Қылмыстық туралы статистикалық есеп берушілікті жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Прокуратура туралы»
Заңының
11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қылмыстық қудалау органдарымен қылмыс, оқиғалар туралы өтініштер мен хабарламаларды қарау туралы» N2-3С нысанды статистикалық есеп және оны құру жөніндегі Нұсқау бекітілсін.
2. Құқықтық статистика субъектілері, Бас әскери прокурор, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнінде комитет және оның аумақтық бөлімшелері, Алдын ала тергеу мен анықтаудың заңдылығына қадағалау бойынша департамент, облыс прокурорлары және оларға теңестірілгендер осы бұйрықтың тиісті дәрежеде орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген уақытынан бастап іске енгізіледі.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
Бас Прокурорының міндетін
атқарушы
КЕЛІСІЛГЕН:
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
2003 жылғы 24 маусымда
Қазақстан Республикасының
Әділет министрінің
2003 жылғы 17 шілдеде
Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау
агенттігінің төрағасы
2003 жылғы 4 маусымда
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар жөніндегі
агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрінің
2003 жылғы 26 маусымда
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің төрағасы
2003 жылғы 10 маусымда
Қазақстан Республикасының
Қаржы полициясы
агенттігінің төрағасы
2003 жылғы 21 маусымда
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2003 жылғы 11 тамыздағы
N 48 бұйрығымен
бекітілген
Қылмыстық қудалау органдарымен қылмыс туралы өтініштер мен хабарламаларды қарастыру туралы» N 2-ӨХ тұлғалы
статистикалық есепті құру жөніндегі
НҰСҚАУ
1. Жалпы ережелер
1. Қылмыс туралы өтініштер мен хабарламаларды қарау туралы N 2-ӨХ тұлғалы есеп (бұдан әрі - Есеп) N 1 Қосымша, дайындалып жатқан және жасалған қылмыс туралы өтініштер мен хабарламаларды қарау жөнінде қылмыстық қудалау органы жұмысының нәтиже көрсеткiштерiнiң санын бейнелейдi. Қылмыс түрлерi бойынша хабарламалар мен өтiнiштердiң қылмыстық қудалау органдарына келiп түскен құрылымды сипаттайтын жинақтау мен статистикалық ақпаратты жиелендiру, оларды қарау нәтижесi, мерзiмi және солар бойынша қабылданған шешiмдердiң негiздiлiгiнiң есепке алынуы есепте тұруға тағайындалған.
2. Құқықтық статистиканың субъектілеріне қылмыстық қудалауды іске асыратын мемлекеттік органдар және прокуратура органдары жатады.
3. Есеп, қылмыстық қудалау органының қызметкерімен, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде N 2165 тіркелген «Қылмыстар, оқиғалар жөніндегі арыздарды, хабарламаларды, өтініштерді және басқа да ақпараттарды қабылдау, тіркеу, есепке алу жөніндегі»Нұсқауды бекіту және қолданысқа енгізу туралы 2003 жылдың 10 ақпанындағы N 6 бұйрығымен бекiтiлген (әрi қарай - өтiнiштердi есепке алу Кiтабы) қылмыстар, оқиғалар туралы хабарламалар мен өтiнiштердi есепке алу Кiтабы негiзiнде және тағы басқа есепке алу-тіркеу құжаттарымен құрастырылады.
4. Есепке қылмыстық қудалау органының басшысы мен қадағалаушы прокурордың қолдары қойылады.
Қолдары қойылған есеп әрбiр қылмыстық қудалау субъектiсi бойынша бөлек жинақтық есепті құру үшін құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитет аймақтық басқармасына (бұдан әрі аймақтық басқармалар), ал әскери адамдарға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі әскери басқармасына (бұдан әрі - Әскери басқарма) жолданады.
5. Аймақ бойынша және әр құқықтық статистика субъектісi бойынша жинақтық есеп Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетiне (бұдан әрі - Комитет) жолданады.
Техникалық тапсырмаға сәйкес, есепті құрғанда есептің өз көрсеткіштерімен статистикалық есептің өзге де тұлғалары арасында қисынды арақатыстық сақталуы тиіс.
Әр субъект бойынша араларындағы қисынды арақатыстықты тексеруді қамтамасыз ету үшін жинақтық есеп пен есеп бір уақытта берілу тиіс.
6. Есептің толықтығы мен нақтылығына, есепті құратын құқықтық статистика субъектілерiнің басшылары жауапкершілікте болады.
Аймақтық басқармалардың бастықтары есептіліктің бұрмалаушылығын жоюға бағытталған қажетті шараларды бақылап, қабылдауы тиіс.
Комитетке модем байланысы бойынша есепті берген соң, оны түзету Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен белгіленген тәртіп бойынша жүргізіледі.
Барлық статистикалық есеп Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрықтарымен бекітілген тұлғалардың бланкілерінде құрылады.
7. Есеп осы Нұсқаумен белгіленген мерзімде және толық көлемде таныстырылуы тиіс. Комитетке есепті беру уақыты деп оның модем байланысы арқылы түскен уақыты есептеледі.
8. Есеп тоқсан сайын өсім қорытындысымен құрылады да облыс бойынша Басқармаға мынадай мезгілде беріледі:
1) аудандық, қалалық, облыстық қылмыстық қудалау органдарымен (және оған теңестірілгендермен) аймақтық басқармаларға есеп беру кезеңінен соң кейінгі айдың 4-шi жұлдызына қарай;
2) әскери қылмыстық қудалау органдарының әскери басқармасына есеп беру кезеңінен соң, келесi айдың 4-шi жұлдызына қарай;
3) қылмыстық қудалау органдарының орталық аппараттарымен Комитетке есеп беру кезеңінен соң, келесi айдың 4-шi жұлдызына қарай.
9. Жинақтық есеп пен әрбiр құқықтық статистика субъектісi бойынша есеп аймақтық басқармалар, Комитетке модем байланысы арқылы оны тексеріп, қол қойылған соң - есеп беру кезеңінен кейінгі айдың 8-шi жұлдызына қарай беріледі.
10. Республика бойынша жинақтық есептi Комитет Бас прокурорға - есеп беру кезеңінен соң, кейінгі айдың 14-шi жұлдызына қарай береді.
Есепті өз уақытында бермегені үшін бақылаушы прокурор мен есептi құрастырушылар жауапкершілікте болады.
11. Әр қылмыстық қудалау органы бойынша бірыңғай тұлғалы жеке есеп құрылады, онда 1-25 бағандар мен 1-133 жолдар құқықтық статистиканың барлық субъектiлерiне сай келеді және белгіленген жүйелiлiкпен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптары мен тарауларына сәйкес қылмыстардың түрлерін көрсетеді.
12. Есептілік жылдың басына, өткен жылда тұжырымды процессуалдық шешім қабылданбаған, қылмыс туралы қаралмаған өтініштер мен хабарламалардың саны 1-ші бағанда көрсетіледі.
13. Есеп беру кезеңінде тіркелген қылмыс туралы өтініштер мен хабарламалар саны, соның ішінде басқа органдардан тергеулігі немесе аумақтығы бойынша алынған және тіркелгендер есепке алу кітабының 2-ші бағанында көрсетіледі. Сонымен бірге тергеулігі, соттылығы бойынша материалдарды алған қылмыстық қудалау органы оларды, өтініштерді есепке алу кітабында, реттік нөмірімен бiрге тіркейді.
Бір органға жалғыз бір қылмыс (факт) бойынша бірнеше өтініш пен хабарлама түскен жағдайда, берiлген өтiнiштер мен хабарламалар есепте біреу болып ескеріледі. Қылмыс туралы қайталанған өтініштер мен хабарламаларды алдын ала тергеу және анықтау органдары, оларды тiркегеннен кейiн, өтініштерді есепке алу Кітабында бұрын тіркелген өтінішке қосады.
Есеп беру кезеңіндегі айдың соңғы күнімен есеп беру кезеңі аяқталады. Есепті құратын тұлғалар, өтініштерді есепке алу Кітабында тіркеліп, есепке кірген айдың соңғы күнінен кейiн белгі қойып, қолдарын анық қоюы тиіс.
Өтініштерді есепке алу Кітабында тіркелмей жасырылып қалған, бiрақ кейiннен әшкереленiп, тиісті түрде тіркелген қылмыс туралы өтініштер мен хабарламалары есепке алудан жасырылған жалпы саны 3-ші бағанда көрсетіледі. 4-бағанда, соның ішінде 3-бағаннан, прокуратура органдарымен әшкереленген қылмыс туралы есепке алудан жасырылған өтініштер мен хабарламалар көрсетіледі.
Соның iшiнде жасырылған қылмыс туралы хабарламалар мен өтiнiштер жайында мәлiметтер, есепке алу-тiркеу тәртiбiнде бұзықшылығы әшкерелеген сол қылмыстық қудалау органдары бөлiмшесінің, сондай-ақ прокуратура органдарының (аудандық, облыстық және т. б.) есебiнде ескерiледі.
4-бағанда прокуратура органдары есепті құрастырғанда жоғарыда тұрған прокурорлармен әшкереленген қылмыс туралы өтініштер мен хабарламаларды көрсетуі тиіс.
14. 5-ші бағанда, Қазақстан Республикасының Қылмыстық істерді жүргізу кодексінің 185-бабының 1-бөліміне сәйкес, солар бойынша қылмыстық қудалау органымен шешім қабылданған барлық өтініштер мен хабарламалар көрсетіледі.
15. 6-ші бағанда шешім қабылданған жалпы санының ішінен қозғалған қылмыстық істің саны көрсетіледі. Соның ішінде 7-бағанда 3-бағаннан есепке алудан жасырылған қылмыс туралы өтініштер мен хабарламаларды әшкерелеу бойынша қозғалған қылмыстық істер көрсеткіші бейнеленеді.
16. 8-ші бағанда шешім қабылданған санның ішінен, солар бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тартылған өтініштер мен хабарламалар көрсетіледі. Солардың ішінен 9-ші бағанда материалдары бойынша ақталмайтын негіз бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тартылған өтініштер мен хабарламалар атап көрсетіледі. 10-ші бағанда (соның ішінде 7-ші бағаннан) рақымшылық акті негізінде солар бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тартылған материалдар көрсетіледі.
11-ші бағанда (соның ішінде 6-ші бағаннан) Қазақстан Республикасы Қылмыстық iстердi жүргiзу
кодексi
37-бабының 1-бөлiмiндегi 5-тармақтың негiзiнде жәбірленушінiң күдіктімен немесе айыпкермен татуласқан жағдайындағы, Қазақстан Республикасының Қылмыс
кодексiнiң
67-бабының бiрiншi бөлiмiнде алдын-ала қарастырылған материалдары ескерiледi. 12-ші бағанда Қазақстан Республикасының Қылмыстық iстердi жүргiзу кодексінің
37-бабының
1-бөліміндегі 2-тармағына сәйкес қылмыстық құрамы болмағандықтан, ал 13-ші бағанда - Қазақстан Республикасының Қылмыстық істерді жүргізу кодексінің 37-бабы 1-бөліміндегі 1-тармағына сәйкес қылмыс оқиғасы болмағандықтан, солар бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тартылған қылмыс туралы өтініштер мен хабарламалар көрсетіледі.
17. 14-ші бағанда Қазақстан Республикасының Қылмыстық істерді жүргізу
кодексінің
185-бабының 1-бөліміндегi 3-тармағына сәйкес тергеулігі бойынша жіберілген өтініштер мен хабарламалардың саны көрсетіледі. Соттылығы бойынша берілген материалдар 15-ші бағанда көрсетіледі.
Қылмыстық қудалау органының бiр ғана бөлімшесінің бір қызметкерінен екіншісіне немесе iшкiведомстволық бір бөлімшеден екіншісіне берілген өтініштер мен хабарламалар бұл бағанда көрсетілмейді.
Тергеулігі бойынша жіберілген қылмыс туралы өтініштер мен хабарламаларды қабылдаған орган тіркеуі тиіс. Оны қабылдап алған және сол бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық істерді жүргізу
кодексі
185-бабының 1-бөліміндегі 1, 2-тармақтарында берiлген тәртібімен шешім қабылдаған органның қарау мерзімі, оған келіп түскен сәтінен бастап есептеледі.
Тергеу және анықтау органдарымен соттылығы бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық істерді жүргізу кодексі 185-бабының 1-бөліміндегі 3-тармағының тәртібімен қылмыс туралы өтініштер мен хабарламаларды жіберу, Қазақстан Республикасының Қылмыстық істерді жүргізу
кодексінің
390-бабының талаптарына сәйкес жүргізілу тиіс.
18. Қылмыс туралы өтініштер мен хабарламалардың қаралу мерзімі туралы мәліметтер 16-19-шы бағандарда көрсетіледі. 16-ші бағанда 3 тәуліктiк мерзiмнен, 17-ші бағанда - 3 тәуліктен 10 тәулікке дейін, 18-10 тәуліктен 1 айға дейін, 19-1 айдан аса мерзiмнен кешіктірілмей шешім қабылданған өтініштер мен хабарламалар көрсетіледі.
Егер ақпаратты есепке алу Журналындағы (Бас Прокурордың 2003 жылғы 10 ақпандағы N 6
бұйрығымен
бекiтiлген) өтініштерді есепке алу Кітабында қылмыс туралы хабарламалар мен өтiнiштер уақытында қайта тiркелмесе, онда оны қарастыру мерзiмi Қазақстан Республикасы Қылмыстық iстердi жүргiзу
кодексінің
184 бабына сәйкес қайта тiркеу мерзiмiнiң бiту уақытымен саналады.
19. 20-ші бағанда Қазақстан Республикасы Қылмыстық істерді жүргізу
кодексінің
190-бабындағы 2-тармақшасының тәртібімен қылмыстық іс қозғаудан бас тартылған қаулыны прокурордың бұзуына байланысты қозғалған қылмыстық істің саны көрсетіледі. Осы бағанда өткен жылдардағы қылмыстық іс қозғаудан бас тартылған материалдар бойынша прокурордың қабылданған шешімi ескерілмейді.
Қозғалған қылмыстық істің саны, қалалық немесе аудандық прокуратураның қадағалаулық іс жүргізуіне қосылған қылмыстық іс қозғауды және қылмыстық iс қозғаудан бас тартылған қаулыларды бұзу туралы прокурор қаулыларының көшірмелерімен салыстырылуы тиіс.
20. 21-бағанда 20-бағаннан осы қылмыстық қудалау органының бастамасы бойынша қылмыстық іс қозғаумен прокурордың қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулыларды бұзған саны көрінеді.
22-бағанда Қазақстан Республикасы Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнiң 190-бабы 1-тармақшасының тәртiбiмен қосымша тексерудің іс жүргізуіне арналған материалдарды жiберген прокурордың қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы қаулыларды бұзған саны көрсетiледi. Соның iшiнде өткен жылдардағы қылмыстық iс қозғаудан бас тартылған материалдар бойынша прокурордың қабылдаған шешiмдерi ескерiлмейдi. 23-бағанда 22-бағаннан қылмыстық қудалау органдарының бастамасы бойынша қосымша тексеруге жіберілген материалдармен прокурордың қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулыларын бұзған саны ескеріледі.
21. 24-бағанда өтініштерді есепке алу Кітабында бұрын тіркелуiне қатыстырылған өтініштер мен хабарламалар көрсетіледі. Сонымен қатар қатыстырылған өтініштер мен хабарламалардың тiркелуi және солар бойынша іс жүргізу шешімдерінiң қабылдануы есепке кiрмейдi.
22. 25-бағанда есептік кезеңде ақырғы іс жүргізу шешімі қабылданбаған өтініштер мен хабарламалар көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2003 жылғы 11 тамыздағы
N 48 бұйрығымен бекітілген
"Қылмыстық қудалау органдарымен
қылмыс жөнінде өтініштер мен
хабарламаларды қарастыру туралы"
N№2-ӨХ тұлғалы статистикалық
есепті құру жөніндегі Нұсқауға
N 1 қосымша
N 2-ӨХ нысан "Қылмыстық қудалау органымен қылмыс туралы өтініштер мен хабарламаларды қарау туралы"
Қалалық және аудандық
прокурорларымен ҚСжАЕАБ-на
есеп беру кезеңнен кейінгі
айдың 4-не, ҚР БП ҚСжАЕАК-не
есеп беру кезеңнен кейінгі
айдың 8-не қарай берілсін
(таблицаның жалғасы бар)
____________________________________________________________________
ҚР | | | Жыл |Есеп. |есепке|соның | ҚР
ҚК-нің | | |басына|тілік |алудан|ішінде |ҚІЖК-
тарау. | | |қарал.|кезең.| жасы.|3 ба. | нің
лары | ҚР ҚК бабы | | май | де |рылған|ғаннан |185-
| | |қалған|қылмыс| өті. |проку. |б.
| | | өті. |туралы|ніштер|рорлар.|1-б.
| | |ніштер| тір. | мен | мен |тәр.
| | | мен |келген|хабар.|есепке |тібі.
| | |хабар.| өті. |лама. |алудан |мен
| | |лама. |ніштер|лардың| жасы. |қа.
| | | лар | мен |анық. |рылған |бал.
| | |қалды.|хабар.|талған|өтініш.|дан.
| | | ғы |лама. | саны |тер мен|ған
| | | | лар | | хабар.|шешім
| | | | саны | |ламалар|
| | | | | | анық. |
| | | | | |талған |
____________________________________________________________________
А Б В 1 2 3 4 5
____________________________________________________________________
1 Тарау Адам өлтіру (96-бап) 1
Денсаулыққа қасақана
ауыр зиян келтіру
(103-бап) 2
Денсаулыққа қасақана
орташа ауырлықтағы
зиян келтіру
(104-бап) 3
Ұрып-соғу (106-бап) 4
Зорлау (120-бап) 5
Жеке адамға қарсы
өзге де қылмыстар 6
2 Тарау Кәмелетке толмаған
адамды қылмыстық
іске тарту (131-бап) 7
Кәмелетке толмаған.
дарды саудаға салу
(133-бап) 8
Балаларын немесе
еңбекке жарамсыз
ата-анасын асырауға
арналған қаражатты
төлеуден әдейі
жалтару (136-бап) 9
Отбасына және
кәмелетке толмаған.
дарға қарсы өзге
де қылмыстар 10
3 Тарау Тұрғын үйге қол
суғылмаушылықты
бұзу(145-бап) 11
Адамның және
азаматтың
конституциялық
құқықтары мен
бостандықтарына
қарсы өзге де
қылмыстар 12
4 Тарау Басқыншылық соғысты
тұтандыруға насихат
жүргізу және жария
түрде шақыру
(157-бап) 13
Жаппай қырып-жою
қаруын өндіру
немесе тарату
(158-бап) 14
Әлеуметтік, ұлттық,
рулық, нәсілдік
немесе діни
арыздықты қоздыру
(164-бап) 15
Бейбітшілік пен
адамзат қауіпсіз.
дігіне қарсы
қылмыстар 16
5 Тарау Шпионаж (166-бап) 17
Қазақстан
Республикасының
конституциялық
құрылысын күштеп
құлатуға немесе
өзгертуге не оның
аумақтық тұтастығын
күштеп бұзуға
шақыру (170-бап) 18
Диверсия (171-бап) 19
Жұмылдыруға шақыру.
дан жалтару (174-бап) 20
Мемлекеттің
конституциялық
құрылысына және
қауіпсіздігіне
қарсы қылмыстар 21
6 Тарау Ұрлық (175-бап) 22
Сеніп тапсырылған
бөтен мүлікті
иеленіп алу немесе
ысырап ету (176-бап) 23
Алаяқтық (177-бап) 24
соның ішінде қызмет
бабын пайдалану
жолымен (177-б.,
2-б., "в"-т.) 25
Тонау (178-бап) 26
Қарақшылық (179-бап) 27
Қорқытып алушылық
(181-бап) 28
Алдау немесе сенімге
қиянат жасау жолымен
мүліктік залал
келтіру (182-бап) 29
Көрінеу қылмыстық
жолымен табылған
мүлікті сатып алу
немесе сату (183-бап) 30
Автомобильді немесе
өзге де көлік
құралдарын ұрлау
мақсатынсыз заңсыз
иелену (185-бап ) 31
Бөтен адамның
мүлкін қасақана жою
немесе бүлдіру
(187-бап) 32
Бөтен адамның мүлкін
абайсызда жою немесе
бүлдіру (188-бап) 33
Меншікке қарсы өзге
де қылмыстар 34
7 Тарау Заңды кәсіпкерлік
қызметке кедергі
жасау (189-бап) 35
Заңсыз кәсіпкерлік
(190-бап) 36
Заңсыз банктік
қызмет (191-бап) 37
Жалған кәсіпкерлік
(192) 38
Заңсыз жолмен
алынған ақша
қаражатын немесе
өзге мүлікті
заңдастыру (193-бап) 39
Несиені заңсыз алу
және мақсатсыз
пайдалану (194-бап) 40
Тауарлық белгіні
заңсыз пайдалану
(199-бап) 41
Жалған ақша немесе
бағалы қағаздар
жасау немесе сату
(206-бап) 42
Акциздік алым
маркаларын қолдап
жасау және
пайдалану (208-бап) 43
Экономикалық
контрабанда
(209-бап) 44
Кеден төлемдері
мен алымдарын
төлеуден жалтару
(214-бап) 45
Бухгалтерлік есеп
ережелерін бұзу
(218-бап) 46
Азаматтың салық
төлеуден жалтаруы
(221-бап) 47
Ұйымдарға салынатын
салықты төлеуден
жалтару (222-бап) 48
Тұтынушыларды
алдау (223-бап) 49
Заңсыз сыйақы алу
(224-бап) 50
Экономикалық қызмет
саласындағы өзге де
қылмыстар 51
8 Тарау Коммерциялық және
өзге ұйымдардағы
қызмет мүдделеріне
қарсы қылмыстар 52
9 Тарау Терроризм (233-бап) 53
Ұйымдасқан қылмыстық
топты немесе
қылмыстық қауымдас.
тықты (қылмыстық
ұйымды) құру және
оны басқару,
қылмыстық қоғамдас.
тыққа қатысу
(235-бап) 54
Бандитизм (237-бап) 55
Әуе немесе су
көлігін не жылжымалы
темір жол составын
айдап әкету, сол
сияқты қолға түсіру
(239-бап) 56
Терроризм актісі
туралы көрінеу
жалған хабарлау
(242-бап) 57
Радиактивті
материалдарды ұрлау
немесе қорқытып алу
(248-бап) 58
Айналыстан алынған
заттардың немесе
айналысы шектелген
заттардың
контрабандасы
(250-бап) 59
Қаруды, оқ-дәрі.
ні, жарылғыш
заттарды және жару
құрылғыларын заңсыз
сатып алу, беру,
өткізу, сақтау,
тасымалдау немесе
алып жүру (251-бап) 60
Қаруды, оқ-дәріні,
жарылғыш заттар мен
жару құрылғыларын
ұрлау не қорқытып
алу (255-бап) 61
Өрт қауіпсіздігі
ережелерін бұзу
(256-бап) 62
Бұзықылық (257-бап) 63
Қоғамдық қауіпсіз.
дікке және қоғамдық
тәртіпке қарсы
қылмыстар 64
10 Тарау Есірткі заттарды
немесе жүйкеге әсер
ететін заттарды
заңсыз дайындау,
сатып алу, сақтау,
тасымалдау, жөнелту
немесе сату
(259-бап) 66
Есірткі заттарды
немесе жүйкеге әсер
ететін заттарды
ұрлау не қорқытып
алу (260-бап) 67
Есірткі заттарды
немесе жүйкеге әсер
ететін заттарды
тұтыну үшін
притондарды
ұйымдастыру немесе
ұстау (264-бап) 68
Санитарлық-
эпидемиологиялық
ережелерді бұзу
(267-бап) 69
Халықтың
денсаулығына және
адамгершілікке
қарсы қылмыстар 70
11 Тарау Шаруашылық және
өзге де қызметке
қойылатын экология.
лық талаптардың
бұзылуы (277-бап) 71
Ықтимал экологиялық
қауіпті химиялық,
радиоактивті және
биологиялық заттарды
өндіру мен пайдалану
кезінде экологиялық
талаптардың бұзылуы
(278-бап) 72
Микробиологиялық
немесе басқа
биологиялық
агенттермен немесе
улы заттармен
жұмыс істеу
кезінде қауіпсіздік
ережелерінің
бұзылуы (279-бап) 73
Ветеринарлық
ережелерді және
өсімдіктердің
аурулары мен
зиянкестеріне
қарсы күресу үшін
белгіленген
ережелердің
бұзылуы (280-бап) 74
Суларды ластау,
бітеу және сарқу
(281-бап) 75
Атмосфераны ластау
(282-бап) 76
Теңіз аясын ластау
(283-бап) 77
Қазақстан
Республикасының
құрылықтық шельфі
туралы және
Қазақстан
Республикасының
айрықша экономика.
лық аймағы туралы
заңдардың бұзылуы
(284-бап) 78
Жерді бүлдіру
(285-бап) 79
Жер қойнауын қорғау
және пайдалану
ережелерін бұзу
(286-бап) 80
Су жануарлары мен
өсімдіктерін
заңсыз алу (287-бап) 81
Заңсыз аңшылық
(288-бап) 82
Жануарлар дүниесін
қорғау ережелерін
бұзу (289-бап) 83
Жануарлар мен
өсімдіктердің сирек
кездесетін және
құрып кету қауіпі
төнген түрлерімен
заңсыз іс-әрекеттер
(290-бап) 84
Ағаштар мен
бұталарды заңсыз
кесу (291-бап) 85
Ормандарды жою
немесе зақымдау
(292-бап) 86
Ерекше қорғалатын
табиғи аумақтар
режимінің бұзылуы
(293-бап) 87
Экологиялық ластау
зардаптарын жою
жөнінде шара
қолданбау (294-бап) 88
Өзге де экологиялық
қылмыстар 89
12 Тарау Көлік құралдарын
жүргізуші адамдар.
дың жол қозғалысы
және көлік құрал.
дарын пайдалану
ережелерін бұзуы
(296-бап) 90
Көлік құралдарын
немесе қатынас
жолдарын қасақана
жарамсыздыққа
келтіру (299-бап) 91
Көліктің қауіпсіз
жұмыс істеуін
қамтамасыз ететін
ережелерді бұзу
(300-бап) 92
Ұшудың халықаралық
ережелерін бұзу
(306-бап) 93
Өзге де көліктегі
қылмыстар 94
13 Тарау Қызмет өкілеттігін
теріс пайдалану
(307-бап) 95
Билікті немесе
қызметтік өкілет.
тікті асыра
пайдалану (308-бап) 96
Пара алу (311-бап) 97
Пара беру (312-бап) 98
Парақорлыққа
делдал болу
(313-бап) 99
Қызметтегі әрекет.
сіздік (315-бап) 100
Салақтық (316-бап) 101
Мемлекеттік қызмет
мүдделеріне қарсы
өзге де қылмыстар 102
14 Тарау Үкімет өкілін
қорлау (320-бап) 103
Үкімет өкіліне
қатысты күш қолдану
(321-бап) 104
Прокурорлардың
қызметіне кедергі
жасау және оның
заңды талаптарын
орындамау (321-1-бап) 105
Қазақстан
Республикасының
күзетілетін
Мемлекеттік
шекарасынан әдейі
заңсыз өту (330-бап) 106
Шығарып жіберу
туралы шешімді
орындамау (330-1-бап) 107
Заңсыз көші -
қонды ұйымдастыру
(330-2-бап) 108
Қазақстан
Республикасында
шетелдік жұмыс
күшін тарту және
пайдалану
ережелерін бірнеше
рет бұзу (330-3-бап) 109
Қазақстан
Республикасының
Мемлекеттік
шекарасын құқыққа
қарсы өзгерту
(331-бап) 110
Жиналыстарды,
митингілерді,
пикеттерді, көше
шерулерін және
демонстрацияларды
ұйымдастыру мен
өткізу тәртібін
бұзу (334-бап) 111
Басқару тәртібіне
қарсы өзге де
қылмыстар 112
15 Тарау Сот төрелігін
жүзеге асыруға және
алдын ала тергеу
жүргізуге кедергі
жасау (339-бап) 113
Сотты құрметтемеу
(342-бап) 114
Жауап беруге
мәжбүр ету (347-бап) 115
Азаптар (347-1-бап) 116
Бас бостандығынан
айыру орнынан,
тұтқындаудан немесе
қамаудан қашу
(358-бап) 117
Бас бостандығынан
айыру түріндегі
жазасыз өтеуден
жалтару (359-бап) 118
Қылмыстық-атқару
мекемесі әкімшілі.
гінің талаптарына
қасақана бағынбау
(360-бап) 119
Сот үкімін, сот
шешімін немесе өзге
де сот актісін
орындамау (362-бап) 120
Сот төрелігіне және
жазалардың орындалу
тәртібіне қарсы
өзге де қылмыстар 121
16 Тарау Бір-бірінің
арасында бағынышты.
лық қатынастары
болмаған кезде
әскери қызметшілер.
дің арасындағы
өзара қарым-
қатынастардың
жарғылық ережелерін
бұзу (370-бап) 122
Бөлімді немесе
қызмет орнын өз
бетімен тастап кету
(372-бап) 123
Қашқындық (373-бап) 124
Қарауыл (вахта)
қызметін атқарудың
жарғылық ережелерін
бұзу (377-бап) 125
Ішкі қызмет атқару.
дың және гарнизонда
патруль болудың
жарғылық ережелерін
бұзу (378-бап) 126
Билікті теріс
пайдалану, биліктің
асыра қолданылуы
немесе әрекетсіздігі
(380-бап) 127
Қызметке селқос
қарау (381-бап) 128
Әскери мүлікті
қасақана құрту
немесе бүлдіру
(387-бап) 129
Айналадағыларға
қауіп туғызатын
қару-жарақты,
сондай-ақ заттар
мен нәрселерді ұстау
ережелерін бұзу
(390-бап) 130
Машиналарды жүргізу
немесе пайдалану
ережелерін бұзу
(391-бап) 131
Өзге де әскери
қылмыстар 132
БАРЛЫҒЫ: 133
____________________________________________________________________
Есеп ____данада құрылған
200_жыл "__"_______ N№__ Облыс прокуроры Қылмыстық қудалау
органының бастығы
(таблицаның жалғасы)
____________________________________________________________________
| | қабылданған шешім санының ішінен
| |_____________________________________________________
қылмыс.|cоның | қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы| есепке алу.
тық іс |ішінде|________________________________________|дан шығарып
қозғау |3 ба. |бар.|ақтал.|соның |(соның | ҚР | ҚР | өтінішті
туралы |ғаннан|лығы|майтын|ішінде|ішінде |ҚІЖК- |ҚІЖК- |беру туралы
| қыл. | |негіз.| ҚР | 7-ба. | нің | нің | (ҚІЖК-нің
|мыстық| | дері | ҚЖК- |ғаннан)|37-б. |37-б. | 185-б.,
| іс | |бойын.| нің |жәбір. | 1-б. | 1-б. |1-б., 3-т.)
| қоз. | | ша |37-б. |ленуші.| 1-т. | 1-т. |____________
|ғалған| | | 1-б. | нің |бойын.|қылмыс|тер. |сотты.
| | | | 3-т. |күдік. | ша | оқи. |геу. |лығы
| | | | |тімен |құрамы| ғасы |лігі |бойын.
| | | | |немесе |болма.|болма.|бой. | ша
| | | | | айып. | ған. | ған. |ынша |
| | | | |кермен |дықтан|дықтан| |
| | | | |татула.| | | |
| | | | | суы | | | |
| | | | |бойынша| | | |
____________________________________________________________________
6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
____________________________________________________________________
(таблицаның жалғасы)
____________________________________________________________________
қылмыс туралы |Прокурор |соның |Прокурор| соның |бір |есеп
өтініштер мен |қылмыстық |ішінде | қылмыс.|ішінде |факт |беру
хабарламаларды |іс қозғау.|20-ба. | тық іс |22-ба. |бой. |ке.
қарау мерзімі | дан бас |ғаннан | қозғау.|ғаннан |ынша |зең.
____________________| тарту |қылмыс.| дан бас|қылмыс.|бұрын|нің
3 | 3 | 10 | 1 | туралы | тық | тарту | тық |ОЕАК-|со.
тәу.| тәу.| тәу.|ай.|қаулыны |қудалау| туралы |қудалау|нда |ңында
лік.| лік | лік.|дан| бұзып, | орган.|қаулыны |орган. |тір. |қал.
тен | тен |тен |ас.|қылмыстық |дарының| бұзып,|дарының|кел. |ғаны
жәй | 10 | 1 |там|іс қозғады| баста.| матери.| баста.|ген |
емес| тәу.|айға | | | масы |алдарды | масы |өті. |
|лікке|дейін| | |бойынша| қосымша|бойынша|ніш. |
|дейін| | | | | тексе. | |ке |
| | | | | | руге | |қо. |
| | | | | |жіберді | |сыл. |
| | | | | | | |ғаны |
____________________________________________________________________
16 17 18 19 20 21 22 23 24 25
____________________________________________________________________