Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтің кадрлар басқармасының ақпараттық жүйесі туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 8 шілдедегі N 02-01-02/88 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 24 қазанда тіркелді. Тіркеу N 2541

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 735 Жарлығымен  бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының ХІІ бөлімі 4 тармағы 4.3 тармақшасының және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2002 жылғы 24 сәуірдегі N 470 қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі шараларының 2.1.9 тармақтың жоспарын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда кадрларды басқарудағы ақпараттық жүйесі енгізілсін.
      2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтің кадрлар басқармасының ақпараттық жүйесі туралы ережесі бекітілсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап өз күшіне енеді.

      Төраға

Келісілген         
Қазақстан Республикасының 
Ақпарат және байланыс  
жөніндегі агенттігі   
төрағасының орынбасары  
"___"______ 2003 ж.   

Келісілген        
Қазақстан Республикасының
Экономика және бюджеттік 
жоспарлау Вице-министрі 
"___"______ 2003 ж.   

 Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттік қызмет істері 
жөніндегі агенттігі   
Төрағасының       
2003 жылғы 8 шілдедегі  
N 02-01-02/88 бұйрығымен 
бекітілген        

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінің
кадрларын басқарудағы ақпараттық жүйесі туралы
ЕРЕЖЕ

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінің кадрларын басқарудағы ақпараттық жүйесі туралы (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінің кадрлар қызметшілері туралы толық ақпараттың дұрыстығын, шапшаңдығын және толықтығын қамтамасыз етуге бағытталған, мемлекеттік органдардың ақпараттық қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында құрылған автоматтандырылған ақпараттық жүйенің жүзеге асу механизмін айқындайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережедегі қолданылатын негізгі терминдер:
      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінің кадрларын басқарудағы ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - КБАЖ) - мемлекеттік әкімшілік кадрлар күйінің мониторингін жүргізу үшін ақпараттық үрдісті жүзеге асырушы автоматтандырылған жүйе және Қазақстан Республикасының барлық аумағында жұмыс істейді;
      2) КБАЖ ақпараттық ресурстары - мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне толтырылған мемлекеттік ақпараттардан тұратын толтырылған нышанды жиынтық деректері, сонымен қатар КБАЖ бағдарламалық тәсіл көмегімен осы деректердің табылып сұрыпталуы жүйелендірілген;
      3) КБАЖ-ін қорғау - КБАЖ ақпараттарын рұқсатталмаған қатынаудан қорғау күйі, сонымен қатар жұмысының немесе техникалық және бағдарламалық өңдеу тәсілінің істен шығуынан, КБАЖ-дағы жиынтықталған шаралар мен ақпараттық тәсілдердің қорғалуын сақтау мен жіберуін қамтамасыздандырған;
      4) КБАЖ жүйелік әкімшісі - КБАЖ-нің жалпы жұмысын бақылайтын және ақпараттық үрдісін жүзеге асыратын маман;
      5) аумақтағы КБАЖ-нің операторы - КБАЖ жұмысын бақылайтын және ақпараттық үрдісін республикалық мағынадағы тиісті облыс пен қалада жүзеге асырушы маман;
      6) КБАЖ-ін автоматтандыратын құралдарының кешендері - жинауға, өңдеуге, сақтауға, іздеуге және ақпаратты жіберуге арналған техникалық және бағдарламалық тәсілдердің өзара байланысты жиынтығы.

      2. КБАЖ мемлекеттік әкімшілік қызметшілері бойынша ақпараттық деректер базасын, мемлекеттік қызметтің кадрлар резерві бойынша жалпы республикалық құрастыруды, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіппен басқа да міндеттерді шешіп құруға қолданылады.

2. КБАЖ-ні қолданудағы, пайдаланудағы және
дамуындағы негізгі принциптер

      3. КБАЖ-ні қолданудағы, пайдаланудағы және дамуындағы келесі негізгі принциптердің негізінде жүзеге асырылады:
      1) КБАЖ ақпараттарының үйлесімдігімен белгіленген адамдар үшін ақпараттар ресурстарына қатынауға Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      2) КБАЖ-нен алынатын ақпараттардың дұрыстығын қамтамасыз ету;
      3) лицензиялы базалық бағдарламаны және жабдықтарды қолдануды қамтамасыз ету;
      4) КБАЖ-ін сертификаттау және тіркеу;
      5) техникалық құжаттамасына сәйкес қолдану.

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің КБАЖ-ін қолданудағы,
пайдаланудағы және даму саласындағы өкілеті

      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - уәкілетті орган) КБАЖ-нің мемлекеттік тапсырыс берушісі болып табылады және КБАЖ-нің қолдануындағы, пайдалануындағы және дамуындағы талаптарды анықтайды.

      5. Уәкілетті орган:
      1) КБАЖ-ін және КБАЖ ақпараттар ресурстарының пайдалану тәртібін орнатады;
      2) бағдарламалық құралдардың қолдануын түсіндіреді және КБАЖ ақпараттық деректер базасын толықтыру нұсқаулықтарын әзірлейді және бекітеді (бұдан әрі - Нұсқаулық);
      3) өз құзыретінің аясында КБАЖ-нің ақпараттар қауіпсіздігі қамтамасыздығының тәртібін орнатады, КБАЖ деректер базасындағы ақпараттар қауіпсіздігінің талаптарының сақталуындағы бақылауды жүзеге асырады және ұйымдастырады;
      4) КБАЖ-нің дамуының негізгі бағыттарын анықтайды;
      5) мемлекеттік ақпараттық КБАЖ-нің ресурстарының қалыптасуының, қолданылуының, қатынаудың тәртібін анықтайды.

      6. Уәкілетті орган өзінің КБАЖ-де қолдану, пайдалану және даму саласындағы өкілетінің бөлігін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Ақпарат және сынақ орталығына бере алады.

      7. Уәкілетті орган өз құзыретінің аясында КБАЖ-ін қолдану, пайдалану және дамуы бойынша сұрақтарына нормативті құқылы актілер шығарады.

4. КБАЖ-дегі қолдану, пайдалану және даму саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының өкілеті

      8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
      1) КБАЖ ақпараттық деректер базасын Нұсқаулыққа сәйкес өз органына тиісті уәкілетті органмен бекітілген бөлігін толықтырады;
      2) Нұсқаулыққа сәйкес мемлекеттік органның КБАЖ ақпараттарының деректер базасында өңдеу, жинақтау, сақтау, іздеу және жіберу процесстерін жүзеге асырады.

5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Ақпарат және сынақ орталығының өкілеті

      9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Ақпарат және сынақ орталығы (бұдан әрі - Ақпарат және сынақ орталығы) КБАЖ-нің қолдануын, пайдалануын және дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме болып табылады.

      10. Ақпарат және сынақ орталығы:
      1) КБАЖ-нің ұйымдық, техникалық, ақпараттық, әдістемелік және басқа да қамтамасыздығын жүзеге асырады;
      2) КБАЖ-нің аумақтардағы операторлары жұмысының ұйымдастыру-әдістемелік жетекшілігін жүзеге асырады;
      3) КБАЖ-нің мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара әрекеттестігін қамтамасыз етеді;
      4) уәкілетті органға берілген өкілетті міндеттерге сәйкес иелікке, пайдалануға және басшылық етуге және КБАЖ ақпараттық құралдарымен өз жұмысының мақсатына сәйкес және мүлік мақсаттығымен жүзеге асырады;
      5) мемлекеттік органдарда және уәкілетті органның аумақтық басқармаларынада облыстар бойынша және Алматы, Астана қалаларындағы ақпараттық үрдістердің автоматтандырылуының қамтамасыздығын сүйемелдейді;
      6) жүйелік әкімшілердің, аумақтардағы КБАЖ-нің операторларының және мемлекеттік органдардағы кадрлық қызметшілерінің КБАЖ-нің кешенді құралдарын пайдалану құқымен КБАЖ-ні пайдаланатын даярлау және қайта даярлау тәртібін анықтайды;
      7) өз құзыретінің аясында КБАЖ-індегі ақпараттар қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
      8) өз өкілетінің аясында ұйымдастырушылық, нормативті-техникалық және әдістемелі мазмұндағы құжаттарды шығарады, КБАЖ қолдану, пайдаланудағы және дамуының келісімдер мен шарттарын жасайды.

6. КБАЖ-нің қолданылуымен дайындалған құжаттарға
 заң күшін беру шарты және КБАЖ-нің автоматтандырылған тәсілдер кешенінің құқықты тәртібі

      11. КБАЖ-нің қолданылуымен қағаз тасымалдағышта дайындалған құжат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымды адамдармен қол қойылған күннен бастап заң күшіне енеді.

      12. КБАЖ-нің қолданылуымен дайындалған электрондық құжат Қазақстан Республикасының "Электрондық құжат және электронды санды қолтаңба туралы" Заңына  сәйкес заң күшіне енеді.

      13. КБАЖ-не енгізілуге тиісті құжаттар тізімі, КБАЖ-нен өңдеу және мәліметтерді шығару, рәсімдеу, ұсыну, беру және алу, мемлекеттік органдардың қызметінде қолданылу тәртібі уәкілетті органның нормативті актілерімен орнатылады.

      14. КБАЖ автоматтандырылуының кешенді тәсілінің құқықты тәртібі:
      1) КБАЖ-нің қолдануға, пайдалануға және дамуға арналған мемлекеттік бюджет есебінен құрылған және сатып алынған автоматтандыру кешенді құралдары (бағдарламалық-техникалық құралдар) мемлекеттің меншігі болып табылады және уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басшылық етеді;
      2) КБАЖ-нің бағдарламалық қамтамасыздандырылуы және пайдалану үшін құжаттарды Ақпарат және сынақ орталығы шарт бойынша өтеусіз негізде мемлекеттік органмен уақытша пайдалануға және КБАЖ-нің міндеттерін шешу үшін қажетті құрамында береді;
      3) КБАЖ-нің бағдарламалық қамтамасыз ету бөлек үзінділерінің өзгеруі (толықтыру, жетілдіру немесе бөлек бөліктердің, элементтердің ауысуы т.б.) уәкілетті органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      15. КБАЖ автоматтандырылған құралы кешендерінің қызмет етілуі және пайдаланылуы:
      1) уәкілетті органның шешімі бойынша мемлекеттік органдар КБАЖ-нің пайдаланылуы Нұсқаулықпен және бағдарламалық қамтамасыздандырумен қамтамасыз етіледі;
      2) КБАЖ-не қажетті техникалық қызмет, еңбекке қабілеттілікті қамтамасыз етуді және техникалық құралдардың жетілдірілуін мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады.

7. КБАЖ-нің ақпараттық ресурстарының құқықты
тәртібі және құрамы

      16. КБАЖ-нің ақпараттар ресурсы:
      1) мемлекеттік әкімшілік қызметшілері, мемлекеттік қызметтің кадрлар резервінде тұрған кандидаттарға, шет елге тағылымдамаға жіберілген тұлғаларға, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасушы конкурсқа қатысушыларға және басқаларға дербес деректер;
      2) мемлекеттік әкімшілік қызметіне орналасушыларға қойылатын біліктілік талаптары туралы;
      3) анықтамалық материалдар;
      4) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасушылардың конкурстары туралы ақпарат;
      5) нормативті-анықтамалық ақпарат;
      6) мемлекеттік қызметті өткеру кезінде қарастырылған басқа да ақпарат.

      17. КБАЖ-нің ақпараттық ресурстары қалыптасқан және қолданылған деңгейіне қарамастан мемлекеттің меншігі болып табылады.

      18. Мазмұнды КБАЖ ақпараттар ресурсы Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен орнатылған жасырын тәртіптегі шарттарда қалыптасады, сақталады және пайдаланылады.

      19. КБАЖ ақпараттар ресурсының құрайтын бөлігінің (бөлшегінің) жоғалуы немесе біртұтастығының бұзылу жағдайында, ақпараттар ресурсының мазмұны бұрмаланған жағдайда тиісті мемлекеттік органдар заңнамамен қарастырылған тәртіпте кінәлі жақтың есебінен ақпараттар ресурсының мазмұны мен жоғалған бөліктерін қайта қалыпқа келтіру шараларын қабылдайды.

8. КБАЖ-нің ақпараттар ресурсына қатынау

      20. КБАЖ-нің дербес деректер сақтайтын ақпараттар ресурсына қатынау құқы уәкілетті органның белгілі қызметкерлеріне ғана және аумақтық бөлімшілеріне, жүйелі әкімшіге, аумақтағы КБАЖ-нің операторларына және мемлекеттік органдардың кадрлар қызметінің қызметкерлеріне берілген, егер осындай ақпарат қызметтік міндеттерін орындауға қажет болса.

      21. КБАЖ-нің ақпараттар ресурсына қатынау құқы бар тұлғалардың тізімі мемлекеттік органның жетекшісімен бекітіледі және уәкілетті органға жұмысқа қатынай алуға ұсынылады.

      22. КБАЖ және оның үзінділері уәкілетті органның нормативті актілеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметті өткеруге байланысты емес міндеттерді шешуге қолданыла алады.

9. КБАЖ-нің дамуы

      23. КБАЖ-нің даму сұрақтары, оның басқа мемлекеттік ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелермен тиімді түйіндесуі Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген мемлекеттік бағдарламалар шегінде, сондай-ақ осы мақсатқа бөлінген уәкілетті органның шараларымен шешіледі.

      24. КБАЖ жүйелерін жетілдіру мақсатында уәкілетті орган оны және оның бірыңғай үзінділерін (бөліктерін, бөлшектер т.б.) жетілдіре алады.

10. КБАЖ-інің қауіпсіздігін қамтамасыз ету

      25. КБАЖ-нің қауіпсіздігі ұйымдық және техникалық қорғау шараларымен және КБАЖ-ін қолданудағы бақылаумен жүзеге асады.

      26. Қорғаныстың негізгі шаралары:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған тәртіптегі КБАЖ сертификациясы;
      2) сертификацияланған және лицензияланған бағдарлама әдісін және құралын, сондай ақ қорғаныс құралын қолданады;
      3) КБАЖ-нің ақпараттар ресурсына санкциясыз қатынауды тыйымдау;
      4) КБАЖ-дегі ақпараттардың негіздігін және бүтіндігін қамтамасыз ету;
      5) ақпараттарды байланыс арнасы бойынша қабылдау кезіндегі қорғанысы;
      6) КБАЖ-нің және оның үзінділерінің өңдеуден өткен материалдарын беру алдында дайындығының екі жақты арнайы тексерісі;
      7) орнатылған тәртіпте бекітілген пайдаланылатын құжаттардың қолданылуы;
      8) автоматтандырылған кешенді құралдардың жұмысқа қабілеттігін және түгелдігінің қамтамасыздығын ұйымдастыру және жүргізу;
      9) КБАЖ-нің пайдалануындағы құқы сертификатпен (куәлікпен) расталынған қызметшілердің дайындығы;
      10) КБАЖ-ін қолданудағы және пайдаланудағы тәртіптің бұзушылығына жауапкершілік орнату.

11. КБАЖ-ін қолданылуын бақылау

      27. КБАЖ-індегі, оның бөлек үзінділері және автоматтандырылған кешенді құралдарының тұтасындағы қолданылуының бақылау уәкілетті органмен және оның аумақтық бөлімшелерімен жүзеге асады.

      28. КБАЖ-індегі қолданылу бақылауын жүзеге асыру кезінде уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері:
      1) КБАЖ-нің басқа да техникалық құралдарын, автоматтандыру кешенінің құралдарының жұмысқа дайындығын тексереді;
      2) уәкілетті органның нормативті-құқықтық және құқықтық актілерінің сақталуын қадағалайды;
      3) КБАЖ-не енгізілген және шығарылған, уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне байланыс арналарымен, сондай ақ басқа да бақылау міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті берілген ақпараттармен, барлық ақпараттармен танысады;
      4) мемлекеттік органдардың нормативті құжаттарының деректерін, республика азаматтарымен ұсынылған дербес құжаттардың, конкурстық және аттестация комиссияларының деректерінің дұрыс енгізілгенін бақылайды;
      5) ақпараттардың қолша және автоматтық өңдеуінің нәтижелерін салыстырады;
      6) өз құзыретінің шегінде КБАЖ-ін пайдаланатын мемлекеттік органның қызметкерлерінің әрекетінің түсініктемесін талап етеді және КБАЖ-мен пайдалануға қарастырылған қолша немесе электронды түрде толтырылған құжаттарды танысуға сұрау салады;
      7) автоматтандырылған жүйелер саласындағы ақпараттарды өңдейтін мамандар мен сарапшыларды өз жұмысына тартады;
      8) КБАЖ-де жүзеге асыру үшін қажетті басқа да бақылау міндеттерін жүзеге асырады.

      29. КБАЖ-ін пайдаланатын мемлекеттік органдардың қызметшілерінің тарапынан қателік және заңсыз әрекет (әрекетсіздік) байқалған жағдайда уәкілетті орган дереу тиісті мемлекеттік органдардың жетекшілеріне хабарлайды және олар өз тарапынан ұсыныстарын енгізеді.

12. Осы Ереженің бұзушылығына жауапкершілік

      30. КБАЖ-ін пайдаланатын уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері, жүйелік әкімші, аумақтағы КБАЖ операторлары, мемлекеттік органдардың кадрлар қызметінің қызметшілері және КБАЖ-індегі ақпараттарды технологиялық өңдеу үрдісіне қатысушы басқа да тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған осы Ереженің және Нұсқаулықтың бұзушылығына жауапкершілік артады.

13. КБАЖ-ін қолданудағы, пайдаланудағы және дамытудағы қаржыландыру

      31. КБАЖ-ін қолданудағы, пайдаланудағы және дамытудағы қаржының бөлінуі Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті туралы заңында қарастырылған.

      32. Бағдарламалық қамтамасыздандырудың әзірленуі, ақпараттың өңделуі және жалпы тұтыну үшін техникалық құралдармен қамтамасыздандыруды сақтау үшін және ақпараттық құралдарды орнату уәкілетті органмен мемлекеттік бюджеттің есебінен қаржыландырылады.

      33. КБАЖ-нің жұмыс істеуі үшін қажетті техникалық құралдарының жетілдірілуі және жұмысқа қабілеттігін қамтамасыз ету, техникалық қызмет көрсету мемлекеттік органмен мемлекеттік бюджеттің есебінен қаржыландырылады.