Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күші бар
Жарлығына
сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың шығыстар сметасын жасау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2000 жылғы 24 мамырдағы N 248
бұйрығына
(Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 24 маусымда N 1174 тіркелді, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2001 жылғы 11 наурыздағы N 123
бұйрығымен
өзгерістер енгізілді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың шығыстар сметасын жасау жөніндегі нұсқаулықта және мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар шығыстар сметасының нысанында:
"уәкілетті орган, уәкілетті органға, уәкілетті органның" деген сөздер "мемлекеттік басқару органы, мемлекеттік басқару органына, мемлекеттік басқару органының" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр