"Темір жол көлігінде тасымалдаушы және басқа да қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға тексеру жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1587 тіркелінген, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының 2001 жылғы 29 мамырдағы N 42-П бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Респуликасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 101-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 12 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2611

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік органдардың шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тексерулер жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 маусымдағы N 572 қаулысына  сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Темір жол көлігінде тасымалдаушы және басқа да қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға тексеру жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының 2001 жылғы 29 мамырдағы N 42-П бұйрығына  (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1587 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Темір жол көлігінде тасымалдаушы және басқа да қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға тексеру жүргізу ережесіне:

      1) 6-тармақтағы "Құқықтық статистика және ақпарат орталығында" деген сөздер "Құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі комитетте" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 13-тармақ мынадай мазмұнындағы абзацпен толтырылсын:
      "Шағын кәсіпкерлік объектілеріне тексеру жүргізу кезінде тексеру актісінде көрсетілген тексеру жүргізудің мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспауы тиіс";

      3) 14-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толтырылсын:
      "Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін тексеруді жүзеге асыру кезінде бақылаушы орган тексеруді ұзарту туралы қосымша акт ресімдейді және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінде немесе оның аумақтық органдарында міндетті түрде тіркеледі, онда тексеруді белгілеу туралы алғашқы актіні тіркеу нөмірі мен күні және ұзарту себебі көрсетіледі";

      4) 18-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толтырылсын:
      "Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тексеру жүргізу актісі "Мемлекеттік органдардың шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тексерулер жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 маусымдағы N 572 қаулысында  бекітілген нысан бойынша толтырылады".

      2. Темір жол көлігінде бақылау жасау басқармасы (Б.Б.Iстлеев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Қ.Б.Есжановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Көліктік бақылау
      комитетінің төрағасы