Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының 2003 жылғы 18 сәуiрдегi N 7-9-1851-03 қарсылық бiлдiруiне байланысты бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң 2000 жылғы 14 шiлдедегi N 439 "Қазақстан Республикасының халқына көрсетiлетiн медициналық көмектің сапасына талдау және бағалау жүргiзу туралы"
бұйрығына
(Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде 2000 жылғы 14 шiлдеде N 1195 болып тiркелген) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген Бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасында кепiлдендiрілген тегін медициналық көмек көрсету сапасын талдау және бағалау Ережесiнде:
9-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
көрсетілген Бұйрықпен бекiтiлген дәрiгер-сараптаушының қызметiн ұйымдастыру Ережесiне:
4-тармағының 2) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С.Ә. Диқанбаеваға жүктелсiн.
3. Осы Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуден өткен сәтінен бастап күшiне енедi.
Министр