Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының кейбiр қаулыларына төлем құжаттарын пайдалану мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 20 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 7 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2193.

Қолданыстағы

      Қолма-қол жасалмайтын төлемдердi және ақша аударымдарын жүзеге асыру кезiнде төлем құжаттарының түрлерi мен ресiмдеу және пайдалану тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:

      1. Мыналарға:
      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Ақша аударымының банкаралық жүйесiндегi ақша аударымы ережесiн бекiту туралы" 1998 жылғы 21 қарашадағы N 242 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 711 тiркелген, 1999 жылғы 29 наурыз-11 сәуiрде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1999 жылғы 16 тамыздағы N 266 , 2000 жылғы 16 мамырдағы N 216 , 2001 жылғы 20 сәуiрдегi N 106 , 2002 жылғы 2 қыркүйектегi N 362 қаулыларымен бекiтiлген өзгерiстер және толықтырулармен қоса) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Ақша аударымының банкаралық жүйесiндегi ақша аударымы ережесiне:
      1-тармақтағы, 3-тармақтың 15), 22), 23), 24) тармақшаларындағы, 17, 24, 26, 30, 32, 33, 35, 38, 39, 46, 47-тармақтардағы "төлем тапсырмаларының" деген сөздер "төлем құжаттарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтың 2), 11), 12), 13) тармақшаларындағы, 8-тармақтың жетiншi және оныншы абзацтарындағы, 9, 11-тармақтардағы "төлем тапсырмасы", "төлем тапсырмасын", "төлем тапсырмасына" деген сөздер тиiсiнше "төлем құжаты", "төлем құжатын", "төлем құжатына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта:
      3) тармақшадағы "байланысты төлем тапсырмасын" деген сөздер "байланысты төлем құжатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8) тармақшадағы "тапсырмасын" деген сөз "нұсқауын" деген сөзбен ауыстырылсын;
      11) тармақшадағы аталған өзгерiстердiң мемлекеттік тiлдегi мәтiнге қатысы жоқ;
      13) тармақшадағы аталған өзгерiстiң мемлекеттiк тiлдегi мәтiнге қатысы жоқ;
      3-тармақтың 9), 14), 15) тармақшаларындағы, 7, 8, 10, 31 және 33-тармақтардағы "төлем тапсырмасын", "төлем тапсырмаларынын", "төлем тапсырмалары" деген сөздер "төлем құжатын", "төлем құжаттарын", "төлем құжаттары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақтағы аталған өзгерiстiң мемлекеттік тiлдегi мәтiнге қатысы жоқ;
      10, 25-тармақтардағы "төлем тапсырмасын" деген сөздер "төлем құжатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11-тармақтағы аталған өзгерiстiң мемлекеттiк тiлдегi мәтiнге қатысы жоқ;
      20-тармақтағы "төлем тапсырмаларды" деген сөздер "төлем құжаттарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      30, 31, 33, 50-тармақтардағы "төлем тапсырмалары", "төлем тапсырмалардың" деген сөздер "төлем құжаттары", "төлем құжаттарының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      31-тармақтағы "тапсырманы" деген сөз "төлем құжатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      33-тармақтағы "төлем тапсырмалары", "төлем тапсырмаларын" деген сөздер тиiсiнше "төлем құжаттары", "төлем құжаттарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      35-тармақтағы "төлем тапсырмалары" деген сөздер "төлем құжаттары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-қосымшадағы "тапсырмасы", "тапсырма" деген сөздер тиiсiнше "тұрақты қолданылатын төлем тапсырмасы", "тұрақты қолданылатын төлем тапсырма" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы" 2000 жылғы 25 сәуiрдегi N 179 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1155 тiркелген, 2000 жылғы 5-18 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 488 , 2002 жылғы 18 қаңтардағы N 20 қаулыларымен бекiтiлген өзгерiстер және толықтырулармен қоса) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiне:
      22-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын;
      28-тармақтың екiншi абзацы "және күнiн," деген сөздерден кейiн "және өзге де деректемелерiн, егер олар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде тiкелей көзделсе" деген сөздермен толықтырылсын;
      29-тармақтың екiншi абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасынан тыс резидент еместiң пайдасына ақша төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру кезiнде банк ақша аудару үшiн берiлген өтiнiште бенефициардың СТН көрсетудi талап етпеуге құқылы.";
      33-тармақтың үшiншi абзацы "құжаттар деректемелерiн" деген сөздерден кейiн "және өзге де деректемелерiн, егер олар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде тiкелей көзделсе" деген сөздермен толықтырылсын;
      42-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Операциялар түрi жолында тиiсiнше кодтар көрсетiледi:
      03 - салық органының бюджетке берешегі бар салық төлеушiнiң банктiк шотына қойылған инкассалық өкiмi;
      04 - салық органының дебитордың банктiк шотына қойылған инкассалық өкiмi;
      05 - кеден органының бюджетке берешегi бар салық төлеушiнiң банктiк шотына қойылған инкассалық өкiмi.";
      117-тармақ "бенефициар банкке" деген сөздерден кейiн "не бенефициарға" деген сөздермен толықтырылсын;
      6-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күннен кейiн күшiне енгізiледi.
      3. Төлем жүйесi басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне, Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдарына, екiншi деңгейдегi банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басшылығының қызметiн қамтамасыз ету басқармасы (Мартюшев Ю.А.) осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Е.Т.Жангелдинге жүктелсiн.

      Ұлттық Банк
       Төрағасы

Келісілді         
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі      
2003 жылғы 13 ақпан   

Келісілді        
Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау    
Агенттігінің төрағасы 
2003 жылғы 14 ақпан  

Қазақстан Республикасының    
Ұлттық Банкi Басқармасының   
"Қазақстан Республикасының   
Ұлттық Банкi Басқармасының   
кейбiр қаулыларына төлем    
құжаттарын пайдалану мәселелерi
бойынша өзгерiстер мен     
толықтырулар енгiзу туралы"  
2003 жылғы 31 қаңтардағы    
N 20 қаулысына қосымша     

"Қазақстан Республикасының  
аумағында төлем құжаттарын  
пайдалану және ақшаның    
қолма-қол жасалмайтын    
төлемдерi мен аударымдарын 
жүзеге асыру ережесiне   
6-қосымша          

____ ж. "___" _________ ақша жөнелтушiнiң банкiне түстi
Қабылдау уақыты _______________________________________
                      Салық (кеден) қызметi органының
                          ____ ж. "___" _________
                              (жазылған күнi)
                          N ____ инкассалық өкiмi

                                                           СОМАСЫ
Ақша жөнелтушi                     ________________________________
_______________________________    |    ТЖК       аЖК     |       |
        (атауы)                    |______________________|       |
СTH ___________________________    |                      |       |
Ақша жөнелтушiнiң банкi _______    |    БЖК               |       |
Бенефициар ____________________    |______________________|       |
               (атауы)             |    TЖК       БеК     |       |
СTH ___________________________    |______________________|       |
Бенефициар банкi ______________    |    БЖК               |       |
                                   |______________________|       |
Делдал-банк ___________________    |    БЖК               |       |
                                   |______________________|       |
_______________________________    |Төлем мақсатының коды |       |
                                   ________________________________

Сомасы жазумен ____________________________________________________
___________________________________________________________________
Төлемнiң мақсаты __________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(осыған сәйкес ақша алынатын заң актiсiне мiндеттi түрде сiлтеме
жасай отырып)
___________________________________________________________________
Салықтың (төлемнiң)  |Бюджеттiк жiктеу | Сомасы | Операция түрi
түрi және мерзiмi    |коды             |        |
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
ЖИЫНТЫҒЫ:
___________________________________________________________________

                                    Ақша жөнелтушiнiң банкi
                                    ____ ж. "___" _________ өткізді
                                    ______________________________
M О. Басшының аты-жөнi ____________   (жауапты орындаушылардың
                  қолы ____________        қолдары)

Бас бухгалтердiң аты-жөнi _________
                  қолы ____________          Мөртабан орны