Екіншi деңгейдегi банктердің қызметiн реттейтiн нормативтік құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Екiншi деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереженi бекiту жөнiнде" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 213 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмінде N 1902 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2002 жылғы 1-14 шiлдеде жарияланған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2002 жылғы 26 қарашадағы N 467, 2003 жылғы 21 наурыздағы N 97 қаулыларымен бекiтiлген толықтырулармен бiрге) мынадай толықтырулар енгiзiлсін:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктерге арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережеде:
Ереженiң 5-тармағының төртiншi абзацы "кастодиандық шарт талаптарымен қабылданған қаражаттың инвестицияланбаған қалдықтарын шегерiп тастағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Реттелген борыш деп сонымен қатар, егер мұндай өтеу Ұлттық Банктiң қорытындысына сәйкес банктiң қаржылық жағдайын нашарлатуға және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының талаптарын бұзуға әкелiп соқтырмайтын жағдайларда заемшының бастамасы бойынша заемды мерзiмiнен бұрын (толық немесе, iшiнара) өтеу мүмкiндiгi шартта көзделген болса, 3) тармақшаны қоспағанда, осы тармақтың талаптарына сәйкес келетiн банктiң Еуропалық Қайта құру және Даму Банкiнен немесе Азия Даму Банкінен не Халықаралық Қаржы Корпорациясынан тартылған заемы танылады.".
2. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бiрлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тiркеу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап он күндік мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарына, Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығына және Қазақстан Республикасының екiнші деңгейдегi банктерiне жiберсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.Ғ. Сәйденовке жүктелсін.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне eнеді.
Ұлттық Банк
Төрағасы