Жыныстық жолмен берiлетiн жұқпалар жөнiндегi жағдайлардың тұрақтануына байланысты және жыныстық жолмен берiлетiн жұқпалы ауруларды белсендi төмендету жөнiндегi одан арғы iс-шаралар үшін бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi төрағасының "Жыныстық жолмен берiлетiн аурулармен (ЖЖБА) күресу шараларын жетілдіру туралы" 2001 жылғы 27 шiлдедегi N 695 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2001 жылғы 14 тамызда N 1630 тiркелген, N 40 "Ресми газетте" 2002 жылы 5 қазанда ресми жарияланған) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1-тармақтың 8) тармақшасы алынып тасталсын;
3-тармақтағы:
"халыққа медициналық көмектi ұйымдастыру және сапасын бақылау" деген сөздер "емдеу-алдын алу жұмыстары" деген сөздермен ауыстырылсын;
1), 2) тармақшалардағы "ЖЖБА тексеру" деген сөздердi "ЖЖБА мiндеттi тексеру" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы "Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және функционалдық қамтамасыз ету департаментi" деген сөздер "Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген жыныстық жолмен берiлетiн ауруы (бұдан әрi - ЖЖБА) бар контингенттердi тексеру жөнiндегi және ЖЖБА-на оң реакциясы бар стационарлық науқастарды қарау тәртiбi туралы нұсқаулықтарда:
1-тармақтағы:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) "қан плазмасы бар преципитацияның микрореакциясы-сифилиске тексеру кезiнде iрiктелген әдiс";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) "серологиялық реакция кешенi (СРК): кардиолипиндік және трепонемдiк CKP+ кардиолипиндік антигенi бар преципитацияның микрореакциясы (VDRL үлгiсi)";
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) "серорезистенттiк - сифилистi емдегеннен кейiн бiр жыл бойы дұрыс сақталатын серологиялық реакция";
3-тармақтағы:
1) тармақшада "барлық пациенттер" деген сөздер "14-тен 65 жасқа дейiнгi пациенттер" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы "биылғы жылдың тоқсанында бiр рет" деген сөздер "тоқсан сайын" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы "тексеруге" деген сөз "сифилиске" деген сөзбен толықтырылсын;
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген жұмысқа орналасу және кезеңдiк медициналық тексеру кезеңiндегi жыныстық жолмен берiлетiн ауруға (бұдан әрi - ЖЖБА) мiндеттi медициналық тексеруге жататын контингенттердiң тiзбесiнде:
1, 2, 8, 9, 10, 11-тармақтардағы "жылына бiр рет" деген сөздер "жылына кем дегенде екi рет" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтағы "жарты жылда бiр рет" деген сөздер "жұмысқа орналасу кезiнде, ал содан кейiн жарты жылда бiр рет" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген жыныстық жолмен берiлетiн ауруымен (бұдан әрi - ЖЖБА) ауыратын науқастарға көмек көрсететiн медициналық ұйымдардағы микробиологиялық, зертханалық диагностикалардың әдiстердiң мiндеттi минимумы туралы нұсқаулықтағы: