"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 546-бабының 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген фискалдық жады бар бақылау-кассалық машиналарының Мемлекеттік тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2002 жылғы 20 қыркүйектегі N 727
Бұйрығына
(2002 жылдың 2 қазанында 1991 нөмірмен тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 4-5 сандарында жарияланған; Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 7 қаңтарда NN 2108, 2109, 2110 нөмірлермен тіркелген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2002 жылғы 25 желтоқсандағы NN
895
,
902
,
903
және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 3 сәуірде N 2226 нөмірмен тіркелген 2003 жылғы 27 наурыздағы N 143
бұйрықтарымен
енгізілген толықтыруларымен) мынадай толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген Бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген фискалдық жады бар бақылау-кассалық машиналарының Мемлекеттік тізілімі мынадай мазмұндағы 74-тармақпен толықтырсын:
"74. ШТРИХ-ФР-Ф-KZ"
2. Салық бақылауы басқармасы (А.Борамбаева) осы Бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.