Қаржы рыногын реттеу және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 2-тармағында аталған ұйымдардан басқа, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін жарғылық капиталдың ең аз мөлшері 5.000.000 (бес миллион) теңге сомасында белгіленсін.
2. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын мынадай ұйымдар үшін жарғылық капиталдың ең аз мөлшері белгіленсін:
1) 75 (жетпіс бес) миллион теңге - қор биржалары үшін;
2) 50 (елу) миллион теңге - банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялауды және жіберуді жүзеге асыратын ұйымдар үшін;
3) 40 (қырық) миллион теңге - заем және ломбард операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар үшін.
3. Осы қаулы күшіне енген күнге дейін банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялауды және жіберуді жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар 2003 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде өздерінің жарғылық капиталдарының мөлшерін осы қаулының 2-тармағы 2) тармақшасының талаптарына сәйкес келтіруге міндетті.
4. Осы қаулы жарғылық капиталының ең аз мөлшері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жекелеген нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін кредиттік серіктестіктерге қолданылмайды.
5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
6. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына жіберсін.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы