"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабын орындау үшін, сондай-ақ бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушыларға арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2186 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2003 жылғы 7-20 сәуірде жарияланған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы" 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 1 қаулысында 2-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын.
3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушыларға жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.F.Сәйденовке жүктелсін.
5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
"Бағалы қағаздармен сауда-
саттық ұйымдастырушыларға
арналған пруденциалдық
нормативтер туралы ережені
бекіту туралы және
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігінде
N 2186 тіркелген
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
"Банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдардың жарғылық капиталының
ең аз мөлшері туралы"
2003 жылғы 17 қаңтардағы
N 1 қаулысына өзгеріс
енгізу туралы"
2003 жылғы 04 шілдедегі
N 214 қаулысымен бекітілген
Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушыларға
арналған пруденциалдық нормативтер туралы
ереже
Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушыларға арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереже "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабын орындау үшін әзірленді және бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың сақтауы үшін міндетті пруденциалдық нормативтерді белгілейді.
1-тарау. Пруденциалдық нормативтер
1. Сауда-саттық ұйымдастырушының жарғылық капиталының ең аз мөлшері тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының республикалық бюджеті туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде 90 000 есе мөлшерінде болуға тиіс.
2. Сауда-саттық ұйымдастырушының меншік капиталының ең аз мөлшері тиісті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының республикалық бюджеті туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде 90 000 есе мөлшерінде болуға тиіс.
3. Сауда-саттық ұйымдастырушының меншік капиталының жеткіліктілік коэффициенті 0,5-тен кем болмауға тиіс.
4. Сауда-саттық ұйымдастырушының меншік капиталының жеткіліктілік коэффициенті сауда-саттық ұйымдастырушының меншік капиталы құнының өз активтері құнына қатынасы ретінде мынадай формула бойынша есептеледі:
К1 = CК/А, мұндағы
К1 - сауда-саттық ұйымдастырушының меншік капиталының жеткіліктілік коэффициенті;CК - сауда-саттық ұйымдастырушының осы Ереженің 5-тармағына сәйкес есептелген меншік капиталының құны;
А - сауда-саттық ұйымдастырушының барлық активтерінің құны.
5. Сауда-саттық ұйымдастырушының меншік капиталы оның бухгалтерлік балансы негізінде активтердің жиынтық құны мен міндеттемелердің жиынтық құны арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі. Сонымен бірге сауда-саттық ұйымдастырушы активтерінің жиынтық құнынан:
4) сауда-саттық ұйымдастырушы айқындаған (листингтік) талаптарына сәйкес келетін бағалы қағаздарға инвестициялардың құны мен сауда-саттық ұйымдастырушы қолданатын бағалы қағаздарды бағалау әдістемесіне сәйкес айқындалған осы бағалы қағаздардың рыноктық құны арасындағы айырмашылық;
5) сауда-саттық ұйымдастырушы айқындаған (листингтік) талаптарға сәйкес келмейтін, не көрсетілген талаптарға сәйкес келетін, алайда сауда-саттық ұйымдастырушы қолданатын бағалы қағаздарды бағалау әдістемесіне сәйкес бағалау мүмкін емес бағалы қағаздарға инвестициялардың құны шегеріледі.
2-тарау. Пруденциалдық нормативтерді сақтау
6. Сауда-саттық ұйымдастырушы пруденциалдық нормативтерді сақтауы мақсатында:
1) әрбір жұмыс күні осы күннің бас кезіндегі жағдай бойынша пруденциалдық нормативтерді есептейді. Әр айдың бірінші жұмыс күні жазбаша түрде ресімделген көрсетілген есепке:
сауда-саттық ұйымдастырушының бірінші басшысы және бас бухгалтері немесе олардың орнындағы адамдар қол қоюға;
2) тоқсан сайын, есептік тоқсаннан кейінгі айдың отызынан кешіктірмей бағалы қағаздар рыногында қалыптасқан қатынастарды мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) есептік тоқсаннан кейінгі айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша осы Ереженің 1-5 тармақтарына сәйкес есептелген пруденциалдық нормативтердің сақталуы туралы мәліметтерді қағаз жазбада ұсынады;
3) уәкілетті органға оның жазбаша талабы бойынша осы талапты алғаннан кейін келесі күннен кешіктірмей уәкілетті органның талабында көрсетілген күннен бұрынғы күннің немесе кез келген өзге бұрынғы күннің бас кезіндегі жағдай бойынша пруденциалдық нормативтердің сақталуы туралы мәліметтерді қағаз жазбада ұсынады.
7. Сауда-саттық ұйымдастырушы белгілі бір күнгі жағдай бойынша пруденциалдық нормативтердің сақталуы туралы мәліметтерді бес жыл бойы сақтауға тиіс.
8. Пруденциалдық нормативтердің талаптары осы Ереженің 1-5 тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, сауда-саттық ұйымдастырушы сәйкес келмеушілік анықталған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға пруденциалдық нормативтердің сақталмау фактісі мен себептері туралы хабарлай отырып, оларды жою жөніндегі іс-шаралардың жоспарын қоса береді.