Темекі бұйымдарын өндірушілердің есептерін ұсынудың ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2003 жылғы 15 мамырдағы N 377 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 9 маусымда тркелді. Тіркеу N 2356

Қолданыстағы

      "Темекі шегудің алдын алу және оны шектеу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі N 340-ІІ Заңының  6-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1.  Қоса беріліп отырған Темекі бұйымдарын өндірушілердің темекі бұйымдарын өндіру үшін пайдаланатын ингредиенттер бойынша есептерін ұсынудың тәртібі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.А.Белоногқа жүктелсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасының  
Денсаулық сақтау министрлігінің
2003 жылғы 15 мамырдағы   
N 377 бұйрығымен бекітілген

Темекі бұйымдарын өндірушілердің темекі бұйымдарын өндіру
үшін пайдаланатын ингредиенттер бойынша есептерін ұсынудың
тәртібі туралы ереже

1. Негізгі ережелер

      1. Темекі бұйымдарын өндірушілердің есептерін ұсыну рәсімі темекі бұйымдарындағы ингредиенттер мен олардың барынша көп мөлшері туралы ақпарат жинауға арналған. Бұл ақпарат олардың уыттылығы мен тұтынушылар денсаулығы үшін зиянын анықтауға мүмкіндік береді.

      2. Әрбір темекі өндіруші өткен 12 айда Қазақстан Республикасының аумағында өзі шығарған, сатқан немесе басқаша тәсілмен таратқан барлық темекі мен темекі бұйымдарының маркасында никотин мен шайыр заттардың болуы туралы мәліметтерден тұратын есепті Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне әрбір жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей ұсынуға тиіс.

      3. Әрбір өндіруші стандарттау әдістерінің негізінде зерттеулер жүргізілген зертханаларды көрсете отырып, мәліметтерден тұратын жекелеген есебін ұсынады.

      4. Ұсынылатын есептер үш бөлімнен тұруға тиіс:
      1) құрамында шайыр мен никотиннің болуы туралы ақпарат;
      2) темекі бұйымдарының ингредиенттері туралы ақпарат;
      3) уыттылық әсер туралы ақпарат.
      5. Есеп жазбаша да, электронды түрде де ұсынылуға тиіс.

2. Темекі бұйымдарының ингредиенттері туралы
ақпаратқа қойылатын талаптар

      6. Ингредиенттер туралы ақпарат екі парақта ұсынылуға тиіс:
      1) өндіруші өткен 12 айда Қазақстан Республикасының аумағында шығарған, сатқан немесе басқаша тәсілмен таратқан барлық темекі бұйымдары түрлерінің жалпы тізімі. Бұл тізімде коммерциялық құпия болып табылатын арнайы қоспалардың құрамы туралы ақпараттан басқа, олардың өнім құрамында болуын азайту тәртібімен барлық ингредиенттер мен әрбір ингредиентті тағайындау көрсеткіштері қамтылуға тиіс.
      2) Қазақстан Республикасында сатуға арналған басқа да темекі бұйымдарының барлық түрлеріндегі ингредиенттердің (темекі емес) жалпы парағы.
      Темекіге жатпайтын ингредиенттердің тізімінде мынадай қосалқы материалдар қамтылуға тиіс:
      сигарет қағазы;
      шеттерін желімдеуге арналған қағаз желімі (желім);
      фильтрге арналған қағаз (фильтр қағазы мен орама қағаз);
      сигареттегі логотипті және/немесе тауар маркасын жазу үшін пайдаланылатын қаламсап.
      Аталған қосалқы материалдар әрбір ингредиенттің мөлшері мен тағайындалуы көрсетіле отырып, олардың өнім құрамында болуын азайту тәртібімен көрсетілуге тиіс.

      7. Өндіруші темекі ингредиенттері, оларды зерттеу әдістері жөнінде, сондай-ақ олардың адамдар денсаулығына әсері туралы токсикологиялық деректерді ұсынуға тиіс.

      8. Темекі бұйымдарының ингредиенттері мен олардың уыттылық әсері туралы ақпарат өндірушінің тілегі бойынша коммерциялық құпия болып табылатын арнайы қоспалардың құрамы туралы ақпаратты сақтау шартымен бұқаралық ақпарат құралдарында ұсынылуы мүмкін.