Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде N 1942 тіркелген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс Министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі Комитеті Төрағасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 69 "Конкурстық істің және оңалту рәсімдерінің соттан тыс борышкерлерді таратудағы мерзімдерінің аяқталуы және ұзартылуы Нұсқаулығын бекіту туралы" Бұйрығына өзгертулер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының 2003 жылғы 25 ақпандағы N 16 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 14 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2206.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде N 1942 тіркелген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс Министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі Комитеті Төрағасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 69 "Конкурстық істің және оңалту рәсімдерінің соттан тыс борышкерлерді таратудағы мерзімдерінің аяқталуы және  ұзартылуы Нұсқаулығын бекіту туралы" Бұйрығына  (Одан әрі - Бұйрық) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Бұйрықпен бекітілген "Конкурстық істің және оңалту рәсімдерінің соттан тыс таратудағы мерзімдерінің аяқталуы және ұзартылуы Нұсқаулығына" 3 қосымшасындағы:
      "шешім", "шешімге" сөздері "бұйрық", "бұйрыққа" сөздеріне ауыстырылсын;
      екінші абзацында "2001 жылғы 23 қарашадағы N 1508 "Мемлекеттік кіріс министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі Комитетінің сұрақтары" сөздері "2002 жылғы 28 қарашадағы N 1268  "Қаржы Министрлігінің жекелеген сұрақтары" сөздеріне ауыстырылсын.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі Комитеті төрағасының орынбасары Н.Қ.Мақажановқа жүктелсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап күшіне енеді.

      Төраға