Ескерту. Қаулының аталуы жаңа редакцияда - Алматы қаласы Әкімшілігінің 2004 жылғы 2 маусымдағы N 3/470 қаулысымен .
Қазақстан Республикасының 1991 жылдың 21 маусымдағы N 692-XII "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңына сәйкес және Алматы қаласындағы мүгедек балаларды әлеуметтiк қорғау мақсатында, Алматы қаласының Әкiмшiлiгi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI
:
1. Мүгедек балаларын үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына жәрдемақыны тағайындау және төлеу тәртiбi туралы Ереже қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2. Қалалық қаржы басқармасы (Тәжiбаев Қ.Қ.) қала бюджетiнде қарастырылған қаржы шегiнде мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына жәрдемақы төлеуге уақытында қаражат бөлуiн қамтамасыз етсiн.
3. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау Департаментi (Нұрланов А.Ж.) мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына жәрдемақыны уақытында тағайындау және төлеуiн қамтамасыз етсiн.
4. Алматы қаласы Әкiмiнiң 1999 жылғы 6 қыркүйектегi N№806 "Нақты әлеуметтiк көмек көрсету туралы" шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмiнiң орынбасары А. Бижановқа жүктеледi.
Алматы қаласының Әкімі
Әкiмшiлiк хатшысы
Алматы қаласы Әкiмшiлiгiнiң
2002 ж. 17 маусымдағы N 3/390
қаулысына қосымша
Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп оқытатын
отбасыларына жәрдемақы тағайындау және
төлеу тәртібі жөніндегі
Қағидасы
<*>
Ескерту. Аталуы жаңа редакцияда - Алматы қалалық Әкімшілігінің 2004 жылғы 2 маусымдағы N 3/470 қаулысымен.
1. Жалпы ереже
1) Мүгедек балаларды үйлерiнде тәрбиелеп және оқытып жатқан отбасыларына жәрдемақыны тағайындау және төлеу (әрi қарай мәтiн бойынша - жәрдемақы), ол балалар 18 жасқа толғанша жүргiзiледi.
2) Жәрдемақы басқа бiр жәрдемақыларды алғанына қарамастан тағайындалып, төленедi.
3) Жәрдемақыны Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау Департаментi бекiткен аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау орталығының Комиссиясы тағайындайды.
4) Комиссия жәрдемақыны тағайындау туралы құжаттары бар өтiнiштi түскен күннен бастап 10 күн iшiнде қарайды.
5) Комиссия жәрдемақыны тағайындауға келiсiм бермеген жағдайда өтiнiш берушiге қарсылық себептерiн көрсетiп жазбаша түрде хабарландырады.
6) Жәрдемақыны тағайындау туралы өтiнiш ұсынылған бар құжаттары мен жәрдемақы тағайындау туралы шешiмiмен қоса Комиссия хаттамасы алушының жеке iсiнде сақталады.
7) Жәрдемақы төлемдерi Департамент пен Халықтық Банктiң облыстық филиалы арасында Агенттiк Келiсiм негiзiнде Алматы қаласының Халықтық Банк филиалдары арқылы жүргiзiледi.
8) Жәрдемақы төлемдерi қолданыстағы заңдарға және осы Қағидамен сәйкес жүргiзiледi.
<*>
Ескерту. 8) тармақша өзгерді - Алматы қалалық Әкімшілігінің 2004 жылғы 2 маусымдағы
N 3/470
қаулысымен.
9) Барлық даулық мәселелер қолданыстағы заң бойынша шешiледi.
10)¶Үйлерiнде мүгедек балаларын тәрбиелейтiн және оқытатын отбасыларына жәрдемақы, ата-анасының бiреуiнiң немесе оның орнындағы адамның өтiнiшi бойынша тағайындалады.
11) Жәрдемақыны тағайындау туралы өтiнiш тұрғылықты жердегi аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау орталықтарына берiледi.
12) Жәрдемақы Алматы қаласы Бiлiм беру Департаментiнiң Қалалық психолого-дәрiгерлi-ұстаздық комиссиясы берген анықтамада көрсетiлгендей, мүгедек баланы үйде тәрбиелеу және оқытудың қажеттiлiгi танылған сәттен бастап бiр жылға тағайындалады және келесi құжаттардың негiзiнде көрсетiлген мерзiм бойынша әр тоқсан сайын төленедi:
баланың туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi;
орталық атқарушы органының аумақтық бөлiмшесi куәландырылған актi тұжырымының көшiрмесi;
Алматы қаласы Бiлiм беру Департаментiнiң Қалалық психолого-дәрiгерлi-ұстаздық комиссиясы берген мүгедек баланы үйде тәрбиелеу және оқытудың қажеттiлiгi туралы анықтама;
отбасы құрамын растайтын құжат (N 3 нысаны бойынша анықтама) - әр тоқсан сайын;
13) Алғаш тағайындалған жағдайда жәрдемақы өтiнiш берген күннен бастап төленедi.
14) Жәрдемақы өткен тоқсан үшiн 6,5 айлық есеп көрсеткiшiнiң мөлшерiнде берiледi.
15) Алушы уақытында талап етпеген жәрдемақы сомалары, төлем тоқтатылған тоқсаннан бастап жаңартылады.
16) Алушыдан қасақана дұрыс емес мәлiметтердi ұсыну, жәрдемақы төлемiне әсер ететiн жағдайларды жасырып қалу нәтижесiнде артық төленген жәрдемақыны ұстап қалу:
а) жәрдемақы тағайындау жөнiндегi Комиссияның шешiмi негiзiнде;
ә) соттық шешiм, анықтама, қаулы және үкiм негiзiнде жүргiзiледi.
17) Жәрдемақы тағайындау жөнiндегi Комиссияның шешiмi негiзiнде ұстап қалатын жәрдемақының артық төленген сома берешегi толық өтелгенше жәрдемақы төлемi тоқтатылған жағдайда, қалған берешек соттық тәртiпте қайтарылады.
18) Басқаша себептермен артық төленген жәрдемақы сомасы кiнәлi адамдардан қайтарылады.
19) Халықтық банк филиалдары аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау орталықтарымен бiрлесiп төленген жәрдемақы сомаларының салыстыру тексермесiн жүргiзiп есеп беру айының алдындағы айдың 5-шi санына Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау Департаментiне ұсынады.
20) Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау Департаментi Халықтық банктiң облыстық филиалымен бiрлесiп ай сайын әр айдың 10-шы санында салыстыру тексеруiн жүргiзедi.
21) Нақты әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде ұсынылған мәлiметтердiң дұрыс болуына жауапкершiлiк аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау орталықтарына жүктеледi.
Әкiмшiлiк хатшысы