1. Азаматтардың меншігіне берілетін жер учаскелерінің шекті (ең үлкен) мөлшері бекітілсін:
ауылдық жерлерде өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын (үй маңындағы және егістік телімдерді қоса алғанда) жүргізу үшін суарылмайтын жерде 0,25 гектар және суарылатын жерде - 0,15 гектар;
жеке тұрған үй құрылысы (қалалардың бас жоспарларына сәйкес), бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшін - 0,25 га.
2. Ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу үшін ұзақ мерзімді жер пайдалануда болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең үлкен) мөлшері бекітілсін:
шаруа (фермер) қожалықтарын жүргізу үшін шаруа қожалығының әрбір
мүшесіне орташа аудандық он бес жер үлесі мөлшерінде; шаруашылық серіктестіктері мен өндірістік кооперативтері үшін 35 мың гектарға дейін егістік; акционерлік қоғамдар үшін ертеректе акционерленген мемлекеттік кәсіпорындардың жер пайдалану шегінде. 3. Осы шешімнің бүкіл облыс аумағында күші бар және тіркелген күннен бастап күшіне енеді. Облыстық мәслихат Облыс әкімі сессиясының төрағасы (Маман: Ысқақова Д.Қ.)