Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2001 жылғы 25 наурыздағы N 17-ө бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылы 26 наурызда N 1432 тіркелген Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындауды және төлеуді ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықтың 25-бабының күшін жою туралы

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2003 жылғы 5 мамырдағы N 92-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 19 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2284

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2001 жылғы 25 наурыздағы N 17-ө бұйрығымен  бекітілген Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындауды және төлеуді ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықты (бұдан әрi - Нұсқаулық) (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылы 26 наурызда N 1432 тіркелген) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келтіру мақсатында бұйырамын:
      1. Нұсқаулықтың 25-тармағының күші жойылсын.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр