Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру барысы туралы есептi жасау және беру жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2003 жылғы 30 шілдедегі N 289 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 15 тамызда тіркелді. Тіркеу N 2448

Қолданыстағы

      "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына  және "Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832 қаулысына  сәйкес бұйырамын:
      1. Қоса берiлiп отырған Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру барысы туралы есептi жасау және беру жөнiндегi нұсқаулық бекiтiлсiн.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледі.

      Министрдiң мiндетiн атқарушы

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрiнiң   
2003 жылғы 30 шілдедегі
N 289 бұйрығымен   
бекiтiлген      

Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру барысы туралы есептi
жасау және беру тәртiбi туралы нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Осы нұсқаулық "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына  және "Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832 қаулысына  сәйкес әзiрлендi және бюджеттiк бағдарламаны iске асыру барысы туралы есептi жасау және беру тәртiбiн анықтайды.

      2. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру барысы туралы есеп бюджеттiк бағдарламаның тиiмдiлiк мониторингiн қамтамасыз ету, iске асырылуын бағалау және бақылау, сондай-ақ бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын бақылау мақсатында жасалады.

      3. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру барысы туралы есеп бюджеттiк бағдарламаның паспортына сәйкес жасалады және оның әкiмшiсi ұсынады.

      4. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру барысы туралы мерзiмдi есеп тоқсан сайын берiледi.

      5. Есептердегi барлық құн көрсеткiштерi мың теңгемен берiлуi тиіс.

2. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру барысы
туралы есептi жасау

      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру барысы туралы есеп қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.

      7. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру барысы туралы есептi жасау кезiнде мыналарды ескерген жөн:
      1) 1-бағанда бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң коды толтырылсын;
      2) 2-бағанда бюджеттiк бағдарламаның коды көрсетiлсiн;
      3) 3-бағанда бюджеттiк кiшi бағдарламаның коды көрсетiлсiн;
      4) 4-бағанда бюджеттiк кiшi бағдарламаның атауы көрсетiлсiн;
      5) 5-бағанда есептi кезеңге жоспарланған iс-шаралар, жұмыстар, қызметтер көрсетiлсiн, бюджеттiк бағдарламаның паспортына сәйкес бюджеттiк бағдарламаның паспортында болған кезде сандық көрсеткiштер көрсетiлсiн;
      6) 6-бағанда төлемдер бойынша бекiтiлген (нақтыланған) бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру жоспарына сәйкес есептi кезеңге жоспарланған сома көрсетiлсiн;
      7) 7-бағанда iс жүзiндегi сандық көрсеткiштерi көрсетiлiп, есептi кезеңде орындалған iс-шаралар, жұмыстар, қызметтер жазылсын;
      8) 8-бағанда бюджеттi атқару туралы есепке сәйкес есептi кезеңде жұмсалған сома (кассалық атқарылу) көрсетiлсiн;
      9) 9-бағанда орындалған iс-шаралар, жұмыстар, қызметтер жоспарланғанға, сондай-ақ жүргiзiлген шығыстар жоспарланғанға сәйкес келмеген жағдайда түсiндiрулер келтiрiлсiн, есептi кезеңге жоспарланған орындалмаған iс-шаралар, жұмыстар, қызметтер, сондай-ақ оларды орындамау себептерi және бюджет қаражатын жете игермеу көрсетiлсiн;
      10) 10-бөлiмде "Қол жеткен нәтижелер" бөлiмiнде есептi кезеңде бюджеттiк бағдарламаның орындалу нәтижелерi көрсетiлсiн. Нәтижелер сандық және сапалық көрсеткiште берiлуi тиiс. Бағдарламаны орындау деңгейiн сипаттайтын көрсеткiштер қол жетiмдi, дұрыс және тексерiлетiн болуы тиiс.

      8. Әкiмшiлiк жүргiзiлетiн бюджеттiк бағдарламаның әрқайсысын iске асыру барысы туралы есепке бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң бiрiншi басшысы және қаржы қызметiнiң басшысы қол қояды.
      Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң бiрiншi басшысы болмаған жағдайда бюджеттiк бағдарламаны iске асыру барысы туралы есептi оған осындай мiндеттердi жүктеу туралы бұйрыққа сәйкес жауапты тұлға қол қояды.

3. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру барысы
туралы есептi беру

      9. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру барысы туралы есептi:
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi;
      тиiстi жергiлiктi уәкiлеттi органға жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бередi.

      10. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру барысы туралы тоқсан сайынғы есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-i күнiнен кешiктiрмей бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бередi. Бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру барысы туралы жылдық есеп бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарына сәйкес есептi жылдан кейiнгi 1 сәуiрден кешiктiрiлмей берiледi.

      11. Тоқсандық және жылдық есептер бойынша деректер қағаз және магниттi түрде берiледi. Қағаз түрiнде көрсетiлген есептi деректер магниттi түрдегi деректерге толық сәйкес келуi тиiс.

Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру 
барысы туралы есепті жасау және беру
жөніндегі нұсқаулыққа қосымша   

Бюджеттік бағдарламаны іске асыру барысы туралы
ЕСЕП

Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi _____________________________
Бюджеттiк бағдарламаның атауы ________________________________
Бюджеттiк бағдарламаның паспорты бекiтiлген нормативтiк құқықтық
акт __________________________________________________________
Бюджеттiк бағдарламаның құны _________________________________
Ағымдағы бюджеттiк, бюджеттiк даму бағдарламасы/инвестициялық
жоба _________________________________________________________
Есептi кезең _________________________________________________

___________________________________________________________________
Әкім.|Бағ.|Кіші|Кіші бағ.|Есепті    |Есепті |Есепті  |Есепті |Ес.
шінің|дар.|бағ.|дарлама. |кезеңге   |кезеңге|кезеңде |кезеңде|керту
коды |ла. |дар.|ның атауы|жоспарлан.|жоспар.|орын.   |жұмсал.|
     |ма. |ла. |         |ған іс-   |ланған |далған  |ған сома
     |ның |ма. |         |шаралар,  |сома,  |іс-шара.|(касса.|
     |коды|ның |         |жұмыстар, |мың    |лар, жұ.|лық ат.|
     |    |коды|         |қызметтер |теңге  |мыстар, |қарылу),
     |    |    |         |          |       |қызмет. |  мың  |
     |    |    |         |          |       |тер     | теңге |
___________________________________________________________________
  1  | 2  | 3  |    4    |     5    |   6   |    7   |   8   |  9
___________________________________________________________________

Қол жеткен нәтижелер _____________________________________

Бюджеттiк бағдарламалар
әкiмшiсiнiң басшысы ___________________  _____________________
                            М.О.         (қолды таратып жазу)

Қаржы қызметiнiң басшысы ______________  _____________________
                                         (қолды таратып жазу)