
                                       Ұлттық Банкі Басқармасының
                                      "Сақтандыру (қайта сақтандыру)
                                      және сақтандыру брокерлерінің
                                       ұйымдарының жылдық қаржылық
                                        есебін ұсыну және жариялау
                                          тәртібі, нысандары мен
                                             мерзімдері туралы"
                                        2003 жылғы 6 желтоқсандағы
                                         N 442 қаулысына 1-қосымша

                                                   1-нысан

        Ескерту: 1-қосымшаның атауына өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 22 қарашадағы N 161   қаулысымен .   

   Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру            брокерінің   шоғырландырылмаған бухгалтерлік балансы
            (Шоғырландырылған бухгалтерлік балансы)
             200_ жылғы "__" ______ жағдай бойынша

                                                (мың теңгемен)
__________________________________________________________________
                                         |Ескерту*|есепті |өткен
              Баптың атауы               |        |кезең. |жылдың
                                         |        |  нің  |аяғында
                                         |        |аяғында|
__________________________________________________________________
                    1                         2       3      4 
__________________________________________________________________
Активтер
Ақша                                         1
Орналастырылған салымдар
(болуы ықтимал шығындарға арналған
резервтерді шегергенде)                      2
Саудаға арналған бағалы қағаздар
(болуы ықтимал шығындарға арналған
резервтерді шегергенде)                      3
Сату үшін қолда бар бағалы қағаздар
(болуы ықтимал шығындарға арналған
резервтерді шегергенде)                      4
"Кері РЕПО" операциялары                     5
Қайта сақтандырушылардан алынатын сомалар
(болуы ықтимал шығындарға арналған
резервтерді шегергенде)                      6
Сақтандырушылардан (қайта
сақтандырушылардан) және делдалдардан
алынатын сақтандыру сыйақылары
(болуы ықтимал шығындарға арналған
резервтерді шегергенде)                      7
Басқа да дебиторлық берешек
(болуы ықтимал шығындарға арналған
резервтерді шегергенде)                      8
Сақтандырушыларға берілген заемдар
(болуы ықтимал шығындарға арналған
резервтерді шегергенде)                      9
Болашақ кезеңдердің шығысы                   10
Салық талабы                                 11
Мерзімі кейінге қалдырылған салық талабы     12
Басқа да активтер (болуы ықтимал
шығындарға арналған резервтерді
шегергенде)                                  13
Өтелгенге дейін ұсталатын бағалы қағаздар    14
Басқа заңды тұлғалардың капиталына
салынатын инвестициялар                      15
Негізгі құрал-жабдықтар
(амортизацияны шегергенде)                   16
Материалдық емес активтер
(амортизацияны шегергенде)                   17

Міндеттемелер
Еңбек сіңірілмеген сыйлықақы
резерві, жалпы сомасы                        18
Қайта сақтандырушының еңбек
сіңірілмеген сыйлықақыдағы үлесі             19
Еңбек сіңірілмеген сыйлықақы
резервінің таза сомасы                       20
Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру)
шарттары бойынша болмаған шығындар
резерві, жалпы сомасы                        21
Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру)
шарттары бойынша болмаған шығындар
резервіндегі қайта сақтандырушының үлесі     22
Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру)
шарттары бойынша болмаған шығындар
резервінің таза сомасы                       23
Аннуитет шарттары бойынша болмаған
шығындар резерві, жалпы сомасы               24
Қайта сақтандырушының аннуитет
шарттары бойынша болмаған
шығындар резервіндегі үлесі                  25
Аннуитет шарттары бойынша болмаған
шығындар резервінің таза сомасы              26
 Болған, бірақ мәлімденбеген
 шығындар резерві, жалпы сомасы              27
 Қайта сақтандырушының болған, бірақ
 мәлімденбеген резервіндегі үлесі            28
 Болған, бірақ мәлімденбеген
 шығындар резервінің таза сомасы             29
Қайта сақтандырушының мәлімденген,
бірақ реттелмеген шығындар резерві,
жалпы сомасы                                 30
Қайта сақтандырушының мәлімденген,
бірақ реттелмеген шығындар
резервіндегі үлесі                           31
Қайта сақтандырушының мәлімденген,
бірақ реттелмеген шығындар
резервінің таза сомасы                       32
Қосымша резервтер, жалпы сомасы              33
Қайта сақтандырушының қосымша
резервтердегі үлесі                          34
Қосымша резервтердің таза сомасы             35
Алынған заемдар                              36
Қайта сақтандырушылармен есеп айырысу        37
Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметі
/бойынша делдалдармен есеп айырысу           38
Акционерлермен дивидендтер
бойынша есеп айырысу                         39
Сақтандыру (қайта сақтандыру)
шарттары бойынша төленуге тиіс шоттар        40
Басқа да кредиторлық берешек                 41
"РЕПО" операциялары                          42
Болашақ кезеңдердің кірісі                   43
Салық міндеттемесі                           44
Мерзімі кейінге қалдырылған
салық міндеттемесі                           45
Басқа да міндеттемелер                       46

Азшылық үлесі                                47**

Меншікті капитал
Жарғылық капитал                             48
Сыйақылар (қосымша төленген капитал)         49
Алынған капитал                              50
Резервтік капитал                            51
Алдын алу шараларының резерві                52
Қайта бағалау нәтижелері                     53
Бөлінбеген кіріс (өтелмеген шығын):          54
 Өткен жылдардың бөлінбеген кірісі
 (өтелмеген шығыны)                          55
 Есепті кезеңнің бөлінбеген
 кірісі (өтелмеген шығыны)                   56
Жиынтық меншік капитал және міндеттемелер
__________________________________________________________________

      * 2-бағанда қаржылық есептің түсіндірме жазбасында көрсетілген баптар бойынша ескертулердің нөмірлері көрсетіледі
      ** Осы жол шоғырландырылған қаржылық есеп жасау кезінде толтырылады

      Бірінші басшы _____________________ күні ______________
      Бас бухгалтер _____________________ күні ______________
      Орындаушы __________________

      Мөрдің орны

                                       Қазақстан Республикасының    
                                       Ұлттық Банкі Басқармасының
                                      "Сақтандыру (қайта сақтандыру)
                                      және сақтандыру брокерлерінің
                                       ұйымдарының жылдық қаржылық
                                        есебін ұсыну және жариялау
                                          тәртібі, нысандары мен
                                             мерзімдері туралы"
                                        2003 жылғы 6 желтоқсандағы
                                         N 442 қаулысына 2-қосымша

                                                   2-нысан

        Ескерту: 2-қосымшаның атауына толықтыру енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 22 қарашадағы N 161   қаулысымен .   

           Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының
          және сақтандыру брокерлерінің кірістері мен
               шығыстары туралы шоғырландырылмаған
               есеп (кірістер мен шығыстар туралы
                 шоғырландырылған есеп) 200_жылғы

__________________________________________________________________
                  Баптың атауы             |Ескерту*|есепті|өткен
                                           |        | жыл  | жыл
                                           |        | үшін | үшін
__________________________________________________________________
                      1                         2       3     4
__________________________________________________________________
Кіріс 
Сақтандыру қызметінен түскен кіріс
Сақтандыру сыйлықақылары, жалпы сома           1
Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру
сыйлықақылары                                  2
Сақтандыру сыйлықақыларының таза сомасы        3
Еңбек сіңірілмеген сақтандыру
сыйлықақыларының резервін өзгерту,
жалпы сомасы                                   4
Қайта сақтандырушының еңбек сіңірілмеген
сыйлықақы резервіндегі үлесін өзгерту          5
Еңбек сіңірілмеген сыйлықақы
резервінің таза сомасы                         6
Еңбек сіңірілмеген сақтандыру
сыйлықақыларының таза сомасы                   7
Сақтандыру қызметі бойынша
комиссиялық сыйақы түріндегі кіріс             8
Инвестициялық қызметтен түскен кіріс
Сыйақы алуға байланысты кіріс                  9
 оның ішінде:
 Бағалы қағаздар бойынша сыйақы
 (купон/дисконт) түріндегі кіріс               10
 Орналастырылған салымдар бойынша
 сыйақы түріндегі кіріс                        11
Қаржы активтерімен жүргізілетін
операциялар бойынша кіріс
(шығындар) (нетто):                            12
 оның ішінде:
 Бағалы қағаздар сатып алу/сатудан
 түскен кіріс (шығындар) (нетто)               13
 "РЕПО" операциялары бойынша кіріс
 (шығындар) (нетто)                            14
Қайта бағалау бойынша кіріс
(шығындар) (нетто):                            15
 оның ішінде:
 Саудаға арналған және сатуда бар
 бағалы қағаздардың құнын өзгертуден
 түскен кіріс (шығындар) (нетто)               16
 Шетел валютасын қайта бағалаудан
 түскен кіріс (шығындар) (нетто)               17
Басқа заңды тұлғалардың капиталына
қатысудан түскен кіріс                         18
Инвестициялық қызметтен
түскен басқа да кіріс                          19
Өзге қызметтен түскен кіріс
Активтерді сатудан және активтер
алудан (беруден) түскен кіріс (шығындар)       20
 Төтенше жағдайлардан түскен кіріс (шығын)     21
Өзге қызметтен түскен басқа да кіріс           22
Жиынтық кіріс
Шығыс
Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру
бойынша шығыс, жалпы сомасы                    23
Қайта сақтандыруға берілген тәуекелдер
бойынша шығыстарды өтеу                        24
Регрестік талап бойынша өтем (нетто)           25
Сақтандыру төлемдерін жүзеге
асыру бойынша таза шығыс                       26
Сақтандыру төлемдерін реттеу бойынша шығыс     27
Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру)
шарттары бойынша болмаған шығындар
резервін өзгерту, жалпы сомасы                 28
Қайта сақтандырушының өмірді сақтандыру
(қайта сақтандыру) шарттары бойынша
болмаған шығындар резервіндегі
үлесін өзгерту                                 29
Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру)
шарттары бойынша болмаған шығындар
резервін өзгертудің таза сомасы                30
Аннуитет шарттары бойынша болмаған
шығындар резервін өзгерту, жалпы сомасы        31
Қайта сақтандырушының аннуитет
шарттары бойынша болмаған шығындар
резервіндегі үлесін өзгерту, жалпы сомасы      32
Аннуитет шарттары бойынша болмаған
шығындар резервін өзгертудің таза сомасы       33
Қайта сақтандырушының аннуитет шарттары
бойынша болған, бірақ мәлімденбеген
шығындар резервін өзгерту, жалпы сомасы        34
Қайта сақтандырушының аннуитет шарттары
бойынша болған, бірақ мәлімденбеген
шығындар резервіндегі үлесін өзгерту           35
Болған, бірақ мәлімденбеген шығындар
резервіндегі өзгерістердің таза сомасы         36
Мәлімденген, бірақ реттелмеген
шығындар резервіндегі өзгерістер               37
Қайта сақтандырушының мәлімденген,
бірақ реттелмеген шығындар
резервіндегі үлесінің өзгеруі                  38
Мәлімденген, бірақ реттелмеген шығындар
резервіндегі өзгерістердің таза сомасы         39
Қосымша резервтердің өзгеруі, жалпы сомасы     40
Қайта сақтандырушының қосымша
резервтердегі үлесінің өзгеруі                 41
Қосымша резервтер
өзгерістерінің таза сомасы                     42
Сақтандыру қызметі бойынша комиссиялық
сыйақы төлеу бойынша шығыс                     43
Сыйақы төлеуге байланысты шығыс                44
 оның ішінде:                                  45
 бағалы қағаздар бойынша
 сыйлықақы түріндегі шығыс                     46
Күмәнді борыштар бойынша
резервтердің шығыстары                         47
Күмәнді борыштар бойынша
резервтерді қалпына келтіру                    48
Күмәнді борыштар бойынша
резервтердің таза шығысы                       49
Жалпы және әкімшілік шығыс                     50
 оның ішінде:
 еңбекақы төлеу және іссапар шығыстары         51
 Бюджетке төленетін ағымдағы салықтар
 және басқа да міндетті төлемдер
 (корпоративтік табыс салығынан басқа)         52
 ағымдағы жалға беру бойынша шығыстар          53
 амортизациялық ақша аударымдары және тозу     54
Басқа шығыстар                                 55
Жиынтық шығыс
Корпоративтік табыс салығы, оның ішінде:
негізгі қызметтен түскен корпоративтік
табыс салығы                                   56
өзге қызметтен түскен
корпоративтік табыс салығы                     57

Салықтарды төлегеннен
кейінгі таза кіріс (шығын)

Азшылық үлесі                                  58**

Таза кіріс (шығын)
__________________________________________________________________

      * 2-бағанда қаржылық есептің түсіндірме жазбасында немесе қосымшаларында көрсетілген баптар бойынша ескертулердің нөмірлері көрсетіледі
      ** Осы жол шоғырландырылған қаржылық есеп жасау кезінде толтырылады

      Бірінші басшы ______________________ күні ______________
      Бас бухгалтер ______________________ күні ______________
      Орындаушы     ______________________ күні ______________
      Мөрдің орны

                                       Қазақстан Республикасының    
                                       Ұлттық Банкі Басқармасының
                                      "Сақтандыру (қайта сақтандыру)
                                      және сақтандыру брокерлерінің
                                       ұйымдарының жылдық қаржылық
                                        есебін ұсыну және жариялау
                                          тәртібі, нысандары мен
                                             мерзімдері туралы"
                                        2003 жылғы 6 желтоқсандағы
                                         N 442 қаулысына 3-қосымша

                                                   3-нысан

        Ескерту: 3-қосымшаның атауына толықтыру енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 22 қарашадағы N 161   қаулысымен .  

         Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және
         сақтандыру брокерінің ақша қозғалысы туралы
                    шоғырландырылмаған есебі
         (ақша қозғалысы туралы шоғырландырылған есебі)
          200_ жылғы "____" __________ жағдайы бойынша

                                                    (мың теңгемен)
__________________________________________________________________
                  Баптың атауы             |Ескерту*|есепті|өткен
                                           |        |  жыл | жыл
__________________________________________________________________
                        1                      2        3      4
__________________________________________________________________
Салық салынғанға дейінгі кіріс (шығын)
Ақшамен жасалмайтын операциялар
баптарына енгізілген түзетулер:
 Амортизациялық аударымдар және тозу           1
 Күмәнді борыштардың резерві бойынша шығыс     2
 Қаржы активі құнының өзгеруінен болған
 жұмсалмаған кіріс және шығыс                  3
 Алынатын сыйақы түрінде есептелген кіріс      4
 Сыйақы төлеуге жұмсалатын шығыстар            5
 Ақшаға байланысты емес баптарға
 енгізілген басқа да түзетулер                 6

Операция активтеріндегі және
міндеттемелердегі өзгерістерге
дейінгі операциялық кіріс (шығын)

Операция активтерінің (артуы) кемуі
 Орналастырылған салымдардың (артуы) кемуі     7
 Саудаға арналған және сату үшін қолда
 бар бағалы қағаздардың (артуы) кемуі          8
 "Кері РЕПО" операциясының (артуы) кемуі       9
 Қайта сақтандырушылардан алынатын
 сомалардың (артуы) кемуі                      10
 Сақтандырушылардан (қайта
 сақтандырушылардан) және делдалдардан
 алынатын сыйлықақылардың (артуы) кемуі        11
 Басқа да дебиторлық берешектің
 (артуы) кемуі                                 12
 Сақтандырушыларға берілген
 заемдардың (артуы) кемуі                      13
 Болашақ кезеңдер шығыстарының (артуы) кемуі   14
 Басқа да активтердің (артуы) кемуі            15

Операциялық міндеттемелердің артуы (кемуі)
 Еңбек сіңірілмеген сыйлықақы резервінің
 таза сомасының артуы (кемуі)                  16
 Өмірді сақтандыру (қайта сақтандыру)
 шарттары бойынша болмаған шығындар
 резервінің таза сомасының артуы (кемуі)       17
 Аннуитет шарттары бойынша болмаған
 шығындар резервінің таза
 сомасының артуы (кемуі)                       18
 Болған, бірақ мәлімденбеген шығындар
 резервінің таза сомасының артуы (кемуі)       19
 Мәлімденген, бірақ реттелмеген шығындар
 резервінің таза сомасының артуы (кемуі)       20
 Қосымша резервтердің таза
 сомасының артуы (кемуі)                       21
 Қайта сақтандырушылармен есеп
 айырысудың артуы (кемуі)                      22
 Сақтандыру (қайта сақтандыру)
 қызметі бойынша делдалдарымен есеп
 айырысудың артуы (кемуі)                      23
 Сақтандыру (қайта сақтандыру)
 шарттары бойынша төленетін
 шоттардың артуы (кемуі)                       24
 Басқа да кредиторлық
 берешектің артуы (кемуі)                      25
 "Кері РЕПО" операциясының (артуы) кемуі       26
 Болашақ кезеңдер шығыстарының (артуы) кемуі   27
 Басқа да міндеттемелердің (артуы) кемуі       28

Операциялық қызмет нәтижесінде
ақшаның артуы және кемуі

 Төленген корпоративтік табыс салығы           29

Салық салынғаннан кейінгі операциялық
қызметтен түскен ақшаның жиынтық
артуы және кемуі

Инвестициялық қызметке байланысты
ақшалай түсімдер және төлемдер
Өтелгенге дейін ұсталатын бағалы
қағаздар сатып алу (сату)                      30
Негізгі құрал-жабдықтар және
материал емес активтер сатып алу               31
Негізгі құрал-жабдықтар және
материал емес активтер сату                    32
Басқа заңды тұлғалардың капиталына
салынған инвестициялар                         33
Басқа да түсімдер мен төлемдер                 34
Инвестициялық қызметтен түскен
ақшаның жиынтық артуы және кемуі

Қаржылық қызметке байланысты
ақшалай түсімдер мен төлемдер
Акциялар шығару                                35
Акциялардың алынып қойылуы                     36
Алынған заемдар                                37
Дивидендтер төлеу                              38
Азшылық үлесінің өсуі (азаюы)                  39**
Басқа да түсімдер мен төлемдер                 40
Қаржылық қызметтен түскен
ақшаның жиынтық артуы және кемуі

Ақшаның есепті кезеңдегі таза
жиынтық өсуі және азаюы

Есепті кезең басындағы ақша қалдығы            41
Есепті кезең аяғындағы ақша қалдығы            42
__________________________________________________________________

      * 2-бағанда қаржылық есептің түсіндірме жазбасында немесе қосымшаларында көрсетілген баптар бойынша ескертулердің нөмірлері көрсетіледі
      ** Осы жол шоғырландырылған қаржылық есеп жасау кезінде толтырылады

      Бірінші басшы _____________________ күні ______________
      Бас бухгалтер _____________________ күні ______________
      Орындаушы __________________

      Мөрдің орны

                                       Қазақстан Республикасының    
                                       Ұлттық Банкі Басқармасының
                                      "Сақтандыру (қайта сақтандыру)
                                      және сақтандыру брокерлерінің
                                       ұйымдарының жылдық қаржылық
                                        есебін ұсыну және жариялау
                                          тәртібі, нысандары мен
                                             мерзімдері туралы"
                                        2003 жылғы 6 желтоқсандағы
                                         N 442 қаулысына 4-қосымша

                                                   4-нысан

        Ескерту: 4-қосымшаның атауына толықтыру енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 22 қарашадағы N 161   қаулысымен .   

          Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және
          сақтандыру брокерінің меншікті капиталындағы
              өзгерістер туралы шоғырландырылмаған
         есебі (меншікті капиталындағы өзгерістер туралы
                     шоғырландырылған есебі)
              200_ жылғы "__" ______ жағдай бойынша

                                                   (мың теңгемен)
__________________________________________________________________
                           |Жар.|Сый.|Алы.|Ре.  |Қай.|Бөлін.|Жиын.
                           |ғы. |ақы.|нып |зерв.|та  |беген |тығы
                           |лық |лар |қо. |тік  |ба. |кіріс |
                           |ка. |(қо.|йыл.|капи.|ға. |(өтел.|
                           |пи. |сым.|ған |тал  |лау |меген |
                           |тал |ша  |ка. |және |нә. |шығын)|
                           |    |тө. |пи. |алдын|ти. |      |
                           |    |лен.|тал |ала  |же. |      |
                           |    |ген |    |іс-  |лері|      |
                           |    |ка. |    |шара.|    |      |
                           |    |пи. |    |лар  |    |      |
                           |    |тал)|    |ре.  |    |      |
                           |    |    |    |зерві|    |      |
__________________________________________________________________
               1              2    3    4    5     6     7     8
__________________________________________________________________
Есепті кезеңнің
басындағы сальдо
Есеп саясатындағы
өзгерістер және түбірлі
қателерді түзету
Есепті кезең басындағы
қайта есептелген сальдо
Есепті кезеңде қосымша
шығарылған (сатылып
алынған) меншікті
акциялар
Дивидендтер 
Негізгі құрал-жабдықтарды
қайта бағалау
Сату үшін қолда бар
бағалы қағаздар
құнының өзгеруі
Есепті кезеңнің
бөлінбеген кірісі (шығыны)
Ішкі аударымдар
 Резервтік капитал
 қалыптастыру
 Негізгі құрал-жабдықтардың
 жинақталған қайта
 бағалау амортизациясы
Басқа да операциялар
Есепті кезең
аяғындағы сальдо
__________________________________________________________________

      Бірінші басшы _____________________ күні ______________
      Бас бухгалтер _____________________ күні ______________
      Орындаушы __________________
      Мөрдің орны

                                       Қазақстан Республикасының    
                                       Ұлттық Банкі Басқармасының
                                      "Сақтандыру (қайта сақтандыру)
                                      және сақтандыру брокерлерінің
                                       ұйымдарының жылдық қаржылық
                                        есебін ұсыну және жариялау
                                          тәртібі, нысандары мен
                                             мерзімдері туралы"
                                        2003 жылғы 6 желтоқсандағы
                                         N 442 қаулысына 5-қосымша

      Ескерту: 5-қосымшаға толықтырулар енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 22 қарашадағы N 161   қаулысымен .   

  Шоғырландырылған (шоғырландырылмаған) қаржылық
есепке түсіндірме жазбаны толтыру тәртібі

      1. Шоғырландырылған (шоғырландырылмаған) қаржылық есепке түсіндірме жазбаға мыналар кіруі тиіс:
      1) есепті кезеңде активтер мен міндеттемелер бойынша болған өзгерістер;
      2) есепті кезеңде қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері бойынша болған өзгерістер;
      3) есепті кезеңде ақша ағыны бойынша болған өзгерістер;
      4) есепті кезеңде меншікті капитал бойынша болған өзгерістер.
      2. Шоғырландырылған (шоғырландырылмаған) қаржылық есепке түсіндірме жазбада мынадай ақпарат, онымен шектелмей ашылуы тиіс:
      1) қауымдасқан және еншілес ұйымдардың тізімі, аффилиирлену туралы ақпарат - қарым-қатынас сипаты мен ауқымы;
      2) бас сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы/сақтандыру брокері мен еншілес ұйымдары арасындағы өзара қарым-қатынас сипаты;
      3) атауы, тіркелген елі немесе орналасқан жері, оларға қатысу үлесі, дауыс беретін акциялар үлесі көрсетілген басқа аффилиирленген тұлғалардың тізімі;
      4) еншілес ұйымдарды сатып алудың немесе сатудың есепті және өткен кезеңдегі қаржылық көрсеткіштерге ықпалы;
      5) бас сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы/сақтандыру брокері жеке қаржылық есебінде еншілес ұйымдарға инвестицияларды есепке алу үшін пайдаланылатын әдіс;
      6) қауымдасқан ұйымдарға инвестицияларды есепке алу үшін пайдаланылатын әдістер;
      7) еншілес ұйымның есебін шоғырландырылған қаржылық есепке енгізбеу себептері;
      8) шоғырландырылған қаржылық есеп баптарына есеп беру субъектілерінің есепке алу саясатының осы баптарында қолданылатын талаптарының әр түрлі болуы себепті жасау мүмкін болмаған түзетулер;
      9) жекелеген қаржылық есептердің біріктіруге, түзетуге және ауыстыруға жататын баптары, сондай-ақ шоғырландыру нәтижелері;
      10) азшылық үлесін құрайтын қатысушылардың атауын, олардың еншілес ұйымдарға қатысу үлесін көрсете отырып, азшылық үлесі туралы ақпарат;
      11) есеп беру субъектілерінің бірлескен қызметке қатысуы туралы ақпарат.