"Қазақстан Республикасының бюджеттік шығыстары экономикалық сыныптамасының ерекшелік құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 26 қыркүйекте N 2019 тіркелген N 4 бұйрығына N 2 толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2003 жылғы 4 мамырдағы N 76 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 21 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2294

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 10 желтоқсандағы Заңына  сәйкес бұйырамын:
      1. "Қазақстан Республикасының бюджеттік шығыстары экономикалық сыныптамасының ерекшелік құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 26 қыркүйекте N 2019 тіркелген N 4 бұйрығына  (2003 жылғы 12 наурызда N 2221 тіркелген N 44 ) мынадай толықтыру енгізілсін:
      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының бюджеттік шығыстары экономикалық сыныптамасының ерекшелік құрылымында:
      113 "Өтемақы төлемдері" ерекшелігі бойынша "Шығыстар тізбесі" бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  27-бабының 2-тармағына сәйкес "Орташа айлық жалақы мөлшеріндегі өтемақы".
      2. Бюджеттік саясат және жоспарлау департаменті (Б.Т.Сұлтанов) Құқықтық және ұйымдық жұмыс департаментімен (Е.Е.Исаев) бірге Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр