Қаржы агенттігі үшін пруденциалдық нормативтер және қаржы агенттігі мәртебесін жоғалту тәртібі туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 25 шілдедегі N 251 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 19 тамызда тіреклді. Тіркеу нөмірі N 2449

Қолданыстағы

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  18-бабының  1-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қаржы агенттіктері үшін мынадай пруденциалдық нормативтер белгіленсін:
      1) меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері - кем дегенде 1 миллиард теңге;
      2) меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті - кем дегенде 0,08.
      2. Меншікті капиталдың мөлшерін, меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициентін есептеу тәртібі осы қаулының 1-қосымшасымен айқындалады деп белгіленсін.
      3. Қаржы агенттіктерінің пруденциалдық нормативтерді сақтауын бақылауды бағалы қағаздар рыногын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
      4. Қаржы агенттігінің пруденциалдық нормативтерді сақтауы мақсатында:
      1) есепті тоқсаннан кейінгі бірінші айдың он бесінен кешіктірмей осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес ресімделген есепті тоқсаннан кейінгі бірінші айдың бірінші күнінің басындағы жағдай бойынша пруденциалдық нормативтерді сақтау туралы мәліметтерді, сондай-ақ бухгалтерлік баланс және пайда мен зиян туралы есеп уәкілетті органға ұсынады;
      2) уәкілетті органға оның жазбаша талап етуі бойынша осындай талап етуді алған күннен кейінгі күннен кешіктірмей өткен жұмыс күнінің немесе уәкілетті органның талап етуінде көрсетілген кез келген өзге өткен күннің басындағы жағдай бойынша пруденциалдық нормативтерді сақтау туралы қағаз тасымалдауыштағы мәліметтерді ұсынады.
      Белгілі бір күнгі жағдай бойынша пруденциалдық нормативтерді сақтау туралы мәліметтер бес жыл бойы қаржы агенттігінде сақталады.
      Осы қаулының талаптарына сәйкес қаржы агенттігі ұсынған құжаттарды қарау кезінде уәкілетті орган пруденциалдық нормативтерді сақтау туралы мәліметтердің шынайылығын тексеру үшін қажетті құжаттарды ұсынуды одан талап етуге құқылы.
      Пруденциалдық нормативтер мәндері белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда қаржы агенттігі сәйкессіздік анықталған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын қоса бере отырып, пруденциалдық нормативтерді сақтамау фактілері мен себептері туралы уәкілетті органға хабарлайды.
      Қаржы агенттігінің өтініші бойынша пруденциалдық нормативтердің мәндерін осы қаулының талаптарына сәйкес келтіру жөнінде оларға берілген жоспар негізінде қаржы агенттігіне құқық бұзушылықтарды жою үшін қырық бес күннен аспайтын мерзім берілуі мүмкін.
      5. Уәкілетті орган қаржы агенттігі мәртебесін ұйымның жоғалтуы туралы шешімді мынадай жағдайлардың бірі басталған фактісі анықталғаннан кейін бір ай ішінде:
      1) қаржы агенттігі қаржы агенттігі ұғымына немесе қаржы агенттігіне Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда;
      2) осы қаулымен белгіленген пруденциалдық нормативтер бір жыл ішінде орындалмаған жағдайда қаржы агенттігі мәртебесін ұйымның жоғалтуы туралы шешім қабылдайтыны белгіленсін.
      6. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының барлық мүдделі бөлімшелеріне, бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушыларға, бағалы қағаздар рыногында депозитарлық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
      8. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының   
Ұлттық Банкі Басқармасының  
"Қаржы агенттігі үшін    
пруденциалдық нормативтер  
және қаржы агенттігі мәртебесін
жоғалту тәртібі туралы"    
2003 жылғы 25 шілдедегі   
№N 251 қаулысына       
1-қосымша           

      1. Меншікті капитал:
      жарғылық капиталдың сомасын (алынып тасталған капиталды шегере отырып), өткен жылдардың таза кірісі, сондай-ақ басқа заңды тұлғалар акцияларына салынған сомаларды (жарғылық капиталда қатысу үлесін) алып тастағанда өткен жылдардың бөлінбеген таза кірістері есебінен қалыптасқан қорлар мен резервтерді білдіреді.
      2. Меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті басқа заңды тұлғалар акцияларына салынған сомаларды (жарғылық капиталда қатысу үлесін) қоспағанда, активтердің, шартты және ықтимал міндеттемелердің сомаларына меншікті капиталдың қатынасы ретінде есептеледі.

Қазақстан Республикасының   
Ұлттық Банкі Басқармасының  
"Қаржы агенттігі үшін    
пруденциалдық нормативтер  
және қаржы агенттігі мәртебесін
жоғалту тәртібі туралы"    
2003 жылғы 25 шілдедегі   
№N 251 қаулысына       
2-қосымша           

200____ "____" ___________
пруденциалдық нормативтерді сақтау туралы мәліметтер

_______________________________________________
(қаржы агенттігінің атауы)

                                                        мың теңге
___________________________________________________________________
Құрамдас бөліктерінің атауы                   | Мәні
___________________________________________________________________
Жарғылық капитал (алынып тасталған капиталды
шегере отырып)

Өткен жылдардың таза кірісі есебінен
қалыптасқан қорлар мен резервтер

Өткен жылдардың бөлінбеген таза кірісі

Басқа заңды тұлғалардың акцияларына салынған
сома (жарғылық капиталда қатысу үлесі)

Меншікті капиталдың жиынтығы

Активтер

Шартты және ықтимал міндеттемелер

Меншікті капитал жеткіліктілігінің коэффициенті
(кем дегенде 0,08)
___________________________________________________________________

      Басшы _______________________   _________ [мөрі]
               (аты-жөні)              (қолы)
      Бас бухгалтер _________________   ___________
                      (аты-жөні)          (қолы)
      Орындаушы _____________________   ____________
                      (аты-жөні)         (телефоны)