Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 25 қыркүйектегi N 1235
қаулысымен
бекiтiлген Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдардың аттестациядан өту ережесiнiң 2-тармағына сәйкес, Бұйырамын:
1. "Әдiлет аттестациялық комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2001 жылғы 8 қазандағы N 113
бұйрығына
( N 1652 нөмiрiмен тiркелген, 2001 жылы N 40-41 "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және мемлекеттік органдарының құқықтық-нормативтiк актiлер бюллетенiнде" жарияланған, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 28.03.2002 ж.
N 42
, 15.08.2002 ж.
N 114
бұйрықтарымен өзгерiстер енгiзiлген) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Әдiлет аттестациялық комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес, жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Әдiлет аттестациялық комиссиясы жұмысының регламентiне:
5-тармақта "5" деген саны "7" деген санмен ауыстырылсын;
19-тармақта "3" деген саны "5" деген санмен ауыстырылсын.
2. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күннен бастан күшiне енеді.
Министр
Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрiнiң
2003 жылғы 1 қарашадағы
N 234 бұйрығына қосымша
"Әдiлет аттестациялық
комиссиясы туралы"
Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрiнiң
2001 жылғы 8 қазандағы
N 113 бұйрығымен
бекiтiлген
Әдiлет аттестациялық комиссиясының құрамы
Меркель Әдiлет Бiрiншi вице-Министрi,
Иоган Давидович комиссия төрағасы
Қуанышбаева Қазақстан Республикасы
Роза Сақтағанқызы Адвокаттap Одағының президентi
(келiсiм бойынша)
Каршегенов Алматы қалалық адвокаттар
Кенжеғали Қадырұлы алқасының төрағасы
(келісім бойынша)
Жанабилова Республикалық нотариаттық
Әсел Болатқазықызы палатаның төрайымы
(келiсім бойынша)
Тоқтарова Қарағанды облыстық
Жанар Төкенқызы нотариаттық палатаның төрайымы
(келiсім бойынша)
Нұрмағамбетов Қазақстан заңгерлер
Аманжол Мағзұмұлы Ассоциациясының өкiлi
(келiсiм бойынша)
Дүсіпов Кадр жұмысы, iшкi қауiпсiздiк
Қайрат Көкенұлы және әдiлет аттестациялық
комиссиясы басқармасының
бастығы