Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылғы 27 шілдеде N 1589 тіркелген "Республикалық мемлекеттік мекемелердің балансындағы объектілерді мүліктік жалға (жалдауға) беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2001 жылғы 15 мамырдағы N 111 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының 2003 жылғы 1 тамыздағы N 249 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 23 қазанда тіркелді. Тіркеу N 2539

Қолданыстағы

      Республикалық мемлекеттік мекемелер объектілерін мүліктік жалға (жалдауға) беруден республикалық бюджетке қаражаттың уақытылы және толық түсуіне бақылауды күшейту мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Республикалық мемлекеттік мекемелердің балансындағы объектілерді мүліктік жалға (жалдауға) беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2001 жылғы 15 мамырдағы N 111 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      мынадай редакциядағы 1-1 тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Республикалық мемлекеттік мекемелерді олардың ведомстволық бағыныстылығына қарамастан республикалық мемлекеттік мекемелердің балансындағы үй-жайларда орналастыру мүдделі республикалық мемлекеттік мекемелер баланс ұстаушының келісімін жазбаша бергеннен кейін аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің шешімімен жүзеге асырылады деп белгіленсін.
      Аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті шешімінің негізінде мүдделі республикалық мемлекеттік мекеме мен баланс ұстаушы арасында коммуналдық қызметтер үшін төлемдер, ағымдағы және күрделі жөндеулерге арналған аударымдар, ғимаратқа қызмет көрсеткені үшін төлемдер тәртібін көздейтін шарт жасалады.".
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық мемлекеттік мекемелердің балансындағы объектілерді мүліктік жалға (жалдауға) беру ережесінде:
      9-тармақ "аумақтық комитеттері" деген сөздерден кейін "1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
      42-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "қоса беріліп отыр.";
      мынадай мазмұндағы 49-1 тармақпен толықтырылсын:
      "49-1. Жалға берушімен келісім бойынша Жалдаушыға мүлік салығын төлеу жүктелінуі мүмкін.
      Бұл ретте Жалдаушы баланс ұстаушы берген есепке сәйкес мүлікке салық төлейді және баланс ұстаушыға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте салық есептемесі үшін төлем құжатының көшірмесін береді.";
      осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 1 және 2-қосымшалармен толықтырылсын.
      2. Республикалық мемлекеттік заңды тұлғалармен жұмыс істеу жөніндегі басқарма (Ә.Б.Ғалиақберова) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап күшіне енеді.

      Төраға

Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрлігінің    
Мемлекеттік мүлік және   
жекешелендіру комитеті   
төрағасының         
2003 жылғы 1 тамыздағы   
N 249 бұйрығына      
1-қосымша          

Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрлігі Мемлекеттік
мүлік және жекешелендіру 
комитетінің        
2001 жылғы 15 мамырдағы  
N 111 бұйрығымен бекітілген
Республикалық мемлекеттік 
мекемелердің балансындағы 
объектілерді мүліктік жалға
(жалдауға) беру ережесіне 
1-қосымша         

      "Келісілді"                               "Бекітемін"

Қазақстан Республикасының             ____________ аумақтық меммүлік
Қаржы министрлігі Меммүлік            және жекешелендіру комитетінің
және жекешелендіру комитетінің        төрағасы
төрағасы
_________ _____________________       _________ ____________________
(қолы)        (аты-жөні)               (қолы)        (аты-жөні)
200__ жылғы "__" ______________       200__ жылғы "__" _____________

               М.О.                                 М.О.

Жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі мен республикалық мемлекеттік мекемелердің балансындағы мемлекеттік тұрғын үйге жатпайтын қор объектілерін мүліктік жалға (жалдауға) беру кезінде қолданылатын коэффициенттердің мөлшері

      1 шаршы метр үшін жалдау ақысының есеп айырысу мөлшерлемесі жылына ________ теңге
___________________________________________________________________
N                                         |
р/с        Коэффициенттер түрі             |  Коэффициент мөлшері
___________________________________________________________________
1.   Инфляция коэффиценті

2.   қолайлылық дәрежесін ескеретін
     коэффициент (техникалық жай-күйі
     мен инженерлік байланыстардың
     бар болуын ескереді):
     - барлық инженерлік-техникалық
     құрылғылары бар үй-жайлар үшін
     - орталық жылу және ыстық
     сумен қамтамасыз ету болмаған
     жағдайда
     - су құбыры және/немесе
     кәріздендіру және көркейтудің
     басқа да түрлері болмаған жағдайда

3.   Аумақтық орналасуын ескеретін
     коэффициент:
     - қала орталығы
     - қала шеті
     - кент (аудандық орталық) орталығы
     - кент (аудандық орталық) шеті
     - село (ауыл)

4.   Жалдаушының қызмет түрін ескеретін
     коэффициент:
     - банктер, биржалар, ресторандар,
     казино, ойын үйлері мен бильярд
     клубтары үшін
     - қызметтері бағалы қағаздар рыногымен
     байланысты сақтандыру, инвестициялық
     компаниялар мен ұйымдар, айырбас
     орындары, ломбардтар, кафе, барлар,
     клубтар (компьютерліктен басқа),
     жанар май құю станциялары, жинақтаушы
     зейнетақы қорлары үшін
     - ойын автоматтарын орнату мен
     компьютерлік клубтарды құру үшін
     - сауда-сатып алу (делдалдық)
     қызметтерді қоспағанда, өндірістік
     қызметті ұйымдастыру және халыққа
     қызмет көрсету саласын дамыту үшін
     мемлекеттік кәсіпорындар мен шағын
     кәсіпкерлік субъектілері үшін
     - коммуналдық мемлекеттік мекемелер
     үшін
     - қалғандары үшін
___________________________________________________________________

      Ескерту:
      Жабдықтар мен автокөлік құралдарын мүліктік жалға (жалдауға) беру кезінде жалдау ақысының есеп айырысуы мына формула бойынша жүзеге асырылады:

                    Ап = С х Nam/100 x Ки х Кп
      мұнда:
      Ап - жылына жабдықтар мен көлік құралдары үшін жалдау ақысы;
      С - бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтардың қалдық сомасы.
      100 пайыз тозуы есепте отырып жабдықтар мен көлік құралдарын мүліктік жалға (жалдауға) беру кезінде құны бастапқы (қалпына келтіру) құнынан 10 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
      Nam - "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 110-бабына сәйкес амортизацияның шекті нормалары;
      Ки - инфляция коэффициенті, мына формула бойынша анықталады:

                            Ки = Уи/100
      мұнда:
      Уи - Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігі айқындайтын, өткен тоқсанға қатысты инфляция деңгейі;
      Кп - төмендету коэффициенті (жабдықтар мен көлік құралдары алпыс пайыздан аса тозу кезінде қолданылады - 0,8 мөлшерінде, сауда-сатып алу (делдалдық) қызметтерді қоспағанда өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беру кезінде - 0,5 мөлшерінде).
                     ____________________________

Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрлігінің    
Мемлекеттік мүлік және   
жекешелендіру комитеті   
төрағасының         
2003 жылғы 1 тамыздағы   
N 249 бұйрығына      
2-қосымша          

Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрлігі Мемлекеттік
мүлік және жекешелендіру 
комитетінің        
2001 жылғы 15 мамырдағы  
N 111 бұйрығымен бекітілген
Республикалық мемлекеттік 
мекемелердің балансындағы 
объектілерді мүліктік жалға
(жалдауға) беру ережесіне 
2-қосымша         

ҮЛГІЛІК НЫСАН
МҮЛІКТІК ЖАЛ (ЖАЛДАУ) ШАРТЫ
 
      ____________________________________________
(объект атауы)

_________________ қ.      N _____ 200__ жылғы "___" _____________

      Бұдан әрі "Жалға беруші" деп аталатын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 200 __ жылғы "____" ____________ N______ бұйрығымен бекітілген ___________________аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ереженің негізінде әрекет ететін
____________________________________________________________________
                     (аумақтық комитеттің атауы)
аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің атынан
Төраға _________________ бір тараптан және бұдан әрі "Жалдаушы" деп
          (аты-жөні)
аталатын _____________________ атынан ______________________ екінші
          (жалдаушының атауы)               (аты-жөні)
тараптан, бұдан әрі  бірлесіп Тараптар деп аталатындар, мына төмендегі туралы осы шартты жасасты.

1. Шарттың мәні

      1. Бұдан әрі "Объект" деп аталатын, _________________________
                                              (баланс ұстаушы)
балансындағы ______________________________________________________
              (орналасқан жері мен Объектінің қысқаша сипаттамасы)
мекен-жайында орналасқан_________________________________________ :
                                  (объектінің атауы)
      1) ___________ аумақтық комитеттің 200__ жылғы "___" ________
___________________________________ N_______ бұйрығының негізінде;
   (аумақтық комитеттің атауы)
      2) 200 __ жылғы "____" ________________ N ______ хаттамалық шешімге сәйкес тендер нәтижелері бойынша) мүліктік жалға беру Шарттың мәні болып табылады.
      2. __________________________ мақсаттарда пайдалану үшін 200_
      (Объектінің тағайындалымы, не тендер шарты)
жылдың "___" _________ бастап 200_ жылдың "___" _________ аралығында
Объектіні Жалға беруші береді, ал Жалдаушы қабылдап алады.
      Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін осы шарттың қолданылуы тоқтатылады.

2. Жалпы шарттар

      3. Объектіні жалдауға беру-қабылдап алу (беру сәтінде объектінің іс жүзіндегі жай-күйін көрсете отырып) акт бойынша жүзеге асырылады, оған Жалдаушының, баланс ұстаушының өкілдері қол қояды және Жалға беруші бекітеді және осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
      4. Шартқа қол қою арқылы Жалдаушы мен баланс ұстаушы өзгелерден басқа, беру сәтінде берілетін Объектінің кепілдікке қойылмағандығын, сатылмағандығын, тыйым салынбағандығын және шартқа қатысы жоқ тараптардың қандай-да бірімен шарттың қолданылу кезінде талап етілмейтіндігін куәландырады.
      5. Тараптардың заңды мәртебесінің не ұйымдық-құқықтық нысанының өзгеруі шарттың мәнін өзгертпейді және тараптар шартты бұзу ниетін білдірген, оны өзгерту не құқық нормалары қайта оны ресімдеуді талап еткен жағдайларды қоспағанда, барлық құқықтар мен міндеттемелер тиісті құқықтық мирасқорларға беріледі. Бұл ретте тараптар қайта тіркелу фактісінен кейін заңды мәртебесінің өзгергендігі туралы бір-бірін ақпараттандыруға міндетті.
      6. Бір жылдан астам мерзімге жасалған шарт мемлекеттік тіркелуге жатады және мұндай тіркеу сәтінен бастап жасалды деп саналады.
      Шартты мемлекеттік тіркеу Жалдаушы қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

3. Тараптардың құқықтары мен міндеттемелері

      7. Жалға берушінің:
      1) баланс ұстаушымен келісім бойынша Объектіні, онда орналасқан желілер мен коммуникацияларды қайта орналастыруға немесе қайта жабдықтауға Жалдаушыға жазбаша рұқсат беруге;
      2) Шарттың 10-тармақ 1) тармақшасымен белгіленген жалдау ақысын аударудың уақытылылығына бақылауды жүзеге асыруға;
      3) жалдау ақысын уақытылы енгізілмегені үшін өсімпұлды есептеуге;
      4) Тараптардың келісімі бойынша Шартты ұзартуға, өзгерістер мен толықтырулар енгізуге;
      5) Объектінің мақсатты пайдаланылуын тексеруді жүзеге асыруға құқығы бар.
      8. Жалдаушының:
      1) жалдау ақысын аванс арқылы төлеуге;
      2) баланс ұстаушының жазбаша келісімімен Объектіні, онда орналасқан желілер мен коммуникацияларды қайта орналастыруға немесе қайта жабдықтауға рұқсат үшін Жалға берушіге өтініш жасауға;
      3) Жалға берушіге Шартты ұзарту, өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсынысты енгізуге құқығы бар.
      9. Жалға беруші:
      1) Объектіні мүліктік жалға (жалдауға) беру туралы шешім қабылданған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қабылдап алу-беру мен оны бекіту актісі бойынша Жалдаушыға баланс ұстаушының Объектіні беруін қамтамасыз етуге;
      2) Шартпен белгіленген тәртіпте Жалдаушының Объектіні иелену және пайдалануына кедергі келтірмеуге;
      3) Шарт ережелерін немесе жалдау ақысының мөлшерін өзгерткен жағдайда бұл туралы жалдау ақысын төлеудің кезекті мерзіміне дейін Жалдаушыға хабарлауға;
      4) Жалдаушыға жалдау ақысын төлеудің кезекті мерзіміне дейін 10 күннен кешіктірмей мерзімі өткен төлемдер үшін өсімақылар мен айыппұлдар есептегені туралы хабарламаны жіберуге міндетті.
      10. Жалдаушы:
      1) _______________________________ кешіктірмей жалдау ақысын,
       (жалдау ақысын төлеу мерзімдері)
сондай-ақ басқа да төлемдерді (айыппұлдарды, өсімақыларды) төлеуге;
      2) жалдау ақысын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) төлегеннен кейін 3 күн ішінде төлем тапсырмаларының (түбіртектердің) көшірмесін бере отырып, тоқсан сайын Жалға берушімен есеп айырысуға салыстыруды жүргізуге;
      3) қабылданған Объектіні Шартта көзделген мақсаттарда ғана пайдалануға;
      4) Объектіні тиісінше тәртіпте ұстауға, Объектіге немесе онда орналасқан инженерлік коммуникацияларға зақым келтіруі мүмкін әрекеттерді жасамауға;
      5) Жалдаушының кінәсінен және табиғи тозуға байланысты Объектінің жекелеген элементтері қалыптан шыққан жағдайда өз қаражаты есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
      6) Жалға берушінің алдын-ала жазбаша келісімінсіз Объектіні, онда орналасқан желілер мен коммуникацияларды қайта орналастыруды немесе қайта жабдықтауды жүзеге асырмауға;
      7) Объектіге және оған шектес жатқан жер учаскелеріне Жалдаушының, санитарлық қадағалау қызметі және Объектіні пайдалану мен қолдануға қатысты заңдар мен өзге де нормалардың сақталуын бақылайтын басқа да мемлекеттік органдардың өкілдерін кедергісіз жіберуге, олар белгілеген мерзімдерде тіркелген бұзушылықтарды жоюға;
      8) Шарт бойынша өз құқықтарын бермеуге, оларды шаруашылық серіктестіктердің, акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталына салым немесе өндірістік кооперативке жарна ретінде салмауға;
      9) жалдау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бір ай ішінде Объектіні жалдауды ұзарту ниеті туралы жазбаша өтініш беруге. Мұндай өтініштің болмауы Жалға берушінің Объектіні басқа заңды немесе жеке тұлғаларға жалға (жалдауға) беруге негіз береді;
      10) Шартты бұзған жағдайда Жалдаушы мен баланс ұстаушы қолдарын қойған және Жалдаушы бекіткен қабылдап алу-беру акті бойынша баланс ұстаушыға 10 күнтізбелік күні ішінде Объектіні қайтаруды қамтамасыз етуге;
      11) Объектіні жұмыс істемейтін немесе қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйде (нормативтік көрсеткіштерден асатын тозумен) қайтарған жағдайда шығынды өтеуге міндетті.

4. Жалдау ақысы мен есеп айырысу тәртібі

      11. Объектіні мүліктік жал үшін жалдау ақысының мөлшері айына __________________ теңгені құрайды (жалдау ақысының есебі Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Шартқа қосымшада келтірілген).
      12. Мүліктік жал үшін ақы коммуналдық қызметтер үшін төлемдерді, ағымдағы және күрделі жөндеуге арналған аударымдарды, Объектіге көрсетілген қызметтер үшін төлемдерді қамтымайды. Бұл төлемдерді Жалдаушы тікелей бағынысты қорғау, пайдалану, коммуналдық, санитарлық және қызметтер көрсететін басқа да қызметтерге не баланс ұстаушымен Шарт бойынша төлейді.
      13. Жалдаушы жалдау ақысын, сондай-ақ басқа да төлемдерді
(айыппұлдарды, өсімпұлдарды) ______________________ кешіктірмей КБЕ
                        (жалдау ақысын төлеу мерзімдері)
_____ бюджет сыныптамасының коды 201228 (төлем тапсырмасында міндетті түрде бюджет сыныптамасының коды көрсетілсін), ___________ Қазынашылық басқармасы, БСК ________, СТН __________, _____________
бойынша Салық комитетінің есеп айырысу шотына аударады.
      14. Жалдау ақысының мөлшері статистика органдарының деректері бойынша инфляция индексіне сәйкес түзетіледі, бұл ретті Жалға беруші Жалдаушыны жалдау ақысын төлеудің кезекті мерзіміне дейін 30 күннен кешіктірмей жалдау ақысының өзгергендігі туралы Жалдаушыға жазбаша хабарлайды.
      15. Шарттың 10-тармақ 1) тармақшасында көзделген жалдау ақысын төлеудің мерзімін Жалдаушы бұзған жағдайда Жалдаушы әрбір мерзімі өткен күн үшін төленбеген сомадан 0,5% мөлшерінде өсімпұл төлейді.
      16. Жалдаушы Объектіні мақсатқа сай емес пайдаланғаны үшін, сондай-ақ Жалға берушінің келісімінсіз Объектіні субарендаға бергені үшін Жалдаушы мүліктік жал (жалдау) үшін жылдық жалдау ақысы сомасынан ____________ пайыз мөлшерінде айыппұл төлейді.
      17. Жалдаушының бастамасы бойынша Шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда аванспен төленген жалдау ақысы қайтарылмайды.

5. Шартты бұзу шарты

      18. Жалдаушы шартты бұзғанға дейін бір айдан кешіктірмей бұл туралы Жалға берушіні жазбаша ескерте отырып Шартты мерзімінен бұзуға құқылы.
      19. Жалға берушінің бастамасы бойынша мынадай жағдайларда Шарт мерзімінен бұрын бір тарапты бұзуға жатады:
      1) Жалдаушы заңды тұлға ретінде таратылған;
      2) Жалдаушы мүліктік жалдау шартының ережелерін бұзған;
      3) заң актілермен және Шартпен көзделген жағдайларда Жалдаушы мен Жалға берушінің талабы бойынша;
      4) егер Жалдаушы шартпен белгіленген төлемақы мерзімінен екі реттен астам мүлікті пайдаланғаны үшін ақы төлемесе;
      5) оның жазбаша келісімімен объектіні басқа Жалдаушыға берсе;
      6) егер мүліктік жалға берілетін Объекті жекешелендіруге берілген жағдайда;
      7) Жалға берушінің атына жазылған баланс ұстаушының жазбаша өтініші бойынша;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Шартпен көзделген өзге де жағдайларда.
      21. Шартты мерзімінен бұрын бір тарапты бұзу сот тәртібімен шағымдалуы мүмкін. Сот шешімі күшіне енгенге дейін Объекті Жалдаушыда қалдырылады, ол Шартқа сәйкес жалдау үшін ақы төлеуді жалғастырады.

6. Ерекше жағдайлар

      22. Шарт заңдық күші бірдей мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалады, оның біреуі - Жалға берушіде және біреуі - Жалдаушыда қалдырылады.
      23. Шартқа өзгерістер мен толықтырулардың күші болады, егер оларды оған уәкілетті тұлғалар жасаса.
      24. Егер Жалдаушы өз қаражаты есебінен баланс ұстаушының келісімімен және Жалға берушінің жазбаша рұқсатымен Объекті үшін зиянсыз ажырамас жақсартулар жасаған жағдайда Жалдаушы Шарт тоқтатылғаннан кейін осы жақсартулардың құнын баланс ұстаушы арқылы өтеуге құқығы бар.
      Жалдаушы жасаған Объектінің бөлек жақсартулары оның меншігі болып табылады.
      Жалға беруші мен баланс ұстаушының келісімінсіз Жалдаушы жасаған ажырамас жақсартулардың құны өтеуге жатпайды.

7. Дауларды қарау тәртібі

      25. Осы Шарттан немесе оған байланысты Тараптар арасында туындауы мүмкін даулар келіссөздер арқылы, ал келісімге қол жеткізбеген жағдайда - сот тәртібімен шешіледі.

8. Тараптардың заңды мекен-жайлары

"ЖАЛҒА БЕРУШІ":                      "ЖАЛДАУШЫ":
________________________________   ________________________________
  (аумақтық комитеттің атауы)
мемлекеттік мүлік және
жекешелендіру комитетінің
төрағасы
________________________________   ________________________________
________________________________   ________________________________
     (орналасқан жері)             ________________________________
                                       (Жалдаушының атауы мен
                                          орналасқан жері)
________________________________   ________________________________
         (аты-жөні)                            (аты-жөні)
________________________________   ________________________________
           (қолы)                                (қолы)