Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының - Қазақстан Республикасының еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құратын, иеленуші Қазақстан Республикасының резиденті еместердің құрылтайшылары немесе акционерлері болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалардың рейтингіне қойылатын талаптарды және осы рейтингті беретін Рейтинг агенттіктерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 222 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 30 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2417. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 55 қаулысымен.

Күшін жойған

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 55  қаулысымен .
______________________________

      Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  17-бабының 5, 6-тармақтарына, 18-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  36-бабының  1-1-тармағына,  52-бабының  1-2-тармағына және "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  32-бабының  4-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасының резиденттері емес мынадай заңды тұлғаларының осы қаулының 2-тармағында белгіленген рейтинг агенттіктерінің бірі берген, Қазақстан Республикасына берілген тәуелсіз рейтингтен (немесе оған сай келетін рейтингтен) төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі болуы тиіс деп белгіленсін:
      заңды тұлғалар, оған қоса банктің - Қазақстан Республикасының резиденттері акцияларының он және одан да көп процентін сатып алушы (иеленуші) банктер;
      Қазақстан Республикасында еншілес банктерін құрған (иеленуші) банктер;
      зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның құрылтайшылары мен акционерлері;
      ашық жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлері;
      Қазақстан Республикасында еншілес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құратын (иеленуші) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары.
      Осы тармақтың талаптары мынадай барлық талаптарға сәйкес келетін жағдайларға қолданылмайды:
      Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган мен басқа мемлекеттің екінші деңгейдегі банктерінің, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органдары арасындағы ақпаратпен алмасуды көздейтін келісімнің болуы;
      басқа мемлекеттің екінші деңгейдегі банктерінде, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарында, жинақтаушы зейнетақы қорларында, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында "ВВ-"-ден төмен емес ұзақ рейтингінің болуы және олар орналасқан елдің "ВВ-"-ден төмен емес тәуелсіз рейтингінің немесе осы қаулының 2-тармағында көрсетілген рейтинг агенттіктерінің біреуі тағайындаған дәл сол деңгейдегі рейтингтерінің болуы.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304   қаулысымен 2005 жылғы 26 наурыздағы N 103   қаулысымен .

      2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғаларға - Қазақстан Республикасының резиденті еместерге, оффшорлық аймақтарда тіркелген немесе оффшорлық аймақтарда тіркелген аффилиирленген тұлғалары бар, Қазақстан Республикасы резидент-банкінің тікелей немесе жанама құрылтайшылары немесе акционерлері болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес банктерге рейтингтер беретін рейтинг агенттіктерінің мынадай тізбесі бекітілсін:
      1) "Moody's Іnvestors Servісe";
      2) "Standard & Poors";
      3) "Fіtch";
      4) "Capіtal Intellіgence".
       Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 103   қаулысымен .

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалардың, сонымен бірге Қазақстан Республикасының резидент банкінің, Қазақстан Республикасында еншілес банкін ашатын (еншілес банкі бар) Қазақстан Республикасының резиденті емес банктер акцияларының он процентін және одан да көп процентін сатып ала алатын банктердің ең аз талап қойылатын рейтингін және осындай рейтингті, сондай-ақ оффшорлық аймақтарда тіркелген немесе резидент банктердің тікелей немесе жанама құрылтайшылары немесе акционерлері болып табылатын оффшорлық аймақтарда тіркелген қосылма тұлғалары бар резидент емес банктердің рейтингін белгілейтін рейтинг агенттіктерінің тізбесін бекіту туралы" 2001 жылғы 16 сәуірдегі N 96  қаулысының  (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1508 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2001 жылғы 21 мамыр-3 маусымда N 11 (208) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. <*>
       Ескерту: 4-тармаққа алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 103   қаулысымен .

      5. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарына, ашық жинақтаушы зейнетақы қорларына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

      7. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы