Сақтандыру ұйымдарының - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қатысушыларының міндетті жарналар мен шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, міндетті және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін жүргізу туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 346 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 29 қазанда тіркелді. Тіркеу N 2547

Жаңартылған

      "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңын  іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Сақтандыру ұйымдарының - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қатысушыларының міндетті жарналар мен шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі, міндетті және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін жүргізу туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күннен кейін күшіне енеді.
      3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының   
Ұлттық Банкі Басқармасының  
"Сақтандыру ұйымдарының -   
Сақтандыру төлемдеріне    
кепілдік беру қоры      
қатысушыларының міндетті   
жарналар мен шартты     
міндеттемелердің ставкасын  
есептеу әдістемесі, міндетті 
және төтенше жарналар төлеу 
тәртібімен мерзімдері, шартты
міндеттемелерді қалыптастыру
және есебін жүргізу туралы  
ережені бекіту туралы"     
2003 жылғы 24 қыркүйектегі  
N 346 қаулысымен бекітілген  

Сақтандыру ұйымдарының - Сақтандыру төлемдеріне
кепілдік беру қоры қатысушыларының міндетті жарналар
мен шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі,
міндетті және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен
мерзімдері, шартты міндеттемелерді қалыптастыру және
есебін жүргізу туралы ереже

      Осы Ереже "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына  сәйкес жасалды және Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорымен қатысу шартын жасаған сақтандыру ұйымдарының (бұдан әрі - сақтандыру ұйымдары - қатысушылар) міндетті жарналардың, шартты міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесін, міндетті және төтенше жарналар төлеу тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есебін жүргізу тәртібін айқындайды.

1-тарау. Міндетті жарналар мен шартты
міндеттемелердің ставкасын есептеу әдістемесі,
оларды төлеу тәртібі мен мерзімдері

      1. Міндетті жарналар ставкасын Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры (бұдан әрі - Қор) жыл сайын барлық сақтандыру ұйымдары - қатысушылар үшін міндетті сақтандырудың түрлері бойынша өткен қаржы жылындағы орташа айлық сақтандыру төлемдерінің ең жоғарғы мөлшері негізінде айқындайды.

      2. Ағымдағы қаржы жылының міндетті жарна ставкасы Қорға міндетті қатысу көзделген Қазақстан Республикасының заң актілерінде міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша (бұдан әрі - міндетті сақтандырудың түрлері) мынадай формулада айқындалады.  
      Ставка (процентпен) = ((СТЖМ/12)*5/ССЕЖМ)*100,
      мұнда:
      СТЖМ - барлық сақтандыру ұйымдарының - қатысушылардың ішіндегі міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша өткен қаржы жылына бір сақтандыру ұйымы - қатысушы есептеген сақтандыру төлемдерінің ең жоғарғы жиынтық мөлшері;
      ССЕЖМ - міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша өткен қаржы жылы үшін барлық сақтандыру ұйымдары - қатысушылар есептеген сақтандыру сыйлық ақыларының жиынтық мөлшері.

      3. Осы Ереженің 2-тармағына сәйкес айқындалатын міндетті жарна ставкасын Қор есептейді және міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша өткен қаржы жылына есептелген сақтандыру сыйлықақылырының жалпы сомасының 0,5 процентінен төмен және 2 процентінен жоғары болмайды.

      4. Сақтандыру ұйымдары - қатысушылар қаржы жылы аяқталғаннан кейін 30 күнтізбелік күн ішінде Қорға жасалған сақтандыру шарттарының саны, міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша өткен қаржы жылы үшін сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерінің есептелген жалпы сомасы туралы ақпаратты береді.
      Ескерту: 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 75 қаулысымен .

      5. Осы Ереженің 4-тармағында көзделген ақпаратты алғаннан кейін Қор 30 күнтізбелік күн ішінде міндетті жарна ставкасын есептеп, бекітеді және оны сақтандыру ұйымдары - қатысушылардың назарына жібереді.
      Сақтандыру ұйымдарының - қатысушылардың жасалған сақтандыру шарттарының саны, сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерінің есептелген жалпы сомасы туралы жалған (толық емес) ақпарат беру фактілері анықталған жағдайда, Қор міндетті жарна ставкасына түзету жасайды. Мұндайда, міндетті жарна ставкасы азайған жағдайда, Қор сақтандыру ұйымдары - қатысушылар артық төлеген сомаларды ағымдағы қаржы жылы үшін олардың болашақ жарналарды төлеу есебіне есептейді. Міндетті жарна ставкасы ұлғайған жағдайда, сақтандыру ұйымдары - қатысушылар Қорға осы Ереженің 7-тармағында көзделген мерзімде толық есептелген сомаларды төлейді.
      Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 75 қаулысымен .

      6. Міндетті жарна сомасын есептеуді сақтандыру ұйымы - қатысушы міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша есепті тоқсан ішінде есептелген сақтандыру сыйлықақыларының (Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қайта сақтандыру шарттары бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақыларын шегере отырып) сомасына міндетті жарна ставкасын көбейту арқылы есептік тоқсаннан кейінгі айдың бірі күнгі жағдай бойынша тоқсан сайын дербес жүргізеді.
      Ескерту: 6-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 75 қаулысымен .

      7. Міндетті жарналар төлеуді сақтандыру ұйымдары - қатысушылар әрбір тоқсанның нәтижесі бойынша Қордың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шотына есептік тоқсаннан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей дербес жүргізеді.

2-тарау. Шартты міндеттемелердің ставкасын
есептеу әдістемесі, оларды қалыптастыру және
есебін жүргізу тәртібі

      8. Сақтандыру ұйымдары - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының қатысушылары өздерінің Қор алдындағы шартты міндеттемелерін қалыптастырады және есебін жүргізеді.

      9. Шартты міндеттемелер ставкасын Қор жыл сайын өткен қаржы жылына барлық сақтандыру ұйымдары - Қордың қатысушылары жөніндегі міндетті сақтандырудың түрлері бойынша айлық сақтандыру сыйлықақыларының ең жоғарғы мөлшері негізінде белгілейді.

      10. Ағымдағы қаржы жылына шартты міндеттемелердің ставкасы міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша мынадай формулада айқындалады:
      Ставка (процентпен) = ((САЖМ/12)*6/ССЕЖМ)*100,
      мұнда:
      САЖМ - барлық сақтандыру ұйымдарының - қатысушылардың ішіндегі міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша өткен қаржы жылы үшін бір сақтандыру ұйымы - қатысушы есептеген сақтандыру сыйлықақыларының ең жоғарғы жиынтық мөлшері;
      ССЕЖМ - міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша өткен қаржы жылы үшін барлық сақтандыру ұйымдары - қатысушылар есептеген сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық мөлшері.

      11. Осы Ереженің 10-тармағына сәйкес айқындалатын шартты міндеттемелер ставкасын Қор есептейді және міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша өткен қаржы жылы үшін есептелген сақтандыру сыйлықақыларының жалпы сомасының 1 процентінен төмен және 4 процентінен жоғары болмайды.

      12. Қор осы Ереженің 4-тармағында көзделген ақпаратты барлық сақтандыру ұйымдарынан - қатысушылардан алған сәттен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде шартты міндеттемелер ставкасын есептеп, бекітеді және оны сақтандыру ұйымдары - қатысушылардың назарына жібереді.
      Сақтандыру ұйымдарының - қатысушылардың жасалған сақтандыру шарттарының саны, сақтандыру сыйлықақылары мен сақтандыру төлемдерінің есептелген жалпы сомасы туралы жалған (толық емес) ақпарат берген фактілер анықталған жағдайда, Қор шартты міндеттемелер ставкасына түзету жасайды.
      Ескерту: 12-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 75 қаулысымен .

      13. Шартты міндеттемелердің мөлшерін сақтандыру ұйымы - қатысушы есепті тоқсан ішінде есептелген сақтандыру сыйлық ақыларының (Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қайта сақтандыру шарттары бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақыларын шегере отырып) сомасына шартты міндеттемелер ставкасын көбейту арқылы есеп берілетін тоқсаннан кейінгі айдың біріндегі жағдай бойынша тоқсан сайын дербес есептейді.
      Ескерту: 13-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 75 қаулысымен .

      14. Шартты міндеттемелердің есептелген сомасы сақтандыру ұйымының - қатысушының қаржылық есебінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңдарының талаптарына сәйкес ескеріледі және тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың бірінші күнінің жағдайы бойынша көрсетіледі.
      Ескерту: 14-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 75 қаулысымен .

      15. Сақтандыру ұйымының - қатысушының қалыптасқан шартты міндеттемелерінің сомасы өткен қаржы жылындағы міндетті сақтандырудың әрбір түрі бойынша осы ұйымның есептеген сақтандыру сыйлық ақыларының (Қазақстан Республикасының резиденттері - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қайта сақтандыру шарттары бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақыларын шегере отырып) сомасынан асқан жағдайда есептелмейді.
      Ескерту: 15-тармаққа толықтыру енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 75 қаулысымен .

      16. <*>
      Ескерту: 16-тармақ алынып тасталды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 75 қаулысымен .

3-тарау. Төтенше жарналар
төлеудің тәртібі мен мерзімдері

      17. Сақтандыру ұйымы - қатысушы төтенше жарналарды Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жағдайларда және мөлшерде төлеуге міндетті.

      18. Сақтандыру ұйымдары - қатысушылар Қордан төтенше жарналар төлеу туралы хабарлама алған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде Қорға төтенше жарналар төлейді. Төтенше жарналар төлеу туралы хабарламада сақтандыру ұйымы - қатысушы төлеуге тиіс төтенше жарна мөлшері жазылады.

      19. Қор төтенше жарналарды кезеңдік төлемдер түрінде төлеу мүмкіндігін белгілеуі мүмкін. Мұндай жағдайда сақтандырушы ұйым - қатысушы төтенше жарналарды Қор белгілеген мерзімде төлейді.

      20. Сақтандыру ұйымы - қатысушы Қорға төтенше жарналар төлеген жағдайда, осы сақтандыру ұйымының - қатысушының шартты міндеттемелері өзі төлеген төтенше жарналар сомасына азайтылады.

      21. Қатысу шарты тараптарының келісімі бойынша сақтандыру ұйымының - қатысушының шартты міндеттемелері еріксіз таратылатын сақтандыру ұйымының - қатысушының сақтанушымен міндетті сақтандыру шарты жасалған жағдайда, еріксіз таратылатын сақтандыру ұйымы - қатысушымен жасалған міндетті сақтандыру шартының өткен қолданылу кезеңі үшін сақтандыру сыйлықақыларының сомасына азайтылады. Мұндай жағдайда, Қор сақтандыру ұйымдарына - қатысушыларға қабылданған сақтандыру шарттары үшін өтемақы төлемейді.

4-тарау. Қорытынды ереже

      22. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешіледі.