Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде N 1347 тіркелген "Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдiктерiнiң, консулдық мекемелерiнiң және өкiлеттi өкiлдiктерiнiң Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерiне қатысты құжаттарды ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулығын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2000 жылғы 21 қарашадағы N 263 бұйрығына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2003 жылғы 17 шілдедегі N 08-1/90 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 18 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2407. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрінің 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 08-1-1-1/13 бұйрығымен.

Күшін жойған

      Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрінің 2011.01.19 № 08-1-1-1/13 (мемлекеттiк тiркелу күнiнен бастап күшiне енедi) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес келтіру мақсатында бұйырамын:
      1. "Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдiктерiнiң, консулдық мекемелерiнiң және өкiлеттi өкiлдiктерiнiң Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерiне қатысты құжаттарды ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулығын бекiту туралы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 30 желтоқсанда N 1347 тіркелген, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2002 жылғы 2 қазандағы N 08-1/47 бұйрығымен өзгерістер енгізілген) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2000 жылғы 21 қарашадағы N 263 бұйрығына мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдiктерiнiң, консулдық мекемелерiнiң және өкiлеттi өкiлдiктерiнiң Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерiне қатысты құжаттарды ресiмдеу жөнiндегi нұсқаулыққа:
      1) 20 тармақтың 1) тармақшасындағы "басқа мемлекеттің" деген сөздерден кейін "әскери қызметіне," деген сөздерімен толықтырылсын;
      2) 26 тармақтағы үшінші абзац алынып тасталсын. 
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелу күнiнен бастап күшiне енедi.

      Министрдің М.А.