Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2113 тіркелген "Шарттар жасасуды талап ететін шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 620 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2003 жылғы 11 тамыздағы N 306 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 13 тамызда тіркелді. Тіркеу N 2440

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта қорына, Халықаралық Қайта құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 264 Заңына  сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      "Шарттар жасасуды талап ететін шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 620 бұйрығына  (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2113 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2003 ж., N 7, 799-құжат, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2003 жылғы 1 наурыздағы N 86  - N 2212 тіркелген, 2003 жылғы 18 маусымдағы N 236 бұйрықтарымен  өзгерістер енгізілген - N 2398 тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шарттар жасауды талап ететін шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстар тізбесінде
      149 ерекшелігі бойынша:
      "Ескерту" бағанында "және" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта қорына, Халықаралық Қайта құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөнiндегi Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 264 Заңына  сәйкес Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталықтың шығыстарын төлеген кезде" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр