Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды айқындау, сондай-ақ лицензияны қайта ресімдеу жөніндегі ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 7 наурыздағы N 77 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 18 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2240.

Қолданыстағы

      "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  37-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды айқындау, сондай-ақ лицензияны қайта ресімдеу жөніндегі ереже бекітілсін.
      2. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күннен кейін күшіне енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының   
Ұлттық Банкі Басқармасының   
"Сақтандыру қызметін жүзеге  
асыру құқығына лицензия алу  
үшін ұсынылатын құжаттардың  
мазмұнына қойылатын талаптарды
айқындау, сондай-ақ лицензияны
қайта ресімдеу жөніндегі  
ережені бекіту туралы"   
2003 жылғы 7 наурыздағы  
N 77 қаулысымен       
бекітілген          

Сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін ұсынылатын құжаттардың мазмұнына қойылатын талаптарды айқындау, сондай-ақ лицензияны қайта ресімдеу жөніндегі
ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  (бұдан әрі - Заң) 37-бабына сәйкес әзірленді және сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия (бұдан әрі - лицензия) алу үшін лицензиаттар ұсынатын құжаттардың мазмұнына, сондай-ақ лицензияға сақтандырудың қосымша кластары енгізілген жағдайда лицензияны қайта ресімдеу бойынша қойылатын талаптарды белгілейді.
      2. Осы Ережені лицензиаттың сақтауына бақылауды сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті мемлекеттік орган) жүзеге асырады.
      3. Уәкілетті мемлекеттік орган берілген және қайта ресімделген лицензияларды есепке алуды жүргізеді.

2-тарау. Лицензия алу үшін ұсынылатын құжаттардың
мазмұнына қойылатын талаптар

      4. Лицензия алу үшін лицензиат уәкілетті мемлекеттік органға Заңның  27-бабында көзделген құжаттарды ұсынады.
      5. Ерікті және міндетті сақтандыру нысандарында, сондай-ақ қайта сақтандыру бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия осы Ереженің 1-4-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша ресімделеді.
      6. Лицензия беру туралы өтініш осы Ереженің 5-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша жасалады.
      7. Акционерлердің жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерін төлегендігін растайтын төлем құжаттары, сондай-ақ ағымдағы банктік шоттан үзінді-көшірме жарғылық капиталдың уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген ең төменгі мөлшерінің төленгендігін растайтын құжаттар болып табылады.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншікті капиталын есептеу және есеп беруі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы және осы мәселе бойынша бұрын қабылданған кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы" 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 118 қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1527 тіркелген) сәйкес нысан бойынша меншікті капиталды есептеу жөніндегі есеп жұмыс істеп тұрған сақтандыру ұйымы үшін жарғылық капиталдың уәкілетті мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген ең төменгі мөлшерінің төленгендігін растайтын құжаттар болып табылады.
      8. Лицензиаттың басшы қызметкері лауазымына сайланған (тағайындалған) тұлғалар туралы мәліметтер осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беріледі. Мұндайда лицензиаттың басшы қызметкерлері Заңның  34-бабында белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келуі тиіс.
      9. Лицензиат сақтандыру ережесін сақтандырудың әрбір класы үшін жеке әзірлейді және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің  825-1-бабының талабына сәйкес келуі тиіс. Сақтандыру ережесін уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді және келісу үшін уәкілетті мемлекеттік органға екі дана етіп береді.
      10. Ішкі аудит қызметі туралы ережеде:
      1) ішкі аудит қызметінің құрылымы туралы ақпарат;
      2) ішкі аудит қызметінің міндеттемелері мен функциялары;
      3) ішкі аудит қызметінің құқықтары мен міндеттері;
      4) ішкі аудит қызметінің лицензиаттың басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара әрекет жасау тәртібі туралы ақпарат;
      5) лицензиат жүзеге асыратын қызметтің сипаты мен масштабтарын ескере отырып оның қызметінің барлығын немесе бір бөлігін аудиторлық тексеру кезеңділігі болуы тиіс.
      11. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ұйымдастыру іс-шараларының жоспарына сәйкес жүргізген ұйымдастыру іс-шаралары туралы есепте:
      1) лицензиаттың ұйымдық құрылымын бекіту туралы;
      2) лицензиат қызметкерлерінің қалыптастырылған штабы, олардың біліктілігі, мамандығы туралы;
      3) үй-жайдың (меншікті, жалға алынған), компьютерлік техниканың және өзге де өндірістік қорлардың болуы туралы;
      4) қатаң есептегі құжаттарды сақтау жүйесін қамтамасыз ету үшін қабылданған шаралар туралы;
      5) лицензиаттың ұйымдық іс-шаралар жоспарын іске асырғандығы жөнінде куәландыратын өзге де ақпарат болуы тиіс.

3-тарау. Лицензияларды қайта ресімдеу

      12. Лицензия:
      1) лицензияға сақтандырудың қосымша кластары енгізілген жағдайда;
      2) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында  көзделген өзге де жағдайларда және тәртіппен қайта ресімдеді.
      13. Лицензияға сақтандырудың қосымша кластарын енгізу үшін лицензиат уәкілетті мемлекеттік органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы Ереженің 7-қосымшасына сәйкес нысанда лицензияға сақтандырудың қосымша кластарын енгізу туралы өтінішті;
      2) сақтандырудың қосымша енгізілетін кластары бойынша сақтандыру ережесі.
      14. Лицензиат құжаттарды берген күннен бастап екі ай ішінде уәкілетті мемлекеттік орган жаңа лицензия беру арқылы лицензияны қайта ресімдейді.
      15. Заңның  38-бабында көзделген негіздер бойынша лицензия беруден бас тартылуы мүмкін.
      16. Бұрын берілген лицензияның орнына қайта ресімделген лицензия беріледі.
      17. Лицензияны қайта ресімдеу кезінде мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалатын лицензиялық алым алынады.

4-тарау. Қорытынды ережелер

      18. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледі.

Сақтандыру қызметін жүзеге   
асыру құқығына лицензия алу  
үшін ұсынылатын құжаттардың  
мазмұнына қойылатын талаптарды
айқындау, сондай-ақ лицензияны
қайта ресімдеу жөніндегі   
ережесіне           
1-қосымша           

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі - сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген бланкіде басылады)

Ерікті жалпы сақтандыру бойынша сақтандыру қызметін
жүзеге асыру құқығына берілген
ЛИЦЕНЗИЯ

Сериясы ДОС                                  Лицензия N __________

_________________________________________________________ берілген.
           (сақтандыру ұйымының толық атауы)
___________________________________________________________________
Cақтандыру ұйымының орналасқан жері _______________________________
___________________________________________________________________

"Жалпы сақтандыру" саласы бойынша ерікті сақтандырудың рұқсат
етілген кластарының тізбесі:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Лицензия Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.
Лицензияның қолданылу мерзімі - мерзімсіз.
Лицензияның берілген күні -  "____" _____________ 200 ___ж.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Төрағасы (Төрағаның орынбасары)

                                                         мөр орны

Алматы қаласы

Сақтандыру қызметін жүзеге   
асыру құқығына лицензия алу  
үшін ұсынылатын құжаттардың  
мазмұнына қойылатын талаптарды
айқындау, сондай-ақ лицензияны
қайта ресімдеу жөніндегі  
ережесіне          
2-қосымша         

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі - сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген бланкіде басылады)

Міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру қызметін
жүзеге асыру құқығына берілген
ЛИЦЕНЗИЯ

Сериясы ОС                                   Лицензия N __________
_________________________________________________________ берілген.
           (сақтандыру ұйымының толық атауы)
___________________________________________________________________
Cақтандыру ұйымының орналасқан жері _______________________________
___________________________________________________________________
Міндетті сақтандырудың рұқсат етілген кластарының тізбесі:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Лицензия Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.
Лицензияның қолданылу мерзімі - мерзімсіз.
Лицензияның берілген күні -  "____" _____________ 200 ___ж.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Төрағасы (Төрағаның орынбасары)
                                                        мөр орны

Алматы қаласы

Сақтандыру қызметін жүзеге  
асыру құқығына лицензия алу 
үшін ұсынылатын құжаттардың 
мазмұнына қойылатын талаптарды
айқындау, сондай-ақ лицензияны
қайта ресімдеу жөніндегі  
ережесіне          
3-қосымша          

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі - сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген бланкіде басылады)

Өмірді ерікті сақтандыру бойынша сақтандыру қызметін
жүзеге асыру құқығына берілген
ЛИЦЕНЗИЯ

Сериясы ДСЖ                                  Лицензия N __________

_________________________________________________________ берілген.
           (сақтандыру ұйымының толық атауы)
___________________________________________________________________

Cақтандыру ұйымының орналасқан жері _______________________________
___________________________________________________________________

"Өмірді сақтандыру" саласы бойынша ерікті сақтандырудың рұқсат
етілген кластарының тізбесі:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Лицензия Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.
Лицензияның қолданылу мерзімі - мерзімсіз.
Лицензияның берілген күні - "____" _____________ 200 ___ж.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Төрағасы (Төрағаның орынбасары)
                                                         мөр орны

Алматы қаласы

Сақтандыру қызметін жүзеге  
асыру құқығына лицензия алу 
үшін ұсынылатын құжаттардың 
мазмұнына қойылатын талаптарды
айқындау, сондай-ақ лицензияны
қайта ресімдеу жөніндегі  
ережесіне          
4-қосымша          

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі - сақтандыру қызметін реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген бланкіде басылады)

Қайта сақтандыру жөніндегі
қызметті жүзеге асыру құқығына берілген
ЛИЦЕНЗИЯ

Сериясы ПД                                  Лицензия N ___________

_________________________________________________________ берілген.
     (сақтандыру/қайта сақтандыру ұйымының толық атауы)
___________________________________________________________________
Cақтандыру/қайта сақтандыру ұйымының орналасқан жері ______________
___________________________________________________________________

Лицензия Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады.
Лицензияның қолданылу мерзімі - мерзімсіз.
Лицензияның берілген күні - "____" _____________ 200 ___ж.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Төрағасы (Төрағаның орынбасары)
                                                         мөр орны

Алматы қаласы

Сақтандыру қызметін жүзеге  
асыру құқығына лицензия алу 
үшін ұсынылатын құжаттардың 
мазмұнына қойылатын талаптарды
айқындау, сондай-ақ лицензияны
қайта ресімдеу жөніндегі  
ережесіне          
5-қосымша          

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық Банкінің Төрағасына
(Төрағаның орынбасарына) 
______________          

Сақтандыру (қайта сақтандыру жөніндегі) қызметін
жүзеге асыру құқығына лицензия беру туралы
ӨТІНІШ

___________________________________________________________________
      (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының толық атауы)
___________________________________________________________________
(сақтандыру нысанын (ерікті, міндетті), кластарын көрсете отырып)

сақтандыру/қайта сақтандыру жөніндегі қызметті (астын сызу) жүзеге
асыру құқығына лицензия беруді сұрайды.
Осы өтінішті беруге уәкілетті тұлға ______________________________
                                    (тұлғаның аты-жөні, лауазымы,
__________________________________________________ болып табылады.
 өтінішті беру құқығын куәландыратын құжат)

Cақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналасқан жері ___________
__________________________________________________________________
Әділет органдарында тіркеу (қайта тіркеу) туралы деректер ________
                                                     (мемлекеттік
__________________________________________________________________
тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің берілген күні және нөмірі)
Cақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және оның құрылтайшылары
(акционерлері) өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың)
шынайылығы үшін толық жауап берді.
Қосымша: (жіберілген құжаттардың тізбесін, данасының және олардың
әрқайсы бойынша парақтардың санын көрсету керек).

_______________________________________          ____________
(өтініш беруге уәкілетті тұлғаның қолы)              (күні)

            мөр орны

Сақтандыру қызметін жүзеге  
асыру құқығына лицензия алу 
үшін ұсынылатын құжаттардың 
мазмұнына қойылатын талаптарды
айқындау, сондай-ақ лицензияны
қайта ресімдеу жөніндегі  
ережесіне          
6-қосымша          

___________________________________________________________________
        (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының толық атауы)
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкері лауазымына
        сайланған (тағайындалған) тұлға (кандидат) туралы
                            мәлімет

1. Тегі ___________________________________________________________
   Аты  ___________________________________________________________
   Әкесінің аты ___________________________________________________
2. Мекен-жайы (почта индексін көрсете отырып толық): ______________ ___________________________________________________________________
3. Туған күні, айы, жылы __________________________________________
4. Азаматтығы _____________________________________________________
5. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (нөмірі, сериясы,
берілген күні және кім берген) ____________________________________
6. Тегінің өзгергені, өзгеру себептері туралы ақпарат _____________
7. Телефон нөмірі (жұмысының және үйінің, қала коды)_______________
8. Тұлға (кандидат) ұсынылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы
органының атауы ___________________________________________________
___________________________________________________________________
9. Білімі және жұмыс тәжірибесі:
1) Дипломдарының, сертификаттарының нотариат куәландырған
көшірмелерін қоса бере отырып білімі туралы деректер (біліктілігін
арттыру курстарын қоса отырып):
___________________________________________________________________
  Оқу   | Бітірген  | Мамандығы |  Дипломның,   |   Оқу орны
орнының |   жылы    |           |сертификаттың  | орналасқан жер
 атауы  |           |           |    нөмірі     |
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

2) Еңбек жолын растайтын құжаттарды қоса бере отырып еңбек (ғылым)
жолы туралы мәліметтер (еңбек кітапшасының немесе жеке еңбек
шартының нотариат куәландырған көшірмесін не жұмысқа қабылдау және
босату туралы үзінді-көшірме)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

3) Сауалнама алынып отырған адамның біліктілігін айқындау кезінде
ол маңызды деп санайтын өзге ақпарат.
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

10. Жақын туыстары (әкесі, шешесі, балалары, аға-інілері,
апа-қарындастары (сіңлілері), сондай-ақ жұбайы (зайыбы):
Тегі ______________________________________________________________
Жасы ______________________________________________________________
Туыстық қатынасы __________________________________________________

11. Тұлға (кандидат) бір жыл ішінде сақтандыру қызметіне байланысты
құқық бұзушылық жасағаны үшін бір немесе одан көп рет әкімшілік
жауапкершілікке тартылған ба? (иә; жоқ), егер тартылса, әкімшілік
жазаға тарту себептері, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау
нәтижесі туралы нақты ақпарат беріңіз.

12. Тұлға (кандидат) заңды тұлғаны басқаруды жүзеге асыру кезеңінде
банкроттыққа (мәжбүрлеп таратуға, мәжбүрлеп қайта ұйымдастыруға)
немесе осы заңды тұлғаның лицензиясын тоқтата тұруға әкеп соғу
проблемалары болды ма _____________________________________________
___________________________________________________________________
олардың болу кезеңі және себептері ________________________________
___________________________________________________________________

13. Тікелей немесе аффилиирленген тұлғалары арқылы (сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымының немесе заңды тұлғаның жарғылық
капиталына қатысатын тұлға (кандидат) және оның жақын туыстары
(әкесі, шешесі, аға-інісі, апа-қарындасы(сіңлісі), тұлғаның
(кандидаттың) жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жұбайының (зайыбының) жақын
туыстары туралы мәлімет:
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе өзге заңды
тұлғалардың атауы және орналасқан жері ____________________________
___________________________________________________________________
      олардың қызметінің түрлері (қызмет түрлерін атап көрсету керек) ____________________________________________________________
___________________________________________________________________
осындай әрбір заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы үлес (салым)
___________________________________________________________________

14. Тұлғаның (кандидаттың) беделін, іскерлік қасиеттерін, кәсіби
жарамдылығын сипаттауға болатын ұсыныстар.
      (Ұсынылып отырған тұлға тұлғаның (кандидаттың) жақын туысы
болмау керек).
      Ұсынысқа қоса берілген/қоса берілмеген (қажетінің астын сызу
керек).
      Жоғарыда берілген ақпараттың шынайы және толық екенін растаймын

      ________________________            ________________________
              (қолы)                         (қол қойылған күн)

Сақтандыру қызметін жүзеге  
асыру құқығына лицензия алу 
үшін ұсынылатын құжаттардың 
мазмұнына қойылатын талаптарды
айқындау, сондай-ақ лицензияны
қайта ресімдеу жөніндегі  
ережесіне          
7-қосымша          

Қазақстан Республикасы    
Ұлттық Банкінің Төрағасына
(Төрағаның орынбасарына)  
______________            

Сақтандыру (қайта сақтандыру жөніндегі) қызметті жүзеге асыру құқығына берілген лицензияға сақтандырудың қосымша кластарын енгізу туралы
ӨТІНІШ

___________________________________________________________________
       (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының толық атауы)

___________________________________________________________________
 (сақтандыру нысанын (ерікті, міндетті), кластарын көрсете отырып)
лицензияға мынадай сақтандырудың қосымша кластарын енгізуді сұрайды:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
         (сақтандырудың қосымша кластарын көрсету керек)
Осы өтінішті беруге уәкілетті тұлға _______________________________
___________________________________________________ болып табылады.
(тұлғаның аты-жөні, лауазымы, өтінішті беру құқығын куәландыратын
құжат)

Cақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орналасқан жері ____________
___________________________________________________________________
Әділет органдарында тіркеу (қайта тіркеу) туралы деректер _________
                                                       (мемлекеттік
___________________________________________________________________
тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің берілген күні және нөмірі)

Cақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және оның құрылтайшылары
(акционерлері) өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың)
шынайылығы үшін толық жауап берді.
Сұрап отырған сақтандыру кластары шеңберінде ұсынылатын сақтандыру
өнімдерін сипаттаңыз ______________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

_______________________________________          ___________________
(өтініш беруге уәкілетті тұлғаның қолы)                 (күні)

            мөр орны