"Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының
Заңын
іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Халыққа мамандандырылған медициналық көмек көрсету ережесі (бұдан әрі - Ереже);
2) амбулаториялық-емханалық және стационарлық медициналық көмек түрінде көрсетілетін мамандандырылған медициналық көмектің түрлері мен көлемдері бекітілсін.
2. Мамандандырылған медициналық көмек көрсететін облыстық және Астана, Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерінің) басшылары осы бұйрықты басшылыққа алсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі С.Ә.Диқанбаеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2003 жылғы 24 қарашадағы
N 863 бұйрығымен
бекітілген
Халыққа мамандандырылған медициналық
көмек көрсету ережесі
1. Осы Халыққа мамандандырылған медициналық көмек көрсету ережесі "Денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Мамандандырылған медициналық көмек - диагностиканың, емдеудің арнаулы әдістерін және күрделі медициналық технологияларды пайдалануды талап ететін аурулар кезінде медицина ұйымдарының азаматтарға ұсынатын медициналық көмегі.
3. Мамандандырылған медициналық көмекті көп бағдарлы денсаулық сақтау ұйымдары амбулаториялық-емханалық немесе стационарлық көмек нысанында көрсетеді.
4. Мамандандырылған медициналық көмекті меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген медициналық және дәрігерлік қызметке тиісті лицензиясы бар медициналық денсаулық сақтау ұйымдары көрсетеді.
5. Диагнозды теңестіруде қиындық туындаған жағдайда мамандандырылған медициналық көмек көрсетудің кез-келген деңгейінде, сондай-ақ өзге де айғақтар кезінде, оның ішінде науқасты тасымалдау ыңғайсыз болған жағдайда, қажет кезінде республикалық деңгейдегі консультантты қосу, қажетті мамандарды тарту арқылы консилиум ұйымдастырылады.
6. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен тыс мамандандырылған медициналық көмек Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақылы негізде көрсетілуі мүмкін.
7. Мамандандырылған медициналық көмекті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағдарлық мамандандыруы мен қажетті біліктілігі бар дәрігерлер көрсетеді.
8. Зерттеудің зертханалық-диагностикалық әдістерін қоса алғанда мамандандырылған медициналық көмектің көлемін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен диагностика мен емдеудің кезеңдік хаттамаларымен (бұдан әрі - Хаттамалар) белгіленеді.
9. Амбулаториялық-емханалық деңгейдегі халыққа мамандандырылған медициналық көмекті диагностиканың, емдеудің арнаулы әдістерін және күрделі медициналық технологияларды пайдалануды талап ететін аурулар кезінде амбулаториялық-емханалық емдеу ұйымдары көрсетеді.
10. Амбулаториялық-емханалық деңгейдегі халыққа мамандандырылған медициналық көмек стационарлық алмастыру технологияларының қағидаты бойынша көрсетілуі мүмкін.
11. Науқасты стационарлық емдеуге жіберу қажет болған жағдайда амбулаториялық-емханалық ұйымының дәрігері науқастың толық диагнозын, зертханалық тексеру мен емдеудің нәтижелерін егер ондай болса көрсете отырып, емдеуге жатқызу үшін жолдама береді.
12. Шұғыл айғақтары бойынша науқасты емдеуге жатқызу қажет болған жағдайда емделушіні стационарға жедел медициналық көмек қызметімен немесе медицина қызметкерлерінің ілесуі арқылы амбулаториялық-емханалық ұйымның санитарлық автокөлігімен жеткізеді.
13. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек қажет болған жағдайда науқасты амбулаториялық-емханалық ұйымдардың мамандары белгіленген тәртіппен тиісті республикалық денсаулық сақтау ұйымдарына жібереді.
14. Стационарлық деңгейде халыққа мамандандырылған медициналық көмекті диагностиканың, емдеудің арнаулы әдістерін және күрделі медициналық технологияларды пайдалануды талап ететін аурулар кезінде емдеу-алдын алу ұйымдары көрсетеді.
15. Науқасқа мамандандырылған медициналық көмек қажет болған жағдайда ол белгіленген тәртіппен тиісті бағдарлық (мамандандырылған) денсаулық сақтау ұйымдарына жіберіледі.
16. Стационарлық деңгейде халыққа мамандандырылған медициналық көмек стационарлық алмастыру технологияларының қағидаты бойынша көрсетілуі мүмкін.
17. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек мамандарының жіберуі бойынша стационарлық деңгейде көрсетілетін халыққа мамандандырылған медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне енеді.
19. Дәрігердің қорытындысына сәйкес жеке күтімді қажет ететін үш жасқа дейінгі, сондай-ақ ересек жастағы балалар анасымен немесе осындай күтімді жүзеге асырушы басқа да адамдармен бірге емдеуге жатқызылады.
20. Стационарлық емдеуде жатқан баланы күтуді жүзеге асырушы адам тегін ұйықтау орнымен және тамақпен қамтамасыз етіледі.
21. Стационардан шығарған кезде емделушінің қолына Хаттамаға сәйкес толық клиникалық диагнозы, жүргізілген тексеру, емдеу көлемі мен науқасты одан әрі бақылау нұсқаулықтары көрсетілген шығару эпикризі беріледі.
22. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек қажет болған жағдайда стационардың мамандары науқасты белгіленген тәртіппен тиісті республикалық денсаулық сақтау ұйымдарына жібереді.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрiнiң
2003 жылғы 24 қарашадағы
N 863 бұйрығымен
бекiтiлген
Амбулаториялық-емханалық немесе стационарлық
медициналық көмек нысанында көрсетiлетiн
мамандандырылған медициналық көмектiң
түрлерi мен көлемi
1. Дәрiгерлiк мамандықтарға қарамастан, амбулаториялық-емханалық және стационарлық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарында мамандандырылған медициналық көмектiң түрлерi терапиялық, хирургиялық, педиатриялық және акушерлiк-гинекологиялық бейiндер болып бөлiнедi.
2. Терапиялық бейiн мыналарды қамтиды: терапияны, аллергологияны, гастроэнтерологияны, гематологияны, нефрологияны, кардиологияны, кардиоревматологияны, пульмонологияны, эндокринологияны, психиатрияны, психотерапияны, медициналық психологияны, неврологияны, терапиялық стоматологияны, сексопатологияны, реабилитологияны, кәсiби патологияны, еңбек терапиясын, наркологияны, фтизиатрияны, геронтология-гериатрияны, гирудотерапияны, токсикологияны, емдiк дене шынықтыруды, емдәмтануды, рентгенологияны, Су-джок-терапиясын, мануалды терапияны, рефлексотерапияны, гомеопатияны, дермато-венерологияны, дермато-косметологияны, жұқпалы ауруларды, иммунологияны, лепрологияны.
3. Хирургиялық бейiн мыналарды қамтиды: хирургияны, нейрохирургияны, эндоскопияны, онкологияны, травматологияны және ортопедияны, комбустиологияны, урологияны, андрологияны, оториноларингологияны, офтальмологияны, проктологияны, маммологияны, хирургиялық стоматологияны, ортодонтиялық стоматологияны, ортопедиялық стоматологияны, жақ-бет хирургиясын, трансплантологияны, экстракорпоралды детоксикацияны, гипербариялық оксигенцияны, токсикологияны, анестезиология-реаниматологияны.
4. Педиатриялық бейiн мыналарды қамтиды: педиатрияны, фтизиатриялық, балалар анестезиологиясы мен реаниматологиясын, балалар хирургиясын, балалар нейрохирургиясын, балалар эндоскопиясын, балалар травматологиясын және ортопедиясын, балалар комбустиологиясын, балалар трансплантологиясын, балалар экстракорпоралды детоксикациясын, балалар аллергологиясын, медициналық генетиканы, балалар кардиоревматологиясын, балалар жұқпалы ауруларын, балалар иммунологиясын, балалар онкологиясын, балалар онкогематологиясын, балалар неврологиясын, балалар нефрологиясын, балалар эндокринологиясын, балалар психиатриясын, балалар психотерапиясын, балалар токсикологиясын, балалар гипербариялық оксигенациясын, балалар пульмоногиясын, балалар гастроэнтерологиясын, балалар отоларингологиясын, балалар офтальмологиясын, ортопедия ортодонтияны, балалар жақ-бет хирургиясын қоса алғанда балалар стоматологиясын, балалар урологиясын, балалар мен жасөспiрiмдер гинекологиясын, балалар дермато-венерологиясын, жасөспiрiмдер наркологиясын, жасөспiрiмдер терапиясын, балалар реабилитологиясын, неонатологиясын.