Жүк және рефрижераторлық вагондардың қызмет ету мерзімін ұзарту ережесін бекіту туралы

Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 28 шілдедегі N 236-І бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 28 тамызда тіркелді. Тіркеу N 2463

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 қарашадағы N№1756 қаулысына  сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының темір жол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған Жүк және рефрижераторлық вагондардың қызмет ету мерзімін ұзарту ережесі бекітілсін.
      2. Темір жол көлігі департаменті (М.Ж.Оразбеков) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне белгіленген тәртіппен ұсынсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді, таныстыру мен таратуға жатады.

      Министр

Қазақстан Республикасы  
Көлік және коммуникациялар
министрінің       
2003 жылғы 28 шілде   
N 236-І бұйрығымен   
бекітілген       

Жүк және рефрижераторлық вагондардың
қызмет ету мерзімін ұзарту ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Жүк және рефрижераторлық вагондардың қызмет ету мерзімін ұзарту ережесі (бұдан әрі - Ереже) жүк және рефрижераторлық вагондардың тағайындалған қызмет ету мерзімін ұзарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін белгілейді.

      2. Ереже Қазақстан Республикасында меншігінде жүк және рефрижераторлық вагондары бар жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ вагондарды жөндеумен айналысатын, Ереженің 3-тармағының талаптарына жауап беретін ұйымдарға тарайды.

      3. Жүк және рефрижераторлық вагондардың қызмет ету мерзімін ұзарту жөніндегі жұмыстарды ТМД, Латвия, Литва және Эстония елдері  темір жол әкімшіліктерінің вагон шаруашылығы өкілетті мамандарының темір жол көлігі бойынша Кеңесінің Комиссиясы берген осы жұмыстарды жүргізу құқығын беретін тиісті Куәлігі бар жүк және рефрижераторлық вагондарды жөндеумен айналысатын ұйымдар (бұдан әрі - жөндеуші ұйымдар) жүргізеді.

      4. Жүк және рефрижераторлық вагондардың консервацияда немесе уақытша резервте тұру уақытын темір жол көлігі ұйымдары, жүк және рефрижераторлық вагондардың иелері жүк және рефрижераторлық вагондардың қызмет ету мерзіміне кіргізбейді.

      5. Осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:
      1) күрделі жөндеу - бұйымдардың ресурсын, оның базалық бөлігін қоса алғанда, кез келген бөлігін ауыстыру немесе қалпына келтіру арқылы толық немесе толыққа жуық қалпына келтіру, түзу жағдайын қалпына келтіру үшін орындалатын жөндеу;
      2) тағайындалған қызмет ету мерзімі - пайдаланудың күнтізбелік ұзақтығы, оған жеткен кезде объектіні (бұйымды) пайдалану оның техникалық жай-күйіне қарамастан тоқтатылу тиіс;
      3) қалдық ресурс - объектінің (жылжымалы құрамның, оның тораптары мен агрегаттарының) техникалық жай-күйін бақылау сәтінен бастап шекті жай-күйге өткенге дейінгі жиынтық жұмысы;
      4) жылжымалы құрам - темір жолдар бойынша қозғалысты жүзеге асыратын, жолаушыларды, багажды, жүкті, жүк багажын, почтаны тасымалдауға және темір жол көлігін қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге арналған тартымдық, өздігінен жүретін және көлік құралдарының жиынтығы;
      5) жөндеу - бұйымдардың түзу жағдайын немесе жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіру жөніндегі операциялар кешені және бұйымдардың немесе олардың құрамдас бөлшектерінің ресурстарын қалпына келтіру;
      6) техникалық қызмет көрсету жүйесі - осы жүйеге кіретін бұйымдардың сапасын қалпында ұстау мен қалпына келтіру үшін қажетті өзара байланыстағы құралдардың, техникалық қызмет көрсету құжаттаманың, жөндеудің және орындаушылардың жиынтығы;
      7) пайдаланудан алу - белгіленген тәртіппен құжаттай ресімделген бұйымды бұдан әрі мақсаты бойынша пайдалану мен жөндеудің мүмкін еместігін және орынсыздығын тіркейтін оқиға;
      8) қызмет ету мерзімі - объектіні пайдалану немесе оны жөндеуден кейін қайтадан жалғастырудан бастап шекті жай-күйге өткенге дейін пайдаланудың күнтізбелік ұзақтығы;
      9) пайдалану - бұйымның сапасы іске асырылатын, қалпында ұсталатын және қалпына келтірілетін, бұйымның мақсаты бойынша пайдаланылуы жүзеге асырылатын тіршілік циклының сатысы;
      10) Кеңестің комиссиясы - ТМД, Латвия, Литва және Эстония елдері темір жол әкімшіліктерінің вагон шаруашылығы өкілетті мамандарының темір жол көлігі бойынша Кеңесінің комиссиясы;
      11) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлік саласында мемлекеттік саясаттың іске асырылуын, Қазақстан Республикасы көлік кешені қызметінің үйлестірілуін, реттелуін және бақылануын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      12) консервация - берілген мерзім ішінде сақталуын қамтамасыз етіп, берілген жағдайда, оны орналастыру үшін берілген орында мақсаты бойынша пайдаланылмайтын бұйымды ұстау;
      13) Комиссия - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті аумақтық бөлімшесінің басшысы тағайындайтын, көрсетілген мемлекеттік органның лауазымды тұлғасы басқаратын Жүк және рефрижераторлық вагондардың қызмет ету мерзімін ұзарту жөніндегі комиссия. Комиссия құрамына темір жол көлігі ұйымдарының өкілдері кіруі мүмкін. Бұл ретте вагондардың қызмет ету мерзімін ұзарту мәселесін Комиссия қарайтын, меншік иесі болып табылатын, олардың темір жол көлігі ұйымдары өкілдерінің саны Комиссия мүшелері санының үштен бірінен астамын құрай алмайды. Комиссия шешімі дауыс беру арқылы қабылданады. Комиссия жұмысына сарапшылар тартылуы мүмкін. Сарапшы Комиссия мүшесі болып табылмайды, Комиссия отырыстарына қатысады, оның дауыс беру құқығы жоқ.
      Қатысып отырған Комиссия мүшелерінің көпшілігі дауыс берген Комиссия шешімі қабылданған деп саналады. Дауыстардың тең жағдайы кезінде Комиссия Төрағасы дауыс берген шешім қабылданған деп саналады (ол болмаған жағдайда - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комиссия Төрағасының өкілеттігі жүктелген Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитетінің лауазымды тұлғасы).

      6. Комиссия вагондардың қызмет ету мерзімін ұзарту туралы техникалық шешімді (қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған вагондарды қоса, әрбір жүк және рефрижераторлық вагонға) келіседі.

      7. Тағайындалған қызмет ету мерзімін ұзарту үшін қызмет ету мерзімі өтіп кететін немесе өтіп кеткен жүк және рефрижераторлық вагондар тексерілуге жатады.

      8. Қызмет ету мерзімі өтіп кеткен жүк және рефрижераторлық вагондардың техникалық жай-күйін тексеру  жүк вагондарының бар зақымдануларын, тораптары мен бөлшектерінің ақаулықтарын, сондай-ақ жүк вагондары конструкциясының негізгі элементтерінің тозу деңгейін анықтау мақсатында жүргізіледі.

      9. Аяқталған соң жаңа қызмет ету мерзімі белгіленетін жүк және рефрижераторлық вагондарды жөндеу жүк вагондарының күрделі жөндеуі сияқты орындалады және оның "Пайдалы қолдану мерзімін ұзарту жөніндегі күрделі жөндеу" (бұдан әрі - ҰКЖ) деген толық атауы бар.

      10. ҰКЖ-ны орындау құқығын жөндеуші ұйым Кеңес Комиссиясымен келісілген техникалық шарттар (бұдан әрі - ТШ) бойынша ҰКЖ-дан өткен тәжірибелік үлгіні сынаудың оң нәтижелерінен кейін алады.

      11. Вагондардың иелері вагондарды техникалық пайдалану, жүктерді тасымалдау, өз вагондарын пайдалану және нөмірлеп есепке алу талаптарының, жоспарлы жөндеулердің қауіпсіздігі мен техникалық куәландыру көлемдерінің сақталуы және вагондардың қатынауына арналған құжаттарды ресімдеу тәртібі үшін жауапты.

2. Жылжымалы құрамның қызмет ету мерзімін
 ұзарту тәртібі

      12. Жылжымалы құрамның қызмет ету мерзімін ұзарту мынадай тәртіппен белгіленеді:
      1) меншікті вагондар үшін:
      вагон иелері Комиссияға осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысанда вагондардың қызмет ету мерзімін ұзарту жөніндегі жұмыстарды жүргізуге өтінім жібереді;
      Комиссия өтінімді қарайды және оны өтінімде айтылып отырған вагондардың қызмет ету мерзімін ұзарту мүмкіндігін және жөндеудің қажетті түрі мен көлемін анықтау мақсатында техникалық диагностикалау үшін жөндеуші ұйымға жібереді;
      жөндеуші ұйым меншік иесімен шарт жасасқаннан кейін өтінімде айтылған вагондарды тіркелген ұйымдар әзірлеген және Кеңес комиссиясымен келісілген бірыңғай әдістеме бойынша техникалық диагностикалау жөніндегі жұмыстарды толық көлемде өткізеді, ал қауіпті жүктерді тасымалдайтын вагондар үшін әдістемелерді Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келіседі. Осы жұмыстардың нәтижелері бойынша жөндеуші ұйым осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Вагондардың қызмет ету мерзімін ұзарту туралы техникалық шешімді (бұдан әрі - Техникалық шешім) жөндеудің қажетті түрі мен көлемін (ДЖ, КЖ немесе ҰКЖ) көрсете  отырып, 3 данада дайындайды және оны Комиссияда келіседі. Бірінші данасы Комиссияда қалады, ал қалған екі данасы вагондардың иесіне беріледі: біреуі - сақтап қою үшін, екіншісі - жөндеу ұйымына тапсыру үшін;
      жөндеуші ұйым Техникалық шешімді алып және онда көрсетілген жөндеу жұмыстарын орындап, осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша 3 данада акті жасайды және оның бір данасын комиссияға, екіншісін меншік иесіне береді және үшіншісін өзіне қалдырады, одан кейін Келісімдерге қатысушы темір жол әкімшіліктерінің ақпараттық-есептеу орталығына (бұдан әрі - ТЖӘ АЕО) вагондарды жөндеуден шығару туралы 1354 хабарламасының құрамында вагондардың қызмет ету мерзімін ұзарту туралы ақпаратты жібереді. Вагонның қызмет ету мерзімін ұзартуға негіз болған барлық құжаттар (Техникалық шешімнің түпнұсқасы, жөндеу жұмыстарының орындалғандығы туралы акт, ВУ-36 нысанындағы хабарлама және 1354 хабарлама және басқалары) вагонның ұзартылған қызмет ету мерзімі аяқталғанға дейін жөндеуші ұйымда сақталады. Техникалық шешім вагонға тағайындалған жөндеу орындалған және ТЖӘ АЕО-ға 1354 хабарламасы нысанындағы вагонның жөндеуден шығуы туралы ақпарат берілген кезден бастап қана күшінде болады;
      2) мүкәммалдық парк вагондары үшін:
      осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес құжаттарды ресімдеу арқылы вагондарды іріктеу және қызмет ету мерзімін ұзарту үшін оларды жөндеуші ұйымға жіберу тәртібін комиссия белгілейді. Комиссия мүкәммалдық парк вагондарының қызмет ету мерзімін ұзарту жөніндегі жұмыстарды жоспарлық жөндеу түрлерін (КЖ, ДЖ) орындаған соң өткізу туралы шешсе, мерзімін ұзарту осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады;
      жөндеуші ұйым вагонның техникалық жай-күйін техникалық диагностикалауды өткізген соң және ҰКЖ-ны орындаған соң осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Техникалық шешімді 2 данада дайындайды. Техникалық шешімнің бір данасын жөндеуші ұйым өзінде сақтау үшін қалдырады, екіншісін магистралдық желілердің операторына жібереді;
      жөндеуші ұйым ТЖӘ АЕО-ға 1354 хабарламасының құрамында вагондардың жөндеуден шығуы туралы ақпаратты жібереді. Вагонның қызмет ету мерзімін ұзартуға негіз болған барлық құжаттар (Техникалық шешімнің түпнұсқасы), ВУ-36 нысанындағы хабарлама, 1354 хабарлама және басқасы вагонның жаңа қызмет ету мерзімі аяқталғанға дейін жөндеуші ұйымда сақталады;
      мүкәммалдық парк вагондарына жөндеуші ұйым Техникалық шешімнің негізінде вагонның жаңа қызмет ету мерзімін көрсете отырып, ВУ 4М нысанындағы жаңа техникалық паспортын жасайды, ол ТЖӘ АЕО-ға жіберіледі.

      13. Жүк вагондарының қызмет ету мерзімін ұзарту туралы ақпарат вагондардың жөндеуден шығуы туралы 1354 хабарламасының құрамында ТЖӘ АЕО-ға беріледі, жаңғырту алаңында төрт белгіден тұратын құрылымы бойынша код көрсетіледі:
      бірінші белгі - "8" цифры - вагонның қызмет ету мерзімі ұзартылғанын;
      екінші белгі - "0" цифры - темір жол әкімшілігімен келісілген құжаттама (техникалық шарттар) бойынша вагонға күрделі жөндеу жүргізілгенін;
      "1" цифры - жүк вагондарының қызмет ету мерзімін ұзарту құқығы бар ұйымға берілген осы жұмысқа арналған Техникалық шешімге сәйкес вагонға деполық немесе күрделі жөндеу жүргізілгенін;
      үшінші және төртінші белгілер - вагонның қызмет ету мерзімі ұзартылған жылдар санын көрсетеді.

      14. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесінің Қазақстан Республикасының 1.9-99 Стандартына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жөндеуші ұйымдар ҰКЖ циклы бойынша жұмыстарды жүргізген кезде талаптары:
      1) Қазақстан Республикасы экономикасының темір жол саласы қажеттіліктеріне жауап беретін, Қазақстан Республикасының аумағында жүк және рефрижераторлық вагондардың қызмет ету мерзімін ұзарту жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтірмейтін;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына, техникалық регламенттерге, өзге де мемлекеттік және халықаралық стандарттарға өнімнің (жылжымалы құрамның), процестер мен қызметтердің халықтың өмірі мен денсаулығы үшін, азаматтардың және заңды тұлғалардың мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, үйлесімділік, өзара ауыстыру және таңбалау бірыңғайлығы бөлігінде қайшы келмейтін халықаралық стандарттар мен шет елдердің нормативтік құжаттары қолданылуы мүмкін.

      15. Жүк және рефрижераторлық вагондардың жаңа қызмет ету мерзімі тағайындалған кезде аталған жылжымалы құрамның бастапқы құны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қалпына келтіріледі.

Қазақстан Республикасының 
Көлік және коммуникациялар
министрінің 2003 жылғы  
28 шілдедегі N 236-І    
бұйрығымен бекітілген   
Жүк және рефрижераторлық 
вагондардың қызмет ету  
мерзімін ұзарту ережесіне 
1-қосымша        

Жүк вагондарының қызмет ету мерзімін
ұзарту жөнінде жұмыстар жүргізуге өтінім

      ___________________________________________________________
      (вагондар иесі-кәсіпорынның толық атауы, оның деректемелері,
              мекен-жайы, қатынас телефондары мен факсы)
      Мына жүк вагондарының қызмет ету мерзімін ұзарту бойынша жұмыстар жүргізуге рұқсат сұраймын:
___________________________________________________________________
Р/с| Ва.  | Үл.  | Жа.  | Соң. |  Рефриже. | Тасымал.  | Ескерту
   | гон  | гісі | сал. | ғы   | раторлық  | данатын   |
   | нө.  | мен  | ған  | күр. | вагондарды| жүктің    |
   | мірі | мо.  | кү.  | делі |   соңғы   | түрі      |
   |      | делі | ні,  | жөн. |  деполық  |           |
   |      |      | айы, | деу. | жөндеудің |           |
   |      |      | жылы | дің  | айы, жылы |           |
   |      |      |      | айы, |           |           |
   |      |      |      | жылы |           |           |
___________________________________________________________________
 1    2      3      4      5         6           7          8
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

_________________________________  ________________________________
       (вагондардың  иесі)            (вагон депосының директоры)

            М.О.                              М.О.

200_жылғы "______ "__________      200__ жылғы "______ "__________

Қазақстан Республикасының 
Көлік және коммуникациялар
министрінің 2003 жылғы  
28 шілдедегі N 236-І    
бұйрығымен бекітілген   
Жүк және рефрижераторлық 
вагондардың қызмет ету  
мерзімін ұзарту ережесіне 
2-қосымша        

Келісілген                               Бекітемін
Жүк және рефрижераторлық                 Жөндеу ұйымының
вагондардың қызмет ету                   басшысы
мерзімін ұзарту жөніндегі
комиссия төрағасы
              М.О.                               М.О.
200  жылғы "__"_________                 200  жылғы "__"_________

N________ техникалық шешім

_____________________________________________________________
     _________________________________________________ меншігіндегі
        (вагондар иесі - кәсіпорынның толық  атауы)
және ___________________________________________ станцияға тіркелген
   (станцияны, вагон депосын, темір жолды көрсету керек)
___________________________________________________________________
         (орындаушы-мамандандырылған ұйымның толық атауы)
вагондардың қызмет ету мерзімін ұзарту туралы.
      Техникалық жай-күйін тексерудің, техникалық диагностикалаудың және өткізілген сынақтар нәтижелерінің негізінде қажетті жөндеу жұмыстарының түрі мен көлемін тағайындайды және олар орындалғаннан кейін келесі вагондардың (бірлік) қызмет ету мерзімін ұзартады
___________________________________________________________________
Р/с| Ва.  |Вагон | Жа.  |Ұсыны.|Жобалар|Қызмет |Тасымал.|Жөндеу
   | гон  |моделі| сал. |латын |нөмі.  |ету    |данатын |жүргізудің
   | нө.  |      | ған  | жөн. |рі, ТШ,|мерзімі|жүктің  |датасы
   | мірі |      | кү.  |деудің|басшы. | ұзар. |түрі    |
   |      |      | ні,  | түрі |лықтар |тылды  |        |
   |      |      | айы, |  мен |       |(айы,  |        |
   |      |      | жылы | көле.|       |жылы)  |        |
   |      |      |      | мі   |       |       |        |
   |      |      |      |      |       |       |        |
___________________________________________________________________
 1    2      3      4      5      6       7        8         9
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
      Вагондардың ауысымды тораптары: арбашалар, автотіркеме және автотежегіш жабдық жүйелі қаралып отырады және оларды ауыстыру белгіленген тәртіппен жүргізіледі, осы техникалық шешім бойынша ауысымды тораптардың қызмет ету мерзімі ұзартылмайды.
      Техникалық шешім тағайындалған жөндеу орындалған және ТӘ АЕО-ға вагондардың жөндеуден шығуы туралы 1354 нысандағы хабарлама берілген сәттен бастап қана күшінде болады.
      Қосымшалар:
      1. Техникалық жай-күйін тексеру және техникалық диагностикалау туралы есеп.
      2. Сынақтар туралы есеп.
      3. Вагон тағайындалуы бойынша пайдаланылмаған жағдайда дайындаушы зауыттың немесе тиісті тіркелген ұйымның темір жол әкімшілігімен және мемлекеттік қадағалау ұйымымен келісілген негіздемелері қоса беріледі.

Жұмыс жетекшісі
Жауапты орындаушы

Қазақстан Республикасының 
Көлік және коммуникациялар
министрінің 2003 жылғы  
28 шілде N 236-І    
бұйрығымен бекітілген   
Жүк және рефрижераторлық 
вагондардың қызмет ету  
мерзімін ұзарту ережесіне 
3-қосымша        

200__жылғы  "     "________ акт

қызмет ету мерзімін ұзарту мақсатында _____________________________

________________________________ меншігіндегі жүк вагондарын жөндеу
(вагон иесі - кәсіпорынның толық атауы)

және жетілдіру бойынша жұмыстарды жүргізу туралы.
Осы Акт ___________________________________________________________
                   (жұмысты орындаған кәсіпорынның атауы)
200__жылғы " "___ N ___ техникалық шешімге сәйкес мына жұмыстар жүргізілгенділігі жайында жасалды:
___________________________________________________________________
Р/с |  Вагон нөмірі  |  Орындалған жұмыстар  |    Ескерту
___________________________________________________________________
 1           2                   3                    4
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Вагондар техникалық түзу күйде және темір жолдардың жалпы желісінің жолдары бойынша пайдалануға беруге болады.

Вагондардың иесі
_____________________

             М.О.

200__жылғы  " "_____

Жөндеу ұйымындағы                         Жөндеу ұйымының
"ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ                             басшысы
вагон қабылдаушысы

                 М.О.                               М.О.
200  жылғы "__"_________                 200  жылғы "__"_________

Қазақстан Республикасының 
Көлік және коммуникациялар
министрінің 2003 жылғы  
28 шілде N 236-І    
бұйрығымен бекітілген   
Жүк және рефрижераторлық 
вагондардың қызмет ету  
мерзімін ұзарту ережесіне 
4-қосымша        

Бекітемін       
Жүк және рефрижераторлық
вагондардың қызмет ету 
мерзімін ұзарту жөніндегі
комиссия төрағасы   
         М.О.         
200__ жылғы "__"_________

___________________________________________________________
(темір жол ұйымының толық атауы)

келесі жүк вагондарына пайдалы пайдалану мерзімін ұзартып
күрделі жөндеу (КРП) бойынша жұмыстарды жүргізуге рұқсат беру

___________________________________________________________________
Р/с| Ва.  |Вагон | Жа.  |  Соңғы  | Соңғы   | Тасымал. |Ескерту
   | гон  |моделі| сал. | күрделі | деполық | данатын  |
   | нө.  |      | ған  |  жөн.   |   жөн.  | жүктің   |
   | мірі |      | кү.  | деудің  | деудің  | түрі     |
   |      |      | ні,  |  күні,  |  күні,  |          |
   |      |      | айы, |  айы,   |  айы,   |          |
   |      |      | жылы |  жылы   |  жылы   |          |
___________________________________________________________________
 1    2      3      4      5      6       7        8         9
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

                                               Комиссия мүшелері

                                              ___________________

                                              ___________________

                                              ___________________

                                              ___________________

Қазақстан Республикасының 
Көлік және коммуникациялар
министрінің 2003 жылғы  
28 шілде N 236-І    
бұйрығымен бекітілген   
Жүк және рефрижераторлық 
вагондардың қызмет ету  
мерзімін ұзарту ережесіне 
5-қосымша        

Келісілген                                Бекітемін
Жүк және рефрижераторлық                  Жөндеу ұйымының
вагондардың қызмет ету                    басшысы
мерзімін ұзарту жөніндегі
комиссия төрағасы
                 М.О.                               М.О.
200  жылғы "__"_________                 200  жылғы "__"_________

N ________ техникалық шешім

пайдалы қолдану мерзімі ұзартылып күрделі жөндеуден өткен (КРП)
___________________________________________________________________
   (темір жол әкімшілігінің немесе вагондар иесінің толық атауы)
меншігіндегі және _____________________________ станцияға тіркелген
       (станция, вагон депосы, темір жол көрсетілсін)
___________________________________________________________________
    (КРП-ға құқығы бар вагон жөндеу кәсіпорнының толық атауы)
вагондардың қызмет ету мерзімін ұзарту туралы.
      Техникалық жай-күйін тексерудің, техникалық диагностикалаудың және өткізілген сынақтар нәтижелерінің негізінде қажетті жөндеу жұмыстарының көлемін тағайындайды және олар орындалғаннан кейін келесі вагондардың қызмет ету мерзімін ұзартады
___________________________________________________________________
Р/с| Ва.  |Вагон | Жа.  |Ұсыны.|Жобалар|Қызмет |Тасымал.|Жөндеу
   | гон  |моделі| сал. |латын |нөмі.  |ету    |данатын |жүргізудің
   | нө.  |      | ған  | жөн. |рі, ТШ,|мерзімі|жүктің  |датасы
   | мірі |      | кү.  |деудің|басшы. | ұзар. |түрі    |
   |      |      | ні   | түрі |лықтар |тылды  |        |
   |      |      |      |  мен |       |(айы,  |        |
   |      |      |      | көле.|       |жылы)  |        |
   |      |      |      | мі   |       |       |        |
   |      |      |      |      |       |       |        |
___________________________________________________________________
 1    2      3      4      5      6       7        8         9
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
      Техникалық шешім тағайындалған жөндеу орындалған және ТӘ АЕО-ға вагондардың жөндеуден шыққандығы туралы 1354 нысандағы хабарлама берілген сәттен бастап қана күшінде болады.
      Директордың өндіріс жөніндегі орынбасары  ___________________
                                                        М.О.
                                           200__ жылғы "__"________

      Директордың сапа жөніндегі орынбасары     ___________________
                                                        М.О.
                                           200__ жылғы "__"________

      Жөндеу ұйымындағы "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ           ___________________
      вагон-қабылдаушысы                                МО
                                           200__ жылғы "__"________