Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1921 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерін есептеу әдісіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 211 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 433 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 25 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2634

Қолданыстағы

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерін есептеу әдісіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 211 қаулысына  (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1921 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2002 жылғы 29 шілде - 11 тамызда N 16(238) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының сақтандыру резервтерін есептеу әдісіне қойылатын талаптар туралы нұсқаулықта:

      1-тармақтың 2) тармағында "шегерілген" деген сөзден кейін ", сақтандыру сыйлықақысының 10 процентінен аспайтын мөлшердегі" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақтың екінші және үшінші абзацтары алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "4.1. Бұл ретте "жалпы сақтандыру" саласындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру резервтері мынадай екі тәсілмен:
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген сақтандыру резервтерінің ең аз мөлшерінің талаптарын есептемегенде, осы Нұсқаулыққа сәйкес актуарлық әдіспен;
      сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес сақтандыру резервтері белгілейтін ең аз мөлшермен есептелінеді.
      "Жалпы сақтандыру" саласындағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру резервтерін қалыптастыру келтірілген есептердің қайсысының ең үлкен болуына байланысты жүзеге асырылады.
      Осы тармақтың талаптары 2004 жылғы 1 желтоқсанға дейін қолданылады.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
      "9-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей актуарий бекіткен осы Нұсқаулықтың қосымшасына сәйкес сақтандыру резервтерін есептеу туралы есепті ұсынады.";

      11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша ЕСР есептеу күніне сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтандыруды қорғауды аяқталмаған қолдану мерзіміне тепе-тең есептелетін өлшемге тең. Еңбек сіңірілмеген сыйлықақы, ерікті және міндетті медициналық сақтандырудың кластары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын қоспағанда, есептеу күніне мерзімі өтпеген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтандыруды қорғауды қолданудың барлық мерзіміне қатысты базалық сақтандыру сыйлықақысы мынадай формула бойынша есептеледі:
                     Т1 - Т2
      ЕСС = БС * -------------- - БСЖ,
                       Т1

      мұндағы: БС - базалық сақтандыру сыйлықақысы;
      Т1 - сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтандыруды қорғау қолданылатын күндердің саны;
      Т2 - сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтандыруды қорғауды қолдану басталған сәттен бастап есептеу күніне (қоса алғанда) дейін өткен күндердің саны.
      Ерікті және міндетті медициналық сақтандырудың кластары бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша еңбек сіңірілмеген сыйлықақы есептеу күніне мерзімі өтпеген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтандыруды қорғауды қолданудың барлық мерзіміне қатысты базалық сақтандыру сыйлықақысы және сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының талаптарына сәйкес есептеу күнінен кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы төлеуге тиісті базалық сақтандыру жарналары қосындысының айырмасы ретінде мынадай формула бойынша белгіленеді:
                    Т1 - Т2                           БС
      ЕСС = БС х -------------- - БСЖ,  БСЖ = СЖ * ----------
                      Т1                              СС

      мұндағы: БС - базалық сақтандыру сыйлықақысы;
      Т1 - сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтандыруды қорғау қолданылатын күндердің саны;
      Т2 - сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтандыруды қорғауды қолдану басталған сәттен бастап есептеу күніне (қоса алғанда) дейін өткен күндердің саны;
      БСЖ - сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының талаптарына сәйкес есептеу күнінен кейін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы төлеуге тиісті базалық сақтандыру жарналары;
      СС - сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысы;
      СЖ - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының талаптарына сәйкес есептеу күнінен кейін төленуге тиіс сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты бойынша сақтандыру жарналары.";

      14-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "14. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында осы сақтандыру класында сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі өз статистикасы болмаған не осындай статистиканың деректері жеткіліксіз болған (актуарийдің қорытындысына сәйкес) кезде ОМШР-нің өлшемі МРШР-дің 50%-нен кем болмауы тиіс. Егер МРШР-дің мөлшері нольге тең болса, онда ОМШР-дің мөлшері қолданылып жүрген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша есептелген базалық сақтандыру сыйлықақысы сомасының 5%-нен кем болмауы тиіс.";

      15-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Мәлімделген шағым-талап сақтанушының сақтандыру жағдайы басталғандығы туралы сақтанушыға қолайлы кез келген тәсілмен және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен хабарланған кезден бастап мәлімденген ретінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындарды есепке алу журналында тіркеледі.";

      "мынадай мазмұндағы қосымшамен толықтырылсын:

Қазақстан Республикасының  
сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарының сақтандыру   
резервтерін есептеу әдісіне 
қойылатын талаптар туралы  
нұсқаулыққа қосымша     

200___ жылғы "_____"_______________ жағдай бойынша
__________________________________________
__________________________________________
(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының
сақтандыру резервтерін есептеу туралы
есебі

                                                       (мың теңге)
____________________________________________________________________
 1    |                2                  |   3   |       4
____________________________________________________________________
1     |"Жалпы сақтандыру" саласындағы     |барлығы|қолданылып жүрген
      |сақтандыру резервтерін есептеудің  |       |сақтандыру (қайта
      |актуарлық әдісі                    |       |   сақтандыру)
      |                                   |       | шарттары бойынша
      |                                   |       |    есептелген
      |                                   |       |   сақтандыру
      |                                   |       |    сыйлықақысы
      |                                   |       |сомасынан түскен
      |                                   |       |      үлес
____________________________________________________________________
1.1.   Сақтандырудың ерікті нысаны бойынша
       барлығы
1.1.1. Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар
       резерві (ЕСР)
       оның ішінде қайта сақтандырушының
       үлесі
1.1.2. Орын алған, бірақ мәлімделмеген
       шығындар резерві (ОМШР)
       оның ішінде қайта сақтандырушының
       үлесі
1.1.3. Мәлімделген, бірақ реттелмеген
       шығындар резерві (МРШР)
       оның ішінде қайта сақтандырушының
       үлесі
1.1.4. Қосымша резервтер
       оның ішінде қайта сақтандырушының
       үлесі
1.2.   Сақтандырудың міндетті нысаны
       бойынша барлығы
1.2.1. Еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар
       резерві (ЕСР)
       оның ішінде қайта сақтандырушының
       үлесі
1.2.2. Орын алған, бірақ мәлімделмеген
       шығындар резерві (ОМШР)
       оның ішінде қайта сақтандырушының
       үлесі
1.2.3. Мәлімделген, бірақ реттелмеген
       шығындар резерві (МРШР)
       оның ішінде қайта сақтандырушының
       үлесі
1.2.4. Қосымша резервтер
       оның ішінде қайта сақтандырушының
       үлесі
       Сақтандыру резервтерінің жиынтығы
       (1.1.+1.2.)
2.     Сақтандыру (қайта сақтандыру)      барлығы  қолданылып жүрген
       ұйымының сақтандыру қызметін                сақтандыру (қайта
       реттеу және қадағалау жөніндегі                сақтандыру)
       уәкілетті мемлекеттік органның              шарттары бойынша
       нормативтік құқықтық актілерінде               есептелген
       белгіленген сақтандыру резервтері.             сақтандыру
       нің ең аз мөлшері                              сыйлықақысы
                                                    сомасынан түскен
                                                          үлес
2.1    Сақтандырудың ерікті нысаны
       бойынша
2.2    Сақтандырудың міндетті нысаны
       бойынша
       Сақтандыру резервтерінің жиынтығы
       (2.1.+2.2.)
___________________________________________________________________

      Бірінші басшы ____________________
      Бас бухгалтер ____________________
      Актуарий ____________________
      Орындаушы ____________________
      тел. ____________________
      мөр орны ____________________

      * Ескерту : 2, 2.1, 2.2. жолдарының талаптары 2004 жылғы 1 желтоқсанға дейін қолданылады".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, ұйымдарына, өкілдігіне және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) және Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау басқармасы (Жерембаев Е.Е.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз басылымдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ. Сәйденовке жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы