1. Облыстық әкiмияттың жанынан кәмелетке толмағандар құқықтарын
қорғау жөнiндегi облыстық комиссия құрылсын (бұдан әрi - Комиссия) және оның құрамы бекiтiлсiн (N 1-қосымша). 2. Комиссия туралы ереже бекiтiлсiн (N 2-қосымша). 3. Комиссияның жұмысшы органы болып облыс әкiмi аппаратының мемлекеттiк-құқықтық және әскери-жұмылдыру жұмысы бөлiмi белгiленсiн. 4. Облыс әкiмiнiң 1999 жылғы 8 желтоқсандағы N 254 "Облыс әкiмi жанындағы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу жөнiндегi комиссияның жаңа құрамын бекiту туралы" шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын. Облыс әкiмiнiң мiндетiн атқарушы Облыстық әкiмияттың 2002 жылғы 27 наурыздағы N 142 қаулысына қосымша N 1 Кәмелетке толмағандар құқығын қорғау жөнiндегi облыстық комиссияның құрамы Мүрсәлиева Тасқира Қабиқызы - облыс әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрайымы; Нұреденов Кеңес Сәлiмұлы - облыстық iшкi iстер басқармасы бастығының орынбасары, комиссия төрайымының орынбасары; Қуанышева Айнагүл - облыс әкiмi аппаратының мемлекеттiк-құқықтық Қуанышқызы және әскери-жұмылдыру жұмысы бөлiмiнiң жетекшi маманы, комиссияның жауапты хатшысы; Комиссия мүшелерi: Еспосынова Светлана Бағытқызы - облыстық бiлiм департаментiнiң директоры; Иманғали Қазбек Қажыұлы - облыстық туризм және спорт басқармасының бастығы; Иманғалиев Бақыт Сайынұлы - облыстық мәдениет басқармасының бастығы; Қайрешов Сағын Мұратұлы - облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау департаментiнiң директоры; Қуанышқали Хабиболла - облыс әкiмi аппаратының әлеуметтiк- Жұмабекұлы мәдени даму бөлiмiнiң меңгерушiсi; Қожиев Болат Сәндiбайұлы - облыстық ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасының бастығы; Махмұт Нұрлан Жұмалыұлы - облыс әкiмi аппаратының мемлекеттiк-құқықтық және әскери-жұмылдыру жұмысы бөлiмiнiң меңгерушiсi; Саримов Айдос Әмiроллаұлы - облыстық қоғамдық қатынастарды талдау және iшкi саясат департаментiнiң директоры; Нұрғазиев Қуаныш Шадыбайұлы - облыстық денсаулық сақтау департаментiнiң директоры. Облыстық әкiмияттың 2002 жылғы 27 наурыздағы N 142 қаулысына N№2 қосымша Кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғау жөнiндегi облыстық комиссия туралы ереже 1. Жалпы ережелер
1. Кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының құқық бұзушылықтарының және қараусыз қалуының алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау проблемаларының кешендi шешiлуiн iске асыруға бiрыңғай көзқарасты қалыптастыру мақсатында құрылған тұрақты қызмет ететiн орган болып табылады.
2. Облыстық комиссия жергiлiкті атқарушы орган - әкiмиятта құрылады. Комиссия құрамы облыстық әкiмияттың қаулысымен бекiтiледi.
3. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия құрамында төрағадан (әкiмнiң орынбасары), төрағаның орынбасарынан (облыстық iшкi iстер басқармасы бастығының орынбасары), комиссияның 6-12 мүшелерiнен облыс әкiмi аппаратында штаттық лауазымды қызмет атқаратын комиссияның жауапты хатшысынан құрылады.
4. Комиссия кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтары мен қараусыз қалуының алдын алуға, олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға мүдделi iшкi iстер органдарының, бiлiм, мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм, денсаулық сақтау және өзге де ведомстволар өкiлдерiн бiрiктiредi.
5. Кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасы Конституциясы, осы ереже мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтi құқықтық кесiмдерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар негiзiнде жүзеге асырады.
6. Комиссия өз қызметiнде облыстық әкiмияттың алдында жауапты.
7. Комиссия қызметi:
1) заңдылық;
2) кәмелетке толмағандармен адамгершiлiк қарым-қатынас;
3) кәмелетке толмағандарға, ата-анасы немесе оның заңды өкiлдерiне
сыйласымды қарым-қатынас; 4) кәмелетке толмағандар, ата-анасы немесе оның заңды өкiлдерi туралы ақпараттың құпиялылығы; 5) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мәселелерi бойынша оның ата-анасымен немесе заңды өкiлдерiмен өзара iс-қимыл жасау; 6) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзғаны үшiн лауазымды адамдар мен азаматтардың жауапкершiлiк қағидаттарына негiзделедi. 2. Комиссияның негiзгi функциялары 8. Облыстық комиссияның негiзгi функциялары мыналар болып табылады: 1) аудандық, қалалық комиссиялардың қызметiне бағыт беру, оларға әдiстемелiк көмек көрсету;
2) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау, кәмелетке толмағандардың денсаулығын сақтау, олардың өмiр сүру, тәрбие, бiлiм беру, еңбек пен демалыс жағдайларын жақсарту жөнiндегi аймақтық бағдарламаларды әзiрлеу, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде олардың iске асырылуын бақылауды жүзеге асыру;
3) кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының, қараусыз қалуының және қоғамға қарсы әрекеттерiнiң алдын алу жөнiндегi аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыру;
4) кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының, қараусыз қалуының алдын алу, оларды тудыратын себептердi жою, балалар мен жасөспiрiмдердi орналастыру және олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу;
5) есеп беретiн комиссиялардың қабылдаған шешiмдерi мен қаулыларының негiздiлiгiн тексеру. Қабылданған шешiмдердi негiзсiз деп таныған жағдайда тиiстi жергiлiктi атқарушы органдарға оларды жою туралы ұсыныстармен шығады;
6) комиссия қаулыларында көрсетiлген кемшiлiктер мен бұрмалаушылықтарды жою жөнiндегi шараларды орындамаған немесе қабылдамаған жағдайларда лауазымды адамдарды белгiленген тәртiппен жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгiзу;
7) кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының, қараусыз қалуының және қоғамға қарсы әрекеттерiнiң алдын алу жөнiндегi жұмыстың жай-күйi туралы, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзудың анықталған фактiлерi туралы мүдделi органдарды хабардар ету;
8) кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының және қараусыз қалуының алдын алу мәселелерiн шешуде балаларды тәрбиелеумен және оқытумен айналысатын органдар мен ұйымдар жұмысының оң тәжiрибелерiн қорыту және тарату, оларға ұйымдастыру-әдiстемелiк көмегiн көрсету;
9) әдiлет органдары мен өзге де ұйымдарда белгiленген тәртiппен тiркелген қоғамдық бiрлестiктермен, дiни ұйымдармен, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауының, құқық бұзушылықтарының, қараусыз қалуының және өзге де қоғамға қарсы iс қимылдарының алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мәселелерi жөнiндегi азаматтармен өзара iс қимыл жасау;
10) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына немесе шектелуiне байланысты кәмелетке толмағандардың, олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкiлдерi мен басқа да адамдардың шағымдары мен өтiнiштерiн қарау;
11) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн белгiленген тәртiппен сотқа жүгiну;
12) кәмелетке толмағандардың қылмыстар, құқық бұзушылықтар және қоғамға қарсы әрекеттердi жасауға ықпал ететiн себептер мен шарттарды анықтау, талдау және оларды жою жөнiндегi шараларды белгiлеу;
13) бiлiм беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, орналасу саласындағы заңдылықтардың бұзылуын жою жөнiндегi ұсынымдарды енгiзу туралы ұсыныстарды құзыреттi органдарға жеткiзу, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау.
3. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
9. Комиссия өз жұмысын жоспарға сәйкес жүргiзедi. Комиссия отырысы қажетiне қарай, бiрақ кемiнде тоқсанына екi рет өткiзiледi және әдетте, ашық болып табылады. Кәмелетке толмаған, оның ата-анасы немесе өзге де заңды өкiлдерi туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету мақсатында комиссия қаралатын мәселелердiң сипатын ескере отырып, iске қатысушы адамдардың өтiнiшi бойынша жабық отырыс өткiзу туралы дәлелдi қаулы қабылдай алады.
Комиссия қажет кезiнде қалада және аудандарда көшпелi отырыстар өткiзе алады.
Комиссия отырысы егер оған, комиссия мүшелерiнiң кемiнде жалпы санының жартысы қатысса заңды болып табылады. Комиссия отырысына оның төрағасы не оның тапсырмасы бойынша комиссия төрағасының орынбасары төрағалық етедi.
Кәмелетке толмағанға қатысты шағымдар мен өтiнiштердi комиссия тек
кәмелетке толмағанның, оның ата-анасының немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң қатысуымен ғана қарайды. Кәмелетке толмағанның тiлегi бойынша комиссия жұмысына қатысуға оның адвокаты жiберiледi. Комиссия отырысын өткiзу күнi, орны мен уақыты туралы облыстық прокуратураға мiндеттi түрде хабарлануы керек. 10. Комиссия отырысының хаттамасы және қаулысы. Комиссия отырысында комиссияның жауапты хатшысы хаттама жүргiзедi, онда: комиссияның атауы мен жеке құрамы; комиссия отырысының күнi мен жерi; күн тәртiбi туралы мәлiметтер көрсетiлуi тиiс. Комиссияның қаулысы жай көп дауыспен қабылданады, ол хаттамамен рәсiмделедi. Комиссия отырысының хаттамасына төрағалық етушi және оның жауапты хатшысы қол қояды. 4. Комиссияны материалдық-техникалық қамтамасыз ету 11. Комиссия қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету облыс әкiмi аппаратына жүктеледi. (Маман: Ержанова К.С.)