Кредиттік серіктестіктерді лицензиялау және олардың басшы қызметкерлерін келісу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 380 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 1 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2589

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кредиттік серіктестіктердің қызметтерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Кредиттік серіктестіктерді лицензиялау және олардың басшы қызметкерлерін келісу ережесі (осы қаулының 1-қосымшасы) бекітілсін.
      2. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
      4. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап жеті күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және кредиттік серіктестіктерге жіберсін.
      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз ететін болсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының  
Ұлттық Банкі Басқармасының 
"Кредиттік серіктестіктерді
лицензиялау және олардың  
басшы қызметкерлерін келісу
ережесін бекіту туралы"  
2003 жылғы 27 қазандағы  
N 380 қаулысына     
1-қосымша       

Кредиттік серіктестіктерді лицензиялау және
олардың басшы қызметкерлерін келісу ережесі

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының " Кредиттік серіктестіктер туралы " (бұдан әрі - Заң), "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі  туралы" (бұдан әрі - Банктер туралы Заң) Заңдарға сәйкес әзірленді және кредиттік серіктестіктерге банк операцияларының жекелеген түрлерін және өзге де операцияларды жүзеге асыруға лицензия беру тәртібін, сондай-ақ кредиттік серіктестіктердің төрағасы және басқарма мүшелері, бас бухгалтері қызметіне ұсынылатын кандидаттарды келісу тәртібі мен талаптарын анықтайды.

1-тарау. Кредиттік серіктестіктерді
 лицензиялау тәртібі

      1. Заңда көрсетілген банк операцияларының жекелеген түрлерін және өзге де операцияларды жүзеге асыруға лицензия (бұдан әрі - лицензия) алу үшін кредиттік серіктестік кредиттік серіктестіктердің қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) Заңның 17-бабының 3-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады.

      2. Бастапқы жарғылық капиталды төлегенін растайтын құжаттар бастапқы төлем құжаттары (төлем тапсырмасы, кассалық кіріс ордері), сондай-ақ әділет органдарында тіркеуден өткен бастапқы жарғылық капиталдың мөлшерін көздейтін Жарғы және құрылтай шарты болып табылады.
      Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізген жағдайда кредиттік серіктестік енгізілген өзгерістерді тіркегені туралы әділет органының белгісі бар құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулары бар құжаттармен бірге бұл жөнінде уәкілетті органға хабарлайды.

      3. Кредиттік серіктестіктің үй-жайы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін күзетілетін объектілердің техникалық мықтылығына және сигнализация жабдығына қойылатын талаптарға сәйкес келуі тиіс.
      Кредиттік серіктестік шетел валютасымен касса, сейф және айырбас операцияларын жүзеге асырған жағдайда, кредиттік серіктестік үй-жайды тексеру актісін және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалының оның үй-жайының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытындысын ұсынады.

      4. Лицензия беру туралы өтінішті уәкілетті орган ол қабылданған күннен бастап бір ай ішінде қарауы тиіс.

      5. Лицензия беруден бас тарту Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.

      6. Лицензия осы Ереженің 1-қосымшасына сай нысан бойынша бланкіге ресімделеді. Лицензия белгіленбеген мерзімге беріліп, атаулы болып табылады және үшінші тұлғаларға беруге жатпайды.

      7. Ол жоғалған кезде лицензияның дубликатын алу және лицензияны қайта ресімдеу "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында  көзделген тәртіппен жүргізіледі.

      8. Кредиттік серіктестік филиалдар немесе өкілдіктер ашқан кезде кредиттік серіктестік филиалды немесе өкілдікті әділет органдарында есептік тіркегеннен он төрт күндік мерзімде уәкілетті органға филиалдың немесе өкілдіктің ашылуы туралы хабарламаны және филиал немесе өкілдік туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.

2-тарау. Кредиттік серіктестіктің төрағасы және
басқарма мүшелері, бас бухгалтері қызметіне ұсынылатын
кандидаттарды келісу тәртібі мен талаптары

      9. Уәкілетті органмен келісуге кредиттік серіктестіктің төрағасы және басқарма мүшелері, бас бухгалтері қызметіне ұсынылатын кандидаттар (бұдан әрі - басшы қызметкерлер) жатады.
      Басқарма төрағасы қызметіне сайлауға (тағайындауға) қажетті шарт жоғары білімінің болуы, басқарма мүшелеріне - орта білімнен төмен емес білімінің, бас бухгалтерге - жұмыс саласына сәйкес келетін жоғары немесе арнайы орта білімінің болуы болып табылады.

      10. Басшы қызметкер лауазымына сайлауға (тағайындауға) ұсынылатын кандидатты (бұдан әрі - кандидат) келісу үшін кредиттік серіктестік уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) кредиттік серіктестіктің уәкілетті органының кандидатты сайлау (тағайындау) туралы шешімі;
      2) осы Ереженің 2-қосымшасында көзделген нысан бойынша басшы қызметкер немесе кандидат туралы деректер.

      11. Кандидатты келісуге арналған құжаттар кредиттік серіктестіктің уәкілетті органы осы кандидатты басшы қызметкер лауазымына сайлау (тағайындау) туралы шешім қабылдаған күннен бастап отыз күн ішінде уәкілетті органға ұсынылуы тиіс.
      Кредиттік серіктестіктің басшы қызметкерлері уәкілетті органның келісімін алғанға дейін үш айдан астам өз міндетін орындай алмайды.

      12. Кандидатты сайлауға (тағайындауға) келісім беру немесе келісім беруден бас тарту туралы шешімді уәкілетті органның Біліктілік комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) қабылдайды.

      13. Комиссияның құрамы уәкілетті орган басшысының не оның міндетін орындайтын тұлғаның бұйрығымен бекітіледі.

      14. Комиссия кандидаттың банк заңдарының талаптарына сәйкестігі туралы мәселені қарайды және осы Ереженің 10-тармағында көзделген құжаттардың толық пакетін ұсынған күннен бастап бір айлық мерзімде оны сайлауға (тағайындауға) келісім беру немесе келісім беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      15. Комиссия өз мәжілістерін қажетіне қарай, бірақ айына кем дегенде бір рет өткізеді және егер оған құрамының кем дегенде екіден үші қатысса, оның мәжілісі заңды болып табылады. Шешім мәжіліске қатысушылардың жай басым даусымен қабылданады. Дауыстар тең түскен жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші дауыс болып саналады. Комиссия төрағасы болмаған жағдайда, мәжілісті оның орынбасары жүргізуге құқылы.
      Комиссия мәжілістерінде хаттама жүргізу үшін Комиссия құрамына кірмейтін хатшы қатысады.

      16. Комиссияның шешімі хаттамаға енгізіледі. Егер Комиссия мүшесінің қарастырылып отырған мәселеге қатысты ерекше пікірі болса, бұл хаттамада көрсетіледі.

      17. Комиссия мәжілісіне шақырылған кандидат келмеген жағдайда оны келісу туралы мәселе Комиссияның келесі мәжілісіне ауыстырылады. Екінші рет келмеген жағдайда, комиссия осы тұлғаны келісу туралы мәселені кредиттік серіктестік Комиссия мәжілісіне кандидаттың келмеу себебін көрсете отырып, екінші рет өтініш бергенге дейін қараусыз қалдыруға құқылы.

      18. Комиссия кандидатты келісу туралы шешімді:
      1) тестіден өткізуге оны шақырусыз;
      2) тестіден өткізуге оны шақыра отырып;
      3) оны тестіден өткізуге және Комиссия мәжілісінде әңгімелесуге шақыра отырып қабылдауы мүмкін.

      19. Комиссия мына талаптардың біреуі болғанда:
      1) кандидаттың жоғары білімі (басқарма мүшесі үшін - орта білімнен төмен емес, бас бухгалтерге - жоғары экономикалық немесе тиісті жұмыс саласымен орташа арнайы білім) және басқарма төрағасы мен бас бухгалтер үшін әдеттегідей, қаржы саласында кем дегенде үш жыл жұмыс тәжірибесі болса;
      2) кандидат бұрын кредиттік серіктестіктің осыған ұқсас басшы қызметкеріне келісілген және оның осы басшылық қызметіне уәкілетті мемлекеттік орган тарапынан санкция қолданылмаған болса, кандидатты шақырусыз келісуі мүмкін.

      20. Осы Ереженің 18-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайда кандидат тестілеу рәсімінен өтеді.
      Тестілеу кандидаттың 30 тест сұрағына ұсынылып отырған жауаптардың біреуін таңдауы арқылы компьютерлік немесе жазбаша сауалнама нысанында жүзеге асырылады.
      Тест сұрақтарында біреуі дұрыс болатын жауаптардың кем дегенде үш нұсқасы болуы тиіс.

      21. Тестілеу кезінде үй-жайға тесттен өткізілетін кандидатпен бірге уәкілетті орган қызметкерлерінің ғана қатысуына рұқсат етіледі.
      Қажет болған жағдайда алдын ала жазбаша өтініші бойынша тесттен өткізілетін адамның өкімінде мемлекеттік, орыс немесе ағылшын тілдерін білетін аудармашы ұсынылады.
      Тесттен өткізу уақыты отыз минутпен шектелген.
      Тесттен өту кезінде кандидаттың қандай-да бір жазбаша, электронды немесе басқа ақпараттық материалдарды пайдалануына тыйым салынады. Осы тармақта жазылған талаптарды бұзу тестілеудің теріс қорытындысына теңестіріледі.

      22. Егер кандидат тест сұрақтарына 70 (жетпіс) және одан астам процентіне дұрыс жауап берсе, тестілеу қорытындысы оң деп танылады.
      Тестілеудің теріс қорытындысы кандидатты Қазақстан Республикасының банк заңдарын жеткілікті білмейді деп тануға және оның сайлануына (тағайындалуына) келісім беруден бас тартуға негіздеме болып табылады.

      23. Кандидатты тестілеу қорытындылары басқа да қажетті материалдармен бірге Комиссияның қарауына ұсынылады.
      Тестілеу қорытындыларын және құжаттарды қарау кезінде Комиссия кандидатпен Комиссия мәжілісінде әңгіме жүргізу қажеттігі туралы шешім қабылдауы мүмкін.

      24. Уәкілетті орган банктер туралы Заңның 20-бабында көзделген негіздемелер бойынша:
      1) басшы қызметкер лауазымына сәйкес келмейді деп тану туралы шешім қабылдауға;
      2) басшы қызметкерге сайлауға (тағайындауға) берілген келісімді қайта қарауға құқылы.

      25. Басшы қызметкерді сайлауға (тағайындауға) келісім беруден бас тартылған жағдайда, кредиттік серіктестік уәкілетті органның шешімін алған сәттен бастап 30 (отыз) күннен астам емес мерзімде көрсетілген қызметкер кредиттік серіктестіктің басшы қызметкерінің уәкілетті органның келісімінсіз қызметтік міндеттерін орындаудың ең жоғары жол берілетін мерзімін сақтай отырып, атқарып отырған қызметінен босатылуға жатады.

      26. Келісім беруден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап үш айдан ерте келісуге қайтадан ұсынуға жол берілмейді.

      27. Кредиттік серіктестіктің басшы қызметкерін сайлауға (тағайындауға) бұрын берілген келісімді қайта қараған жағдайда уәкілетті орган кредиттік серіктестікті анықталған фактілер, талаптар, қажет болған жағдайда, кредиттік серіктестіктің қажетті құжаттарды ұсынуы туралы жазбаша хабардар етеді. Кредиттік серіктестік он төрт күн ішінде уәкілетті органға талап етілген құжаттарды қоса сала отырып, жазбаша түсіндірме ұсынады және оны қарастырылып отырған мәселеге қатысы бар құжаттар пакетімен толықтыруына болады.
      Басшы қызметкерді сайлауға (тағайындауға) бұрын берілген келісімді қайта қарау туралы мәселені қарау үшін басшы қызметкердің кандидатурасы бойынша жазбаша қорытынды осы мәселе бойынша құжаттармен бірге тиісті кредиттік серіктестікті бір мезгілде басшы қызметкерді сайлауға (тағайындауға) келісімді қайта қарау үшін Комиссияның мәжілісіне шақыру туралы жазбаша хабарламамен бірге Комиссияның кезекті мәжілісінің қарауына ұсынады.

      28. Уәкілетті орган он күндік мерзімде кредиттік серіктестікті қабылданған шешім туралы хабардар етеді.

      29. Басшы қызметкерлерді сипаттайтын деректерді есепке алу мақсатында уәкілетті орган кредиттік серіктестіктердің басшы қызметкерлерінің құрамы туралы деректер базасын қалыптастырады.

Кредиттік серіктестіктерді
лицензиялау және олардың 
басшы қызметкерлерін  
келісу ережесіне   
1-қосымша       

Қазақстан
Республикасының
Елтаңбасы

      Кредиттік серіктестіктердің
      қызметін реттеу және қадағалау
      жөніндегі уәкілетті органның
      фирмалық белгісі

_________________________________________________
(кредиттік серіктестіктердің қызметін реттеу және
қадағалау жөніндегі уәкілетті органның атауы)
кредиттік серіктестіктердің өз қатысушылары үшін
Қазақстан Республикасының банктік заңдарында
көзделген операцияларды теңгеде жүргізуіне

Лицензия

___ жылғы "___" _______________ номері _____

мемлекеттік тіркеу номері

      _____________________________________________________________
      _____________________________________________________________
                (кредиттік серіктестіктің толық атауы)

      осы лицензия мынадай операцияларды жүргізуге құқық береді:
      1. _______________________________________________
      2. _______________________________________________
      3. _______________________________________________
      4. _______________________________________________

      Осы лицензияның талаптарынан туындайтын құқықтар үшінші тұлғаларға берілмейді.
      Осы лицензия бір данада беріледі.

      Төрағаның орынбасары

Кредиттік серіктестіктерді
лицензиялау және олардың 
басшы қызметкерлерін  
келісу ережесіне   
2-қосымша      

фотосуретке    
арналған     
орын       

_________________________________
(қаржылық ұйымның атауы)
_________________________________
(кандидат тағайындалатын қызмет
көрсетіледі) төраға (басқарма мүшесі,
бас бухгалтер) қызметіне ұсынылатын
кандидат туралы дерктер (баспа
нысанында ресімделеді, 14 шрифт)

      ____________________________________________________________
      Аты-жөні
      ____________________________________________________________
      Туған күні
      ____________________________________________________________
      Білімі              (аяқтаған жылы, жоғары оқу орнының атауы,
                           мамандығы)
      ____________________________________________________________
      Мыналарды:
      1) банктік қызмет;
      2) басқа қаржылық
         ұйымдардағы қызмет;
      3) аудиторлық;
      4) бухгалтерлік қызмет.
         тегі қызметін қос.
         қанда қаржы рыногын.
         дағы жұмыс стажы.
      ____________________________________________________________
      Еңбек қызметі туралы мәліметтер
      ____________________________________________________________
      N  Жұмыс кезеңі      Ұйымның, атқаратын қызметінің атауы
         (айы, жылы)
      ____________________________________________________________
      1.
      ____________________________________________________________
      2.
      ____________________________________________________________ 
      3.
      ____________________________________________________________

      Заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар ма - ия/жоқ
      Банктік қызметке байланысты жасаған құқық бұзушылықтары үшін
әкімшілік жауапқа тартылған ба - ия/жоқ
      Бұрын еріксіз таратылған, оның ішінде банкрот деп танылған кредиттік серіктестіктің немесе заңды тұлғаның (ұйымның, қызметтің атауы, жұмыс кезеңі, таратылу, банкроттық себебі) басшы қызметкері болған ба - ия/жоқ    

      Осы мәселеге қатысты басқа ақпарат

      Мен, ____________________________, осы ақпаратты тексергенімді және оның шынайы әрі толық екендігін растаймын және мен ұсынған шынайы емес мәліметтердің менің тағайындалуыма (сайлануыма) келісімді қайта қарауға және маған қатысты бұдан ары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес санкция қолданылуы мүмкін екендігін танимын.    

      Қолы _____________                 Күні _____________   

Қазақстан Республикасының  
Ұлттық Банкі Басқармасының 
"Кредиттік серіктестіктерді
лицензиялау және олардың  
басшы қызметкерлерін келісу
ережесін бекіту туралы"  
2003 жылғы 27 қазандағы  
N 380 қаулысына     
2-қосымша       

Күші жойылды деп танылған нормативтік
құқықтық актілердің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктер туралы" Ережесі туралы" 1997 жылғы 12 сәуірдегі N 106 қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 351 тіркелген, 1997 жылғы 14-19 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған).

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктер туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" 1997 жылғы 4 желтоқсандағы N 408 қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 63 тіркелген, 1998 жылғы 19-25 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктер туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" 1999 жылғы 21 мамырдағы N 136 қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 819 тіркелген, 1999 жылғы 21 маусым - 4 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған).

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктер туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" 2000 жылғы 20 шілдедегі N 302 қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1235 тіркелген, 2000 жылғы 28 тамыз - 10 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған).

      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктер туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" 2000 жылғы 13 қазандағы N 393 қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1295 тіркелген, 2000 жылғы 19 қараша - 3 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған).

      6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктер туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" 2001 жылғы 6 тамыздағы N 305 қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1691 тіркелген, 2001 жылғы 3-16 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған).

      7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктер туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" 2002 жылғы 1 тамыздағы N 280 қаулысы  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1968 тіркелген, 2002 жылғы 26 тамыз - 8 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған).