Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010.06.30 № 299 Бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2697 "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" заң күші бар Жарлығының және 2001 жылғы 15 желтоқсандағы "Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" Заң талаптарына, Қазақстан Республикасы азаматтық авиацияның нормативтік құқықтық кесімдер базасына сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аса жеңіл авиация әуеайлақтарының жарамдылығын анықтау Ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Б.М. Наурызалиевке жүктелсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникациялар
министрлігінің Азаматтық
авиация комитеті төрағасының
2003 жылғы 22 қыркүйектегі
N 436 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының аса жеңіл авиация
әуеайлақтарының жарамдылығын анықтау
Ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Аталған, Қазақстан Республикасының аса жеңіл авиация әуеайлақтарының жарамдылығын анықтау Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2697 "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" заң күші бар Жарлығының 7 бабына, 2001 жылғы 15 желтоқсандағы "Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 5 бабы 1 тармағындағы 20) тармақшасына және басқа да Қазақстан Республикасы қатысты халықаралық келісімдерге байланысты нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес әзірленген.
Ереже - аса жеңіл авиация әуеайлақтарының жарамдылығын анықтау мен тіркеуінің және жарамдылық куәлігін беру тәртібін анықтайды.
2. Осы Ережеде қолданылатын негізгі терминдер мен анықтамалар:
1) Қазақстан Республикасының аса жеңіл авиация ассоциациясы немесе федерациясы (бұдан әрі - АЖА ассоциациясы) - Қазақстан Республикасының аса жеңіл авиация қызметін ұйымдастыруға арналып заңды тұлғаларды біріктіру жолымен құрылған коммерциялық емес ұйым;
2) аса жеңіл авиация әуеайлағы (бұдан әрі - АЖА әуеайлағы) - аса жеңіл авиация әуе кемелерінің тұрақтап жылжуы мен ұшып қонуына және техникалық қызмет көрсетілуіне (осы мақсаттарға қажетті жабдықталған) арнайы бөлініп әзірленген жер беті әлде су беті көлемі;
3) АЖА тұрақтық әуеайлағы - АЖА әуе кемелерінің тұрақтауы мен жүйелі ұшуларына тағайындалған және осы мақсаттарға қажетті жабдықтары бар әуеайлақ. Мұндай әуеайлақ үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер бөлінеді;
4) АЖА уақытша әуеайлағы - әуе кемелерінің белгілі бір мезгілде ұшуын қамтамасыз етуге арналған және стационарлық жабдықтармен жасақталмаған, бірақ белгілі бір тәртіпте, есеп пен тіркеуде тұрған әуеайлақ;
5) аэронавигациялық хабар - әуеайлақтың нақты жағдайымен сипаттамасы, әуеайлақ ауданында маневр жасау талаптары, әуе трассалары, радио-электр жабдықтарымен, байланыс құралдары жөнінде мәлімет;
6) қауіпсіздік жанама жолағы (бұдан әрі - ҚЖЖ) - АЖА әуе кемелерінің ұшу және қону кезінде ұшу-қону жолағынан шығып кеткен жағдайда қауіпсіздікті күшейтуге арналып ұшу-қону жолағына жанаса әзірленген, әуеайлақ ұшу алаңының арнайы телімі;
7) ұшып көтерілу қашықтығы - ұшақтың жерден көтерілгендегі басты нүктесінен Н = 0,7м нүктесіне дейінгі горизонталь бойынша ара қашықтық;
8) аса жеңіл авиация әуе кемелері (бұдан әрі - АЖА ӘК) - ең жоғарғы салмағы 2700 кг-нан аспайтын, әуеде, жер (су) бетінен қайтарылған ауадан өзге қатынасымен атмосферада ұсталатын ұшу аппараты;
9) ұшу-қону жолағы (бұдан әрі - ҰҚЖ) - әуе кемелерінің ұшуы мен қонуына жабдықталып арнайы әзірленген ұшу жолағының бөлігі;
10) өтінім беруші - АЖА әуеайлағының жарамдылығы туралы куәлігін алу үшін өкілетті органға өтінім берген жеке немесе заңды тұлға;
11) өтінім - өкілетті органға инспекциялық тексерістен өтуге арналған жазба;
12) АЖА әуеайлағының бақылау нүктесі (бұдан әрі - ӘБН) - әуеайлақтың жағрафиялық орналасуын анықтайтын әуеаймақтың ұшу алаңындағы шартты нүкте;
13) соңғы қауіпсіздік жолағы (бұдан әрі - СҚЖ) - АЖА ӘК ұшу-қону жолағынан шығып кеткен жағдайда қауіпсіздікті күшейтуге арналып ұшу-қону жолағының соңына жанасып әзірленген әуеайлақ ұшу алаңының арнайы телімі;
14) ұшу алаңы (бұдан әрі - ҰА) - АЖА ӘК-нің ұшу жолақтары, рульдеу жолдарымен тұрақ орындарына арнайы тағайындалған АЖА әуеайлағының бір бөлігі;
15) ұшу жолағы (бұдан әрі - ҰЖ) - АЖА ӘК-нің ұшып-қонуына арналып, ҰҚЖ-рын, ҚЖЖ мен СҚЖ да қамтитын ұшу алаңының телімі;
16) АЖА ӘК тұрақ орны (бұдан әрі - ТО) - АЖА ӘК тұрақтауына және техникалық қызмет етілуіне арналған әуеайлақтың ұшу алаңында арнайы әзірленген алаңша;
17) әуеде жақындау жолақтары (бұдан әрі - ӘЖЖ) - ұшу алаңына ұшумен қону бағытында шектесе жалғасқан жер (су) телімі үстіндегі, АЖА ӘК ұшқаннан кейінгі биіктік алуымен төмендеп қонуға белгіленген шекаралы әуе кеңістігі;
18) ҰҚЖ табалдырығы - АЖА ӘК қону мақсатында қолданылатын, ҰҚЖ телімінің басы;
19) төмендеп қону қашықтығы - қону орнынан 10,7м биіктіктегі нүктеден басталатын, АЖА ӘК-нің қонып толық тоқтау нүктесіне дейінгі горизонталь бойынша ара қашықтық;
20) қону алаңшасы - АЖА ӘК-нің ұшуына, қонуына арнайы әзірленген жер (су, мұз) телімі;
21) әуеайлақ алдындағы кеңістік - АЖА ӘК әуе кеңістігінде маневр жасайтын әуеайлаққа жанасқан әуе кеңістігі;
22) әуеайлақ ауданы - әуеайлақ үстіндегі және оған жанасқан ендікпен бойлық жазықтықтарының шекарасындағы төңіректе орналасқан әуе кеңістігі;
23) екпін алу қашықтығы - АЖА ӘК-нің ұшып көтерілуіне екпін алуға қажетті де жарамды деп аталатын ҰҚЖ-ның ұзындығы;
24) ұшып көтерілу қашықтығы - АЖА ӘК-нің екпін алу қашықтығымен ұшып көтерілуіне қажетті бос аудан ұзындығы;
25) үзілген ұшу қашықтығы - екпін алу қашықтығымен тоқтауына дейін қажетті жолының ұзындығы;
26) қону қашықтығы - АЖА ӘК-нің қонғаннан кейінгі жылдамдығын бәсеңдетуге қажетті де жарамды деп аталатын ҰҚЖ-ның ұзындығы;
27) рульдеу жолы (бұдан әрі - РЖ) - әуеайлағының жеке элементтерін өзара біріктіріп АЖА ӘК-ін жүргізуге және жетекте жүргізуге тағайындалып арнайы әзірленген жол;
28) аса жеңіл авиация - ең жоғарғы салмағы 2700 кг-нан (екі мың жеті жүз кг) аспайтын аса жеңіл ұшу аппараттарымен (АЖА ӘК) басқа да спортқа тағайындалған әуе кемелерін қолданатын азаматтық авиация;
29) өкілетті орган Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды, азаматтық және эксперименталдық авиация қызметін және әуе кеңістігін пайдалануды мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, үйлестіру мен реттеуді өз құзыретінің шеңберінде жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органы.
3. АЖА әуеайлақтары өкілетті органмен АЖА ассоциациясының тіркеуіне жатады.
4. АЖА негізгі әуеайлақтарының жарамдылығы туралы куәлігін беру мен тіркеуге алуды өкілетті орган жүзеге асырады.
5. АЖА әуеайлақтарының қызметіне инспекциялық бақылауды өкілетті орган жүзеге асырады.
6. АЖА негізгі әуеайлағын осы ережеде көрсетілген нормативтік талаптардың деңгейінде ұстауды әуеайлақтың иесі жүзеге асырады.
7. АЖА уақытша әуеайлағын осы ережеде көрсетілген нормативтік талаптардың деңгейінде ұстауды АЖА ӘК-ң пайдаланушысы жүзеге асырады.
8. АЖА негізгі әуеайлақ ауданында АЖА ӘК-нің ұшу нұсқаулығы осы әуеайлақтың бірінші басшысымен бекітіліп өкілетті органмен, аудандық әуе қозғалысы басқармасының орталығымен, аудандық метереологиялық қызмет орталығымен, және қажеті болса, тиісті ведомстволармен келісіледі.
9. АЖА уақытша әуеайлақ ауданында ұшу нұсқаулығы АЖА ӘК-н пайдаланушысымен бекітіледі және тиісті ведомстволармен келісіледі.
10. Әуеайлақ ауданындағы ұшу нұсқаулығы ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына сәйкестігі мерзімді тексеріске түсуі қажет, бірақ тексеріс аралығы 3 жылда 1 реттен сирек болмауы тиіс.
11. АЖА негізгі әуеайлақтарын пайдалануға әуеайлақтардың ұшуға жарамдылығы туралы куәлігімен (1-Қосымша) көктем-жазбен, күз-қыстық навигацияға даярлық кезіндегі ұшуға техникалық жарамдылығын тексеру кесімі негіздеме болады.
12. АЖА уақытша әуеайлақтарын пайдалануға көктем-жазбен, күз-қыстық навигацияға даярлық кезіндегі ұшуға техникалық жарамдылығын тексеру кесімі негіздеме болады.
2-тарау. Аса жеңіл авиация әуеайлақтарының жарамдылығын анықтау тәртібі
13. Әуеайлақтардың жарамдылығы төмендегідей тәртіппен анықталады:
1) өтінім иесінің өкілетті органға өтінімі және осы Ереженің 14 тармағындағы аталған құжаттарды қоса ұсыну арқылы (2-қосымша);
2) өтінімді алдын ала бағалау және әуеайлақтардың жарамдылығы туралы шешім қабылдау;
3) шешім қабылдау (қабылдамау) және әуеайлақтарының жарамдылығы туралы куәлігін беру.
14. Өтінішке төмендегідей құжаттар қосымша тіркеледі:
1) өтінім берушінің құрылтайлық құжаттары;
2) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі;
3) әуеайлақ аумағында өтетін ұшу нұсқаулығы;
4) жерді тұрақты қолдану құқығы туралы мемлекеттік акт (жерді жалға алу келісімі);
5) өтінім иесінің міндеттері (3 қосымша);
6) төмендегідей мәліметтері бар сәйкестік таблицасы:
әуеайлақтың физиологиялық мінездемелері;
әуеайлақтың күндізгі белгісі;
радиотехникалық жабдық (бар болса);
әуеайлақтың электрожабдықтары және объектілері (бар болса);
жанар-жағармай материалдардың жабдықтары (бар болса);
метеорологиялық жабдықтар (бар болса);
авиациялық-құтқару құралдары (бар болса);
авиациялық-құтқаруды жүргізу жөніндегі жоспар.
15. Осы Ережедегі 14 тармақтың 1) 2) 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар нотариуспен куәландырылған көшірмесі түрінде ұсынылады.
Осы Ережедегі 14 тармақтың 3) 4) 6) тармақшаларында аталған құжаттар бірінші басшының қолымен мөрі басылған көшірмесі түрінде ұсынылады.
16. Өкілетті орган сертификат талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттары бар өтінімді алған күннен бастап күнтізбелік он күндік мерзімнен асырмай талқылайды және өтінім бойынша иесіне шешімді хабарлайды (4-Қосымша).
17. Егер өтінім осы Ереже талаптарына сәйкес болмаған жағдайда немесе сәйкестікті растайтын құжаттар толық ұсынылмаса, өтінім бойынша қайтарылу себептері көрсетілген шешіммен өтінім кері қайтарылады.
18. Өтінім бойынша ескертулер болмаған кезде (ескертулер орындалғаннан кейін) өтінім жөніндегі шешім негізінде, өкілетті органның бұйрығымен АЖА әуеайлағына тексеру жүргізуге комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрылады. Комиссия құрамы өкілетті органмен анықталады.
19. Инспекциялық қарау әуеайлақтың ұшу-қону жолақтарын, рульдеу жолдарымен АЖА ӘК тұрақ орындарын, әуеайлақ қоршауын, сигналдық, метеорологиялық және радиотехникалық қамтамасыз етуімен авариялық құтқару құралдарының негізгі жағдайын тексеруден басталады.
20. Келесі саты осы Ереженің талаптарына сәйкес, эксплуатациялық құжаттарды қарау, өтінішке қоса берілген құжаттарды салыстырумен әуеайлақтың негізгі жағдайын бағалау болып табылады.
21. Қарау қорытындысы бойынша әуеайлақ объектілерінің негізгі жағдайы, көрсетілген АЖА әуеайлағына жарамдылық куәлігін беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) жөнінде екі данадан (бір біреуден өтінім берушіге және өкілетті органға) АЖА әуеайлағын (5-Қосымша) инспекциялық қарау кесімі құрылады.
Кесімге комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
22. Әуеайлақ мынадай жағдайларда пайдалануға жарамды болып есептеледі:
1) әуеайлақтардың және жабдықтардың осы Ереженің 4 тарауындағы талаптарына сәйкес келуі;
2) әуеайлақты тексергеннен кейінгі комиссияның қойған жарамдылық шешімі (5-Қосымша);
3) комиссияның әуеайлақ тексеру кесімінде тіркелген кемшіліктердің жойылуы.
23. Комиссиямен инспекциялық қарау мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспауы тиіс.
3-тарау. АЖА әуеайлақтарының жарамдылық куәлігін беру, беруден бас тарту, мерзімін тоқтату және куәлікті
қайтарып алу
24. Жарамдылық қорытындысы негізінде (тексеру кесімі) тексеру комиссиясы, мерзімі 3 жылдан артылмайтын, әуеайлақ жарамдылығы туралы куәлік береді.
25. Өкілетті орган актіге қол қойған күннен бастап он күн аралығында куәлік толтыру және беру жұмыстарын жүргізеді.
26. Куәлік бермейтін жағдайлар, егер:
1) аталған тұлғалар тобына әуеайлақты пайдалануға заң кесімдерімен тиым салынса;
2) әуеайлақ осы Ереженің 4 тарауының талаптарына сәйкес келмесе;
3) өтінім иесіне қатысты әуеайлақты пайдалануға тиым салатын сот шешімі болса.
27. Куәлік беруден бас тартқан жағдайда өтінім берушіге бас тарту себептері толық айтылған жауап қайтарылады.
28. Куәліктің мерзімін тоқтату немесе кері қайтарып алу төмендегідей себептермен болады:
1) әуеайлақ осы Ереженің 4 тарауындағы талаптарына сәйкес келмесе;
2) әуеайлақты пайдаланушының өтініші бойынша;
3) азаматтық авиацияның техникалық шарттары мен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарының өзгеруіне байланысты.
29. Өкілетті орган тоқтатылу себебін көрсетіп, сертификаттың қолданылу мерзімін алты ай мерзімге дейін тоқтата алады. Куәліктің әрекетін тоқтату туралы шешім, егер пайдаланушы өкілетті орган бекіткен мерзімде себептерін жоя алатын болса ғана қабылданады. Басқа жағдайда пайдаланушы сертификаты кері қайтарылады.
30. Куәліктің әрекетін қалпына келтіру (ол тоқтатылған жағдайда) өкілетті органмен табылған кемшіліктер жойылғаннан кейін ғана жүзеге асуы мүмкін және өкілетті органға қажетті жүргізілген тексеру мен оны растайтын құжаттар ұсынылуы тиіс.
31. Қайтарылып алынған куәліктің қолдану мерзімі қалпына келтірілмейді.
32. Куәлікті кері қайтарып алғаннан кейін қайта беру, ереженің тәртібі бойынша қайта тексерілгеннен кейін ғана беріледі.
4-тарау. Аса жеңіл авиацияның әуеайлақтарына арналған жалпы техникалық талаптар
33. Ұшу жолақтарының бағдары АЖА ӘК қоныстанған жерлердің үстімен ұшып-қонуын болғызбауы керек. Ұшу жолағынан қоныстанған жерге дейінгі бүйірлік алыстау 200м кем болмауы қажет, ал ұшу бағытында 500м кем болмауы қажет.
34. Әуеайлақ жерінде балшықты жерлер, қону және тұзды топырақты, тау жынысты қыраттар тағы басқа кедергілер болмау керек.
35. Әуеайлақтағы ұшу жолағы бөлшектерінің көлемі (ауа температурасы +15 о С, атмосфера қысымы 760мм, бойлық еңісі = 0, тымық) аталған әуеайлақта пайдаланылатын АЖА ӘК пайдалану бойынша нұсқауға сәйкес басқарманың келісімі бойынша қабылданады.
36. Әуеайлақтың есептелген жағдайында ұшу жолақтарының қажетті ұзындығы стандартты ұзындықты, ауаның есептелген температурасын, атмосфераның есептелген қысымын және ұшу жолағының орташа еңісін ескеретін түзетулер арқылы қайта есептеп белгіленеді. Есептелген жағдайда жасанды және топырақты ҰҚЖ ұзындығын анықтау үшін - олардың стандарт ұзындықтарын көбейту керек: температура бойынша - стандартты атмосфера температурасының 0,5 о С көтерілуі 3,0%-ға, атмосфера қысымы бойынша - стандарттан атмосфера қысымының әр 10мм с.б.-на кемуі 2,5%-ке, ұшу жолағының еңісі бойынша орташа еңістің 1%-не - 5%.
ҰҚЖ ұзындығы келесідегідей анықталады: L впп = L р + L о + L пр, мұнда
L р - бастапқы нүктесінен жерден көтерілу жылдамдығына дейінгі АЖА ӘК жүгіріс ұзындығы;
L о - ұшқыштың ұшуды жалғастыру немесе тоқтату шешімін қабылдау уақытындағы ҰҚЖ ұзындығы;
L о = V отр х t р , мұнда V отр - жерден көтерілу уақыты, t = 3 сек.. - шешім қабылдау уақыты
L пр - АЖА ӘК толық тоқтағанға дейінгі жүгіріс ұзындығы.
37. Ұшу жолағының орташа еңісі ұшу жолағының басты және соңғы белгілерінің айырмашылығының оның ұзындығына қатынасымен анықталады (Но-Нк)х100%)/L, мұнда
Но - жолақтың бастапқы белгісі
Нк - жолақтың соңғы белгісі
L - ұшу жолағының ұзындығы
1) ҰҚЖ барынша көп еңісі төмендегідей шектеледі:
бойлық еңіс 3%; көлденең еңіс 2,5%.
2) Ұшу жолақтары бетінің ең аз көлденең және бойлық еңіс, үстірт ағуды қамтамасыз ету шартынан алынады және 0,6% кем болмауға тиіс.
38. Барлық аралықта ҰҚЖ ені 20 метрден кем болмауы керек.
39. Жанама қауіпсіздік жолақтары ҰҚЖ әр шетінен есептегенде 10 метрден кем болмауы керек. ҰҚЖ-да маневрлар жасау кезінде немесе кез келген биіктікте ұшу барысында АЖА ӘК зақым келтіретін ешқандай кедергілер болмауы қажет.
40. Есеп бойынша СҚЖ ұзындығы ҰҚЖ соңынан екі жақтан 5 метр болуы тиіс.
41. ҰҚЖ беті оның барлық аралығында әуе кемелерінің ұшқан не қонған кезінде зақымданбайтындай айдын болуы тиіс. ШҚЖ жер бетінде ұлғаятын кедергілерді болдырмауы керек. ҰҚЖ-нда шөп жамылғысы 20 см-ден аспауы қажет. Жаңбыр не шық кезінде дөңгелектердің ілінісу коэффициентін ілезде төмендететін шөптерді қыртысты қабат ретінде мүмкіндігінше қолданбау қажет. СҚЖ ауылшаруашылығындағы аласа бойлы (биіктігі 50 см аспайтын) жерді соқалап өңдеуді қажет етпейтін егісті қолдануға болады.
42. Әуеайлақ маңындағы территория көлемі және оның шекарасында рұқсат етілген кедергілер биіктігі ұшақтардың ұшу және қону қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарттарына байланысты белгіленеді.
43. Ұшу жолағына әуеде жақындау жолақтары (ӘЖЖ) трапеция формалы болады, олардың бүйір жақтары ұшу жолағының бүйір шекара жалғасына 15 о бұрышпен ажырайтын желілерден құралады. ӘЖЖ территориясында кедергілер биіктігі ТҰҚЖ қырынан өтетін көлбеген шартты жазықтықпен шектеледі. ӘЖЖ ұзындығы 3000 метр және екі телімнен тұрады - біріншісінде ӘЖЖ соңынан кедергілерді шектеу жазықтығы 1:50 еңісімен 50м ұзындықпен өтеді, екіншісінде 2950 метр ұзындықпен және 1:30 еңістігімен өтеді (5-Қосымша).
44. Әуеайлақтағы алаңда шектеулі биіктікті сақтай отырып электрберілістің жоғарғы вольтті әуе желісі төмендегідей өтеді:
ұшу жолағының бүйір шекарасынан тыс ара қашықтығы 100 м кем болмайтын ашық жерде;
ұшу жолағының шекарасынан 500 м кем болмайтын, егер ұшу жолағы жағында басқа да биік кедергілер тұрса (ғимарат, орман, қыратты жерлер) 300 метрден кем болмайтын ашық жерде.
45. АЖА ӘК ТО сақтау кезінде желдің қатты екпіні әсерінен зақымдану және ауытқуды болдырмау үшін оларды бекіту керек.
46. Зәкірлік бекітпе түрін таңдау бекіту арқандарында есептелген күш бойынша орындалады. Зәкірлік бекітпенің мықтылығын олардың құрылысы аяқталғаннан кейін бір айдан соң тексеріледі. Келесі тексеру мерзімдері екі жылда бір реттен сирек емес өткізіледі. Тексеруге сақина мен анкердің күштік созылуын сынау жатады, онда 25% есеп күші арттырылады. Зәкір сақинасын тексеру сынағының мерзімі 10 мин аспау керек. Зәкірдің бекітпесі темір штопор түрінде қолданыла алады және диаметрі 15-20 мм өзектен жасалады. Штопордың сақинаға дейінгі ұзындығы 1 м, сақинаның диаметрі 12 см. Бекітпе қызыл не қызғылт-сары түске боялады. Бос топырақта диаметрі 16-20 см, ұзындығы 1-1,2 м айқаспа түрінде бекітілген екі бөренеден тұратын бекіткені қолдану керек. Айқаспаның ортасынан диаметрі 20 мм, металдық стержень шығарылып, бекітпе тростың сақинасына әкелінеді. Айқаспа тереңдігі 1,2-1,5 м жерге орналастырылып, қабаттап тығыздалған топырақпен көміледі, бекітпенің ағаш бөлігі антисептік затпен жабылады.
47. Тұрақты топырақты әуеайлақтар (алаңшалар) кіре беріс қақпаларымен, шекаралық белгілермен және "Т" қону белгісімен жабдықталады. Уақытша әуеайлақтарда және қону алаңшаларында кіре беріс қақпалар және шекаралық белгілер ретінде 1,4х0,7 өлшемді қызыл-ақ жалаушалар қолдануға болады (ақ түс - жазғы маусымда, қызыл түс - қыс мезгілінде).
48. Кіре беріс қақпалары ұшу жолағының шеткі желісінде оның бүйір шекарасынан 5м қашықтықта орнатылады және ұшу жолағының басы мен соңын белгілейді. Қақпалар ақ-қара түспен ауыстырыла боялады. Қақпаның қарама-қарсы жағы қызыл-ақ түспен боялады.
49. Шекаралық белгілер (4 сурет) ұшу жолағының бүйір шекараларының бойымен бір бірімен 100м қашықтықта және ҰҚЖ шетінен 1м қашық орнатылады. Белгі жазда ақ-қызыл түспен, қыста ақ-қара түспен ауыстырыла боялады. АЖА уақытша әуеаймақтарында (шекаралық белгі орнына өлшемі 0,35х0,5м жалаушалар қолданылады). Жалаушалар бір-бірінен 50 метр қашықтықта орналасады.
50. "Т" қондыру белгісінің өлшемі 5х10м (үш енді 5х1м) ЖҚЖ ұшу жолағының шетінен 3м және басынан 50м қашықтықта орналасады (7-Қосымша).
51. Топырақтың түріне, ылғалдылығына, гранулометриялық құрамына және нығыздалу деңгейіне байланысты, әуеайлақты пайдалану қалпы ұшу алаңындағы топырақтың төзімділігімен сипатталады.
52. Топырақтың беріктігі АЖА ӘК дөңгелектерінен жолтабан тереңдігін ары қарай өлшеп, БЖ, ТО және ұшу жолағының жұмыс бөлігінде 8-15 км/сағ, бұру жылдамдығымен және толық ұшу салмағымен ұшақты сынап бұру немесе У-1 соққыш арқылы анықталады.
53. У-1 ударнигімен өлшеуді ҰҚЖ соңғы телімінде қону өңірінің басынан аяғына дейін 25 м кейін, орташа телімдерде 50 м кейін жүргізу қажет.
54. Биіктігі 20 см-ден асқан шөбі бар ұшу жолақтарында АЖА ӘК пайдалануға тыйым салынады.
55. Тереңдігі 6 см-ге дейінгі жолтабандарды жетсе 3-5 тонналық металл катогімен тегістейді. Беткі ақуалдар әуе кемелерінің пайдалануына қауіп төндірсе жедел жөнделуі тиіс. Дөңгелектердің табан іздері және тереңдігі 15 см артық ойшықтарды әуеайлақтағы бар жай топырақпен соңынан 10-12 см өсетін топырақпен жабу керек. Дөңгелектердің табан іздерінің тереңдігі 20 см жетсе, топырақ бір қабатпен нығыздалады, ал егер 20 см-ден артық болса екі қабат тегістеу жүргізу керек. Іздерді, ойыстарды құммен, қожбен, шағылтаспен және басқа да ұшу жолағының топырағынан өзгеше материалдармен жабуға болмайды.
56. Ұшу алаңының топырақ бетінің тегістігін тексеру микро және мезо тегіс еместігін анықтау болып саналады.
1) Микро тегіс еместікті көзбен шолу немесе автомобильмен жүріп өту арқылы тексеруге болады. Микро тегіс еместіктің үлкендігі үш шаршылық ағаш пен ұшу алаңының топырақты /қарлы/ бетінің арасындағы жарық бойынша тексеріледі.
2) Мезо тегіс еместік дұрыс емес аумаққа бағытталған бір немесе екі сипатты бағыт бойынша кескінін нивелирді түсіру арқылы анықтау керек. 5, 10, 20м тең түсіру адымымен түзу кесіктердің қисықтығын мына формуламен есептеуге болады: i a = (h n - h n-1 ) / а, мұнда:
h n-1 - рельф кескінінің бастапқы нүктесінің белгісі.
h n - бастапқы нүктеден түсіру адымына қалып қойған рельф кескіні нүктесінің белгісі.
a - түсіру адымы.
/\i = i n - i n-1 қосыла жанасқан еңістіктің айырмашылығы.
57. Әуеайлақ тұтас немесе ұшу алаңының кейбір аумақтары пайдалануға мынандай жағдайларда дайын емес деп есептеледі:
1) тығыз қар қабаты немесе кез келген ұзындығы 1/6 аса f сц 0,3 төмендіктегі ТҰҚЖ және ЖҰҚЖ барлық ұзындығының ілінісу коэффициентінің мәні;
2) осьтен f сц 0,20 асатын екі жағынан таяу жатқан ЖҰҚЖ аумағына ілінісу коэффициентінің мәнінің айырмашылығы;
3) ТҰҚЖ және ЖҰҚЖ жұмыс бөлігінде атмосфералық құбылыстар /қар, балшық, су/ қабатының қалыңдығы рұқсат етілген мөлшерден артық болу;
4) қардан тазаланған және тазаланбаған жердің еңістігі 1:10 болғанда;
5) бөтен заттардың, соның ішінде жер тегістігін бұзатын заттар, мұз кесектері, қиыршық қар жер бетінде болуы;
6) аталған әуеайлақты пайдалануға рұқсат берілген АЖА ӘК үшін ҰҚЖ, БЖ төзімділігі жеткіліксіз;
7) топырақты әуеайлақтарда топырақтың (нығыз қар жамылғысының) беріктік көрсеткіші Ұшуды пайдалану басшылығы талаптарымен бекітілген мәннен төмен болуы, беріктігінің орта арифметикалық мөлшері тереңдігінде 10 және 30 см. ТҰҚЖ және қону алаңшаларының жұмыс алаңдары үшін старттық аумақта 10 пайыз, орташада 20 пайыз, жүру жолында - 15 пайыздан асуы;
8) ТО, ТҰҚЖ старттық телімдерінде, қозғалтқыштарды сынау орындарында және бұру жолдарында құмды және өте құмды топырақтар үшін нығыздалу коэффициентімен сипатталатын топырақтың нығыздалу дәрежесі 0,95-тен төмен, сазды және өте сазды топырақтар үшін - 1,0-ден төмен, ТҰҚЖ орташа телімдерінде сәйкес 0,9-бен 0,95-тен төмен, ал ҰЖ үшін 0,8-бен 0,85-тен төмен;
9) топырақтың жоғарғы қабатының 5 см тереңдікте ылғалды болуы;
10) топырақты ұшу жолағының кез келген бағыттағы жұмыс бөлігіндегі микро тегіссіздік 10 см-ден асуы;
11) мезо тегіссіздіктердің шектік мәннен асуы:
/\i 5 = 0,03 /\i 10 = 0,022 /\i 20 = 0,015;
12) ҰҚЖ күндізгі арнайы белгілері ОТТА талаптарына сәйкес келмеуі немесе жоқ болуы, сонымен қатар топырақты /қарлы/ әуеайлақта орнатылатын қозғалмалы белгілерінің көрінбеуі;
13) ТО швартты қондырғы АЖА ӘК есепті түрлерінің тартуынан есепті күшін қабылдауды қамтамасыз етуі керек. Бұл қондырғылардың беріктігін тексеру актісі болмағанда оларды пайдалануға тыйым салынады.
14) токтың таралуына жер асты қондырғысының кедергісі 100 Ом көп емес болуы керек.
58. АЖА әуеайлағы /алаң/ жеке мачта немесе қызмет ету ғимаратында орналасқан жел көрсеткішпен жабдықталады. Ол ұшу алаңының кез келген жерінен және әуеден көрініп тұруы керек, сонымен қатар желдің барлық бағытына кедергісіз қарап, 360 о -қа еркін қозғалуы қажет. Қажетті көрінімділікті қамтамасыз ету үшін жел көрсеткішінің тиісті мөлшері және ұзындығына қарай екі түстен, яғни ақ пен қара немесе ақ пен сарғыш-қызыл комбинациясы болу керек. АЖА уақытша әуеайлақтарында /алаңдарда/ мөлшері 1х0,75м жалаушаларын пайдалануға болады.
59. Әуеайлақтың (алаңшалардың) қоршаулары хайуанаттардың, өзге адамдар мен көліктің еркін өтпеуін қамтамасыз ету керек.
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникациялар
министрлігінің
Азаматтық авиация комитеті
төрағасының
2003 жылғы 22 қыркүйектегі
N 436 бұйрығымен бекітілген,
Қазақстан Республикасының аса
жеңіл авиация әуеайлақтарының
жарамдылығын анықтау Ережесіне
1 Қосымша
АЖА әуеайлағының жарамдылық куәлігі
Серия ӘУ АЖА N ______
200 ____ж. "___"____________ берілген
200 ____ж. "___"____________ дейін
1. Әуеайлақ _______________________________________________________
2. Орналасқан жері_________________________________________________
___________________________________________________________________
3. Әуеайлақ иесі___________________________________________________
___________________________________________________________________
4. Әуеайлақ аса жеңіл авиация әуеайлақтарының жарамдылық талаптары мен нормаларына сай келетіндігі куәләндырылады.
5. Куәлікті беру негізі____________________________________________
___________________________________________________________________
6. Инспекциялық тексеруді жүргізуші________________________________
Өкілетті орган басшысы _______________________
М.О. (қолы, аты-жөні)
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникациялар
министрлігінің
Азаматтық авиация комитеті
төрағасының
2003 жылғы 22 қыркүйектегі
N 436 бұйрығымен бекітілген,
Қазақстан Республикасының аса
жеңіл авиация әуеайлақтарының
жарамдылығын анықтау Ережесіне
2 Қосымша
АЖА әуеайлақтарының ұшу жарамдылығы куәлігін алуға
Өтінім
1. ________________________________________________________________
__________________________________________ негізінде қызмет ететін
___________________________________________________________ тұлғалы
(қызметі, аты-жөні)
___________________________________________________________________
(өтінім иесі, ұйым аты, мекен-жайы)
___________________________________________________________________
(әуеайлақ аты)
___________________________________________________________________
(нормативтік кесімдердің аты мен нұсқаулары)
_____________________________________талаптарына сайлығын хабарлай
отырып, аталған объектінің аса жеңіл авиация әуеайлақтарының
техникалық талаптарына сәйкестігін анықтап, әуеайлақтың жарамдылық
куәлігін беруді өтінемін.
2. Әуеайлақ сыныбы, қосымша ақпарат________________________________
___________________________________________________________________
3. Қосымша:________________________________________________________
___________________________________________________________________
Басшы ________________________________ _________________
(аты-жөні) (қолы)
М.О. 200__ж. "___"____________
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникациялар
министрлігінің
Азаматтық авиация комитеті
төрағасының
2003 жылғы 22 қыркүйектегі
N 436 бұйрығымен бекітілген,
Қазақстан Республикасының аса
жеңіл авиация әуеайлақтарының
жарамдылығын анықтау Ережесіне
3 Қосымша
АЖА әуеайлақ иесінің жарамдылық куәлігін алуға
Міндеттері
Мен, ______________________________________________________________
(аты-жөні - қызметі)
____________________әуеайлағы _____________________________________
(нормативтік құжаттар)
техникалық талаптарына сәйкес келеді деп, куәләндырамын.
Берілген құжаттардағы хабарламалар әуеайлақтың өзіндік жағдайына сәйкестігін және:
1) әуеайлақты нормативтік құжаттармен техникалық талаптарға сай ұстап, қолдануға;
2) аэронавигациялық ақпарат (АНА) басылымдарындағы мәліметтері әуеайлақтың нақты жағдайына сәйкестігін қамтамасыз етуге;
3) әуеайлақта нормативтік талаптарға сәйкес келмейтін, ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін күмәндар болса, бірден қажетті шектеулер қойып, өкілетті органға баяндауды;
4) Ұшу нұсқаулығына қосымша мен өзгерістер енгізуге өкілетті органнан келісім алуға;
5) АХЖ-ға дайындалған құжаттарды өкілетті органның бекітуіне жіберуге міндет етемін.
Басшы _______________________
(қолы, аты-жөні)
М.О. 200__ж. "___"____________
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникациялар
министрлігінің
Азаматтық авиация комитеті
төрағасының
2003 жылғы 22 қыркүйектегі
N 436 бұйрығымен бекітілген,
Қазақстан Республикасының аса
жеңіл авиация әуеайлақтарының
жарамдылығын анықтау Ережесіне
4 Қосымша
Өтінім бойынша
АЖА әуеайлағы жарамдылық куәлігін беру жөніндегі
Шешім 200___ж. "____" _____________ н
Әуеайлақ жарамдылығы куәлігін алу туралы өтініміңізді және куәләндыратын құжаттарыңызды қарастыра отырып, хабарлаймыз:
1. Инспекциялық тексеру 200___ж. _____________"___"н "___" дейін өткізіледі.
2. _________________________________________________________________
(нормативтік кесімдердің аты мен нұсқаулары)
_______________________талаптарына сәйкестігін тексеру жүргізіледі
3. Инспекциялық тексеруді__________________________________________
___________________________________________________________________
(кәсіпорын аты, мекен-жайы)
_______________________________________________________объектілерін
тексеру (сынақтау) жолымен өткізеді.
4. Негізінде мынадай жұмыстар_______________________________________
_______________________________________________________жүргізіледі.
Өкілетті орган басшысы _______________________
(қолы, аты-жөні)
М.О. 200__ж. "___"____________
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникациялар
министрлігінің
Азаматтық авиация комитеті
төрағасының
2003 жылғы 22 қыркүйектегі
N 436 бұйрығымен бекітілген,
Қазақстан Республикасының аса
жеңіл авиация әуеайлақтарының
жарамдылығын анықтау Ережесіне
5 Қосымша
"Бекітемін"
___________________________
(өкілетті органның басшысы)
___________________________
(қолы, аты-жөні)
200___ж. "___"____________
АЖА әуеайлағын тексеру инспекциялық
Кесімі
200___ж."___"_____________N______шешіммен сайланған комиссия
мүшелері:
Комиссия төрағасы_______________________________
Комиссия мүшелері_______________________________
_______________________________
_______________________________
(аты-жөні, қызметі)
200___ж. _____________"___" "___" дейінгі кезеңде берілген дәлелдеме құжаттарын қарап, әуеайлақтың техникалық талаптарға сәйкестігін тексеріп, төмендегідей бағалады:
____________________________________________________________________
N | Тексеру бөліктері |сәйкестік |
р/н | |жөніндегі | Ескерту
| |қорытынды |
| |__________|
| | иә | жоқ|
____________________________________________________________________
1. Әуеайлақ ауданында ұшу бойынша нұсқаулық
2. Әуеайлақтың орналасуы
3. Әуеайлақтың жіктелуі
4. Жерді қолдану құқығының құжаттары
5. Ұшу жолақтарының көлемі
6. АЖА ӘК жердің нақтылы өткізгіштігіне
сәйкес топырақтың беріктігі
7. ҰЖ таңбаланған белгілер жабдықтары
8. ТО шынжырлы құралдардың болуы
9. Әуеайлақты жануарлардың және бөтен
адамдардың кіруінен сақтау
10. Әуеайлақты радиотехникалық құралдармен
жабдықтау
11. Метеорологиялық жабдықтың болуы
12. ЖЖМ қамтамасыз ету
____________________________________________________________________
Қорытынды:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Комиссия төрағасы: __________________________________
(қолы, аты-жөні)
Комиссия мүшелері: __________________________________
__________________________________
__________________________________
(қолы, аты-жөні)
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникациялар
министрлігінің
Азаматтық авиация комитеті
төрағасының
2003 жылғы 22 қыркүйектегі
N 436 бұйрығымен бекітілген,
Қазақстан Республикасының аса
жеңіл авиация әуеайлақтарының
жарамдылығын анықтау Ережесіне
6 Қосымша
Ұшу жолағына әуеде жақындау жолақтары (ӘЖЖ) жоспарда 15 о көлбеген бұрышпен ұшу жолағының шеткі жазықтықтың шетімен жалғасатын шеттері сызықтар түрінде келетін трапеция түрінде болады. ӘЖЖ территориясындағы кедергілердің биіктігі ТҰҚЖ сыртынан өтетін көлбегей шартты жазықтықтармен шектеледі. ӘЖЖ ұзындығы 3000 метр және екі аумақтан тұрады - біріншісінде ҰҚЖ соңынан жазықтықпен шектелген кедергілер 1:50 еңісімен 50 м ұзындықпен өтеді, екіншісінде 2950 метр ұзындықпен және 1:30 еңістігімен өтеді.
1-2-суретті қағаз мәттінен қараңыз
Н = 200 м
ҰҚЖ 1:50 1:30
50 м 2950 м
1-сурет. Әуеде жақындау жолағы
Н = 200 м
Н = 50 м
0 1: 8 1: 15
ҰҚЖ
400 м 2250 м
2-сурет. Әуеайлақ маңы территориясының бүйір кесігі
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникациялар
министрлігінің
Азаматтық авиация комитеті
төрағасының
2003 жылғы 22 қыркүйектегі
N 436 бұйрығымен бекітілген,
Қазақстан Республикасының аса
жеңіл авиация әуеайлақтарының
жарамдылығын анықтау Ережесіне
7 Қосымша
АЖА әуеайлақ жабдықтарына қойылатын талаптар
Тұрақты топырақты әуеайлақтар (1-сурет) кіре беріс қақпаларымен, шекаралық белгілермен және "Т" - қону белгісімен жабдықталады.
Кіре беріс қақпалары (2-сурет) ұшу жолағының шеткі желісінде оның бүйір шекарасынан 5м қашықтықта орнатылады және ұшу жолағының басы мен соңын белгілейді. Қақпалар ақ-қара түспен ауыстырыла боялады. Қақпаның қарама-қарсы жағы ақ-қызыл түспен боялады.
Шекаралық белгі (4-сурет) биіктігі 0,8м, диаметрі төменнен 1,0м, жоғарыдан 0,2м болатын конус түрінде келеді. Шекаралық белгілер ұшу жолағының бүйір шекаралары бойымен бір бірінен 100м қашықтықта және ұшу жолының шетінен 1м қашықтықта орнатылады. РЖ, ТО-да бір-бірінен 20 см және шеткі шекаралары 1,0м қашықтықта орналасады. АЖА ӘК РЖ-ға ҰҚЖ бұрылу жолдары және РЖ-нан перронға бұрылу жолдары қосарланған шекаралық белгілермен белгіленеді. Олар РЖ әр жағынан бір-бірінен 2,0м интервалымен орнатылады. Белгі ені 20 см өлшеммен жазда қызыл-ақ түспен, қыста қара-ақ түспен ауыстырыла боялады.
АЖА уақытша әуеайлақтарында және қону алаңдарында кіре беріс қақпалары ретінде 1,4х0,7м өлшемді ақ-қызыл жалаушалар (5-сурет) және шекаралық белгі орнына 0,35х0,5 өлшемді жалаушалар қолданылуы мүмкін (ақ түс - жазда, қызыл түс - қыста).
"Т" қондыру белгісінің (3-сурет) өлшемі 5х10м (үш енді 5х1м) ҚБЖ ұшу жолағының шетінен 3м және басынан 50м қашықтықта орналасады. Қондыру белгісі АЖА ӘК-нің істегі қону бағыты жағынан орнатылады.
Қағаз мәтіннен қараңыз
1-сурет. АЖА әуеайлақтары ҰҚЖ-н маркерлік белгілермен жабдықтау сұлбасы
2-сурет. Кіре беріс қақпа
3-сурет Қону белгісі
4-сурет. Шекаралық белгі (конус)
5-сурет. Жалауша-кіру белгісі
6-сурет. Жел көрсеткіші (конус)
7-сурет. Жалауша-көрсеткіш