Жыл сайын Қазақстан Республикасында 45 мыңға дейiн жiтi iшек жұқпалы аурумен, 20 мыңнан аса вирустiк гепатиттiң "А" тобымен ауыратындар тiркеледi, сүзек-қылау жұқпалы ауруларының өрбу жағдайлары жиiлене түстi, бруцеллез және туберкулез аурулары өзектi мәселеге айналып отыр. Осы жылы сапасыз тағаммен тұтыну салдарынан, азық-түлiктен 6 топтық уланулар тiркелiнген.
Сонымен бiрге, шаруашылық субъектiлерi санитарлық ережелер және нормаларды бұзумен қатар, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мемлекеттiк қызметiнiң нәтижесiз санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды iске асыру және аумақтық шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн тексеру жиiлiгiн негiзсiз шектен асыру жағдайлары да кездеседi.
Жоғарыда аталғандар негiзiнде, 2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 1390 "Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн тексеруге мораторий жариялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
қаулысын
басшылыққа ала отырып, және Қазақстан Республикасы "Халықтың санитарлық эпидемиологиялық салауаттылығы туралы"
Заңының
11 бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған эпидемиологиялық маңыздылығы бар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тiзбесi және Қазақстан Республикасы санитарлық-эпидемиологиялық қызметiнiң мемлекеттiк органдарының оларды тексеру жиiлiгi бекiтiлсiн.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, көлiктегi Мемлекеттiк санитарлық Бас дәрiгерлерiне:
1) бекiтiлген тiзбеге сәйкес 2003 жылғы 1 қаңтарынан 1 қазанына дейiн мораторий жарияланған кезеңiне, Қазақстан Республикасы санитарлық-эпидемиологиялық қызметiнiң мемлекеттiк органдарының эпидемиологиялық маңыздылығы бар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн тексеру жиiлiгiнiң орындалуы қамтамасыз етiлсiн;
2) төтенше жағдайлардың, эпидемияның туындауынан және жұқпалы аурулардың өрбуiнен қауіп төнетiн жағдайларда, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн кезексiз тексеруге рұқсат етумен қатар, оларды тексеру жиiлiгiнiң сақталуына бақылау орнатылсын;
3) шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн бақылау бөлiгiнде бұзушылыққа жол берiлген және өкілеттiгi шегiнен асқан Қазақстан Республикасы санитарлық-эпидемиологиялық қызметiнің мемлекеттiк органдарының лауазымды тұлғаларына тәртіптiк әcep ету шаралары қолданылсын.
3. Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының бас дәрiгерi К.С.Оспановқа:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызметiнiң органдары, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн тексеру жиiлiгiнің мониторингiн жүргiзсiн;
2) мониторингтiң нәтижелерi туралы мәлiметтердi әр айдың 10-күнiне Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлiгiнiң Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiне ұсынсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiнiң Төрағасы В.А. Меркерге жүктелсiн.
5. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуге тұрғызылғаннан кейiн алғашқы ресми түрде баспадан шыққан күннен 10 күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
Министр
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрiнiң
2003 жылғы 13 қаңтардағы N 31
"Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн
тексеру туралы" бұйрығымен
бекiтiлген
Эпидемиологиялық маңыздылығы бар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тiзбесi және оларды Қазақстан Республикасы санитарлық-эпидемиологиялық қызметiнiң мемлекеттiк органдарының тексеру жиiлiгi
___________________________________________________________________
Объектiлердiң атауы |Жылына жедел|Жылына зертханалық-құралдық
|қадағалаудың| зерттеулердiң жиiлігі
| кезеңдігi |___________________________
| | Бактериоло.| Санитарлық-
| | гиялық | химиялық
| | бақылау | бақылау
| | | (физикалық
| | | факторлар)
___________________________________________________________________
1. Азық-түлiк өнiмдерiн
өндiру және өңдеу
саласындағы ұйымдар:
1) сүт, сүт өнiмдерi, 4 12 12
соның iшiнде балалар
сүтханасы;
2) ет және ет өнiмдерi; 4 12 12
3) балық және балық 2 6 6
өнiмдерi;
4) нан және нан-тоқаш 2 4 4
тағамдары;
5) кондитерлiк тағамдар; 4 12 12
6) жануар және өсiмдiк 4 4 4
майлары, маргарин,
майонез;
7) алкоголь өнiмдерi; 2 2 2
8) минералды шөлмек. 4 4 4
телген су, сусындар;
9) малды және ауыл 4 4 2
шаруашылық өнiмдерiн
өсiру жөнiндегi мал
және шаруа
шаруашылықтар.
2. Азық-түлік тағамдарын
тарату жөніндегі ұйымдар 4 6 4
3. Базарлар 12 12 12
4. Қоғамдық тамақтан. 4 12 6
дыру ұйымдары
5. Cу құбырлары 6 12 12
6. Шаштаразы, сән 4 4
кабинеттерi, бассейндер
7. Моншалар, кiр жуатын 4 4
ұйымдар, химиялық
тазалау ұйымдары
8. Кинотеатрлар, клубтар, 2 2
ақшалай ұтыссыз ойын
автоматтары
9. Соматикалық 4 2 2
бейiнiндегi аурухана
ұйымдары
10. Хирургиялық, 6 6 6
жұқпалы аурулар және
қосалқы босану
бейiнiндегi аурухана
ұйымдары
11. Емханалар 6 6 6
12. Стоматологиялық 6 6 6
ұйымдар
13. Дәрiхана ұйымдары 6 6 6
14. Мектепке дейiнгi, 4 4 4
балдарды сауықтыру
ұйымдары, және жалпы
бiлiм беру және
интернаттық ұйымдар
15. Жоғары оқу орындары, 4 2 2
орта оқу орындары
16. Өнеркәсiптiк 2 2 (қай салаға 2
объектiлер, соның бейімделуіне
iшiнде, жанар май құю байланысты)
станциялары
17. Радиологиялық 2 2
объектiлер
___________________________________________________________________