" Бағалы қағаздар рыногы туралы " Қазақстан Республикасының Заңы және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Ережесi мен құрылымын бекiту туралы" 1999 жылғы 11 тамыздағы N 188 Жарлығы негiзiнде бағалы қағаздар рыногын одан әрi дамыту жөнiндегi шараларды iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
1. Осы қаулының 2 және 4-тармақтарында белгiленген талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасының резиденттерi - екiншi деңгейдегi банктер шығаратын банктiк депозиттiк сертификаттар бағалы қағаздар деп танылсын.
2. Банктiк депозиттiк сертификаттарды меншiктi бағалы қағаздар (акцияларды қоспағанда) эмиссиясына және депозиттер қабылдауға, заңды және жеке тұлғалардың банктiк шоттарын ашуға және жүргiзуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар банктер шығаруға құқылы деп белгiленсiн.
3. Банктiк депозиттiк сертификат - оны шығару талаптары үшiн белгiленген айналыс мерзiмi бiткеннен кейiн не бiткенге дейiн оның нақты құнын, сондай-ақ шығару талаптарымен белгiленген мөлшерде сыйақы алуға оның ұстаушысының құқығын куәландыратын эмиссиялық емес атаулы бағалы қағаз деп белгiленсiн.
4. Банктiк депозиттiк сертификат:
1) құжаттандырылмаған нысанда шығарылатыны;
2) банктiк депозиттiк сертификаттар бойынша меншiк құқығын есепке алу мен растауды бағалы қағаздар ұстаушыларының тiзiлiмiн жүргiзу бойынша қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдар немесе бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында өтiнiш бiлдiрген кезде Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында депозитарлық қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асыратыны белгiленсiн.
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерiнде клиенттердiң банктiк шоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266
қаулысына
(Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1199 тiркелген, 2000 жылғы 17-30 шiлдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 8 қазандағы N 382
қаулысымен
бекiтiлген өзгерiстермен бiрге) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының банктерiнде клиенттердiң банктiк шоттарын ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi туралы нұсқаулықта:
16-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Салымшының кiтапшасы (жинақ кiтапшасы) салым құжаты болып табылады.".
6. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппараттың барлық мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына, сауда-саттық ұйымдастырушыларға, бағалы қағаздар рыногында депозитарлық қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға, "Активтердi Басқару қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бiрлестiгiне, "Қазақстан Тiзiлiм ұстаушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.
8. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.
Ұлттық Банк
Төрағасы