Бұйырамын:
1. "Шарттар жасасуды талап ететін шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 620
бұйрығына
(Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде N 2113 тіркелген, Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2003 жылғы 1 наурыздағы N 86 бұйрығымен өзгерістер енгізілді - N 2212 тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шарттар жасасуды талап ететін шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстар тізбесінде, "Ескерту" бағаны мынадай сөздермен толықтырылсын:
138, 139, 142, 146, 149-ерекшеліктер бойынша:
"және әкімшісі Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі болып табылатын "Шет елдегі сауда өкілдіктерінің қызметін қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің".
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр