Қолма-қол жасалмайтын төлемдердi және ақша аударымдарын жүзеге асыру кезiнде төлем құжаттарының түрлерi мен ресiмдеу және пайдалану тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
1. Мыналарға:
1) Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2015 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" 2000 жылғы 25 сәуiрдегi N 179 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1155 тiркелген, 2000 жылғы 5-18 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 488 , 2002 жылғы 18 қаңтардағы N 20 қаулыларымен бекiтiлген өзгерiстер және толықтырулармен қоса) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiне:
22-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын;
28-тармақтың екiншi абзацы "және күнiн," деген сөздерден кейiн "және өзге де деректемелерiн, егер олар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде тiкелей көзделсе" деген сөздермен толықтырылсын;
29-тармақтың екiншi абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасынан тыс резидент еместiң пайдасына ақша төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру кезiнде банк ақша аудару үшiн берiлген өтiнiште бенефициардың СТН көрсетудi талап етпеуге құқылы.";
33-тармақтың үшiншi абзацы "құжаттар деректемелерiн" деген сөздерден кейiн "және өзге де деректемелерiн, егер олар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде тiкелей көзделсе" деген сөздермен толықтырылсын;
42-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Операциялар түрi жолында тиiсiнше кодтар көрсетiледi:
03 - салық органының бюджетке берешегі бар салық төлеушiнiң банктiк шотына қойылған инкассалық өкiмi;
04 - салық органының дебитордың банктiк шотына қойылған инкассалық өкiмi;
05 - кеден органының бюджетке берешегi бар салық төлеушiнiң банктiк шотына қойылған инкассалық өкiмi.";
117-тармақ "бенефициар банкке" деген сөздерден кейiн "не бенефициарға" деген сөздермен толықтырылсын;
6-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2015 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күннен кейiн күшiне енгізiледi.
3. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне, Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына, екiншi деңгейдегi банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басшылығының қызметiн қамтамасыз ету басқармасы (Мартюшев Ю.А.) осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т.Жангелдинге жүктелсiн.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
2003 жылғы 13 ақпан
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау
Агенттігінің төрағасы
2003 жылғы 14 ақпан
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
"Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
кейбiр қаулыларына төлем
құжаттарын пайдалану мәселелерi
бойынша өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу туралы"
2003 жылғы 31 қаңтардағы
N 20 қаулысына қосымша
"Қазақстан Республикасының
аумағында төлем құжаттарын
пайдалану және ақшаның
қолма-қол жасалмайтын
төлемдерi мен аударымдарын
жүзеге асыру ережесiне
6-қосымша
____ ж. "___" _________ ақша жөнелтушiнiң банкiне түстi
Қабылдау уақыты _______________________________________
Салық (кеден) қызметi органының
____ ж. "___" _________
(жазылған күнi)
N ____ инкассалық өкiмi
СОМАСЫ
Ақша жөнелтушi ________________________________
_______________________________ | ТЖК аЖК | |
(атауы) |______________________| |
СTH ___________________________ | | |
Ақша жөнелтушiнiң банкi _______ | БЖК | |
Бенефициар ____________________ |______________________| |
(атауы) | TЖК БеК | |
СTH ___________________________ |______________________| |
Бенефициар банкi ______________ | БЖК | |
|______________________| |
Делдал-банк ___________________ | БЖК | |
|______________________| |
_______________________________ |Төлем мақсатының коды | |
________________________________
Сомасы жазумен ____________________________________________________
___________________________________________________________________
Төлемнiң мақсаты __________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(осыған сәйкес ақша алынатын заң актiсiне мiндеттi түрде сiлтеме
жасай отырып)
___________________________________________________________________
Салықтың (төлемнiң) |Бюджеттiк жiктеу | Сомасы | Операция түрi
түрi және мерзiмi |коды | |
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
ЖИЫНТЫҒЫ:
___________________________________________________________________
Ақша жөнелтушiнiң банкi
____ ж. "___" _________ өткізді
______________________________
M О. Басшының аты-жөнi ____________ (жауапты орындаушылардың
қолы ____________ қолдары)
Бас бухгалтердiң аты-жөнi _________
қолы ____________ Мөртабан орны