Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.05.05 № 253 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
Келісілді: Келісілді:
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі Ішкі істер министрі
генерал-полковник
2003 жылғы 09 шілде 2003 жылғы 08 тамыз
Келісілді: Келісілді:
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының ҰҚК
Кедендік бақылау төрағасының орынбасары
агенттігінің төрағасы Шекаралық қызметтің директоры
генерал-лейтенант
2003 жылғы 19 шілде 2003 жылғы 28 шілде
Келісілді:
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу
және бәсекелестікті қорғау
жөніндегі агенттігінің төрағасы
2003 жылғы
"Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларында авиажолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыруға қатысты нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Көлік және коммуникациялар министрінің 2000 жылғы 9 қазандағы N 409-І бұйрығын Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкестікке келтіру мақсатында бұйырамын:
1. "Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларында авиажолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыруға қатысты нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2000 жылғы 9 қазандағы N 409-І бұйрығына (N 1277 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы әуежайларының бизнес-залдарында (CIP) жұмысты ұйымдастыру және қызмет көрсету ережесінде;
4-тармақта "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігімен келісім бойынша әуежай басшыларымен бекітілген" деген сөздер "монополияға қарсы заңнамаға сәйкес бекітілген" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (А.Ә.Мәмбетов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі Н.З.Нығматулинге жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр