Облыстың бекiтiлген аңшылық жерлерiн "Павлодар аңшылар мен балықшылар қоғамы" қоғамдық бiрлестiгiне бекiту туралы

Павлодар облысы әкімиятының қаулысы 2002 жылғы 22 сәуір N 101/5. Павлодар облысының әділет басқармасында 2002 жылғы 14 мамырда N 1208 тіркелді.

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 21 қазан 1993 жылғы Z933300_ "Жануарлар дүниесiн жаңарту, пайдалану және қорғау туралы" және 15 маусым 1997 жылғы Z970160_ "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңдарына сәйкес және облыстың бекiтiлген аңшылық жерлерiн тиiмдi пайдалану мақсатында облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Облыстың бекiтiлген аңшылық жерлер қосымшаға сәйкес "Павлодар аңшылар мен балықшылар қоғамы" бес жыл мерзiмге, қоғамдық бiрлестiгiне бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы табиғи ресурстар және қоршаған ортаны

қорғау Министрлiгi орман, балық және аңшылық шаруашылығы Комитетiнiң орман 
және биоресурстар жөнiндегi облыстық аумақтық басқармасы аңшылық 
ресурстардың дұрыс пайдалануына нақты бақылау жасалуын қамтамасыз етсiн 
(келiсiм бойынша).
     3. Баянауыл ауданында "Қызыл тау" зоологиялық қорығы мен ұлттық 
мемлекеттiк табиғи паркiнен басқа жерлерде аң аулауға рұқсат етiлсiн.
     4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары 
Ж.Нұрғалиевқа жүктелсiн.
     Облыс әкiмi 
                                              Облыс әкiмиятының 2002 жылғы 
                                               22 сәуір N 101/5 қаулысына 
                                                        қосымша
                       Облыстың қосымша аңшылық жерлерiнiң 
                                     ТIЗIМI
___________________________________________________________________________
N | Аңшылық       |Аумағы,  | Аумақтарында аңшылық жерлер орналасқан
р | жерлер        |  га     |     ауылдық округтердің атаулары
/ |               |         |
с |               |         |
__|_______________|_________|______________________________________________
1 |   2           |  3      |                4
__|_______________|_________|______________________________________________
1  Потанин           31157    Айнакөл, Құркөл, Қазалы, Евгеньевский,       
                              Еңбек, Үштерек
2  Ақтоғай          742888    Қожамжар, Разумовский, Барлыбай, Мүткен,     
                              Жалаулы, Приреченский, Харьковский, Қоғалы,  
                              Шолақсор, Жолболды 
3  Баянауыл          21000    Қызылтау, Құркелiн, Қаратомар, Сатбаев,
                              Жаңатiлек, Құндыкөл, Ұзынбұлақ, Жаңажол,     
                              Торайғыров, Бiрлiк, Ақсан.
4  Железинка        705525    Лесной, Озерновский, Алакөл,                 
                              Веселорощинский, Еңбекшi, Михайловский,
                              Новомирский, Ақтау, Қазақстан, Уәлиханов.
5  Ертiс            530000    Луговской, Қосағаш, Северный, Амангелдi,     
                              Селетi, Қоскөл, Қарақұдық, Ленинский, Абай,  
                              Ұзын, Байзақов, Тоқты, Панфиловский,         
                              Қызылқақ, Майқоңыр, Ағашорын, Қызылжар.
6  Қашыр            619312    Березовский, Жаңа-Құрылыс, Песчанский,       
                              Верненский, Байқоныс, Федоровский,           
                              Октябрьский, Береговой, Калиновский,         
                              Воскресенский, Ивановский
7  Лебяжi            68395    Майқарағай, Жамбыл, Қызыл-Әскер, Қазын,      
                              Восточный, Малыбай, Қызылағаш
8  Май               51000    Баскөл, Көктөбек, Малайсары, Саты, Қазан,    
                              Ақжар
9  Успенка          130454    Ильичевский, Ольгинский, Темирязевский,      
                              Лозовской, Ковалевский, Павловский,          
                              Ровнопольский, Надаровский, Ново-Покровский
10 Шарбақты          13000    Александровский, Сосновский, Татьяновский,
                              Ильичевский, Қарабидай, Галкинский,
                              Северный, Жалыбұлақ, Хмельницкий,
                              Алексеевский, Красиловский, Чигириновский,   
                              Назаровский
11 Екiбастұз        230000    Баян, Қарасу, Құдайкөл, Ақкөл, Сарқамыс,     
                              Өлеңтi, Комсомольский, Железнодорожный
12 Қызылжар         300643    Қызылжар, Жолқұдық, Сарышығанақ, Қараоба,    
                              Әуелбек.
13 Черноярка         14515    Черноярский
14 Ямышевское        40830    Кеңес
15 Заря              38676    Заринский
___________________________________________________________________________
   Барлығы         3537395 
___________________________________________________________________________
     
     Мамандар: В. Подолян
               Б. Есмуханов