Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің көтермелеу түрлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің 2003 жылғы 26 маусымдағы N 196 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 4 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2390

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының өнеркәсіп саласының қызметкерлерін көтермелеу және моральдық ынталандыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің мынадай көтермелеу түрлері бекітілсін:
      "Кенші даңқы" кеуде белгісі;
      "Еңбек даңқы" кеуде белгісі;
      Құрмет грамотасы;
      Алғыс.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің қоса беріліп отырған Көтермелеу ережелері бекітілсін.

      3. Кадрлар және заң қызметі департаменті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген тәртіпте тіркеуді;
      2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің барлық құрылымдық бөлімшелеріне және өз қызметін Министрлік жетекшілік ететін өнеркәсіп салаларында жүзеге асыратын кәсіпорын, мекеме, ұйымдардың басшыларына хабарлауды;
      3) осы бұйрықпен белгіленген тәртіпте марапаттауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап күшіне енеді.

      Министр
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы   
Индустрия және сауда    
министрлігінің       
2003 жылғы 26 маусымдағы 
N 196 бұйрығымен     
бекітілген         

Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрлігінің Көтермелеу
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) Көтермелеу ережесі Министрліктің, өз қызметін Министрлік жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының өнеркәсіп салаларында жүзеге асыратын кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдардың қызметкерлерін, жұмысшыларын көтермелеу және моральдық ынталандыру мақсатында әзірленді.

      2. Министрліктің көтермелеулері:
      "Кенші даңқы" кеуде белгісімен марапаттау;
      "Еңбек даңқы" кеуде белгісі марапаттау;
      Құрмет грамотасы марапаттау;
      Алғыс жариялау болып табылады.

      3. Кеуде белгісіне Министр қол қойған куәлік қоса беріледі.

      4. Кеуде белгісі кеуденің сол жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларынан төмен тағылады.

2. "Кенші даңқы" кеуде белгісімен марапаттаудың шарттары

      5. Кеуде белгісімен:
      1) тау-кен өнеркәсібінің және шахта құрылысының қызметкерлері, жұмысшылары:
      тау-кен өнеркәсібі және шахта құрылысын дамыту проблемалары бойынша зерттеулері мен әзірлемелері;
      жаңа техника мен технологияларды жасау және енгізудегі жетістіктері;
      тау-кен өнеркәсібі және шахта құрылысы кәсіпорындарындағы апаттарды жою кезінде көрсеткен ерлігі, бастамасы;
      еңбекті ұйымдастырудың және тау-кен өнеркәсібі мен шахта құрылысы кәсіпорындарында басқарудың ілгерінді нысандарын енгізудегі жетістіктері;
      Қазақстан Республикасының тау-кен өнеркәсібі мен шахта құрылысын дамытуға қомақты үлесі және білікті кадрларды дайындауға белсене қатысқаны үшін;
      2) тау-кен өнеркәсібі мен шахта құрылысын дамытудағы белсенді іскерлігі және көмегі үшін өз қызметін өнеркәсіптің басқа салаларында жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметкерлері марапатталады.

      6. "Кенші даңқы" кеуде белгісі тау-кен өнеркәсібі мен шахта құрылысында мынадай стажы мен жұмыс тәжірибесі бар жұмысшылар, қызметкерлер марапатталады:
      - 5 жылдан кем емес - ІІІ дәрежелі "Кенші даңқы" белгісімен;
      - 8 жылдан кем емес - ІІ дәрежелі "Кенші даңқы" белгісімен;
      - 12 жылдан кем емес - І дәрежелі "Кенші даңқы" белгісімен.

      7. Бір дәрежедегі кеуде белгісімен қайталап марапаттауға жол берілмейді.

      8. Жоғары дәрежелі кеуде белгісімен марапаттау оның алдындағы дәрежелі кеуде белгісі болған кезде ғана жүзеге асады.

      9. Жекеленген азаматтар тау-кен өнеркәсібі мен шахта құрылысын дамытудағы айрықша жетістіктері үшін "Кенші даңқы" кеуде белгісімен жұмыс стажы ескерілмей марапатталуы мүмкін.

3. "Еңбек даңқы" кеуде белгісімен
марапаттаудың шарттары

      10. Кеуде белгісімен:
      1) металлургия өнеркәсібінің, қызметкерлері, жұмысшылары:
      металлургия өнеркәсіп проблемалары бойынша зерттеулері мен әзірлемелері;
      жаңа техника мен технологияларды жасау және енгізудегі жетістіктері;
      металлургиялық өнеркәсібі кәсіпорындарындағы апаттарды жою кезінде көрсеткен ерлігі, бастамасы;
      еңбекті ұйымдастырудың және тау-кен өнеркәсібі мен шахта құрылысы кәсіпорындарында басқарудың ілгерінді нысандарын енгізудегі жетістіктері;
      Қазақстан Республикасының металлургия өнеркәсібін дамытуға қомақты үлесі және білікті кадрларды дайындауға белсене қатысқаны үшін;
      2) металлургия өнеркәсібін дамытудағы белсенді іскерлігі және көмегі үшін өнеркәсіптің өз қызметін басқа салаларында жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметкерлері марапатталады.

      11. "Еңбек даңқы" кеуде белгісінің жоғарғысы бірінші дәрежелі болып табылатын, үш дәрежесі бар.

      12. "Еңбек даңқы" белгісімен мүлтіксіз жұмысы мен мынадай еңбек сіңірген жылдары үшін металлургия өнеркәсібінің қызметкерлері, жұмысшылары марапатталады:
      - 5 жылдан кем емес - ІІІ дәрежелі "Еңбек даңқы" белгісімен;
      - 8 жылдан кем емес - ІІ дәрежелі "Еңбек даңқы" белгісімен;
      - 12 жылдан кем емес - І дәрежелі "Еңбек даңқы" белгісімен.

      13. Бір дәрежедегі кеуде белгісімен қайталап марапаттауға жол берілмейді.

      14. Жоғары дәрежелі кеуде белгісімен марапаттау оның алдындағы дәрежелі кеуде белгісі болған кезде ғана жүзеге асады.

      15. Жекеленген азаматтар тау-кен өнеркәсібі мен шахта құрылысын дамытудағы айрықша жетістіктері үшін "Еңбек даңқы" кеуде белгісімен жұмыс стажы ескерілмей марапатталуы мүмкін.

4. Қазақстан Республикасы Индустрия және
сауда министрлігінің Құрмет грамотасымен
марапаттаудың шарттары

      16. Құрмет грамотасымен өз қызметін Министрлік жетекшілік ететін өнеркәсіп салаларында жүзеге асыратын кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдардың қызметкерлері, жұмысшылары:
      өндірісті ұйымдастырудың жаңа нысандары мен әдістерін енгізу бойынша ауқымды және жемісті жұмысы;
      өнеркәсіптің өзекті проблемалары бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарына кірігуі;
      өнеркәсіпті дамытудың өңірлік, республикалық және халықаралық бағдарламалары мен жобаларын іске асырудағы оң нәтижелерге жеткені үшін марапатталады.

5. Алғыс жариялаудың шарттары

      17. Министрліктің, өз қызметін Министрлік жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының өнеркәсіп салаларында жүзеге асыратын кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдардың қызметкерлерін, жұмысшыларын алғыс мыналар үшін жарияланады:
      міндеттерін үлгілі орындағаны және жұмыстағы басқа да жетістіктері;
      өз қызметін Министрлік жетекшілік ететін өнеркәсіп салаларында жүзеге асыратын кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар ұйымдастыратын жекеленген, бір реттік іс-шараларды (конкурстар, көрмелер, жарыстар, чемпионаттар, байқаулар) өткізгені;
      білікті кадрларды практикалық дайындаудағы тұрақты және белсенді жұмысы;
      еңбек қызметіндегі табыстары үшін жарияланады.

6. Марапаттау материалдарын ұсыну және қарау тәртібі

      18. "Кенші даңқы", "Еңбек даңқы", Құрмет грамотасымен марапаттау Министрліктің құрылымдық бөлімшелері, өз қызметін Министрлік жетекшілік ететін өнеркәсіп салаларында жүзеге асыратын кәсіпорын, мекеме, ұйым басшыларының, сондай-ақ олардың кәсіподақ ұйымдарының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің бұйрығымен жүргізіледі.

      19. Марапаттау туралы ұсынымда марапатталушының тұлғасын, жалпы еңбек стажын, нақты сіңірген еңбегін, үміткердің жетістіктері мен табыстарын сипаттайтын, жұмысының тиімділігі мен сапасын, жұмысының негізгі нәтижелері туралы мәліметтері көрсетіліп, оның жеткен табыстары қысқаша мазмұндалады.

      20. Көтермелеу шараларын қолдану туралы шешімді Министр дербес қабылдайды және алқа шешімін қабылдау үшін ол Министрліктің алқасына шығарылуы мүмкін.

      21. Қарау нәтижесі бойынша марапаттау туралы бұйрықты Министрліктің Кадрлар және заң қызметі департаменті шешім шығарылған сәттен бастап үш күн ішінде дайындайды.

      22. Марапаттаумен байланысты барлық шығыстарды өз қызметін Министрлік жетекшілік ететін өнеркәсіп салаларында жүзеге асыратын кәсіпорын, мекеме, ұйымдар қаражатынан төленеді.

      23. Берілген кеуде белгілерінің есебін Министрліктің Кадрлар және заң қызметі департаменті жүргізеді.

7. Кеуде белгісі мен Құрмет грамоталарын
тапсыру тәртібі

      24. Кеуде белгісін, оның тиісті куәлігін, құрмет грамоталарын марапатталушыға салтанатты жағдайда және оның жұмыс орнында көпшілік алдында Министр, оның орынбасарлары, Министрліктің құрылымдық бөлімше, ведомство, аумақтық орган басшылары, сондай-ақ өз қызметтерін Министрлік жетекшілік ететін өнеркәсіп салаларында жүзеге асыратын кәсіпорын, мекеме, ұйым, Қазақстан Республикасының тау-кен өнеркәсібінде еңбектенетін Кәсіподақ басшылары Министрдің бұйрығын хабарлағаннан кейін тапсырады.

      25. Қызметкерді кеуде белгісімен, Құрмет грамотасымен марапаттау кезінде өз қызметін Министрлік жетекшілік ететін өнеркәсіп салаларында жүзеге асыратын кәсіпорын, мекеме, ұйым қаражаты есебінен және олардың басшылығының шешімі бойынша жалақы алатын орыннан жолдама немесе ақшалай сыйлық берілуі мүмкін.

8. Қорытынды ережелер

      26. Қызметкердің еңбек кітапшасына және жеке ісіне марапаттау туралы бұйрықтың күні мен нөмірі көрсетілген тиісті жазба енгізіледі.

Қазақстан Республикасы    
Индустрия және сауда     
министрлігінің        
2003 жылғы 26 маусымдағы   
N 196 бұйрығымен бекітілген 
Қазақстан Республикасы   
Индустрия және сауда   
Министрлігінің көтермелеу 
туралы Ережесіне      
1-қосымша          

Үш дәрежедегі "Кенші даңқы"
кеуде белгісінің сипаттамасы

      "Кенші даңқы" жан-жағы 30 мм. бес бұрыш нысанында болады.
      Белгінің бет жағының ортасында күн сәулесі шұғыласының үстінде шахта көтергіші мен терриконның элементтері - тау-кен жыныстарының сұлбасы бейнеленген, жоғарғы жағы лавр жапырағының тәжімен, төменгі жағы "Кенші даңқы" деген жазбасы бар ақ лентамен көмкерілген.
      Белгінің төменгі дөңесінде үш лавр жапырағы бүйірлей орналасқан тұста белгінің дәрежесін білдіретін І-ден ІІІ-ке дейін рим цифры орналасқан.
      "Кенші даңқы" белгісінің бес бұрышты жан-жағы ою-өрнекпен көмкерілген.
      І дәрежелі "Кенші даңқы" - сары түстес ("алтын түрлес"), ІІ дәрежелі "Кенші даңқы" - ақ түстес ("күміс түрлес"), ІІІ дәрежелі "Кенші даңқы" - қою сары түстес ("қола түрлес"), зеңгір көк эмальмен қапталған.
      "Кенші даңқы" белгісі құлақша және екі ілмек арқылы Ү-түрінде қызыл және ақ жолақтары бар тік бұрышты нысандағы колодкаға ілінеді. Қызыл жолақтардың саны белгінің дәрежесін білдіреді.
      Колодка биіктігі 13 мм., ені 38 мм. зеңгір көк түстес эмальмен қапталған сары түстес металдан жасалады.

Қазақстан Республикасы    
Индустрия және сауда     
министрлігінің        
2003 жылғы 26 маусымдағы  
N 196 бұйрығымен бекітілген 
Қазақстан Республикасы   
Индустрия және сауда   
Министрлігінің көтермелеу 
туралы Ережесіне      
2-қосымша          

Үш дәрежедегі "Еңбек даңқы"
кеуде белгісінің сипаттамасы

      "Еңбек даңқы" белгісі шеңбер сыртында майысқан лента мен лавр жапырағының элементтері бар диаметрі 40 мм. шеңбер түрінде болады.
      Белгінің бет жағында күн сәулесінің шұғыласы үстінде металл ағып жатқан металлургиялық ожау бейнеленген.
      Белгінің жоғарғы жағы "Еңбек даңқы" деген жазуы бар зеңгір көк түстес лентамен, төменгі жағы лавр тәжімен көмкерілген.
      Белгінің төменгі жағында зеңгір көк түстес лента мен лавр жапырағы үстінде ақ түсті дөңесте белгінің дәрежесін білдіретін І-ден ІІІ-ке дейін рим цифры орналасқан.
      Белгі мына металдардан дайындалады:
      І дәрежелі "Еңбек даңқы" - сары түстес ("алтын түрлес"), ІІ дәрежелі "Еңбек даңқы" - ақ түстес ("күміс түрлес"), ІІІ дәрежелі "Еңбек даңқы" - қою сары түстес ("қола түрлес"), зеңгір көк эмальмен қапталған.
      "Еңбек даңқы" белгісі құлақша және екі ілмек арқылы ортасында қызыл және ақ жолақтары бар, төменгі жағында лавр жапырақтары орналасқан тік бұрышты нысандағы колодкаға ілінеді.
      Қызыл жолақтардың саны белгінің дәрежесін білдіреді.
      Колодка биіктігі 13 мм. ені 38 мм. зеңгір көк түстес эмальмен қапталған сары түстес металдан жасалады.

Қазақстан Республикасы    
Индустрия және сауда     
министрлігінің        
2003 жылғы 26 маусымдағы  
N 196 бұйрығымен бекітілген 
Қазақстан Республикасы   
Индустрия және сауда   
Министрлігінің көтермелеу 
туралы Ережесіне      
3-қосымша          

Құрмет грамотасының сипатталуы

      1. Құрмет грамотасы көлемі 420х297 миллиметрлік А-3 нысанында (12 нысан) болады.
      2. Құрмет грамотасының сол жағында мемлекеттік тілде, оң жағында орыс тілінде мәтін басылады.
      3. Бірінші беттің жоғарғы жағында "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының нысаны, көлемі және техникалық шарттар" ҚР СТ 989-96 талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленеді.
      4. Екінші беттің жоғарғы жағында "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Жалауының нысаны, көлемі және техникалық шарттар" ҚР СТ 989-96 талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Жалауы бейнеленеді.
      5. Грамотаның мемлекеттік тілдегі мәтіні төменгі жағында ұшып келе жатқан бүркіт бейнесі бар, күн сәулесі бейнесінің аясында басылады.
      Грамотаның орыс тіліндегі мәтіні төменгі жағында күн сәулесінің бейнесі, Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының тәуелсіздік ескерткішінің басты белгісінің аясында басылады.