"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
92-бабын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
1. Заңды тұлғаға өзiн-өзi реттейтiн ұйым мәртебесiн беру және оны жою ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
3. Осы қаулы күшiне енгiзiлген күннен бастап мынадай нормативтiк құқықтық актiлердiң күшi жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының қызметi туралы ереженi бекiту туралы" 1997 жылғы 22 тамыздағы N 131
қаулысы
(Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 388 тiркелген, 1997 жылғы қыркүйекте "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналында жарияланған, N 9);
2) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының қызметi туралы ереженi бекiту туралы" 1997 жылғы 22 тамыздағы N 131 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" 2000 жылғы 23 наурыздағы N 69
қаулысы
(Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1115 тiркелген, 2000 жылғы мамырда "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналында жарияланған, N 5).
4. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне және өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарға жiберсiн.
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басшылығының қызметiн қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауды қамтамасыз етсiн.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
"Заңды тұлғаға өзін-өзі реттейтін
ұйым мәртебесін беру және
оны жою ережеcін бекіту туралы"
2003 жылғы 2 желтоқсандағы
N 418 қаулысымен бекітілген
Осы Ереже "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 92-бабына сәйкес әзірленді және заңды тұлғаға өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесін беру және оны жою тәртібін белгілейді.
1. Бағалы қағаздар рыногын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) заңды тұлға ұсынған өтініш және Заңның 92-бабы 1-тармағының 1)-4) тармақшалары талаптарының сақталуын растайтын құжаттар негізінде осы заңды тұлғаға өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесін береді.
2. Уәкілетті орган өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесін беру үшін ұсынылған құжаттарды алынған сәттен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қарайды.
3. Уәкілетті орган құжаттар пакеті толық ұсынылмаған немесе олар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмеген жағдайда заңды тұлғаға өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесін беруден бас тартады.
4. Заңды тұлға Заңның 92-бабы 1-тармағының 1)-4) тармақшаларының талаптарына сәйкес келген кезде уәкілетті орган заңды тұлғаға өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесін береді.
5. Уәкілетті орган өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметі Заңның 92-бабының 1-тармағы 1)-4) тармақшаларының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда оның өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесін жою туралы шешім қабылдауға құқылы.