Тракторларды және олардың базасында жасалған өзi жүретiн шассилер мен механизмдердi, олардың тiркемелерiн, соған қоса арнайы жабдық орнатылған тiркемелердi, өзi жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн мемлекеттiк тiркеу ережелерiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі N 467 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 18 қарашада тіркелді. Тіркеу N 2564

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 7 қазандағы N 1096  өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 19 тамыздағы N 827  қаулысын орындау үшiн БҰЙЫРАМЫН:
      1. Ұсынылып отырған Тракторларды және олардың базасында жасалған өзi жүретiн шассилер мен механизмдердi, олардың тiркемелерiн, соған қоса арнайы жабдық орнатылған тiркемелердi, өзi жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн мемлекеттiк тiркеу ережелерi бекiтiлсiн.
      2. Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және техникалық саясат департаментi (Доскенов М.Ж.) заңнамаларда белгiленген тәртiппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн;
      2) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлiгiнiң келесi бұйрықтарының күшi жойылсын:
      1) "Тракторлардың, өзi жүретiн ауыл шаруашылық және мелиоративтiк машиналардың есебiн алу әрi техникалық жай-күйiне тексеру жүргiзу ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 16 қыркүйектегi N 281  (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2002 жылдың 17 қарашасында тiркелген N 2015);
      2) "Қазақстан Республикасында доңғалақты тракторларды, соған қоса олардың базасында жасалған өзi жүретiн шассилер мен механизмдердi, сондай-ақ доңғалақты тракторлар құрамында жүруге арналған тіркемелерді мемлекеттiк тiркеу және олардың техникалық жай күйiне тексеру жүргізу ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 16 қыркүйектегi N 282  (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2002 жылдың 17 қарашасында тiркелген N 2015/1).
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Вице-Министр Д.Айтжановқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      орынбасары-Министр      

Қазақстан Республикасы    
Премьер-Министрiнiң орынбасары -
Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы министрiнiң 
2003 жылғы 8 қыркүйектегi  
N 467 бұйрығымен      
бекiтiлген          

Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар механизмдердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн мемлекеттiк тiркеу ЕРЕЖЕЛЕРI

      Жалпы қолданылатын жолдарда жүруге арналған жылдамдығы 50 км. сағатқа дейiн және одан төмен тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар механизмдердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдердi (бұдан әрi - машиналар) мемлекеттiк тiркеу "Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы  және "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 7 қазандағы N 1096  қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 19 тамызындағы N 827  қаулысы негiзiнде жүргiзiледi және олардың жол қозғалысына қатысуына және пайдалануға мемлекеттiк рұқсат шарасы болып табылады. Бұл шаралар машиналардың құрылмаларының, техникалық жай-күйi мен жабдықталуының жол қозғалысы қауiпсiздiгi талаптарына сәйкестiгiн тексерудi және бақылауды қамтамасыз ету оларды сатып алу, пайдалану, тәркiлеу және жарамсыз деп табу тәртiптерiн сақтау және оларға орталықтандырылған, аймақтық мониторинг жүргiзу мақсаттарында жүзеге асырылады.
      Осы Ережелерде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) машиналарды мемлекеттiк тiркеу - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi аумақтық басқармаларының Мемлекеттiк техникалық инспекцияларының (бұдан әрi - Мемтехинспекция) машиналарды тiркеу, олардың жол қозғалысына қатысуына және пайдалануға рұқсат берiлгендiгiн растайтын мемлекеттiк нөмiрлiк белгiлер мен тiркеу құжаттарын беру бойынша Қазақстан Республикасының нормативтiк-құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асыратын қызметі;
      2) тiркеу iс-әрекеттерi - бұл машиналарды тiркеудi жүргiзу бойынша, тiркеуге өзгерiс енгiзу және машиналарды тiркеуден шығару, тиiстi тiркеу құжаттары мен нөмiрлiк белгiлер беру, жоғалған нөмiрлiк белгiлер мен тiркеу құжаттарының, пайдалануға жарамсыз, бекiтiлген үлгiдегi стандарттарға сәйкес емес немесе қолдану мерзiмi өтiп кеткен тiркеу құжаттарының орнына басқа тiркеу құжаттарын (төлқұжаттарын) және нөмiрлiк белгiлерiн беру жөнiндегi тiркеу пункттерiнiң қызметi;
      3) тiркеудегi өзгерiс (қайта тiркеу) - тиiстi құқықтық негiз болған жағдайларда машиналардың тiркеу мәлiметтерiне және құжаттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу;
      4) тiркеу пунктi - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң облыстық, аудандық, Астана және Алматы қалалық аумақтық басқармаларының Мемтехинспекциялары;
      5) нөмiрлiк агрегат - зауыттық тiркеу нөмiрi бар (двигатель, шасси, рама) машинаның негiзгi құрамдық тораптары;
      6) меншiк иесi - заңнамаларға сәйкес өз меншiгiндегi машинаға өз қалауы бойынша иемденуге, пайдалануға және билiк етуге құқылы тұлға;
      7) иеленушi - өзiне тиесiлi меншiк иесi құқығы негiзiнде немесе басқа да заңнамалық негiздерге байланысты ағымдағы уақытта машинаны нақты иеленушi тұлға;
      8) тiркеу құжаттары - машиналардың жол қозғалысына қатысуына және пайдаланылуына рұқсат берiлгенiн растайтын ресми құжаттар болып табылатын техникалық паспорттар (1-қосымша);
      9) машиналардың мемлекеттiк техникалық байқау - Мемтехинспекцияның машиналардың техникалық жай-күйiн олардың құрылмасының қауiпсiздiк талаптарына, атап айтқанда Қазақстан Республикасында қолданылатын жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау бойынша белгiленген стандарттар мен ережелер талаптарына сәйкестiгiн бағалау қызметi.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында заңды және жеке тұлғалардың иелiгiндегi, шетелдiң заңды тұлғалары және азаматтығы жоқ тұлғалардың басқа мемлекеттерде тiркелген машиналарды қоса алғанда және Қазақстан Республикасына 2 айдан артық мерзiмге әкелiнген машиналарға мемлекеттiк тiркеу жүргiзудiң бiрыңғай тәртiбiн белгiлейдi, сондай-ақ Мемтехинспекцияның көрсетiлген саладағы қызметiн регламенттейдi.
      Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда белгiленген тәртiппен тiркелмеген машиналарды пайдалануға тыйым салынады.

      2. Ережелер барлық машиналардың меншiк иелерi мен иеленушiлерi үшiн мiндеттi.

      3. Машиналарды тiркеудi, тiркеуден шығаруды, тiркеуге өзгерту енгiзудi, машиналарға мемлекеттiк техникалық байқау жүргiзудi тiркеу пункттерi жүргiзедi.

      4. Машиналардың меншiк иелерi немесе өзге тұлғалар, олардың меншiк иелiгiне (иеленуге) машиналардың келiп түскен сәттен бастап, бiр ай iшiнде олардың меншiгiнен (иеленуiнен) шыққан немесе тiркеудi, тiркеу құжаттарына өзгерту енгiзудi талап ететiн өзге мiндеттер пайда болған, тiркеуге өзгерiс енгiзу немесе тiркеуден шығару бойынша тiркеу пункттерiнiң тиесiлi iс-әрекеттерiн iске асыру үшiн осы Ережелермен бекiтiлген барлық iс-әрекеттердi жасайды.

      5. Тiркеуге босатылған уақыт аралығында қолданыстағы "Қазақстан Республикасының жол жүрiсi ережелерiн, Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу бойынша негiзгi ережелерiн және лауазымды тұлғалар мен жол жүрiсiне қатынасушылардың жол жүрiсiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша мiндеттерi және Көлiгi арнайы жарық және дыбыс берушi құралдармен жабдықталуға және арнайы түстiграфикалық схемамен боялуға жататын арнайы және жедел қызметтердiң тiзiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 25 қарашадағы N 1650  (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 26 мамырдағы N 643  қаулысымен өзгерiстер енгiзiлген) қаулысымен бекiген Қазақстан Республикасының жол жүрiсi ережелерiне сәйкес, машинаны тек тiркеу пунктiне баруға, техникалық жай-күйiн тексеруге ұсынуға және алда тұрған тiркеу iс-әрекеттерiн орындау үшiн ғана пайдалануға рұқсат етiледi.

      6. Тiркелетiн машиналардың құрылмасы Қазақстан Республикасында қолданылатын қауiпсiздiк талаптарына, атап айтқанда жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау бойынша белгiленген стандарттар, ережелер мен нормативтер талаптарына сәйкес болуы тиіс.

      7. Қолданыстағы мемлекеттiк стандарттарды және ережелердi бұзып құрылмасына өзгерiстер енгiзiлген, сондай-ақ белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн машиналар тiркеу iс-әрекеттерiн жүргiзуге қабылданбайды.

      8. Машинаның меншiктiк құқығын растайтын тiркеу iс-әрекеттерiн жүргiзуге ұсынылатын құжаттар (нөмiрлiк агрегаттар) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларының нормаларына сәйкес болуы және оларда мыналар көрсетiлуi тиiс:
      1) олардың жасалу уақыты;
      2) олардың жасалу орны;
      3) өкiлеттi тұлғаның қолы;
      4) машина туралы мәлiметтер (марка, модель, шығарушы зауыт, шыққан жылы, шассидiң, раманың және двигательдiң зауыттық нөмiрлерi).

      9. Тiркеудiң iс қағаздарын жүргiзу, тiркеудi ресiмдеу және тiркеу пункттерi беретiн өзге де құжаттарды ресiмдеу мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жүргiзiледi.

      10. Машиналарға басқа тiлде жазылған меншiк құқығын растайтын және тiркеу әрекеттерiн жүргiзу үшiн ұсынылған өзге де құжаттар мемлекеттiк және орыс тiлдерiне аударылуы және оларда аударманың бiр тiлден екiншi тiлге дұрыс аударылуын куәландыратын нотариустың қолы немесе осындай iс-әрекет iстеу бойынша аударманың түп нұсқаға сәйкестiгiн растайтын құқығы бар лауазымды тұлғаның қолы болуы тиiс.

      11. Тiркеуге тазалануы бар немесе қосып жазылған, сызылған, өшiрiлген сөздерi бар немесе басқадай аталмаған түзетулерi бар, сондай-ақ қарындашпен жазылған құжаттар тiркеу iс-әрекеттерiн жүргiзуге қабылданбайды. Аталған құжаттардың мәтiнi анық әрi түсiнiктi жазылуы тиiс. Азаматтардың аты, әкесiнiң аты, тегi, тұрған жерi толық көрсетiлуi керек, ал заңды тұлғалардың атаулары - қысқартылмай мекен-жайы дәл көрсетiлуi тиiс. Заңнамаларда көзделген жағдайлардан басқа тiркеу iс-әрекеттерiн жасауға тiркеу пункттерiне ұсынылған құжаттардың көшiрмелерi, сондай-ақ тiркеу пункттерi берген тiркеу немесе басқадай құжаттардың көшiрмелерi түпнұсқаны алмастыра алмайды.

      12. Тiркеу пункттерiнiң қызметкерлерi машиналардың меншiк иелерiне (иеленушiлерiне) тiркеу iс-әрекеттерiн жүргiзу сұрақтары бойынша түсiнiктемелер беруге, мiндеттерiн түсiндiруге, олардың құқықтарының орындалуына және мүдделерiн қорғауға көмектесуге мiндеттi.

      13. Тiркеу пункттерiнiң қызметкерлерiне тiркеу әрекеттерiн жүргiзуге байланысты белгiлi болған мәлiметтердi Қазақстан Республикасында қолданылатын заңнамаларда көзделгендегiден басқа жағдайларда жариялауға рұқсат етiлмейдi.

      14. Осы Ережелердiң талаптарын бұзған тұлғаларға, Қазақстан Республикасында қолданылатын заңнамаларға сәйкес жауапкершiлiк жүктеледі.

      15. Машинаға берiлген тiркеу құжаты оның жол жүрiсiне қатысуға жiберуге, пайдалануға рұқсат берiлгендiгiн растайтын және машинаның мемлекеттiк тiркеуге қойылғандығын куәландыратын ресми құжат болып табылады.

      16. Қазақстан Республикасына заңды және жеке тұлғалар алып келген машиналар Қазақстан Республикасы Кедендiк тексеру агенттiгi анықтаған тәртiппен мiндеттi кедендiк ресiмдеуден өткеннен кейiн тiркеледi.
      Қазақстан Республикасының территориясына алып келiнген машиналарға (номерлi агрегаттарға) меншiк құқығы Қазақстан Республикасы Кеден органдары берген құжаттармен расталады.

2. Тiркеу пункттерiнiң жүргiзетiн iс-әрекеттерi

      17. Тiркеу пункттерi тiркеу iс-әрекеттерiнен басқа мынадай iс-әрекеттердi жүргiзедi:
      1) машиналарға тiркеу кезiндегi техникалық байқау актiсiн бередi (2-қосымша);
      2) заңнамада көзделген жағдайларда тiркелген машиналарды тiркеуден шығаруға шектеу енгiзедi;
      3) тiркеу iс-әрекеттерi жөнiнде анықтамалар бередi;
      4) жыл сайынғы машиналарға мемлекеттiк техникалық байқау жүргiзедi;
      5) машиналарды тiркейдi және оның иелерiне тиiстi құжаттар мен нөмiрлiк белгiлер бередi;
      6) тiркеуге өзгерiстер енгiзедi;
      7) машиналарды есептен шығарады;
      8) "Транзит" нөмiр белгiсiн бередi;
      9) Қазақстан Республикасының басқа аймақтарынан келген машиналарды уақытша тiркеуге алады;
      10) жоғалған, тиiстi үлгiге сай келмейтiн, пайдалануға жарамсыз болған немесе мерзiмi өтiп кеткендердiң орнына тiркеу құжаттарын және нөмiрлiк белгiлерiн бередi;
      11) тiркеу пункттерiнде тiркеуден өткен машиналардың босаған агрегаттарының құжаттарын бередi;
      12) нөмiр жоқ агрегаттарға (двигатель, шасси, рама) пуансонмен номер енгiзедi.

      18. Тiркеу пункті берген тiркеу және өзге құжаттар тиiстi тiркеу пунктiнiң мемлекеттiк техникалық инженер-инспекторының қолымен және мөрiмен куәландырылады. Құжаттарды, сондай-ақ нөмiрлiк белгiлердi алу фактiсi машиналарды тiркеу кiтабында тiркеу құжаттарын алушының қолымен куәландырылады (5-қосымша).

      19. Заңдарды және осы Ережелердi бұзып жасалған тiркеу әрекеттерi жарамсыз деп табылады.

      20. Тiркеу әрекеттерiн немесе оны жасамаған жағдайда оны негiзсiз деп санайтын машина иелерi бұл туралы жоғарғы органдарға немесе сотқа шағымдануға құқылы.

3. Тiркеу iс-әрекеттерiнiң жалпы шарттары мен
машиналарды мемлекеттiк тiркеу тәртiбi

      21. Егер заңнамаларда өзге жағдайлар көзделмесе, машиналар меншiк иесiне тiркеледi, бұл жағдайда тиiстi тiркеу iс-әрекеттерiн жүргiзуге меншiк иесi бастамашы болып кiрiседi. Бұл жағдайда меншiк иелерi үшiншi тұлғаларға иелену құқықтарын берген жағдайда заңнамаларда көзделген аренда, субаренда, лизинг, сублизинг, кепiлге салу немесе басқа да негiздер күшiмен берсе, машиналармен жол қозғалысына қатысуды және оларды пайдалануды iске асыру үшiн аталған тұлғалардың өзiнде келесi құжаттардың болуы тиiс:
      1) меншiк иесiне ресiмделген, машинаның тiркеу құжаты;
      2) осы тұлғаның машинаны иелену негiзiн растайтын құжаттардың (жалдау, субъективтi жалдау, лизинг, сублизинг, кепiлге салу келiсiм шарттары немесе қолданыстағы заңнамаларға сәйкес басқа да құжаттар) нотариус куәландырған көшiрмесi.

      22. Заңнама шарттары бойынша меншiк иесi болып табылмайтын тұлғалардың бастамаларымен тiркеу iс-әрекеттерiн жүргiзiлген жағдайларында тiркеу құжаттарындағы ерекше белгiлер бағанында машинаның меншiк иесiнiң атауы мен бастамашы тұлғаның машинаны иелену негiзi көрсетiледi.
      Бұл тұлғалардың үшiншi тұлғаларға заңнамаларда көзделген тәртiппен аренда, субаренда, лизинг, сублизинг, кепiлге салу немесе басқа да негiздер күшiмен машинаны иелену құқығын беретiн жағдайында, үшiншi тұлғалардың өзiнде машиналардың жол қозғалысына қатысуы және оларды пайдалану үшін мына құжаттардың болуы тиiс:
      1) меншiк иесi болып табылмайтын тұлғаға ресiмделген, машинаның тiркеу құжаты;
      2) машинаның үшiншi тұлғаның иелiгiнде болуы негiзiн растайтын құжаттың (аренда, субаренда, лизинг, сублизинг, кепiлге салу келiсiм шарттары немесе қолданыстағы заңнамаларға сәйкес басқа да құжаттар) нотариус куәландырған көшiрмесi.

      23. Егер тiркеу iс-әрекеттерi жүргiзiлуге тиiс машина жалпы меншiк иелiгiнде болған жағдайда тiркеу құжаттарында барлық меншiк иелерi көрсетiледi және құжаттар барлық меншiк иелерi аттарынан берiледi.

      24. Заңнамаларда көзделген рұқсаттар (лицензиялар) негiзiнде машиналар сататын машина жасаушы зауыттар немесе өз жарғысына сәйкес шаруашылық мақсатында машиналарды пайдаланбайтын заңды тұлға, сауда ұжымдары және басқа ұйымдар сатуға арналған машиналарды тiркемеуге құқылы.

      25. Машиналар жеке тұлғалардың атына тұрақты тұрғын орны бойынша немесе уақытша келген орны бойынша тiркеледi (тұрақты тiркеуi болмаған жағдайда) уақытша тұратын уақыт мерзiмiне дейiн, ал заңды тұлғаның атына орналасқан орны бойынша, заңды тұлғалардың филиалдарына заңды тұлғаның мөр қойылған рұқсат қағазы бойынша олардың дислокацияланған орны бойынша тiркеледi.

      26. Машинаның меншiк иесi болып саналмайтын тұлғаларға мемлекеттiк тiркеу жүргiзiлген жағдайда, алдын-ала машинаның меншiк иесiнiң жазбаша келiсiмiнсiз тиiстi тiркеу iс-әрекеттерiн жүргiзуге болмайды. Осы тармақты бұзып жүргiзiлген тiркеу iс-әрекеттерi тiркеу жүргiзiлген сәттен бастап жарамсыз деп табылады.

      27. Қолданыстағы заңнамаларда көзделген жағдайлардан басқа тiркеу iс-әрекеттерiн жүргiзерде олардың бастамашылары машиналарды немесе байқау материалдарын тiркеу пунктiне тексеруге ұсынады.
      Тексеру процесiнде мыналар жүзеге асырылады:
      1) нөмiрлiк агрегаттардың зауыттық нөмiрiнiң және нөмiрлiк белгiлердiң машина құжатындағы нөмiрлерге сәйкестiгiн тексеру;
      2) машина құрылмасының қауiпсiздiгiн регламенттеушi Қазақстан Республикасы нормативтiк-құқықтық актiлерi талаптарына сәйкес, тiркелетiн машина құрылмасының қауiпсiздiгiн бақылау;
      3) машиналардың меншiк иелерiнiң немесе иеленушiлерiнiң Ережелерiмен бекiтiлген тiркеуге қоюға берiлген мерзiмдi сақтауын бақылау.

      28. Машиналарды алып келуге кедергi болатын жағдайларда машинаның тұрған жерiндегi Гостехинспекцияның жасаған және инженер-инспектордың қолы қойылған және мөрмен бекiтiлген Машиналарды тiркеу кезiндегi актiсiн ұсынуға болады (2 қосымша). Бұндай актiнiң жарамдылық уақыты 30 тәулiктi құрайды.

      29. Тiркеу пунктiнiң қызметкерлерi тiркеу iс-әрекеттерiн жүргiзу кезiнде жеке басын куәландыратын құжаттар негiзiнде машиналардың меншiк иелерiнiң, иеленушiлерiнiң немесе олардың өкiлдерiнiң жеке басын анықтайды.

      30. Меншiк иесi немесе иеленушiнiң өкiлi тiркеу iс-әрекетiне өтiнiш бергенде оның өкiлеттiлiгi берiлген сенiмхатты заңнамада көзделген тәртiп бойынша тексеру арқылы расталады. Заңды тұлға өкiлiнiң өкiлеттiлiгi бастықтың қолы мен заңды тұлға мөрi қойылған сенiмхат арқылы расталады.
      14-16 жастағы азаматтардың жеке басын куәландыру олардың ата-аналарының, асырап алушыларының немесе қамқорлық жасаушы органдардың қатысуымен кәмелетке толмаған адамның туу туралы куәлiгiн ұсыну арқылы жасалады.

      31. Тiркеу iс-әрекеттерi, сонымен қатар осы Ережелерден туындайтын iс-әрекеттер тiркеу пункттерiнде машиналардың тiркелген орындары бойынша жүргiзiледi. Аталған iс-әрекеттердi басқа жерде жүргiзу туралы шешiм машинаны тiркелген орны бойынша тiркейтiн пункт пен тiркеу iс-әрекеттерiн жүргiзу жобаланған пункт арасындағы келiсiм арқылы қабылданады.

      32. Жеке тұлғалардың машиналары жақын туыстарының жазбаша келiсiмiмен солардың тұратын жерiнде тiркелуi мүмкiн. Сонымен қатар иесiнiң бұрынғы тұрған үйi оның атында қалғанда, оның жаңа тұратын жерi бойынша жағдай болмаса (машиналарды пайдалануға климаттық және басқа жағдайлар қиындататын жерлерде тұратын, ұзақ іссапар, әскери қызмет, оқу, ұзақ жүзетiн кемелерде жұмыс iстеу немесе басқа жағдайлар) бұрынғы тұратын жерi бойынша тiркелуге болады.
      Мұндай жағдайларда машиналарды тiркеуге негiз болған құжаттарға оның иесiнiң шалғай ауданда тұратындығын растайтын келiсiм-шарттың немесе басқадай құжаттың көшiрмесi қоса тiгiледi.

      33. Машиналар тиiстi заңға сәйкес азаматтық әрекет қабiлеттiлiгi бар адамдарға тiркеледi.

      34. Заңдарда көрсетiлген жағдайда мұраға беру, сыйлыққа тарту нәтижесiнде көлiк құралына иелік құқық туған кезде машиналар азаматтық әрекет қабiлеттiлiгi жоқтарға да тiркелуi мүмкiн. Егер иегер 14 жасқа дейiнгi кәмелетке жетпеген азамат болса, тiркеу әрекеттерi ата-аналардың атынан жасалады, ал егер 14-18 жас аралығында болса, оның жазбаша келiсiмiмен ата-анасы (асырап алушысы) немесе қамқорлыққа алған органдар жасайды.

      35. Машинаның меншiк иесi болып саналмайтын тұлғаларға мемлекеттiк тiркеу немесе басқа да тiркеу iс-қимылдары жүргiзiлген жағдайда, машинаның тiркелген тұлғаның иеленуiнен шығуы немесе аталған тұлғаның машинаны бұдан әрi иелену құқығынан айрылуы меншiк иесiнiң бастамасымен тиiстi тiркеу iс-әрекеттерiн жүргiзуге және кейiннен машинаны меншiк иесi атына тiркеуге негiз болады.

      36. Заңды және жеке тұлғалар мемлекеттiк тiркеу iс-қимылдарын жүргiзу үшiн тiркеу пунктiне мыналарды ұсынады:
      1) өтiнiш (3, 4-қосымша);
      2) жеке тұлға үшiн тiркеу iс-әрекеттерiн жасауға өтiнiш жасаған азаматтың жеке басын куәландыратын құжатының түп нұсқасы мен көшiрмесi немесе заңды тұлғаның құрылтай құжаттары (тiркелгенi, (қайта тiркелгенi) туралы куәлiгiнiң статистикалық картасының көшiрмесi);
      3) машинаны мемлекеттiк тiркеуге, қайта тiркеуге және тiркеу құжатының төлқұжатына алым төленгенi жөнiндегi құжат;
      4) машинаның өзiн, егер ұқсату (жарамсыз деп табу, есептен шығару) жағдайлары болмаса, сондай-ақ осы Ережелердiң 28-тармағында анықталған жағдайларда;
      5) нотариус куәландырған келiсiм-шарттың (сату-сатып алу, айырбастау, сыйға тарту, қарызға беру және т.б.) және машинаны қабылдау-беру актiсiнiң немесе машинаға меншiк құқығын растайтын құжаттардың (анықтама-шот, кiрiс кассалық ордерiнiң квитанциясы, соттың шешiмi және өзге де заңнамада көзделген құжаттар) көшiрмесi;
      6) машинаның тiркеу құжаты мен мемлекеттiк тiркеу нөмiрлiк белгiсi үшiн төлемді растайтын құжат;
      7) қолдан құрастырылған немесе Қазақстан Республикасының территориясына әкелiнген машиналарға белгiленген қауiпсiздiк техникасы талаптарына сәйкестiгiн растайтын сертификат немесе басқа да бiр құжат.
      8) Кеден жүк декларациясы (машинаны шетелден алған жағдайда) Кедендiк құжаттар көшiрмелерi, осы құжаттарды берген Кеден органдарымен куәландырылады.
      Ескерту:  Машиналарға, нөмiрлi агрегаттарға меншiк құқығын растайтын басқадай құжаттарға мыналар жатады:
      1) сатып алғанын, сондай-ақ машиналарды ҚР Кедендiк ауқымына әкелгенiн растайтын құжаттардың түпнұсқасы (ЖТД);
      2) келiсiм-шарттар, куәлiктер, мұраға берiлген құқығын растайтын және нотариальдық тәртiппен куәланған құжаттар, сондай-ақ тиiстi заңға сәйкес жасалған өзге де құжаттар;
      3) Қазақстан Республикасына әкелiнген машиналардың тiркеу құжаттары және "Транзит" нөмiрлерi;
      4) заңды тұлғаның машиналарын жеке тұлғаға сату туралы мөр қойылған бұйрық (өкiм).
      Ескерту:  Гостехинспекцияда есепте тұрған және жаңа заңды немесе жеке тұлғаларға сатылған (берiлген) заңды тұлғалардың машиналарын тiркеу үшiн мыналар негiз болады - жалпы жиналыстың хаттамасы, құрылтай құжаттарына сәйкес жоғарғы органның шешiмi, бiрiншi басшының қолы қойылып, мөрмен расталған осы ұйым бойынша бұйрықтың көшiрмесi, негiзгi қорларды қабылдау-тапсыру актiлерi (ОС-1 формасы) сатылған машиналар үшiн төленген төлемдердi растайтын құжаттар, мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi ауқымдық органның рұқсатын (мемлекет меншiгiндегi заңды тұлғалар үшiн).

      37. Меншiк иесi немесе иеленушi атынан тiркеудi олардың өкiлдерi жүргiзген жағдай орын алса, онда олар тiркеу пунктiне осы Ережелердегi жеке тұлғаларға арналған 36-тармағында белгiленген құжаттардан басқа өкiл-тұлғаның тiркеу iс-әрекеттерiн жүргiзу кезiнде меншiк иесiнiң немесе иеленушiнiң мүдделерiн бiлдiру жөнiндегi өкiлеттiлiгiн куәландыратын құжаттарды ұсынуы қажет.

      38. Егер, мемлекеттiк тiркеуге Қазақстан Республикасында бұрын мемлекеттiк тiркеуде болмаған машина ұсынылса, онда иеленушiлер тiркеу пунктiне осы Ережелердегi 36-тармақтың белгiленген құжаттардан басқа жасаушы-зауыт берген формулярдың көшiрмесiн ұсынуға мiндеттi.

      39. Егер, мемлекеттiк тiркеуге Қазақстан Республикасында бұрын мемлекеттiк тiркеуде болған машина ұсынылса, онда иеленушiлер тiркеу пунктiне осы Ережелердегi 36-тармағында белгiленген құжаттардан басқа бастапқы тiркеу құжатын ұсынуға мiндеттi, бiрақ аталған құжатты ұсынбау мемлекеттiк тiркеу жүргiзбеуге негiз болмайды.

      40. Егер, машинаны иеленушi мен меншiк иесi бiр тұлға ретiнде үйлеспесе, онда иеленушiлер тiркеу пунктiне осы Ережелердегi жеке тұлғаларға және заңды тұлғаларға арналған 36-тармақтың белгiленген құжаттардан басқа келiсiм шарттың (жалдау, субъективтi жалдау, лизинг, сублизинг, кепiлге беру және басқалар) нотариус куәландырған көшiрмесiн және машинаны қабылдау-беру актiсiнiң немесе машинаны иелену құқығын растайтын өзге құжатты, сонымен қатар меншiк иесiнiң мемлекеттiк тiркеу жүргiзуге қол қойылған (жеке тұлғаларға) немесе бiрiншi басшы қол қойып, мөрмен куәландырылған (заңды тұлғаларға) жазбаша келiсiмiн ұсынуға мiндеттi.

      41. Заңды және жеке тұлғалар аукциондар мен сауда биржалары арқылы сатып алған машиналарды тiркеу, машиналарды аукционға немесе биржаға заңды түрде ұсынылғаны олардың нақты иелерге сатылғаны туралы тиiстi мөрлерiмен әрi өкiлеттi тұлғалардың қолдарымен куәландырылған аукциондық және биржалық анықтамалар негiзiнде жүргiзiледi.

      42. Қолдан құрастырылған және дайындалған машиналар олардың Қазақстан Республикасы стандарттарына және олардың құрылмасының жол қозғалысы қауiпсiздiгi талаптарына сәйкестiгiн (сәйкестiк сертификаты) растайтын өкiлеттi орган куәландырған құжаттарын ұсынғаннан кейiн тiркеу iс-әрекеттерiне қабылданады.

      43. Тiркелген, техникалық жарамды машиналарға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң үлгiсiндегi техникалық паспорттар, және Қазақстан Республикасы индустрия және сауда министрлiгiнiң стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiнiң 2003 жылғы 30 шiлдедегi N 262 бұйрығымен бекiтiлген "Көлiк құралдары және олардың тiркемелерi үшiн қаптамалы жарықшағылыстырғышты мемлекеттiк тiркеу нөмiрлiк белгiлер" 1176-2003 ҚP СТ нысаны бойынша тиiстi түрдегi нөмiр белгiлерi берiледi. Бiр машинаға бiр нөмiрлiк белгi берiледi.
      Техникалық паспорттар мен нөмiрлiк белгiлер қатаң түрде олардың цифрлық нөмiрлерiнiң өсуi ретiмен берiледi.
      Нөмiрлiк белгiлер техникалық жарамсыз машиналарға олар жарамды болғанға дейiн берiлмейдi.

      44. Жоғалған, жарамсыз болған, қолданыстағы стандартқа сәйкес емес немесе жарамдық мерзiмi бiткен техникалық паспорттар мен мемлекеттiк нөмiрлiк белгiлердiң орнына берiлетiн құжаттар мен нөмiрлiк белгiлер, иеленушiлердiң өтiнiшiмен, машинаны тiркеу орны бойынша, айырбастауды негiздей отырып берiледi.

      45. Кепiлдiкке немесе басқа да жүктемеге қойылған машиналарға тiркеу жасау iс-әрекеттерiн кепiл ұстаушының немесе тиiстi жүктеме түрi пайдасына шешiлген тұлғаның ондай тiркеу iс-әрекеттерiн жүргiзуге жазбаша келiсiмiнсiз жүргiзуге болмайды.

      46. Осы Ережеге сәйкес тiркеуге қажеттi тиiстi құжаттарды алмай тіркеу пункттеріне тіркеу жүргізуге рұқсат етілмейді.

      47. Тiркеушi орган 36, 50, 52-тармақтарда қарастырылған құжаттар жоқ болған жағдайда тiркеу iс-әрекеттерiн жүргiзуден бас тартудың себебiн көрсетіп машина иелерiн жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.
      Машинаны тiркеуден бас тарту себебi өтiнiшке жазылып, ол лауазымды тұлғаның қолымен және тiркеу пунктiнiң мөрiмен куәландырады. Мұндай өтiнiш машина иесiне қайтарылады.
      Мұндай тәртiп тiркеуден басқа да iс-әрекеттердi тiркеу және анықтама беруден бас тартқан жағдайда да қолданылады.

      48. Тiркелген машиналар мен олардың иелерi туралы тiркеу анықтамалары мына негiзде жазбаша сұрауға берiледi:
      Қазақстан Республикасы заңнамаларында көзделген жағдайларда өкiлеттi мемлекеттiк органдарға;
      қылмыстық немесе азаматтық iстердiң болуына байланысты сотқа, прокуратураға, тергеуге, анықтауға және қаржы полициясына;
      жедел iздестiру қызметiмен айналысатын органдарға;
      жүктелген қызметiн орындау кезiнде Жол полициясының бөлiмшелерiне;
      машиналардың меншiк иелерi мен иеленушiлерiне.

      49. Eгep ұсынылған құжаттардың, номерлiк белгiлердiң жалғандығы, машиналардың завод маркировкасы өзгертiлгенi анықталса, агрегат номерлерiнiң ұсынылған құжатқа немесе тiркеу мәлiметтерiне сай келмесе, сондай-ақ сол көлiк құралының (номерлi агрегаттардың) немесе ұсынылған құжаттарды iздеуде екенi мәлiм болса, онда мұндай құжат пен машиналар ұсталып, тиiстi тексерiс жасалады, бұдан соң барлық материалдар құқық қорғау органдарына берiледi.

      50. Әскери бөлiмдерден сатылған машиналарды тiркеу мына негiзде жүргізiледі:
      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң төлем төлегенi туралы төлем-наряды;
      2) машинаның бағыныштылығына байланысты тиiсiнше Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi немесе Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы Республикалық гвардия, Қазақстан Республикасы Президентiнiң күзет қызметi бекiткен машинаның техникалық жай-күйi және беру жөнiндегi актiсi.
      Ескерту.  ҚР ҰҚК, ҚР IIМ, машиналары сатылған жағдайда төлем-наряд атқарушы органның, комиссияның тиiстi ведомствоның мөрiмен куәландырады.

      51. Қазақстан Республикасы аумағында үнемi тұратын шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқтардың машиналарын тiркеу жалпы негiзде жүргiзiледi.

      52. Кейбiр себептермен агрегаттарының (двигатель, кузов, шасси рамма) нөмiрi болмаған машиналарға олардың аталған агрегаттарына пуансонмен биiктiгi 5-7 мм. және енi 3-4 мм. 6-белгiлi индекс соғылғаннан кейiн ғана аталған машиналар тiркеуге жатады.

      53. Алғашқы әрiп аймақтың кодын, қалған цифрлар операцияның реттiк нөмiрiн бiлдiредi. Пуансонмен соғуды инженер - инспектор жүргiзедi.
      Бұл туралы есеп кiтабына және тiркеу құжаттарына белгi соғылады. Әрбiр агрегатқа, соғылған номерлер дербес болады және ол осы аймақта қайталанбауы тиiс.

      54. Жасаушы кәсiпорыннан, машина жөндеу заводтарынан кедендiк бақылау органдары мен сауда ұйымдарының тiркеу орнына өз жүрiсiмен жеткiзiлген, сондай-ақ тұрған жерiнен немесе меншiк иесiнiң өзгеруiне байланысты тiркеушi органның есебiнен шығарылған машиналарына бiр рет қолданылатын "Транзит" нөмiрлiк белгiсi тиiстi жасаушы кәсiпорын, машина жөндеу заводы, кеден органдары сауда ұйымдары немесе аумақтық органдардың тiркеушi пункттерi тарапынан берiледi.

      55. "Транзит" нөмерлiк белгiлерiн бергенде машиналардың иелiк құқығын растайтын құжатқа аталмыш белгiлердiң сериясы, нөмiрi, беру күнi мен жарамдық мерзiмi көрсетiлiп, сол жазуды жазған ұйымның мөрiмен расталады.
      Транзит нөмiрлiк белгiлерiнiң жарамдық мерзiмi берілген күннен бастап 30 күн. Олар тек тiркеу немесе сату пунктiне жетуге ғана жарамды.

      56. Машиналарды тiркегенде "Транзит" белгiсi алынып, тиiстi тәртiппен жойылады.

      57. Жасаушы кәсiпорын немесе аумақтық органның машинаның сауда ұйымдарына өз жүрiсiмен айдап апару үшiн берген "Транзит" нөмiрлiк белгiлерiн сауда ұйымдары сол жердегi аумақтық органның тiркеу пунктiне акт бойынша жою үшiн тапсырады.

      58. Есептен шығарылған машинаның тiркеу құжаты жоғалған жағдайда тiркеу пункттерi көлiктiң бұрынғы тiркелген жерiне сұрау салады, ол алған күннен бастап 5 тәулiктiң iшiнде орындалуға тиiс.

      59. Орнына дубликат берiлген құжат пен машинаның нөмiрлiк белгiсi табылған жағдайда олар жарамсыз деп табылып, сақталады және тиiстi тәртiппен жойылады.

      60. Егер тiркеу пунктiне тапсырылуға тиiстi құжаттар мен белгiлер жоғалған болса, онда ол өтiнiште жоғалу жағдайы көрсетiледi.

      61. Белгiленген тәртiппен iске асырылатын Мемтехинспекцияның тексерiсi аяқталғанға дейiн машиналарды есептен шығару, тiркеу, тiркеуге өзгерiстер енгiзу және басқа да тiркеу әрекеттерi егер осы Ережедегi талаптар орындалмаса тiркеу жүргiзiлмейдi.

4. Машиналардың тiркеуiне өзгерiстер енгiзу
(қайта тiркеу)

      62. Машиналардың тiркеуiне (қайта тiркеуіне) өзгерiстер енгiзу мынадай жағдайда жүргiзiледi:
      1) меншiк құқығы өзгергенде;
      2) жалпы меншiк құқығы пайда болғанда, тоқтатылғанда және машинаның жалпы меншiк иелерi өзгергенде;
      3) машина тiркелген тұлғаның мекен-жайы (заңды тұлғаның мекен-жайы) өзгергенде, машинаны тiркеуге алған тiркеу пунктiнiң қызмет ететiн аумағында болса;
      4) машина тiркелген тұлғаның тегi, аты-жөнi (атауы) өзгергенде;
      5) қайта жабдықтау немесе агрегаттарын алмастыру, арнаулы жабдық орнату және өзге де ұқсас өзгертулер салдарынан машинаның тұрпаты мен моделi өзгергенде.
      63. Жеке және заңды тұлғалар қайта тiркеу iс-әрекеттерiн жүргiзу үшiн тiркеу пунктiне мыналарды ұсынады:
      1) меншiк құқығы өзгергенде осы Ережелердегi 36, 39-тармақтарында көрсетiлген құжаттарды;
      2) Жалпы меншiк құқығы пайда болғанда, тоқтатылғанда, жалпы меншiк иелерi өзгергенде және машина тiркелген тұлғаның мекен-жайы немесе заңды тұлғаның мекен-жайы өзгергенде осы Ережелердегi 36, 39-тармақтарындағы көрсетiлген құжаттарды;
      3) машина тiркелген тұлғаның тегi, аты-жөнi өзгергенде немесе заңды тұлғаның аты-жөнi өзгергенде осы Ережелердегi 36, 39-тармақтарда көрсетiлген және қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы өзгерiстердi растайтын құжаттарды;
      4) қайта жабдықтау немесе агрегаттарын алмастыру, арнаулы жабдық орнату және өзге де ұқсас өзгертулер салдарынан машинаның тұрпаты өзгергенде осы Ережелердегi 36, 39-тармақтың көрсетiлген құжаттарды және қайта жабдықтаудан кейiн тiркеу пунктiнде жасалған машинаның техникалық жай-күйiн тексеру актiсiн;
      5) машинаның кепiлде тұрмағандығы туралы жылжымайтын мүлiктi тiркеу орталығынан анықтама.

      64. Тораптары мен нөмiрлiк агрегаттарының нөмiрлiк агрегаттарының нөмiрлерi тiркеу құжаттарына сәйкес келмейтiн машинаны тiркеуге өзгерiстер енгiзу Мемтехинспекция органдарында қабылданған шешiмдер немесе соттың шешiмi негiзiнде жүргiзiледi. Мұндай жағдайда тiркеу құжатының "Ерекше белгiлер" графасына аталған шешiм жазылып, оның расталған көшiрмесi iске тiгiледi. Шешiмдi жоғалтқан жағдайда оның көшiрмесi сұратылады.

      65. Тiркеуге өзгерiстер жүргiзу машиналарға, осы Ережелердiң 36, 50, 52-тармақтарында көзделген құжаттар болмаса жүргiзiлмейдi.

      66. Тәркiленген немесе сот шешiмiмен иесiз деп табылған машиналарға тiркеу құжаттарсыз тiркеуiне өзгерiс енгiзу сот шешiмiнiң куәландырылған көшiрмесi негiзiнде жасалады.

      67. Машина иесiнiң тiркеу куәлiгiнiң техникалық паспорттың "Ерекше белгiлерi" графасында өзгерiс енгiзуге ұсынылған құжаттар, сондай-ақ бұрынғы тiркеу құжатының сериясы мен нөмiрi көрсетiледi.

      68. Мұрагерлiкке немесе сыйлыққа алынған машина мұрагерлiк құқында бiрнеше адам көрсетiлген болса, онда барлығының бiр адамға меншiк құқығын беру туралы жазбаша келiсiмi арқылы қайта тiркеледi.

      69. Машиналарды тiркегенде керек мәлiметтер машиналарды тiркеу кiтабына жазылады (5 қосымша).

5. Машиналарды тiркеуден шығару

      70. Машиналарды тiркеуден шығару мына жағдайларда жүргiзiледi:
      1) машина тiркелген тұлғаның мекен-жайы (заңды тұлғаның мекен-жайы) өзгергенде, егер жаңа мекен-жай машинаны тiркеген тiркеу пунктiнiң қызмет ететiн аумағынан тысқары болғанда;
      2) машинаға меншiк иесi құқығының жойылғанында;
      3) машинаны ұқсатқанда (жарамсыз деп тапқанда, есептен шығарғанда);
      4) машинаны Қазақстан Республикасы аумағынан тысқары шығарғанда;
      5) тiркеу орнын ауыстыруға басқа негiздер пайда болғанда.

      71. Жеке және заңды тұлғалар машиналарды тiркеуден шығару үшiн (ұқсату, жарамсыз деп табу, есептен шығару жағдайларынан өзге жағдайларда) тiркеу пунктiне осы Ережелердегi 36-тармақтың 1), 2), 4), 5) тармақшаларында, көрсетiлген құжаттарды және (жылжымайтын мүлiктi тiркеу орталығынан) машинаның кепілдiкте тұрмағаны туралы анықтама ұсынады.

      72. Ұқсатуға (жарамсыз деп табуға, есептен шығаруға) жататын машиналарды тiркеуден шығару үшiн жеке тұлғалар - осы Ережелердегi 36-тармақтың 1), 2) тармақшаларында, көрсетiлген құжаттарды және техникалық паспорты, заңды тұлғалар - осы Ережелердегi 36-тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды және техникалық паспорты, есептен шығару (тарату) туралы бұйрықты және актiсiн, ал мемлекеттiк мекемелер үшiн жоғарғы органның бұйрығы. Тiркеу құжаттары (заңды тұлғалардың) мен нөмiрлiк белгiлер тiркеу пунктiне тапсырылады. Ұқсатылатын машиналардың тiркеу құжаттары мен нөмiрлiк белгiлер болмаса өтiнiштерде олардың жоғалу себебi көрсетiледi.

      73. Машиналар қылмыс жасаған немесе басқадай заң бұзғаны үшiн санкция ретiнде берiлген құзырлы мемлекеттiк органдар (заңда белгiленген) мен соттардың шешiмi негiзінде есептен шығарылуы мүмкін. Аталған органдардың шешiмiмен машиналарды есептен шығаруға уақытша шектеу қойылуы мүмкiн.

      74. Мемлекет меншiгiне сот немесе басқа органдардың шешiмiмен берiлген машиналарды есептен шығару кезiндегi сот атқарушылары немесе басқа органдардың лауазым иелерiне осы Ережелердегi көрсетiлген машина иелерiне қойылатын талаптар жүктеледi.

      75. Сот, тергеу, кеден органдарының меншiк құқын өзгертуге тыйым салғанда немесе шектеу қою болғанда, ондай машиналар тиiстi шектеулердiң немесе соттың (заңда белгiленген басқадай мемлекеттiк органдардың) машиналар иелiктен алу және басқа кiсiлердiң немесе мемлекеттiң меншiгiне ауыстыру жөнiнде шешiмдерді куәландыратын құжаттар ұсынылғанда, заңда басқа тәртiп көрсетiлмесе, есептен шығарылады.

      76. Машиналарды есептен шығарғанда тiркеу құжаттарында тiркеуден шығарудың себептерi жазылады тiркеу пунктiнiң мөрiмен бекiтiледi.
      77. Машинаның нөмiрлiк агрегаттары нөмiрлерiнiң тiркеу құжатына сәйкес келмеген жағдайда, тiркеу пунктi қабылданған шешiмдерi (қорытынды) негiзiнде тiркеуден шығарылады.

      78. Егер машина ортақ меншiкте болса, есептен шығару барлық иелерiнiң келiсiмiмен немесе нотариальдық куәландырылған сенiмхат арқылы жүргізіледі.

      79. Заңды және жеке тұлғалардың машиналарды кепiлдiкке бергенi жөнiндегi келiсiм шарттың көшiрмесi болғанда оны есептен шығаруға кепiлдiк мiндетiн орындағанша шектеу қойылады. Мұндай кезде тiркеу құжатына тиiстi белгi жасалады.

      80. Аумақтық органдарда тұратын машиналар облыстан, Астана мен Алматы қалаларынан тысқары 2 айдан астам уақытқа кетсе, машина иесiнiң өтiнiшi бойынша олардың келген жерiнде, сондағы заңды және жеке тұлғалардың мекен-жайына олардың жазбаша келiсiмiмен уақытша тiркеледi. Тiркеу кiтабына машинаның уақытша есепке алынғандығы жөнiнде оның аяқталатын мерзiмi көрсетiлiп белгi қойылады.

      81. Республикаға 2-айдан артық мерзiмге қайтадан әкету мiндеттемесiмен уақытша әкелiнген машинаны есептен шығарғанда тiркеу куәлiгiне бұл туралы белгi соғылып "Әкетуге жатады" деген жазу жазылады. Берiлген нөмiрлiк белгiлер тiркеу пунктiне тапсырылады.

      82. Машиналарды тiркеу кiтабында нақты негiздеме көрсетiлiп (машина иесiнiң мекен-жайының өзгеруi, тiркеу орнында өзгертудiң басқа негiздерi, басқа ортақ меншiктес адамдарға тiркеу, машинаны Қазақстан Республикасынан тысқары шығарылуы, жарамсыз болуы, сатып алу-сату, айырбастау, сыйлау және т.б. келiсiм шарттар бойынша машиналарды иелiктен айыру, көлiктiң сот шешiмi арқылы мемлекеттiң немесе басқа адамның мүлкiне өтуi) машинаны есептен шығару белгiсi қойылады.

      83. Мыналардың:
      басқа аймақтарға iссапарға жiберiлген заңды тұлғалардың немесе жалға берiлгендердiң;
      аумақтық органдардың тiркеу пункттерi қызмет ететiн территориядан тысқары әкетiлетiн, бiрақ иесiнiң тұрған жерi өзгермесе, сондай-ақ басқаларға сенiмхат арқылы пайдалануға берген жеке тұлғалардың машиналары есептен шығарылмайды.

6. Машиналардың нөмiрлiк белгiлерi мен тiркеу
 құжаттарын дайындау, сақтау тәртiбi

      84. Тiркеу құжаттары ретiнде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi бекiткен арнайы өнiмдер қолданылады.

      85. Келiп түскен арнайы өнiмдердiң (нөмiрлiк белгiлердiң, техникалық паспорттардың) санын есепке алу Нөмiрлiк белгілер мен техникалық паспорттардың түсуiн және берiлуiн есепке алу журналында (6-қосымша) жүргiзiледi.

      86. Нөмiрлiк белгiлердiң және тiркеу құжаттарының жұмсалуы машиналарды тiркеу кiтабында жүргiзiледi, оларда берiлген тiркеу құжаттарының сериялары мен нөмiрлерi және нөмiрлiк белгiлерi қатаң нөмiрлердiң ретiмен жазылады.

      87. Толтыру кезiнде бүлiнген техникалық паспорттар, тiркеу бланкiлерi, қолдануға жарамсыз болған мемлекеттiк тiркеу нөмiрлiк белгiлер кезектi тексерiс кезiнде оларды қайта пайдалануға болмайтындай етіп жойылады және ол туралы тиiстi акт жасалады.

      88. Тiркеуге, тiркеуге өзгерiс енгiзуге, есептен шығаруға, нөмiрлiк белгiлер беруге негiз болған құжаттар машиналардың тiркеу кiтабындағы жазбаларға сәйкес кезегiмен жеке iске тiгiлiп, 5 жыл бойы сақталады.

      89. Арнайы өнiмдерге тапсырыс беруге байланысты мәселелердi реттеудi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлiгінiң аумақтық органдары жүргізедi.

      90. Нөмiрлiк белгiлер, тiркеу құжаттарының бланкiлерi есепке алу құжаты ретiнде қатаң сақталады.

Қазақстан Республикасы       
Премьер-Министрiнiң орынбасары - 
Қазақстан Республикасы       
 Ауыл шаруашылығы министрiнiң   
2003 жылғы 8 қыркүйектегi     
N 467 бұйрығымен бекiтiлген    
Тракторларды және олардың базасында
жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер
мен механизмдердi, монтаждалған  
арнайы жабдығы бар механизмдердi  
қоса алғанда, олардың тiркемелерiн,
өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық,
мелиоративтiк және жол-құрылыс  
машиналары мен механизмдерiн   
мемлекеттiк тiркеу ережесiне   
1-қосымша             

ТЕХНИКАЛЫҚ ПАСПОРТ

I. Жалпы мәліметтер

1. Машинаның маркасы мен моделi
___________________________________________________________________

2. Шығарушы зауыт
___________________________________________________________________

3. Шығарылған айы және жылы
___________________________________________________________________

4. Машинаның зауыттық нөмiрi
___________________________________________________________________

5. Двигательдiң маркасы және нөмiрi
___________________________________________________________________

6. Иесi/иеленушi, иесi емес және мекен-жайы:
           (керек емесi сызылсын)
___________________________________________________________________

7. ________________________________________ нөмiрлiк белгi берiлдi.

8. Ерекше белгiлер
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Техникалық паспорт
_____________________________________________________ ж. берiлдi.

____________________________           _________________________
  (инженер-инспектор)                            (қолы,)

      M О.

      Сериясы
      _______ N ________

II. Машиналарды тіркеуге алу және тіркеуден шығару

1. ________________________________________________________________
___________________________________ салдарынан тiркеуден шығарылды.

      "___" ______________ ж. _____________________________________
                                       (инспектордың қолы)

2. ________________________________________________________________
                    (жаңа иесiнiң мекен-жайы)
___________________________________________________ тiркеуге алынды

      "___" ______________ ж. _____________________________________
                                       (инспектордың қолы)

3. ________________________________________________________________
____________________________________салдарынан тiркеуден шығарылды.

      "___" ______________ ж. _____________________________________
                                       (инспектордың қолы)

4. ________________________________________________________________
                     (жаңа иесiнiң мекен-жайы)
___________________________________________________ тiркеуге алынды

      "___" ______________ ж. _____________________________________
                                       (инспектордың қолы)

5. ________________________________________________________________
___________________________________ салдарынан тiркеуден шығарылды.

      "___" ______________ ж. _____________________________________
                                       (инспектордың қолы)

6. ________________________________________________________________
                 (жаңа иесiнiң мекен-жайы)
___________________________________________________ тiркеуге алынды

      "___" ______________ ж. _____________________________________
                                       (инспектордың қолы)

      Сериясы
      _______ N ________

III. Нөмірлік белгінің өзгеруі
____________________________________________________________________
  Нөмiрлiк белгiнiң    |    Белгiнiң сериясы  | Инспектордың қолы
   берiлген уақыты     |       мен нөмiрi     |      және мөр
____________________________________________________________________

IV. Агрегаттарды жөндеу және
    ауыстыру жөніндегі мәліметтер
____________________________________________________________________
 Жөндеудiң жүргiзiлген |   Жөндеуге жауапты     | Жөндеуге жауапты
          уақыты       |ауыстырылған агрегаттар |   адамның қолы
                       |  және олардың нөмiрi   |
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

      Сериясы
      _______ N ________

V. Техникалық жай-күйін тексеру

____________________________________________________________________
Уақыты | Техникалық жағдайы    | Пайдаланудан бастап | Инспектордың
       |                       |  байқауға дейінгі   |     қолы
       |                       |     жұмыс жасауы    |
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

      Сериясы
      _______ N ________

Қазақстан Республикасы       
Премьер-Министрiнiң орынбасары - 
Қазақстан Республикасы       
Ауыл шаруашылығы министрiнiң   
2003 жылғы 8 қыркүйектегi     
N 467 бұйрығымен бекiтiлген    
Тракторларды және олардың базасында
жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер
мен механизмдердi, монтаждалған  
арнайы жабдығы бар механизмдердi  
қоса алғанда, олардың тiркемелерiн,
өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық,
мелиоративтiк және жол-құрылыс  
машиналары мен механизмдерiн   
мемлекеттiк тiркеу ережелерiне 
2-қосымша            

Машиналарды тіркеу кезіндегі техникалық байқау
АКТIСI

      Мен, ________________________________________________________
                       (тегi, есiмi, әкесiнiң аты)
________________________________________________ инженер инспекторы
және ___________________________________________________ қатысуымен
        (машина меншiк иесiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты)

___________________________________________________________________
        (машинаның атауы, маркасы, моделi, шыққан жылы)
зауыттық N ________  двигатель N __________________________________
техникалық тексеру жүргiздiм.

      Машинаны тексеру, оталдыру және жол қозғалысы сынау кезiнде мыналар анықталды:
___________________________________________________________________
  (көрсетiледi: техникалық талаптарға сәйкес немесе параметрлерi
___________________________________________________________________
      бойынша сәйкес емес - негiзгiлерiн атап көрсету керек)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Қол қоятындар:              _________________________________
                                          (инженер инспектор)
                                  _________________________________
                                  (машинаның меншiк иесi, иеленушi)

      M.О.
     "___"_________ 200__ ж.

      Ескерту: Бұрын пайдаланылған және қолдан iстелген машиналарды, сондай-ақ қайта жабдықталған машиналарды тiркеген кезде ғана жасалады.

Қазақстан Республикасы       
Премьер-Министрiнiң орынбасары - 
Қазақстан Республикасы       
Ауыл шаруашылығы министрiнiң   
2003 жылғы 8 қыркүйектегi     
N 467 бұйрығымен бекiтiлген    
Тракторларды және олардың базасында
жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер
мен механизмдердi, монтаждалған  
арнайы жабдығы бар механизмдердi  
қоса алғанда, олардың тiркемелерiн,
өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық,
мелиоративтiк және жол-құрылыс  
машиналары мен механизмдерiн   
мемлекеттiк тiркеу ережелерiне 
3-қосымша            

(заңды тұлғаларға)

Мөртабан                 __________________________________________
                                    (обл., аудан., қала.)
                         _____________ ҚP АШМ аумақтық басқармасына

ӨТIНIШ

      Төмендегi арызға қоса ұсынылған құжаттар негiзiнде __________
___________________________________________________________________
                       (iстiң мәнiсi баяндалады)
____________________________________ сұраймын.

      1. __________________________________________________________
      2. __________________________________________________________
      3. __________________________________________________________
      4. __________________________________________________________

      Мәлiметтер:
      1. Машинаның түрi _______________   2. Маркасы ______________
      3. Шыққан жылы __________________   4. Шығарушы зауыт _______
      5. Машинаның зауыттық N _________   6. Двигательдiң N _______
      Ресiмдеу жүргiзу __________________________ сенiп тапсырылады
                       (тегi, есiмi, әкесiнiң аты)

      Машина меншiк иесiнiң (иеленушiнiң) қолы  _______________

                      Инженер-инспектордың белгiсi: _______________

      Берiлдi: Нөмiрлiк белгi _____________________________________

               Техникалық паспорт сериясы ___________ N ___________

               "___" _________ 200__ж.    _________________________
                                         (инженер-инспектордың қолы)

Қазақстан Республикасы       
Премьер-Министрiнiң орынбасары - 
Қазақстан Республикасы       
Ауыл шаруашылығы министрiнiң   
2003 жылғы 8 қыркүйектегi     
N 467 бұйрығымен бекiтiлген    
Тракторларды және олардың базасында
жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер
мен механизмдердi, монтаждалған  
арнайы жабдығы бар механизмдердi  
қоса алғанда, олардың тiркемелерiн,
өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық,
мелиоративтiк және жол-құрылыс  
машиналары мен механизмдерiн   
мемлекеттiк тiркеу ережелерiне 
4-қосымша            

(жеке тұлғаларға)

_______________________________________
 (обл., аудан., қала.)         
__________ ҚP АШМ аумақтық басқармасына
азамат ________________________________
(тегi, есiмi, әкесiнiң аты)  
Туған жылы ____________________________
(тұратын мекен-жайы көрсетiледi)
паспорт (куәлiк) ______ N _____________
 _______________________________________
жұмыс орны ____________________________

ӨТIНIШ

___________________________________________________________________
           (өтiнiштiң мәнiсi және негiзi баяндалады
__________________________________________________________ сұраймын.
           және машинаның атауы, маркасы көрсетiледi)
Зауыттық N _______________, двигатель N ___________________________
номiрлiк белгi __________, техникалық паспорттың нөмiрi ___________
Арызға төмендегi құжаттарды қоса ұсынамын:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

                         "___" ___________ 200_ ж. ________________
                                                         (қолы)
                         Инженер-инспектордың белгiлерi:
      Машинаның есептiк мәлiметтерi арызда көрсетiлгендерге сәйкес келедi

                         "___" ___________ 200_ ж. ________________
                                                        (қолы)
      Берiлдi: Нөмiрлiк белгi ________________________________


                              Техникалық паспорттың сериясы __ N____
                              "___" ___________ 200_ ж.
                                         __________________________
                                         (инженер-инспектордың қолы)

Қазақстан Республикасы       
Премьер-Министрiнiң орынбасары - 
Қазақстан Республикасы       
Ауыл шаруашылығы министрiнiң   
2003 жылғы 8 қыркүйектегi     
N 467 бұйрығымен бекiтiлген    
Тракторларды және олардың базасында
жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер
мен механизмдердi, монтаждалған  
арнайы жабдығы бар механизмдердi  
қоса алғанда, олардың тiркемелерiн,
өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық,
мелиоративтiк және жол-құрылыс  
машиналары мен механизмдерiн   
мемлекеттiк тiркеу ережелерiне 
5-қосымша            

Машиналарды тiркеу
КIТАБЫ

___________________________________________________________________
 Рет|  Машиналардың   |  Шыққан    |  Машиналар туралы мәлiметтер
саны|типi мен маркасы |(жасалған)  |_______________________________
    |                 |   жылы     |  Двигатель N   | зауыттық N
___________________________________________________________________
 1  |       2         |     3      |        4       |     5
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Машина иесiнiң атауы немесе тегi, |  Техникалық паспорт берiлдi
есiмi, әкесiнiң аты. Мекен жайы,  |________________________________
жұмыс орны (жеке иеленушi үшiн)   |  Уақыты | Сериясы, | Алушының
                                  |         |  нөмiрi  |   қолы
___________________________________________________________________
             6                    |    7    |     8    |     9
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
 Нөмiрлiк белгi берiлдi |   Машина иесiнiң, иеленушi     | Ескерту
________________________| өзгерiстерi, тiркеуден шығару, |
Уақыты|Сериясы,|Алушының|  нөмiрлiк белгiлердi өткiзу,   |
      | нөмiрi |  қолы  |  техникалық паспортты немесе   |
      |        |        | нөмiрлiк белгi ауыстыру туралы |
      |        |        |           белгiлер             |
___________________________________________________________________
  10  |   11   |   12   |              13                |   14
___________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы       
Премьер-Министрiнiң орынбасары - 
Қазақстан Республикасы       
Ауыл шаруашылығы министрiнiң   
2003 жылғы 8 қыркүйектегi     
N 467 бұйрығымен бекiтiлген    
Тракторларды және олардың базасында
жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер
мен механизмдердi, монтаждалған  
арнайы жабдығы бар механизмдердi  
қоса алғанда, олардың тiркемелерiн,
өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық,
мелиоративтiк және жол-құрылыс  
машиналары мен механизмдерiн   
мемлекеттiк тiркеу ережелерiне 
6-қосымша            

Нөмiрлiк белгiлер мен техникалық паспорттар түсуiн және берiлуiн есепке алу
ЖУРНАЛЫ

___________________________________________________________________
                          Келiп түсуi
___________________________________________________________________
        | Қайдан келiп түстi.   |           |
 Уақыты |  Тiркеме қағаздың     |           |  Сериясы мен нөмiрi
        |   немесе жолдама      |    Саны   |
        |    хаттың нөмiрi      |           |
___________________________________________________________________
    1   |          2            |      3    |          4
___________________________________________________________________

___________________________________________________________________
                     Берiлуi                              |
__________________________________________________________|
        |       | Кiмге берiлдi |     |         |         | Ескерту
        |       | (инспекцияның |Саны | Сериясы |Алғандағы|
Берiлген| Беру  | атауы, алушы  |     |   мен   |  қолы   |
  күні  |негізі | адамның аты,  |     |нөмірлері|         |
        |       | әкесiнiң аты, |     |         |         |
        |       |  фамилиясы)   |     |         |         |
___________________________________________________________________
   5    |   6   |      7        |  8  |    9    |    10   |   11
___________________________________________________________________