Қазақстан Республикасының акционерлiк қоғамдарының жылдық қаржылық есебiн жариялау туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 шілдедегі N 268 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 23 тамызда тіркелді. Тіркеу N 2456

Қолданыстағы

      "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  76-бабының 4-тармағын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
      1. Акционерлiк қоғамдар (жылдық қаржылық есебiн жариялау мерзiмдерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген акционерлiк қоғамдарды қоспағанда) жыл сайын қаржылық есебiн акционерлердiң жылдық жалпы жиналысы бекiткеннен кейiн отыз күнтiзбелiк күн iшiнде оны баспасөз басылымында жариялауға мiндеттi.
      2. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне және халықтық акционерлiк қоғамдарға жiберсiн.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы