Суды магистралды труба құбыры және (немесе) арна арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентін белгілеу және алып тастау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 8 мамырдағы N 128-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 9 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2358. Күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 23 наурыздағы N 93-НҚ (V053536) бұйрығымен.

Күшін жойған

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  14-1-бабының 6) тармақшасын және  15-бабының  1-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып  БҰЙЫРАМЫН :
      1. Қоса берілген Суды магистралды труба құбыры және (немесе) арна арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентін белгілеу және алып тастау ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Энергетика секторын реттеу жөніндегі департаменті (С.П.Григорьева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (А.Т.Шабдарбаев) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін:
      1) оны белгіленген тәртіпте ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің құрылымдық бөлімшелерінің назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
      5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Төрағаның
      міндетін атқарушы

      Келісілді:            
      Қазақстан Республикасы     
      Ауыл шаруашылық         
      министрлігінің         
      Су ресурстары жөніндегі    
      комитетінің төрағасы      
      "___" _________ 2003 жыл   

      Қазақстан Республикасы     
      Қаржы министрлігінің      
      Салық комитетінің төрағасы  
      "___"__________ 2003 жыл  

Қазақстан Республикасының   
Табиғи монополияларды реттеу 
және бәсекелестікті қорғау  
жөніндегі агенттігінің    
2003 жылғы 8 мамырдағы    
N 128-НҚ бұйрығымен    
бекітілген         

  Суды магистралды труба құбыры және (немесе) арна
арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтердің тарифтеріне
(бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету
коэффициентін белгілеу және алып тастау
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ереже

      1. Суды магистралды труба құбыры және (немесе) арна арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентін белгілеу және алып тастау ережесі " Табиғи монополиялар туралы ", " Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.

      2. Осы Ереже суды магистралды труба құбыры және (немесе) арна арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентін белгілеу және алып тастау тәртібі мен талаптарын белгілейді.

      3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
      су жүргізу ұйымы - суды магистралды труба құбыры және (немесе) арна арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсететін табиғи монополия субъектісі;
      тұтынушы - су жүргізу ұйымының қызметтерін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
      өтеу кестесі - тұтынушының және су жүргізу ұйымы басшысының қолымен куәландырылған, тұтынушының су жүргізу ұйымына мерзімі өтіп кеткен несиелік берешегін өтеу кестесі;
      уәкілетті орган - табиғи монополия субъектілері саласындағы қызметтерге бақылау және реттеу жүргізетін мемлекеттік орган;
      құзыретті орган - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті;
      мүдделі мемлекеттік органдар - өздерінің құзыреті күшінде суды магистралды труба құбыры және (немесе) арна арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін белгілеу және алып тастауға мүдделі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары;
      мерзімі өтіп кеткен несиелік берешек - тұтынушының су жүргізу ұйымы алдындағы мерзімінде орындалмаған қаржылық міндеттемелердің, ақшалай қарыздардың сомасы.
      Осы Ережеде пайдаланылатын басқа ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес қолданылады.

  2. Суды магистралды труба құбыры және (немесе)
арна арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтердің
тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша
төмендету коэффициентін белгілеу принциптері

      4. Уақытша төмендету коэффициенті бұл шараның оларға уақытша төмендету коэффициенті белгіленген мемлекет, су жүргізу ұйымы және тұтынушы үшін экономикалық тиімділігін және мақсаттылығын есептеу негізінде белгіленеді.

      5. Уақытша төмендету коэффициентін қолданған жағдайда су жүргізу ұйымы алатын табыстар суды магистралды труба құбыры және (немесе) арна арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсетуге қажетті шығындары жабуға тиісті.

      6. Уақытша төмендету коэффициенттері бір жылдан аспайтын белгілі бір уақытқа белгіленеді.
      7. Тұтынушыға уақытша төмендету коэффициентінің қызметін белгілеу ағымдағы міндеттерге 100 пайыз ақы төлеген, су жүргізу ұйымының алдында несиелік берешегі болмаған немесе өтеу кестесіне сәйкес несиелік берешегін өтеген жағдайда жүргізіледі.

      8. Уақытша төмендету коэффициенті өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда суды магистралды труба құбыры және (немесе) арна арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтерді тұтыну көлемі артқан кезде, егер өтінімде көрсетілген жоспарланған жылдық көлем:
      1) өткен жыл бойы суды магистралды труба құбыры және (немесе) арна арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтерді тұтынудың нақты көлемінен;
      2) осы тұтынушы көрсетілген қызметті су жүргізу ұйымының қолданыстағы тарифінде (бағасында, алым ставкасында) көзделген тұтыну көлемінен жоғары болған жағдайда белгіленеді.
      Егер тұтынушы су жүргізу ұйымының қолданыстағы тарифінде (бағасында, алым ставкасында) көзделген тұтыну көлемін рынок конъюнктурасының өзгеруіне байланысты орындамаған жағдайда, ал суды магистралды труба құбыры және (немесе) арна арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтерді тұтынудың жоспарланған көлемі өткен жылғы нақты көлеммен салыстырғанда қолданыстағы тарифте (бағада, алым ставкасында) қабылданған көлемнен аспай көтерілсе, уәкілетті орган осы тұтынушы үшін уақытша төмендету коэффициентін белгілеу кезінде су жүргізу ұйымы қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындысы бойынша өткен жылғы табысы болған жағдайда уақытша төмендету коэффициентін белгілеуге құқылы.
      Тұтынушы өткен жылғы суды магистралды труба құбыры және (немесе) арна арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтерді тұтыну көлемінің төмендегенін растайтын ақпаратты төмендеу себебін көрсетіп ұсынуға тиісті.

  3. Суды магистралды труба құбыры және (немесе) арна
арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентін белгілеу тәртібі

      9. Уақытша төмендету коэффициентін белгілеуге үміттенуші тұтынушы бір уақытта оны ұсыну қажеттілігі туралы су жүргізу ұйымына, мүдделі мемлекеттік органдарға, құзыретті органға, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне (бұдан әрі - Салық комитеті) және уәкілетті органға өтінім беруге тиісті.
      Су жүргізу ұйымы және мүдделі мемлекеттік органдар, құзыретті орган, Салық комитеті және уәкілетті орган коммерциялық мәліметтерді және өзге де заңмен қорғалатын құпияны жариялағаны үшін белгіленген тәртіпте жауапкершілік артады.

      10. Тұтынушының өтініміне осы Ереженің Қосымшасына сәйкес қажетті құжаттар қоса беріледі.
      Өтініммен қоса берілетін құжаттар мынадай талаптарға жауап беруге тиісті:
      1) әрбір бетке тұтынушының бірінші басшысы не міндетті жүктеу туралы бұйрық немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ресімделген сенімхат қоса беріліп оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды, ал қаржы құжаттарына - тұтынушының бас бухгалтері де қол қояды;
      2) Өткен кезеңнің нақты деректері тоқсан бойынша бөлумен ұсынылуға тиісті.

      11. Өтінімді қараудан бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
      осы Ережеге сәйкес талап етілген қажетті материалдар ұсынылмаса немесе толық емес көлемде ұсынылса;
      ұсынылған материалдардың осы Ереженің 10-тармағының талаптарына сәйкессіздігі.
      Уәкілетті орган, су жүргізу ұйымы, мүдделі мемлекеттік органдар, құзыретті орган және Салық комитеті өтінім түскен күннен бастап 5 жұмыс күннің ішінде тұтынушыға өтінімді қарауға қабылдау не оны қабылдаудан бас тарту туралы жазбаша түрде хабарлауға тиісті.
      Бұлай болғанда тұтынушы бес күндік мерзімде осы факті туралы барлық көрсетілген ұйымдарға және мемлекеттік органдарға растайтын құжаттарды ұсынумен хабарлауға тиіс.
      Егер тұтынушы белгіленген мерзімде су жүргізу ұйымының, мүдделі мемлекеттік органдардың, құзыретті органның және Салық комитетінің өтінімді қарауға қабылдағаны туралы растайтын құжаттарды ұсынбаса уәкілетті орган өтінімді қарау мерзімін 7 жұмыс күннен аспайтын мерзімге тоқтатады.
      Осындай тәртіп бұзушылықтар жойылған кезде өтінімді қарау мерзімі осы Ереженің 12-тармағында көзделген мерзімдерді ескеріп жаңартылады.
      Өтінімді қарау тоқтатылған сәттен бастап көрсетілген тәртіп бұзушылықтар 7 жұмыс күннің ішінде жойылмаса, бұл уәкілетті органның өтінімді қабылдамауына негіз болып табылады.

      12. Уәкілетті орган, су жүргізу ұйымы, мүдделі мемлекеттік органдар, құзыретті орган және Салық комитеті қажет жағдайда қосымша ақпарат сұратуға құқылы, бұлай болғанда өтінім мерзімі 7 жұмыс күніне тоқтатылады. Осы ақпарат сұрау берген сәттен бастап 7 жұмыс күннің ішінде ұсынылмаса, онда бұл барлық мүдделі ұйымдарға және мемлекеттік органдарға жазбаша хабарлама жіберіп өтінімді қабылдамауға негіз болады.

      13. Су жүргізу ұйымы, мүделлі мемлекеттік органдар, құзыретті орган және Салық комитеті тұтынушыдан негіздеуші материалдарды алған күннен бастап 15 жұмыс күннің ішінде уәкілетті органға және тұтынушыға уақытша төмендету коэффициентін белгілеудің экономикалық мақсаттылығы және мақсатқа сай емес екендігі туралы қорытынды ұсынады. Осымен бірге су жүргізу ұйымының және құзыретті органның қорытындыларында уақытша төмендету коэффициентінің ұсынылған деңгейінің есебі және оны белгілеуге негіздеме келтірілуге тиіс. 
      Су жүргізу ұйымы, мүдделі мемлекеттік органдар, құзыретті орган және Салық комитеті белгіленген мерзімде қорытындыларын ұсынбаған жағдайда уәкілетті органның өтінімді қарау мерзімі барлық қажетті қорытындыларды алғанға дейін, бірақ 10 жұмыс күнінен аспайтын уақытқа тоқтатылады.
      Су жүргізу ұйымы, мүдделі мемлекеттік органдар, құзыретті орган және Салық комитеті өтінімді қарау тоқтатылған сәттен бастап 10 жұмыс күннің ішінде қорытындыларын ұсынбаған жағдайда уәкілетті орган өтінімнен бас тартуға құқылы.

      14. Уәкілетті орган қажетті қорытындыларды және тұтынушыдан қосымша сұратылған материалдарды алған күннен бастап 30 жұмыс күннің ішінде тұтынушы ұсынған негіздеуші құжаттарға және су жүргізу ұйымының, мүдделі мемлекеттік органдардың, құзыретті органның және Салық комитетінің қорытындыларына сараптама жүргізеді.

      15. Уәкілетті орган жүргізілген сараптама қорытындысы негізінде уақытша төмендету коэффициентін белгілеу не ондай белгілеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Уақытша төмендету коэффициентін белгілеу туралы шешім уәкілетті органның бірінші басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығы түрінде, тұтынушыға уақытша төмендету коэффициентін ұсыну талаптарын көрсетіп, қабылданады.
      Уақытша төмендету коэффициентін белгілеуден бас тартқан жағдайда уәкілетті орган тиісті уәждемелі қорытынды шығарып, оны тұтынушыға, су жүргізу ұйымына, мүдделі мемлекеттік органдарға, құзыретті органға және Салық комитетіне жолдайды.

      16. Егер су жүргізу ұйымы, мүдделі мемлекеттік органдар, құзыретті орган және Салық комитеті уақытша төмендету коэффициентін ұсынуға келіспейтіні туралы қорытынды шығарса, соңғы шешімді уәкілетті орган қабылдайды.

  4. Суды магистралды труба құбыры және (немесе) арна
арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) белгіленген уақытша
төмендету коэффициентін қолдану

      17. Су жүргізу ұйымы нақты тұтынушы үшін бұйрықпен белгіленген уақытша төмендету коэффициентін су жүргізу ұйымы мен тұтынушы арасында жасалған шартқа толықтырулар негізінде қолданады. Шарттағы осы толықтыруларда тұтынушының тиісті уақыт кезеңінде уақытша төмендету коэффициентін қолданусыз көрсетілген қызметтерді тұтынудың нақты орындалған көлеміне есеп айырысу түрінде суды магистралды труба құбыры және (немесе) арна арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтерді тұтынудың мәлімделген көлемін орындамаған жағдайдағы жауапкершілігі көзделген. Су жүргізу ұйымы есеп айырысуды уәкілетті органның келісімі бойынша жүргізеді.
      Су жүргізу ұйымы мен тұтынушының арасында жасалған шартқа толықтырулар Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген тәртіпте осы Ереженің 15 тармағында көрсетілген бұйрықтың күшіне енген күннен бастап 7 жұмыс күннен кешіктірмей жасалуға тиісті.

      18. Су жүргізу ұйымы тоқсан сайын уәкілетті органға, құзыретті органға және Салық комитетіне уақытша төмендету коэффициенті қолданылған есепті кезеңге суды магистралды труба құбыры және (немесе) арна арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтердің нақты ұсынылған көлемі туралы ақпарат ұсынуға тиіс.

      19. Уақытша төмендету коэффициентін алған тұтынушы тоқсан сайын уәкілетті органға осы тұтынушының қызметтерін пайдаланатын заңды және жеке тұлғалардың тізімін міндетті түрде көрсетіп, жасалған шарттар бойынша олар ұсынатын қызметтер көлемдері туралы ақпарат ұсынуға тиіс.

      20. Уәкілетті орган осы Ереженің 7 және 8-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкес болған жағдайда әрбір тұтынушыны уақытша төмендету коэффициентін қолдану құқығымен қамтамасыз етуге тиіс.
      Егер уақытша төмендету коэффициентін алуға үміттенуші және осы Ереженің 7 және 8-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкес тұтынушы су жүргізу ұйымының қызметіне тариф бекіту кезінде суды магистралды труба құбыры және (немесе) арна арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтерді тұтыну көлемін негізсіз төмендеткені белгілі болған жағдайда, уәкілетті орган осы тұтынушыға уақытша төмендету коэффициентін ұсынудан бас тартады. 

  5. Суды магистралды труба құбыры және (немесе) арна
арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтердің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентін алып тастау тәртібі

      21. Уақытша төмендету коэффициентінің қолданысы белгіленген мерзім өткеннен кейін, сондай-ақ су жүргізу ұйымының қызметтеріне жаңа тарифтер енгізген сәттен бастап тоқтатылады.

      22. Белгіленген уақытша төмендету коэффициенті белгіленген мерзім өткенге дейін мынадай жағдайлардың біреуі болғанда алынуы мүмкін:
      1) уақытша төмендету коэффициенттерін бұдан әрі қолданудың экономикалық тиімсіздігі;
      2) тұтынушының су жүргізу ұйымына мерзімі өтіп кеткен берешегі пайда болған немесе өтеу кестесін орындамаған жағдайда;
      3) осы Ереженің 8-тармағында белгіленген критерийлерге сәйкес келмеуі;
      4) бұйрықта және осы Ереженің 17-тармағына сәйкес жасалған шарттың толықтыруларында көзделген талаптар орындалмаған жағдайда;
      5) осы Ереженің 18-тармағында белгіленген талаптарды бұзған жағдайда.

      23. Осы Ереженің 22-тармағында көрсетілген талаптар пайда болған жағдайда су жүргізу ұйымы бұл туралы ақпаратты уәкілетті органға кешіктірмей ұсынуға тиіс.
      Тұтынушы, құзыретті орган, Салық комитеті және мүдделі мемлекеттік органдар уәкілетті органға уақытша төмендету коэффициентін алып тастау қажеттігін негіздейтін құжаттарды ұсынып, оны уақытынан бұрын алып тастау туралы ұсыныс жасауға құқылы.
      Су жүргізу ұйымы өзі уақытша төмендету коэффициентін қолданыстан алып тастауға құқы жоқ.
      Уақытша төмендету коэффициентін уақытынан бұрын алып тастау туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды.

      24. Ұсынылған қорытындыларды ескеріп, уәкілетті орган уақытша төмендету коэффициентін уақытынан бұрын алып тастау бойынша негіздеуші құжаттарға, бұндай құжаттарды алған сәттен бастап 30 жұмыс күннің ішінде сараптама жүргізеді.

      25. Жүргізілген сараптама қорытындысы бойынша уәкілетті орган бұйрық түрінде уақытша төмендету коэффициентін алып тастау туралы шешім қабылдап, ол туралы шешім қабылдаған сәттен бастап 7 жұмыс күннің ішінде тұтынушыға, су жүргізу ұйымына, құзыретті органға және Салық комитетіне хабарлайды.

      26. Уақытша төмендету коэффициентін уақытынан бұрын қолданыстан алып тастау туралы ұсыныс қабылданбаған жағдайда уәкілетті орган осындай ұсыныс жасаған тұлғаға жіберілетін уәждемелі қорытынды шығарады.

Суды магистралды труба құбыры    
және (немесе) арна арқылы      
тасымалдау жөнiндегі қызметтердiң 
тарифтеріне (бағаларына, алым   
ставкаларына) уақытша төмендету  
коэффициентiн белгiлеу және    
алып тастау ережесіне       
қосымша              

Суды магистралды труба құбыры және (немесе) арна арқылы тасымалдау жөніндегi қызметтердiң тарифтерiне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентiн белгілеуге үмiттенушi тұтынушы ұсынатын материалдар

      1. Уақытша төмендету коэФфициентiн ұсынуға өтінiм (еркiн түрде), жоспарланған деңгейiн көрсетумен.
      2. Қызметтi тұтынушының толық атауы (жеке немесе заңды тұлға), қызмет түрі.
      3. Уақытша төмендету коэффициентiнiң жоспарланған деңгейiнiң есебiн қосып, оны белгiлеу қажеттiлiгi туралы анықтама-негіздеме.
      4. Суды магистралды труба құбыры және (немесе) арна арқылы тасымалдау жөнiндегi қызметтердiң тарифтерiне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентiн белгілеу нәтижесiнде бюджет алдындағы салықтық мiндеттерiнiң сақталуы немесе өсуі туралы анықтама-негiздеме.
      5. Салық төлеушi ретiнде тiркелгенi туралы куәлiгiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi.
      6. Қызметтi тұтынушының баланс көлеміндегі қаржы-шаруашылық қызметiнiң талдауы және алдыңғы жылға түсіндірме жазба (тоқсан, жартыжылдық). *
      7. Су жiберу ұйымының алдындағы берешегiнiң жай-күйі (ағымдағы айдың бiрiншi күнiне өзара есептесудi салыстыру актісi және тұтынушының су жүргiзу ұйымының алдындағы тұтынушы және су жүргiзу ұйымының бiрiншi басшысының қолымен куәландырылған несиелiк берешегін өтеу кестесi).
      8. Тарифтердi және ақы төлеу сомасын көрсетiп, айларға бөлумен суды магистралды труба құбыры және (немесе) арна арқылы тасымалдау жөнiндегi қызметтердi тұтынудың нақты (өткен жылдың сәйкес кезеңiнде) және жоспарланған көлемi.
      9. Заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеу, қайта тiркеу туралы куәлiгiнiң немесе заңды тұлғаны құрмай (жеке кәсiпкердің) мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiнің нотариалды куәландырылған көшiрмесi.
      10. Шығарылатын өнiмнiң атауы, шығарылатын өнiмнiң шығын баптары бойынша бөлумен өзiндiк құны (соның iшiнде суды магистралды тpубa құбыры және (немесе) арна арқылы тасымалдау жөнiндегi қызметтерге ақы төлеуге арналған шығындар).
      11. Жеке тұлғаның қызмет түрiн растайтын басқа да бар мемлекеттiк құжаттар (шаруа қожалығы үшiн - жер беру актiсi немесе жер телiмiн жалдау туралы шарт). **
      12. Тұрғылықты жерiнен анықтама, CTH көшiрмесi, жеке басының куәлiгi немесе төлқұжаты. **

       * ) заңды тұлғалар үшiн
       ** ) жеке тұлғалар үшiн