Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерiнiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi N 38 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитарлық бас дәрігерінің 2003 жылғы 24 қыркүйектегі N 61 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 25 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 2506

Қолданыстағы

      Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына  сәйкес келтiру мақсатында Бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2002 жылғы 18 қазанда N 2017 тiркелген және 2002 жылғы "Нормативтiк құқықтық актiлер бюллетенiнiң" N 47 басылымында жарияланған Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерiнiң 2002 жылғы 4 қыркүйектегi "Азық-түлiк рыноктарын орналастыруға, ұстауға және пайдалануға қойылған санитарлық-гигиеналық талаптар" санитарлық ережелер мен нормаларды бекiту туралы" N 38 бұйрығына  мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген "Азық-түлiк рыноктарын орналастыруға, ұстауға және пайдалануға қойылған санитарлық-гигиеналық талаптар" санитарлық ережелер мен нормаларға:
      "Әкiмшiлiк азық-түлiк рыногына қойылатын талаптар" деген 9-тарауда 64-тармақтағы 4) тармақшада "сондай-ақ рынокқа жапсарлас аумақты" деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң төрағасы В.А.Меркерге жүктелсiн.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.