"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
сәйкес және жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
1. Мыналар:
1) Кастодиан-банк, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым және жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалатын кастодиандық үлгi шарттың нысаны (1-қосымша);
2) Кастодиан-банк және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалатын кастодиандық үлгi шарттың нысаны (2-қосымша) бекiтiлсiн.
2. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының барлық мүдделi бөлiмшелерiне, кастодиан-банктерге, жинақтаушы зейнетақы қорларына және зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды дербес жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.
3. Осы қаулы мемлекеттiк тiркелген күннен бастап Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң "Кастодиандық үлгi шартын бекiту туралы" 1998 жылғы 17 ақпандағы N 17-П
бұйрығының
(Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу
тiзiлiмiнде N 482 тiркелген, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 80 тiркелген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Ұлттық зейнетақы агенттігiнiң "Кастодиандық үлгi шартына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1998 жылғы 25 наурыздағы N 39-П
бұйрығымен
енгізiлген өзгерiстер мен толықтыруларды ескере отырып) күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ. Сәйденовке жүктелсiн.
5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он төрт күн өткеннен
кейiн күшiне енедi.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2003 жылғы 21 сәуірдегі
N 139 "Кастодиандық үлгі
шарттардың нысандарын
бекіту туралы" қаулысына
1-қосымша
Кастодиан банк, зейнетақы активтерін инвестициялық
басқаруды жүзеге асыратын ұйым және жинақтаушы
зейнетақы қоры арасында жасалатын
КАСТОДИАНДЫҚ ҮЛГІ ШАРТ
"____" ____________ 200___жыл
________________________________
(елді мекеннің атауы)
Осы Шарт мынадай тараптардың арасында жасалды:
Жинақтаушы зейнетақы қоры
__________________________________________________________________
(қордың атауы, лицензия номері және берілген күні)
бұдан әрі "Қор" деп аталады, жарғы және заңдарға сәйкес берілген сенімхат негізінде іс-әрекет жасайтын ___________________________________________________________ арқылы.
(лауазымы, аты-жөні)
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым __________________________________________________________________
(ұйымның атауы, лицензия номері және берілген күні)
бұдан әрі "Ұйым" деп аталады, жарғы және заңдарға сәйкес
берілген сенімхат негізінде іс-әрекет жасайтын
___________________________________________________________арқылы.
(лауазымы, аты-жөні)
Кастодиан банк
__________________________________________________________________
(банктің атауы, лицензия номері және берілген күні)
бұдан әрі "Кастодиан" деп аталады, жарғы және заңдарға сәйкес берілген сенімхат негізінде іс-әрекет жасайтын ___________________________________________________________арқылы.
(лауазымы, аты-жөні)
1. Шарттың мәні Қордың зейнетақы активтерін жауапты сақтау және есепке алу жөніндегі қызметті ұсыну болып табылады.
2. Қор салымшылардан зейнетақы жарналарын тартуды жүзеге асырады және Қордағы жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражаты бар алушыларға зейнетақы төлемдерін жүргізеді. Осы функцияларын жүзеге асыру үшін Қор Кастодианда шот ашады.
3. Ұйым Қордың зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырады және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға арналған шарт талаптарына сай Қордың Кастодиандағы тиісті шоттарына басшылық жасайды.
4. Қор тапсырады, ал кастодиан Қазақстан Республикасының заңдарын сақтай отырып және осы Шартқа сәйкес Қордың өзіне сеніп тапсырылған зейнетақы активтерінің (ақша, бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары) сақталуын және есебін жүргізуді қамтамасыз етеді және қордың зейнетақы активтерінің мақсатты орналастырылуына бақылау жасайды.
2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
5. Кастодиан:
1) Қорға осы Шарттың 3-тарауында сипатталған шот режимінде теңгеде банктік инвестициялық шот ашуға және жүргізуге;
2) Қорға осы Шарттың 4-тарауында сипатталған шот режимінде шетел валютасында банктік инвестициялық шот ашуға және жүргізуге;
3) Қорға осы Шарттың 5-тарауында сипатталған шот режимінде теңгеде банктік зейнетақы төлемдері шотын ашуға және жүргізуге;
4) Қорға осы Шарттың 6-тарауында сипатталған шот режимінде шетел валютасында банктік зейнетақы төлемдері шотын ашуға және жүргізуге;
5) Қорға осы Шарттың 7-тарауында сипатталған шот режимінде зейнетақы активтері есебінен инвестициялауға рұқсат етілген бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарын есепке алу және сақтау үшін баланстан тыс шот (бұдан әрі - қаржы құралдарын есепке алу жөніндегі шот) ашуға және жүргізуге;
6) міндетті зейнетақы жарналарын, "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны (бұдан әрі - Орталық) арқылы аударылған міндетті зейнетақы жарналарын операциялық күн ішінде теңгедегі банктік инвестициялық шотқа есептей отырып, уақтылы ұстамағаны (есептемегені) және (немесе) аудармағаны үшін өсімпұлды ұстауға;
7) операциялық күн ішінде теңгедегі банктік инвестициялық шотқа есептей отырып, ерікті зейнетақы жарналарын, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын алуға;
8) операциялық күн ішінде теңгедегі банктік инвестициялық шотқа есептей отырып, жинақталған зейнетақы жарналарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорларынан аударымдарды және өзге де түсімдерді алуға;
9) Ұйымға және Қорға операциялық күннен кейінгі күнгі сағат________ кешіктірмей операциялар түрлері бойынша теңгедегі және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттағы ақша қозғалысы туралы хабарламаны ұсынуға;
10) күнделікті ағымдағы операциялық күнгі сағат________дейін Қорға МТ-102 нысандағы электронды тізімді - алдыңғы операциялық күн үшін теңгедегі банктік инвестициялық шотқа түскен төлем құжаттарын ұсынуға;
11) Қордың (немесе Ұйымның) зейнетақы активтерінен және инвестициялық кірістен, теңгедегі банктік инвестициялық шоттан ұстап қалынған комиссиялық сыйақыны Қордың ағымдағы шотына аудару жөніндегі төлем тапсырмасын орындауға;
12) зейнетақы активтерін инвестициялау кезінде Ұйымның теңгедегі банктік инвестициялық шотынан және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шотынан қарсы агенттердің ұлттық валютадағы және шетел валютасындағы тиісті шоттарына ақша аудару жөніндегі төлем тапсырмасын орындауға және бағалы қағаздарды есептен шығаруға (есептеуге) және банктік жарналарды қаржы құралдарын есепке алу бойынша банктік салымдарды шоттардан (шоттарға) орналастыруға (қайтаруға);
13) осы Шарттың 7-тармағының 6) тармақшасына сай теңгедегі банктік инвестициялық шоттан теңгедегі және шетел валютасындағы зейнетақы төлемдерінің банктік шотына ақша аудару жөніндегі төлем құжаттарын орындауға;
14) Қордың салымшының зейнетақы төлемдерінің банктік шотынан басқа жинақтаушы зейнетақы қорының банктік инвестициялық шотына немесе сақтандыру ұйымына ақшаны есептен шығару және жинақталған зейнетақы қаражатын аудару, сондай-ақ банктік шоттан зейнетақы төлемдерін есептен шығару және алдағы зейнетақы төлемдерінің сомасын алушының зейнетақы төлемдеріне қызмет көрсететін банкке аудару және зейнетақы төлемдерінен ұсталған табыс салығын салық органдарына аудару жөніндегі төлем тапсырмаларын орындауға;
15) Қордың (немесе Ұйымның) теңгедегі банктік инвестициялық шоттан Қордың немесе Ұйымның банктік ағымдағы шотына Ұйым, Кастодиан және Қор арасындағы үш жақты салыстырып тексеру актісі негізінде зейнетақы активтерін инвестициялау кезінде туындаған Ұйымның шығыстарын өтеу үшін ақша аудару жөніндегі төлем тапсырмасын орындауға;
16) Ұйымды номиналды ұстаушының қызметін атқарушы тиісті ұйымның хабарламасы негізінде қаржы құралдарын есепке алу бойынша шоттарда (шоттардан) бағалы қағаздарды есептеу (есептен шығару) туралы хабарлама түскен күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге;
17) Қордың зейнетақы активтерінің сақталуын қамтамасыз етуге;
18) зейнетақы активтерінің қозғалысына байланысты операциялардың есебін қамтамасыз етуге;
19) зейнетақы активтері бойынша күнделікті есепті, сондай-ақ зейнетақы активтерін есепке алу жөніндегі бастапқы құжаттарды бес жыл бойы сақтауға;
20) Ұйымға және Қорға бағалы қағаздар эмитенттері туралы ақпаратты Кастодианға ақпарат түскен күннен бастап үш жұмыс күннен асырмай ұсынуға;
21) Кастодиан, Ұйым және Қор жүзеге асыратын зейнетақы активтерінің есебі мен бағалауының сәйкестігін қамтамасыз етуге;
22) Қазақстан Республикасының заңдарында анықталған көлемде номиналды ұстаушы ретіндегі қызметті жүзеге асыруға;
23) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік инвестициялық шот, зейнетақы төлемдері шоттары және Қордың қаржы құралдарын есепке алу шоты туралы мәліметтердің құпиялылығын сақтауға;
24) осы Шарттың 28, 29, 31 және 32-тармақтарына сәйкес Ұйым мен Қор арасында жасалған осы Шарттың 30-тармағында көрсетілген деректерге тұрақты түрде қарсы тексеруді жүргізуге;
25) Ұйымның теңгедегі немесе шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттан ақша аудару немесе қаржы құралдарын есепке алу жөніндегі шоттардан бағалық қағаздарды есептен шығару туралы бұйрығын уәкілетті мемлекеттік органнан Ұйым лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы ресми хабарламасын алған сәттен бастап уәкілетті мемлекеттік органнан Ұйым лицензиясының қолданылуын қайтадан қалпына келтіру туралы ресми хабарламасын алған сәтке дейін орындамауға;
26) Қордан Ұйымға шарттың қолданылуын тоқтату немесе Қор мен Ұйым арасындағы зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға арналған шартты бұзу туралы жазбаша хабарлама жіберілгені туралы хабарламаны алған сәттен бастап Қордың жазбаша тапсырмалары негізінде әрекет етуге;
27) Ұйым мен Қорды кастодиандық қызметті атқаруға арналған өзінің лицензиясының тоқтатыла тұрғаны (тоқтатылғаны) немесе уәкілетті мемлекеттік органның ресми шешімін алған күні Кастодианның зейнетақы активтерін сақтау және есебін жүргізу құқығын өзгертуге алып келетін басқа жағдайлар туралы жазбаша хабардар етуге;
28) Қордың немесе Ұйымның жазбаша сұрауларына ________ жұмыс күні ішінде жауап қайтаруға;
29) Қордың төлем құжаттарының негізінде қате есептелген деп танылған Орталық арқылы ақша түскен жағдайда көрсетілген соманы Қордың тапсырмасы бойынша Орталықтың шотына бір операциялық күн ішінде қайтаруға;
30) міндетті зейнетақы жарналары Орталықты айналып өтіп түскен жағдайда осы жарналарды жөнелтушіге өз бетінше бір операциялық күн ішінде қайтаруға;
31) қаржы құралдары бойынша кірістердің түсуіне бақылау жасауға;
32) қаржы құралдары бойынша алынған кірісті Қордың банктік инвестициялық шотына Кастодианның корреспонденттік шотына кіріс түскен күні есептеуге;
33) Қордың теңгедегі зейнетақы төлемдерінің банктік шотынан шетел валютасындағы зейнетақы төлемдерінің банктік шотына ақшаны есептен шығару, сондай-ақ шетел валютасындағы зейнетақы төлемдері шотынан Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге тұрғылықты тұруға көшіп кеткен алушының зейнетақы төлемдеріне қызмет көрсетуші банкке халықаралық аударымды жүзеге асыру жөніндегі төлем тапсырмасын орындауға міндетті.
6. Кастодианның:
1) ай сайын осы Шарттың 26 және 27-тармақтарына сәйкес Қордан және Ұйымнан өзінің көрсеткен қызметі үшін ақы алуға;
2) осы Шарттың 43-46-тармақтарында көзделген талаптармен және тәртіпте осы Шартты бұзуға;
3) Қор және Ұйым арасында зейнетақы активтерін инвестициялық басқару шартына сәйкес Қорға және Ұйымға Кастодианның зейнетақы активтерімен жасалған мәмілелерге қызмет көрсету және қаржы құралдарының есебін жүргізу жөніндегі номиналды ұстаушының қызметін жүзеге асыратын тиісті ұйымдардың қызметіне ақы төлеу бойынша шығыстарын өтеуге шот-фактура ұсынуға;
4) көрсетілген шоттарда ағымдағы түсімдерді ескере отырып, мұндай төлем тапсырмаларын орындауға жеткілікті сома болмаған жағдайда, Ұйымның немесе Қордың теңгедегі немесе шетел валютасындағы инвестициялық шоттан және зейнетақы төлемдерінің банктік шотынан соманы есептен шығару жөніндегі төлем тапсырмасын орындамауға;
5) Қор мен Ұйымды бұл жөнінде ______ жұмыс күні бұрын алдын-ала жазбаша хабардар ете отырып, тарифтерді өзгертуге;
6) Кастодианның халықаралық рыноктарда зейнетақы активтерімен жасалған мәмілелер бойынша Қор, Кастодиан және Ұйым арасындағы үш жақты салыстырып тексеру актісімен расталған шеккен шығыстары сомасын акцептсіз есептен шығаруға құқығы бар.
7. Қор:
1) Ұйыммен және Кастодианмен зейнетақы активтерін есептеу мен бағалаудың сәйкестігін қамтамасыз етуге;
2) Кастодианға Ұйым мен Қор арасында жасалған зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі шарттың көшірмесін, сондай-ақ оған барлық өзгертулер мен толықтырулардың көшірмесін ұсынуға;
3) Кастодианға Қордың зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызмет атқаруға берілген мемлекеттік лицензиясының көшірмесін ұсынуға;
4) Ұйымға белгілі-бір күні зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру немесе салымшының кастодиан банктегі шотындағы жинақталған зейнетақы қаражатын басқа жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына аудару жөніндегі хабарламаны бір мезгілде жібере отырып, осы хабарламаның көшірмесін Қор мен Ұйым арасында жасалған зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға арналған шартта анықталған мерзімде кастодианға жіберуге;
5) күн сайын ағымдағы операциялық күнгі сағат ______ дейін Кастодианға және Ұйымға мыналар туралы растаманы ұсынуға:
міндетті, ерікті, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының түскен сомасы;
өсімпұл сомасы;
басқа жинақтаушы зейнетақы қорларынан аударылған жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы;
қате түскен сома;
өзге де түсімдер сомасы;
6) Кастодианға және Ұйымға (егер Қор мен Ұйым арасында жасалған зейнетақы активтерін инвестициялық басқару шартына сәйкес Кастодианға төлем тапсырмасын жіберу міндеті Ұйымға жүктелген болса) теңгедегі банктік инвестициялық шоттан зейнетақы төлемдерінің банктік шотына ақша аударуға арналған өкімді жіберуге, сондай-ақ Кастодианға теңгедегі банктік инвестициялық шоттан зейнетақы төлемдерінің банктік шотына ақша аударуға арналған төлем құжаттарын жіберуге;
7) Кастодиан ұсынған шот-фактураны және осы Шарттың 6-тармағының 3 тармақшасында көрсетілген шот-фактураны, егер мұндай міндет Қор мен Ұйым арасында жасалған зейнетақы активтерін инвестициялық басқару шартында көзделген болса, шот алынған күннен бастап ______ жұмыс күнінен кешіктірмей төлеуге;
8) Кастодиан мен Ұйымды зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызметті атқаруға берілген өз лицензиясының тоқтатыла тұрғаны (тоқтатылғаны) туралы немесе Қордың уәкілетті мемлекеттік органнан шешімді алған күні қызметті жүзеге асыруға құқықтарын өзгертуге алып келетін өзге де жағдайлар туралы хабардар етуге;
9) Кастодианға осы Шарттың 5-тармағының 1) - 5) тармақшаларында көрсетілген шоттарды ашуға арналған Қазақстан Республикасының заңдарында анықталған құжаттар пакетін ұсынуға;
10) Кастодианды екі жұмыс күні ішінде Кастодианға тиісті құжаттарды ұсына отырып өзгерістер күшіне енген күні барлық өзгерістер туралы (төлем құжаттарына қол қою құқығы бар басшы қызметкерлердің ауысуы, мекен-жайлардың, телефондардың, салық төлеушінің тіркеу номерінің өзгеруі) жазбаша хабардар етуге;
11) Кастодианға шетел валютасындағы зейнетақы төлемдері шотынан зейнетақы төлемдері сомасын халықаралық аударуға төлем тапсырмасын жіберуге;
12) Кастодианмен және Ұйыммен осы Шарттың 28, 29, 31 және 32 тармақтарына сәйкес тұрақты қарсы салыстырып тексеруді жүргізуге міндетті.
8. Қордың:
1) айдың соңғы күнінде Қазақстан Республикасының заңдарына және Қор мен Ұйым арасында жасалған зейнетақы активтерін инвестициялық басқару шартына сәйкес комиссиялық сыйақы алуға;
2) осы Шарттың 12-тарауында көзделген талаптармен және мерзімде осы Шартты бір жақты тәртіппен бұзуға;
3) Кастодиан мен Ұйымнан осы Шарттың 9-тарауында көзделген
тәртіппен Ұйым жүзеге асыратын Қордың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызмет туралы ақпарат алуға құқығы бар.
9. Ұйым:
1) Кастодианға Ұйым бағалы қағаздар рыногында брокерлік қызмет көрсетуге арналған шарт жасасқан бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның (ұйымдардың) (бұдан әрі - брокер-дилер) деректемелерін шарт жасалған күні хабарлауға;
2) Кастодианмен және Қормен жасалған осы Шарттың 30-тармағында көрсетілген деректерді осы Шарттың 28, 29, 31 және 32-тармақтарына сәйкес жүйелі түрде қарама қарсы салыстырып тексеруге;
3) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына берілген лицензияның көшірмесін, Ұйымның атынан Кастодианның жазбаша тапсырмасына қол қоюға уәкілетті Ұйымның басшы қызметкерлерінің қол қою үлгілерінің нотариат куәландырған карточкасын Кастодианға және Қорға беруге;
4) Кастодианға және Қорға жазбаша нысанда, кемінде бір ай бұрын мерзімде Ұйымның таратылатыны немесе қайта ұйымдастырылатыны туралы хабарлауға;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақы активтерін инвестициялауды жүзеге асыруға және Кастодианға көрсетілген деректемелер бойынша ақша аударуға арналған төлем құжаттарын және қаржы құралдарын есепке алу бойынша шоттарға (шоттардан) бағалы қағаздарды есепке алу (есептен шығару) және салымдарды орналастыру (қайтару) жөніндегі бұйрықтарды жіберуге;
6) брокер-дилерге зейнетақы активтерінің қатысуымен мәмілелер жасауға берілген тапсырыстардың түпнұсқаларын жіберумен бір мезгілде сонымен бірге Кастодианды ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында жасалатын мәмілелерді растауға қатысу және мәмілелердің орындалуын және зейнетақы активтерін мақсатты орналастыруды бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігімен қамтамасыз ете отырып Кастодианға осындай тапсырыстардың көшірмелерін (ақы төлеуге сенімхат, аударуға өкім) және Кастодианның операциялық күні шеңберінде қаржы құралдарын есепке алу бойынша шоттарға (шоттардан) бағалы қағаздарды есепке алуға (есептен шығаруға) берілген бұйрықтарды жіберуге;
7) Ұйым брокер-дилер ретінде бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелеріне дербес қатысқан жағдайда - бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелері жасалған күні сауда-саттыққа қатысу және олардың нәтижесі жөнінде Кастодианды хабардар етуге немесе жазбаша хабарлауға;
8) Қорға мәмілелер жасалғаннан кейін келесі жұмыс күні зейнетақы активтерімен мәмілелер жасау туралы есепті беруге;
9) күн сайын ағымдағы операция күні ____ сағатқа дейін Қорға және Кастодианға:
алынған инвестициялық кіріс сомасы;
есептелген инвестициялық кіріс сомасы туралы ақпаратты беруге;
10) Егер Ұйымның осындай міндеті Қор мен Ұйымның арасында зейнетақы активтерін инвестициялық басқару шартымен белгіленсе, Қор мен Ұйымның арасында зейнетақы активтерін инвестициялық басқару шартында айқындалған мерзімдерде банктік инвестициялық шоттан банктік зейнетақы төлеу шотына теңгемен қаражат аударуға төлем тапсырмасын Кастодианға жіберуге;
11) Кастодианға және Қорға екінші деңгейдегі банктермен банктік шарттар жасалған күні олардың көшірмелерін беруге;
12) осы Шарттың 6-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Ұйымның Кастодианы берген шот-фактура бойынша шот берілген күннен бастап __ операциялық күннен кешіктірмейтін ақы төлеуге;
13) зейнетақы активтерін есепке алу мен бақылаудың Қормен және Кастодианмен сәйкес келуін қамтамасыз етуге;
14) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясын қолдануды тоқтата тұру (тоқтату) немесе Ұйымның зейнетақы активтерін инвестициялық басқару құқығын өзгертуге әкеп соғатын өзге де жағдайлар туралы уәкілетті мемлекеттік органның шешімін алған күні Кастодиан мен Қорды хабардар етуге;
15) Кастодианға барлық өзгерістер (төлем құжаттарына қол қою құқығы бар басшы қызметкерлердің ауысуы, мекен-жайлардың, телефондардың, салық төлеушінің тіркеу нөмірінің өзгеруі) туралы өзгерістер басталған күні Кастодианға тиісті құжаттарды екі жұмыс күні ішінде бере отырып жазбаша хабарлауға;
16) Ұйым, Қор және кастодиан арасындағы үш жақты салыстырып тексеру актісі негізінде зейнетақы активтерін инвестициялау кезінде пайда болған шығыстар өтемін алуға;
17) осы Шарттың 28, 29, 31 және 32-тармақтарына сәйкес Кастодианмен және Қормен жүйелі түрде салыстырып тексеруді
жүргізуге міндетті.
10. Ұйымның:
1) осы Шарттың 12-тарауында көрсетілген талаптармен және тәртіппен осы Шартты бұзуға;
2) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға Қор мен Ұйым арасында жасалған шартқа сәйкес қызметке ақы алуға құқығы бар.
3-тарау. Теңгедегі банктік инвестициялық шоттың режимі
11. Теңгедегі банктік инвестициялық шот жинақталған зейнетақы қаражатын, басқа жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақталған зейнетақы қаражаты аударымдарының түсімін, қаржы құралдарын сатудан және/немесе өтеуден түскен сомаларды, ұлттық валютадағы қаржы құралдарын сатып алуды және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де түсімдерді есепке алуға арналған.
12. Шотты басқару құқығы осы Шартқа сәйкес Ұйымға, жекелеген жағдайларда олардың арасында жасалған зейнетақы активтерін инвестициялық басқару шартына сәйкес Қорға тиесілі.
13. Шоттағы ақша кепілдің, кепілдік берудің, кепілдіктің және Ұйым мен Қордың басқа да міндеттемелерінің объектісі болмайды.
4-тарау. Шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттың режимі
14. Шетел валютасындағы банктік инвестициялық шот зейнетақы активтерінің есебінен шетел валютасына номинацияланған бағалы қағаздарды сатып алуға арналған шетел валютасын сатып алуға, шетел валютасын сатуға, құны шетел валютасында көрсетілген қаржы құралдары бойынша алынған кіріс түсіміне, бағалы қағаздарды өтеуге, салымдарға орналастыруға және екінші деңгейдегі банктерде шетел валютасымен орналастырылған салымдар бойынша қайтарылған сомаларды және шетел валютасындағы басқа түсімдер мен шығыстарды алуға арналған.
15. Шотты басқару құқығы Ұйымға тиесілі.
16. Шетел валютасындағы шоттағы ақша кепілдің, кепілдік берудің, кепілдіктің және Ұйым мен Қордың басқа да міндеттемелерінің объектісі болмайды.
5-тарау. Зейнетақы төлемдерінің теңгедегі банктік шотының режимі
17. Зейнетақы төлемдерінің теңгедегі банктік шоты зейнетақы төлемдерін төлемдер алушының банкіне жүзеге асыруға және/немесе салымшылардың жинақталған зейнетақы қаражатын басқа жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан-банкіне немесе сақтандыру ұйымына аударуға, сондай-ақ зейнетақы төлемдерінен ұсталған табыс салығын салық органдарына аударуға арналған.
18. Шотты басқару құқығы Ұйымға тиесілі.
19. Шоттағы ақша кепілдің, кепілдік берудің, кепілдіктің және Ұйым мен Қордың басқа да міндеттемелерінің объектісі болмайды.
6-тарау. Зейнетақы төлемдерінің валютадағы банктік шотының режимі
20. Зейнетақы төлемдерінің валютадағы банктік шоты салымшының Қазақстан Республикасынан тысқары тұрақты тұратын жерге көшіп кетуіне байланысты оның жинақталған зейнетақы қаражатын алуға арналған.
21. Шотты басқару құқығы Ұйымға тиесілі.
22. Шоттағы ақша кепілдің, кепілдік берудің, кепілдіктің және Ұйым мен Қордың басқа да міндеттемелерінің объектісі болмайды.
7-тарау. Қаржы құралдарын есепке алу жөніндегі шоттың режимі
23. Қаржы құралдарын есепке алу жөніндегі шот Қордың бағалы қағаздарды және зейнетақы активтерінің есебінен сатып алынған басқа да қаржы құралдарын есепке алуға арналған баланстан тыс шоты болып табылады.
24. Шотты басқару құқығы Ұйымға тиесілі.
25. Шоттағы қаржы құралдары кепілдің, кепілдік берудің, кепілдіктің және Ұйым мен Қордың басқа да міндеттемелерінің объектісі болмайды.
8-тарау. Кастодиан көрсеткен қызметке ақы төлеу мөлшері мен тәртібі
26. Қор мен Ұйым Кастодианның шоттарын осы Шартқа және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару үшін Қор мен Ұйым арасында жасалған шартқа сәйкес төлейді.
27. Кастодианның тарифтері осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылады. Кастодианның тарифтері өзгерген жағдайда осы өзгерістер қосымша келісім түрінде ресімделеді.
9-тарау. Есеп беру нысандары және кезеңділігі
28. Кастодиан теңгедегі және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттардағы ақшаның қозғалуына қарай Ұйым мен Қорға операциялардың түрлері бойынша теңгедегі және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттардағы ақшаның қозғалысы туралы хабарлама және Қорға көрсетілген хабарламаны және оның үзінді-көшірмесін береді.
29. Кастодиан қаржы құралдарын есепке алу жөніндегі шоттарға(дан) бағалы қағаздарды есепке алу (есептен шығару) және салымдарды орналастыру (қайтару) туралы үзінді-көшірмені, сондай-ақ "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" жабық акционерлік қоғамының үзінді-көшірмелерін Ұйым мен Қорға бағалы қағаздардың қозғалуына қарай не ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
30. Кастодиан есепті айдан кейінгі айдың үш жұмыс күні ішінде салыстырып тексеру үшін мынадай деректерді электрондық түрде қалыптастырады және Ұйым мен Қорға жібереді:
1) қаржы құралдарының құрылымы;
2) теңгедегі және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттардағы ақшаның қозғалысы;
3) қаржы құралдарының сатып алу құны;
4) зейнетақы активтерінің есебінен инвестициялардың ағымдағы құны;
5) есептелген және алынған инвестициялық кірістің сомасы;
6) зейнетақы активтерінен және инвестициялық кірістен комиссиялық сыйақының сомасы.
31. Шарттың 30-тармағында көрсетілген деректер бойынша салыстырып тексеру есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірілмей Кастодианның, Ұйымның және Қордың уәкілетті өкілдері қол қоюы тиіс үш жақты салыстырып тексеру актісімен ресімделеді.
32. Зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық қызметті жүзеге асыруға байланысты шығындар пайда болған жағдайда Кастодиан, Ұйым және Қор мемлекеттік уәкілетті орган белгілеген ресімдерге сәйкес осындай шығындар бойынша салыстырып тексеру жүргізеді.
10-тарау. Тараптардың жауапкершіліктері
33. Ұйымның және Қордың осы Шарттың талаптарына сәйкес жіберген тапсырмаларын (бұйрықтарын) Кастодиан уақтылы орындамаған жағдайда Кастодиан тапсырмасы (бұйрығы) мерзімінде орындалмаған тарапқа Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем жасау күніне белгілеген қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 мөлшерінде ақы төлеу күнін қосқанда әрбір кешіктірілген күн үшін мерзімінде орындалмаған тапсырмада көрсетілген сомаға есептелген айыппұл төлейді.
34. Осы Шарттың 7-тармағының 7) тармақшасында және 9-тармағының 12) тармақшасында көрсетілген шот-фактураларды уақтылы төлемеген жағдайда Қор және/немесе Ұйым зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға Қор мен Ұйым арасында жасалған шартқа сәйкес Кастодианға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем жасау күніне белгіленген қайта қаржыландыру ставкасының ___ мөлшерінде ақы төлеу күнін қосқанда әрбір кешіктірілген күн үшін төленбеген сомаға есептелген айыппұл төлейді.
35. Осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындамау, дұрыс немесе уақтылы орындамау нәтижесінде басқа тарапқа немесе тараптарға шығын келтірген тарап осындай жағдайлар туындағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде осы тарапқа немесе тараптарға шығынды өтеуге және оларға төлем жасау күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгіленген қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 мөлшерінде тараптың әрқайсысына жеке есептелген шығын сомасына есептелген айыппұл төлейді.
36. Егер айыппұлдардың туындау негіздері осы Шарттың 11-тарауында көрсетілген дүлей күш жағдайына тікелей байланысты болса, тараптар осы Шарттың 33, 34 және 35-тармақтарында көрсетілген айыппұлдарды төлеуден босатылады.
37. Ұйым Қазақстан Республикасының бастапқы және қайталама бағалы қағаздар рыноктарында және халықаралық рыноктарда жүзеге асырылатын мәмілелер бойынша есептеулерге арналған төлем тапсырмаларының Кастодианға уақтылы берілуі үшін жауапкершілік көтереді.
11-тарау. Форс-Мажор жағдайлары
38. Егер осы Шарттың 39-тармағында көрсетілген Форс-мажор жағдайлары тараптардың біріне осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауға бөгет, кедергі жасаса немесе кідіртсе, осындай тараптың осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауы Форс-мажор жағдайлары созылатын уақытқа тең және жоғарыда аталған міндеттемелерді орындауға бөгет, кедергі жасау немесе кідірту дәрежесінде тоқтатыла тұрады.
39. Форс-мажор өртті, су тасқынын, зілзаланы, соғыстарды (жарияланған және жарияланбаған), көтерілістерді, ереуілдерді, азамат соғысын немесе тәртіпсіздіктерді, осы Шартта көрсетілген қызмет түрлеріне тікелей немесе жанама тыйым салатын заңдар, қаулылар, шешімдер және уәкілетті органдардың өзге де актілерін қабылдауды қоса отырып, бірақ шектелместен кез келген жағдайларды білдіреді.
40. Форс-мажор туындаған күні осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындау үшін кедергісі бар тарап басқа тараптарды Форс-мажордың басталғаны туралы және Форс-мажордың оған осындай міндеттемелерді орындауға әсері туралы жазбаша хабарлауы тиіс. Егер тарап осы тармақта белгіленгендей Форс-мажор туралы хабарламаса, осындай тарап осы тарап үшін Форс-мажор нәтижесінде басқа тараптарға хабарлама жіберуге мүмкіндігі болмаған жағдайларды қоспағанда осы шарттың 38-тармағында көрсетілген құқықтарын жоғалтады.
41. Форс-мажор тоқтатылғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде оған тартылған тарап басқа тарапқа Форс-мажордың тоқтатылғаны туралы жазбаша хабарлауы тиіс және осы шарт бойынша міндеттемелерін орындауды жаңартуы тиіс. Егер Форс-мажор басталғаннан кейін бір айдан астам уақытқа созылса, тараптардың кез келгені 12-тарауға сәйкес осы Шарттың қолданылуын тоқтатуға құқылы.
12-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі және оны бұзу тәртібі
42. Кастодиандық шарт оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және мерзімсіз қолданылады.
43. Кез келген тарап Шартты бұзу туралы жазбаша хабарлама алғаннан кейін бір айдан кейін және хабарланған тараптың қарсылығы болмаған жағдайда шарт бұзылды деп саналады.
44. Шартты Кастодианның бастамасы бойынша бұзған жағдайда ол Қор мен Ұйым кастодиандық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы бар басқа банкпен осы Шарттың 46-тармағының талаптарына сәйкес кастодиандық шартқа қол қойған сәтке дейін осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауға міндетті.
45. Осы Шартты бұзу белгіленген күнге дейін жиырма күндік мерзімде Кастодиан, Қор немесе Ұйым Кастодианның, Қордың зейнетақы активтерін қабылдаған кастодиан-банктің, Қордың және Ұйымның уәкілетті өкілдерінен қалыптастырылған, міндеттеріне Қордың зейнетақы активтерін түгендеу және оларды қабылдаушы кастодиан-банкке өткізу тәсілдері мен мерзімдерін айқындау кіретін келісім комиссиясын құрады. Комиссия жұмысының нәтижесі бойынша төрт жақты зейнетақы активтерін қабылдау-өткізу актісі ресімделеді.
46. Осы Шартты бұзу сәтінен бастап алты айға дейінгі мерзімге Қор, Кастодиан және қабылдаушы кастодиан-банк арасында Кастодианның оған келіп түскен зейнетақы активтерін қабылдаушы кастодиан-банкке аударуы туралы тиісті шарт жасалады. Осы шартқа мынадай талаптар енгізілуі тиіс:
1) келіп түскен зейнетақы жарналарын Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес сақтауды қамтамасыз ету;
2) келіп түскен зейнетақы жарналары туралы құпиялылығын және коммерциялық құпияны сақтау;
3) Кастодианның міндеттемелерін орындауға кедергі болатын жағдайлар туралы осындай жағдайлар туындағаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей Қорды жазбаша хабардар ету міндеті;
4) Кастодианның Қордың банктік инвестициялық шотынан ондағы ақшаны оны одан әрі қабылдаушы кастодиан-банкке аудару үшін акцептсіз тәртіппен алу құқығы;
5) Қордың Кастодиан көрсеткен қызметі үшін Қор күнтізбелік айдың нәтижесі бойынша Кастодианнан шот-фактураны алған күннен бастап __ жұмыс күнінен кешіктірмей ақы төлеуге міндетті.
47. Тараптар Қазақстан Республикасының осы Шарттың мәніне қатысты және осы Шарт бойынша тараптардың қатынастарын реттейтін заңдарын сақтауға міндеттенеді.
48. Осы Шарт әрқайсысының заң күшi бiрдей мемлекеттiк және орыс тiлiнде төрт дана етiп жасалған: әрбір тарапқа бірден, төртінші данасы уәкілетті мемлекеттік орган үшін.
49. Осы Шарттың талаптары кез келген өзге шарттың немесе тараптар арасында жеке немесе бірге жасалған келісімнің талаптарына қайшы келген жағдайда осы Шарттың ережелері басымды болып табылады және тараптар ең алдымен осы Шарттың ережелерін басшылыққа алады.
50. Осы Шартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың жазбаша келісуі бойынша осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша келісімге қол қою арқылы енгізіледі. Тараптардың осы Шарт бойынша реттелмеген дауларын Қазақстан Республикасының соттары олардың құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары негізінде қарайды.
51. Тараптардың ешқайсысы да осы Шарт бойынша құқықтарын немесе міндеттемелерін үшінші тұлғаға өткізуге немесе беруге құқылы емес.
14-тарау. Тараптардың деректемелері және қолдары
ҚОР ҰЙЫМ
________________________________ ________________________________
________________________________ ________________________________
________________________________ ________________________________
(Қордың деректемелері, салық (Ұйымның деректемелері, салық
төлеушінің тіркеу нөмірі, почталық төлеушінің тіркеу нөмірі,
мекен-жайы, телефондары, банктік почталық мекен-жайы,
бірегейлендіру коды, жеке бірегей- телефондары, банктік
лендіру коды, бенефициардың коды) бірегейлендіру коды, жеке
________________________________ бірегейлендіру коды,
(Қордың өкілінің лауазымы, қолы) бенефициардың коды)
МО ________________________________
(Қордың өкілінің лауазымы, қолы)
МО
КАСТОДИАН
________________________________
________________________________
________________________________
(Кастодианның деректемелері,
салық төлеушінің тіркеу нөмірі,
почталық мекен-жайы, телефондары,
банктік бірегейлендіру коды, жеке
бірегейлендіру коды, бенефициардың
коды)
_______________________________
(Кастодианның өкілінің лауазымы, қолы)
МО
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2003 жылғы 21 сәуірдегі
N 139 "Кастодиандық үлгі
шарттардың нысандарын
бекіту туралы" қаулысына
2-қосымша
Кастодиан банк, зейнетақы активтерін инвестициялық
басқаруды жүзеге асыратын ұйым және жинақтаушы
зейнетақы қоры арасында жасалатын
КАСТОДИАНДЫҚ ҮЛГІ ШАРТ
"____" ____________ 200___жыл
________________________________
(елді мекеннің атауы)
Осы Шарт мынадай тараптардың арасында жасалды:
Жинақтаушы зейнетақы қоры
__________________________________________________________________
(қордың атауы, лицензия номері және берілген күні)
бұдан әрі "Қор" деп аталады, жарғы және заңдарға сәйкес берілген сенімхат негізінде іс-әрекет жасайтын ___________________________________________________________ арқылы.
(лауазымы, аты-жөні)
Кастодиан банк
__________________________________________________________________
(банктің атауы, лицензия номері және берілген күні)
бұдан әрі "Кастодиан" деп аталады, жарғы және заңдарға сәйкес берілген сенімхат негізінде іс-әрекет жасайтын ___________________________________________________________арқылы.
(лауазымы, аты-жөні)
1. Шарттың мәні Қордың зейнетақы активтерін жауапты сақтау және есепке алу жөніндегі қызметті ұсыну болып табылады.
2. Қор салымшылардан зейнетақы жарналарын тартуды жүзеге асырады және Қордағы жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражаты бар алушыларға зейнетақы төлемдерін жүргізеді. Осы функцияларын жүзеге асыру үшін Қор Кастодианда шот ашады.
3. Қор тапсырады, ал кастодиан Қазақстан Республикасының заңдарын сақтай отырып және осы Шартқа сәйкес Қордың өзіне сеніп тапсырылған зейнетақы активтерінің (ақша, бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары) сақталуын және есебін жүргізуді қамтамасыз етеді және қордың зейнетақы активтерінің мақсатты орналастырылуына бақылау жасайды.
2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
4. Кастодиан:
1) Қорға осы Шарттың 3-тарауында сипатталған шот режимінде теңгеде банктік инвестициялық шот ашуға және жүргізуге;
2) Қорға осы Шарттың 4-тарауында сипатталған шот режимінде шетел валютасында банктік инвестициялық шот ашуға және жүргізуге;
3) Қорға осы Шарттың 5-тарауында сипатталған шот режимінде теңгеде банктік зейнетақы төлемдері шотын ашуға және жүргізуге;
4) Қорға осы Шарттың 6-тарауында сипатталған шот режимінде шетел валютасында банктік зейнетақы төлемдері шотын ашуға және жүргізуге;
5) Қорға осы Шарттың 7-тарауында сипатталған шот режимінде зейнетақы активтері есебінен инвестициялауға рұқсат етілген бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарын есепке алу және сақтау үшін баланстан тыс шот (бұдан әрі - қаржы құралдарын есепке алу жөніндегі шот) ашуға және жүргізуге;
6) міндетті зейнетақы жарналарын, Уәкілетті ұйым (бұдан әрі - Орталық) арқылы аударылған міндетті зейнетақы жарналарын операциялық күн ішінде теңгедегі банктік инвестициялық шотқа есептей отырып, уақтылы ұстамағаны (есептемегені) және (немесе) аудармағаны үшін өсімпұлды ұстауға;
7) операциялық күн ішінде теңгедегі банктік инвестициялық шотқа есептей отырып, ерікті зейнетақы жарналарын, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын алуға;
8) операциялық күн ішінде теңгедегі банктік инвестициялық шотқа есептей отырып, жинақталған зейнетақы жарналарын басқа жинақтаушы зейнетақы қорларынан аударымдарды және өзге де түсімдерді алуға;
9) Қорға операциялық күннен кейінгі күнгі сағат________ кешіктірмей операциялар түрлері бойынша теңгедегі және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттағы ақша қозғалысы туралы хабарламаны ұсынуға;
10) күнделікті ағымдағы операциялық күнгі сағат________дейін Қорға МТ-102 нысандағы электронды тізімді - алдыңғы операциялық күн үшін теңгедегі банктік инвестициялық шотқа түскен төлем құжаттарын ұсынуға;
11) Қордың зейнетақы активтерінен және инвестициялық кірістен, теңгедегі банктік инвестициялық шоттан ұстап қалынған комиссиялық сыйақыны Қордың ағымдағы шотына аудару жөніндегі төлем тапсырмасын орындауға;
12) зейнетақы активтерін инвестициялау кезінде Қордың теңгедегі банктік инвестициялық шотынан және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шотынан қарсы агенттердің ұлттық валютадағы және шетел валютасындағы тиісті шоттарына ақша аудару жөніндегі төлем тапсырмасын орындауға және бағалы қағаздарды есептен шығаруға (есептеуге) және банктік жарналарды қаржы құралдарын есепке алу бойынша банктік салымдарды шоттардан (шоттарға) орналастыруға (қайтаруға);
13) Қордың теңгедегі банктік инвестициялық шоттан теңгедегі және шетел валютасындағы зейнетақы төлемдерінің банктік шотына ақша аудару жөніндегі төлем құжаттарын орындауға;
14) Қордың салымшының зейнетақы төлемдерінің банктік шотынан басқа жинақтаушы зейнетақы қорының банктік инвестициялық шотына немесе сақтандыру ұйымына ақшаны есептен шығару және жинақталған зейнетақы қаражатын аудару, сондай-ақ банктік шоттан зейнетақы төлемдерін есептен шығару және алдағы зейнетақы төлемдерінің сомасын алушының зейнетақы төлемдеріне қызмет көрсететін банкке аудару және зейнетақы төлемдерінен ұсталған табыс салығын салық органдарына аудару жөніндегі төлем тапсырмаларын орындауға;
15) Ұйымды номиналды ұстаушының қызметін атқарушы тиісті ұйымның хабарламасы негізінде қаржы құралдарын есепке алу бойынша шоттарда (шоттардан) бағалы қағаздарды есептеу (есептен шығару) туралы хабарлама түскен күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге;
16) Қордың зейнетақы активтерінің сақталуын қамтамасыз етуге;
17) зейнетақы активтерінің қозғалысына байланысты операциялардың есебін қамтамасыз етуге;
18) зейнетақы активтері бойынша күнделікті есепті, сондай-ақ зейнетақы активтерін есепке алу жөніндегі бастапқы құжаттарды бес жыл бойы сақтауға;
19) Қорға бағалы қағаздар эмитенттері туралы ақпаратты Кастодианға ақпарат түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен асырмай ұсынуға;
20) Кастодиан және Қор жүзеге асыратын зейнетақы активтерінің есебі мен бағалауының сәйкестігін қамтамасыз етуге;
21) Қазақстан Республикасының заңдарында анықталған көлемде номиналды ұстаушы ретіндегі қызметті жүзеге асыруға;
22) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік инвестициялық шот, зейнетақы төлемдері шоттары және Қордың қаржы құралдарын есепке алу шоты туралы мәліметтердің құпиялылығын сақтауға;
23) осы Шарттың 20, 21, 23 және 24-тармақтарына сәйкес Қормен жасалған осы Шарттың 22-тармағында көрсетілген деректерге тұрақты түрде қарсы тексеруді жүргізуге;
24) Қордың теңгедегі немесе шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттан ақша аудару немесе қаржы құралдарын есепке алу жөніндегі шоттардан бағалық қағаздарды есептен шығару туралы бұйрығын уәкілетті мемлекеттік органнан Қор лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы ресми хабарламасын алған сәттен бастап уәкілетті мемлекеттік органнан Қор лицензиясының қолданылуын қайтадан қалпына келтіру туралы ресми хабарламасын алған сәтке дейін орындамауға;
25) Қорды кастодиандық қызметті атқаруға арналған өзінің лицензиясының тоқтатыла тұрғаны (тоқтатылғаны) немесе уәкілетті мемлекеттік органның ресми шешімін алған күні Кастодианның зейнетақы активтерін сақтау және есебін жүргізу құқығын өзгертуге алып келетін басқа жағдайлар туралы жазбаша хабардар етуге;
26) Қордың жазбаша сұрауларына ________ жұмыс күні ішінде жауап қайтаруға;
27) Қордың төлем құжаттарының негізінде қате есептелген деп танылған Орталық арқылы ақша түскен жағдайда көрсетілген соманы Қордың тапсырмасы бойынша Орталықтың шотына бір операциялық күн ішінде қайтаруға;
28) міндетті зейнетақы жарналары Орталықты айналып өтіп түскен жағдайда осы жарналарды жөнелтушіге өз бетінше бір операциялық күн ішінде қайтаруға;
29) қаржы құралдары бойынша кірістердің түсуіне бақылау жасауға;
30) қаржы құралдары бойынша алынған кірісті Қордың банктік инвестициялық шотына Кастодианның корреспонденттік шотына кіріс түскен күні есептеуге;
31) Қордың теңгедегі зейнетақы төлемдерінің банктік шотынан шетел валютасындағы зейнетақы төлемдерінің банктік шотына ақшаны есептен шығару, сондай-ақ шетел валютасындағы зейнетақы төлемдері шотынан Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге тұрғылықты тұруға көшіп кеткен алушының зейнетақы төлемдеріне қызмет көрсетуші банкке халықаралық аударымды жүзеге асыру жөніндегі төлем тапсырмасын орындауға міндетті.
5. Кастодианның:
1) ай сайын осы Шарттың 18 және 19-тармақтарына сәйкес Қордан өзінің көрсеткен қызметі үшін ақы алуға;
2) осы Шарттың 35-38-тармақтарында көзделген талаптармен және тәртіпте осы Шартты бұзуға;
3) Қорға Кастодианның зейнетақы активтерімен жасалған мәмілелерге қызмет көрсету және қаржы құралдарының есебін жүргізу жөніндегі номиналды ұстаушының қызметін жүзеге асыратын тиісті халықаралық ұйымдардың қызметіне ақы төлеу бойынша шығыстарын өтеуге шот-фактура ұсынуға;
4) көрсетілген шоттарда ағымдағы түсімдерді ескере отырып, мұндай төлем тапсырмаларын орындауға жеткілікті сома болмаған жағдайда, Қордың теңгедегі немесе шетел валютасындағы инвестициялық шоттан және зейнетақы төлемдерінің банктік шотынан соманы есептен шығару жөніндегі төлем тапсырмасын орындамауға;
5) Қорды бұл жөнінде ______ жұмыс күні бұрын алдын-ала жазбаша хабардар ете отырып, тарифтерді өзгертуге;
6) Кастодианның халықаралық рыноктарда зейнетақы активтерімен жасалған мәмілелер бойынша Қор мен Кастодиан арасындағы салыстырып тексеру актісімен расталған шеккен шығыстары сомасын акцептсіз есептен шығаруға құқығы бар.
6. Қор:
1) Кастодианмен зейнетақы активтерін есептеу мен бағалаудың сәйкестігін қамтамасыз етуге;
2) Кастодианға Қордың зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызмет атқаруға берілген мемлекеттік лицензиясының көшірмесін ұсынуға;
3) Кастодианға зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына берілген лицензияның көшірмесін, Қордың өз атынан Кастодианның жазбаша тапсырмасына қол қоюға уәкілетті лауазымды тұлғаларының нотариат куәландырған қол қою үлгілерінің карточкасын ұсынуға;
4) күн сайын ағымдағы операциялық күнгі сағат ______ дейін Кастодианға мыналар туралы растаманы ұсынуға:
міндетті, ерікті, ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарының түскен сомасы;
өсімпұл сомасы;
басқа жинақтаушы зейнетақы қорларынан аударылған жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы;
қате түскен сома;
өзге де түсімдер сомасы;
алынған инвестициялық кіріс сомасы;
5) Кастодианға теңгедегі банктік инвестициялық шоттан зейнетақы төлемдерінің банктік шотына ақша аударуға арналған төлем құжаттарын жіберуге;
6) Кастодиан ұсынған және осы Шарттың 5-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген шот-фактураны шот алынған күннен бастап _______ жұмыс күнінен кешіктірмей төлеуге;
7) Кастодианды зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызметті атқаруға берілген өз лицензиясының тоқтатыла тұрғаны (тоқтатылғаны) туралы немесе Қордың уәкілетті мемлекеттік органнан шешімді алған күні қызметті жүзеге асыруға құқықтарын өзгертуге алып келетін өзге де жағдайлар туралы хабардар етуге;
8) Кастодианды зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызметті атқаруға берілген өз лицензиясының тоқтатыла тұрғаны (тоқтатылғаны) туралы немесе Қордың уәкілетті мемлекеттік органнан шешімді алған күні зейнетақы активтерін инвестициялық басқару қызметін жүзеге асыруға құқықтарын өзгертуге алып келетін өзге де жағдайлар туралы хабардар етуге;
9) Кастодианға осы Шарттың 4-тармағының 1)-5) тармақшаларында көрсетілген құжаттар пакетін ұсынуға;
10) Кастодианды екі жұмыс күні ішінде Кастодианға тиісті құжаттарды ұсына отырып өзгерістер күшіне енген күні барлық өзгерістер туралы (төлем құжаттарына қол қою құқығы бар басшы қызметкерлердің ауысуы, почталық мекен-жайлардың, телефондардың, салық төлеушінің тіркеу номерінің өзгеруі) жазбаша хабардар етуге;
11) Кастодианға шетел валютасындағы зейнетақы төлемдері шотынан зейнетақы төлемдері сомасын халықаралық аударуға төлем тапсырмасын жіберуге;
12) осы Шарттың 20, 21, 23 және 24-тармақтарына сәйкес Кастодианмен осы Шарттың 22-тармағында көрсетілген деректерді қарсы салыстырып тексеруді тұрақты жүргізуге;
13) Кастодианға Қор бағалы қағаздар рыногында брокерлік қызмет көрсетуге шарт жасасқан бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның (ұйымдардың) (бұдан әрі - брокер-дилер) деректемелерін шарт жасасқан күні хабарлауға;
14) Кастодианға Қордың алдағы уақытта болжап отырған таратылуы немесе қайта ұйымдастырылуы туралы кем дегенде бір ай бұрын жазбаша нысанда хабарлауға;
15) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақы активтерін инвестициялауға және Кастодианға көрсетілген деректемелер бойынша ақша аударуға төлем тапсырмасын және бағалы қағаздарды есептеу (есептен шығару) және салымдарды қаржы құралдарын есепке алу жөніндегі шотқа (шоттан) орналастыру (қайтару) жөніндегі бұйрықты жіберуге;
16) брокер-дилерге бір мезгілде зейнетақы активтеріне қатыса отырып мәмілелер жасауға арналған тапсырыстардың түпнұсқаларын жібере отырып Кастодианға осындай тапсырыстардың (ақы төлеуге берілген сенімхат, аударуға арналған бұйрық) көшірмесін және Кастодианның операциялық күні шеңберінде қаржы құралдарын есепке алу бойынша бағалы қағаздары шоттарға (шоттардан) есептеуге (есептен шығаруға) берілген бұйрықтарды осы арқылы кастодианның бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында жасалатын мәмілелерді растау жүйесіне қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып жіберуге және мәмілелердің орындалуына және зейнетақы активтерінің мақсатты орналастырылуына бақылауды жүзеге асыруға;
17) Қор бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелеріне брокер-дилер ретінде дербес қатысқан жағдайда - Кастодианды сауда-саттыққа қатысатыны және олардың нәтижелері туралы бағалы қағаздармен сатып алу-сату мәмілесін жасау күні хабарлауға немесе жазбаша хабардар етуге;
18) Кастодианға теңгедегі банктік инвестициялық шоттан теңгедегі зейнетақы төлемдерінің банктік шотына ақша аударуға төлем тапсырмасын жіберуге;
19) Кастодианға екінші деңгейдегі банктермен жасалған банктік салым шарттарының көшірмелерін оларды жасау күні ұсынуға;
20) Кастодианмен зейнетақы активтерінің есебі мен бағалауының сәйкестігін қамтамасыз етуге міндетті.
7. Қордың:
1) айдың соңғы күнінде комиссиялық сыйақы алуға;
2) осы Шарттың 35-38-тармақтарында көзделген талаптармен және мерзімде осы Шартты бұзуға құқығы бар.
3-тарау. Теңгедегі банктік инвестициялық шоттың режимі
8. Теңгедегі банктік инвестициялық шот жинақталған зейнетақы қаражатын, басқа жинақтаушы зейнетақы қорларынан жинақталған зейнетақы қаражаты аударымдарының түсімін, қаржы құралдарын сатудан және/немесе өтеуден түскен сомаларды, ұлттық валютадағы қаржы құралдарын сатып алуды және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де түсімдерді есепке алуға арналған.
9. Шоттағы ақша кепілдің, кепілдік берудің, кепілдіктің және Қордың басқа да міндеттемелерінің объектісі болмайды.
4-тарау. Шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттың режимі
10. Шетел валютасындағы банктік инвестициялық шот зейнетақы активтерінің есебінен шетел валютасына номинацияланған бағалы қағаздарды сатып алуға арналған шетел валютасын сатып алуға, шетел валютасын сатуға, құны шетел валютасында көрсетілген қаржы құралдары бойынша алынған кіріс түсіміне, бағалы қағаздарды өтеуге, салымдарға орналастыруға және екінші деңгейдегі банктерде шетел валютасымен орналастырылған салымдар бойынша қайтарылған сомаларды және шетел валютасындағы басқа түсімдер мен шығыстарды алуға арналған.
11. Шоттағы ақша кепілдің, кепілдік берудің, кепілдіктің және Қордың басқа да міндеттемелерінің объектісі болмайды.
5-тарау. Зейнетақы төлемдерінің теңгедегі банктік шотының режимі
12. Зейнетақы төлемдерінің теңгедегі банктік шоты зейнетақы төлемдерін төлемдер алушының банкіне жүзеге асыруға және/немесе салымшылардың жинақталған зейнетақы қаражатын басқа жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан-банкіне немесе сақтандыру ұйымына аударуға, сондай-ақ зейнетақы төлемдерінен ұсталған табыс салығын салық органдарына аударуға арналған.
13. Шоттағы ақша кепілдің, кепілдік берудің, кепілдіктің және Қордың басқа да міндеттемелерінің объектісі болмайды.
6-тарау. Зейнетақы төлемдерінің валютадағы банктік шотының режимі
14. Зейнетақы төлемдерінің валютадағы банктік шоты салымшының Қазақстан Республикасынан тысқары тұрақты тұратын жерге көшіп кетуіне байланысты оның жинақталған зейнетақы қаражатын алуға арналған.
15. Шоттағы ақша кепілдің, кепілдік берудің, кепілдіктің және Қордың басқа да міндеттемелерінің объектісі болмайды.
7-тарау. Қаржы құралдарын есепке алу жөніндегі
шоттың режимі
16. Қаржы құралдарын есепке алу жөніндегі шот Қордың бағалы қағаздарды және зейнетақы активтерінің есебінен сатып алынған басқа да қаржы құралдарын есепке алуға арналған баланстан тыс шоты болып табылады.
17. Шоттағы қаржы құралдары кепілдің, кепілдік берудің, кепілдіктің және Ұйым мен Қордың басқа да міндеттемелерінің объектісі болмайды.
8-тарау. Кастодиан көрсеткен қызметке ақы төлеу
мөлшері мен тәртібі
18. Қор Кастодианның шоттарын осы Шартқа сәйкес төлейді.
19. Кастодианның тарифтері осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылады. Кастодианның тарифтері өзгерген жағдайда осы өзгерістер қосымша келісім түрінде ресімделеді.
9-тарау. Есеп беру нысандары және кезеңділігі
20. Кастодиан теңгедегі және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттардағы ақшаның қозғалуына қарай Қорға операциялардың түрлері бойынша теңгедегі және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттардағы ақшаның қозғалысы туралы хабарлама береді.
21. Кастодиан қаржы құралдарын есепке алу жөніндегі шоттарға(дан) бағалы қағаздарды есепке алу (есептен шығару) және салымдарды орналастыру (қайтару) туралы үзінді-көшірмені, сондай-ақ "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" жабық акционерлік қоғамының үзінді-көшірмелерін Қорға бағалы қағаздардың қозғалуына қарай не ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
22. Кастодиан есепті айдан кейінгі айдың үш жұмыс күні ішінде салыстырып тексеру үшін мынадай деректерді электрондық түрде қалыптастырады және Қорға жібереді:
1) қаржы құралдарының құрылымы;
2) теңгедегі және шетел валютасындағы банктік инвестициялық шоттардағы ақшаның қозғалысы;
3) қаржы құралдарының сатып алу құны;
4) зейнетақы активтерінің есебінен инвестициялардың ағымдағы құны;
5) есептелген және алынған инвестициялық кірістің сомасы;
6) зейнетақы активтерінен және инвестициялық кірістен комиссиялық сыйақының сомасы.
23. Шарттың 22-тармағында көрсетілген деректер бойынша салыстырып тексеру есепті айдан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірілмей Кастодианның және Қордың уәкілетті өкілдері қол қоюы тиіс салыстырып тексеру актісімен ресімделеді.
24. Зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық қызметті жүзеге асыруға байланысты шығындар пайда болған жағдайда Кастодиан және Қор мемлекеттік уәкілетті орган белгілеген ресімдерге сәйкес осындай шығындар бойынша салыстырып тексеру жүргізеді.
10-тарау. Тараптардың жауапкершіліктері
25. Қордың осы Шарттың талаптарына сәйкес жіберген тапсырмаларын (бұйрықтарын) Кастодиан уақтылы орындамаған жағдайда Кастодиан тапсырмасы (бұйрығы) мерзімінде орындалмаған Қордың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем жасау күніне белгілеген қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 мөлшерінде ақы төлеу күнін қосқанда, әрбір кешіктірілген күн үшін мерзімінде орындалмаған тапсырмада көрсетілген сомаға есептелген айыппұл төлейді.
26. Осы Шарттың 6-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген шоттарды уақтылы төлемеген жағдайда Қор Кастодианға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем жасау күніне белгіленген қайта қаржыландыру ставкасының ___ мөлшерінде ақы төлеу күнін қосқанда, әрбір кешіктірілген күн үшін төленбеген сомаға есептелген айыппұл төлеуге міндетті.
27. Осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындамау, дұрыс немесе уақтылы орындамау нәтижесінде басқа тарапқа шығын келтірген тарап осындай жағдайлар туындағаннан кейін бес жұмыс күні ішінде осы тарапқа шығынды өтеуге және оларға төлем жасау күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгіленген қайта қаржыландыру ставкасының 1,5 мөлшерінде тараптың әрқайсысына жеке есептелген шығын сомасына есептелген айыппұл төлейді.
28. Егер айыппұлдардың туындау негіздері осы Шарттың 30-33-тармақтарына сәйкес дүлей күш жағдайына тікелей байланысты болса, тараптар осы Шарттың 25, 26 және 27-тармақтарында көрсетілген айыппұлдарды төлеуден босатылады.
29. Қор Қазақстан Республикасының бастапқы және қайталама бағалы қағаздар рыноктарында және халықаралық рыноктарда жүзеге асырылатын мәмілелер бойынша есептеулерге арналған төлем тапсырмаларының Кастодианға уақтылы берілуі үшін жауапкершілік көтереді.
11-тарау. Форс-Мажор жағдайлары
30. Егер осы Шарттың 31-тармағында көрсетілген Форс-мажор жағдайлары тараптардың біріне осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауға бөгет, кедергі жасаса немесе кідіртсе, осындай тараптың осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауы Форс-мажор жағдайлары созылатын уақытқа тең және жоғарыда аталған міндеттемелерді орындауға бөгет, кедергі жасау немесе кідірту дәрежесінде тоқтатыла тұрады.
31. Форс-мажор өртті, су тасқынын, зілзаланы, соғыстарды (жарияланған және жарияланбаған), көтерілістерді, ереуілдерді, азамат соғысын немесе тәртіпсіздіктерді, осы Шартта көрсетілген қызмет түрлеріне тікелей немесе жанама тыйым салатын заңдар, қаулылар, шешімдер және уәкілетті органдардың өзге де актілерін қабылдауды қоса отырып, бірақ шектелместен кез келген жағдайларды білдіреді.
32. Форс-мажор туындаған күні осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындау үшін кедергісі бар тарап басқа тараптарды Форс-мажордың басталғаны туралы және Форс-мажордың оған осындай міндеттемелерді орындауға әсері туралы жазбаша хабарлауы тиіс. Егер тарап осы тармақта белгіленгендей Форс-мажор туралы хабарламаса, осындай тарап осы тарап үшін Форс-мажор нәтижесінде басқа тараптарға хабарлама жіберуге мүмкіндігі болмаған жағдайларды қоспағанда осы шарттың 30-тармағында көрсетілген құқықтарын жоғалтады.
33. Форс-мажор тоқтатылғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде оған тартылған тарап басқа тарапқа Форс-мажордың тоқтатылғаны туралы жазбаша хабарлауы тиіс және осы шарт бойынша міндеттемелерін орындауды жаңартуы тиіс. Егер Форс-мажор басталғаннан кейін бір айдан астам уақытқа созылса, тараптардың кез келгені 12-тарауға сәйкес осы Шарттың қолданылуын тоқтатуға құқылы.
12-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі және
оны бұзу тәртібі
34. Кастодиандық шарт оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және мерзімсіз қолданылады.
35. Кез келген тарап Шартты бұзу туралы жазбаша хабарлама алғаннан кейін бір айдан кейін және хабарланған тараптың қарсылығы болмаған жағдайда шарт бұзылды деп саналады.
36. Шартты Кастодианның бастамасы бойынша бұзған жағдайда ол Қор мен Ұйым кастодиандық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы бар басқа банкпен осы Шарттың 38-тармағының талаптарына сәйкес кастодиандық шартқа қол қойған сәтке дейін осы Шарт бойынша міндеттемелерін орындауға міндетті.
37. Осы Шартты бұзу белгіленген күнге дейін он екі күндік мерзімде Кастодиан, Қор Кастодианның, Қордың зейнетақы активтерін қабылдаған кастодиан-банктің, Қордың уәкілетті өкілдерінен қалыптастырылған, міндеттеріне Қордың зейнетақы активтерін түгендеу және оларды қабылдаушы кастодиан-банкке өткізу тәсілдері мен мерзімдерін айқындау кіретін келісім комиссиясын құрады. Комиссия жұмысының нәтижесі бойынша төрт жақты зейнетақы активтерін қабылдау-өткізу актісі ресімделеді.
38. Осы Шартты бұзу сәтінен бастап алты айға дейінгі мерзімге Қор, Кастодиан және қабылдаушы кастодиан-банк арасында Кастодианның оған келіп түскен зейнетақы активтерін қабылдаушы кастодиан-банкке аударуы туралы тиісті шарт жасалады. Осы шартқа мынадай талаптар енгізілуі тиіс:
1) келіп түскен зейнетақы жарналарын Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес сақтауды қамтамасыз ету;
2) келіп түскен зейнетақы жарналары туралы құпиялылығын және коммерциялық құпияны сақтау;
3) Кастодианның міндеттемелерін орындауға кедергі болатын жағдайлар туралы осындай жағдайлар туындағаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей Қорды жазбаша хабардар ету міндеті;
4) Кастодианның Қордың банктік инвестициялық шотынан ондағы ақшаны оны одан әрі қабылдаушы кастодиан-банкке аудару үшін акцептсіз тәртіппен алу құқығы;
5) Қордың Кастодиан көрсеткен қызметі үшін Қор күнтізбелік айдың нәтижесі бойынша Кастодианнан шот-фактураны алған күннен бастап __ жұмыс күнінен кешіктірмей ақы төлеуге міндетті.
39. Тараптар Қазақстан Республикасының осы Шарттың мәніне қатысты және осы Шарт бойынша тараптардың қатынастарын реттейтін заңдарын сақтауға міндеттенеді.
40. Осы Шарт әрқайсысының заң күшi бiрдей мемлекеттiк және орыс тiлiнде төрт дана етiп жасалған: әрбір тарапқа бірден, төртінші данасы уәкілетті мемлекеттік орган үшін.
41. Осы Шарттың талаптары кез келген өзге шарттың немесе тараптар арасында жеке немесе бірге жасалған келісімнің талаптарына қайшы келген жағдайда осы Шарттың ережелері басымды болып табылады және тараптар ең алдымен осы Шарттың ережелерін басшылыққа алады.
42. Осы Шартқа өзгерістер мен толықтырулар тараптардың жазбаша келісуі бойынша осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша келісімге қол қою арқылы енгізіледі. Тараптардың осы Шарт бойынша реттелмеген дауларын Қазақстан Республикасының соттары олардың құзыретіне сәйкес қарайды.
43. Тараптардың ешқайсысы да осы Шарт бойынша құқықтарын немесе міндеттемелерін үшінші тұлғаға өткізуге немесе беруге құқылы емес.
14-тарау. Тараптардың деректемелері және қолдары
ҚОР КАСТОДИАН
________________________________ ________________________________
________________________________ ________________________________
________________________________ ________________________________
(Қордың деректемелері, салық (Кастодианның деректемелері,
төлеушінің тіркеу нөмірі, почталық салық төлеушінің тіркеу нөмірі,
мекен-жайы, телефондары, банктік почталық мекен-жайы,
бірегейлендіру коды, жеке бірегей- телефондары, банктік
лендіру коды, бенефициардың коды бірегейлендіру коды, жеке
және т.б.) бірегейлендіру коды,
________________________________ бенефициардың коды)
(Қордың өкілінің лауазымы, қолы) _______________________________
МО (Қордың өкілінің лауазымы, қолы)
МО